Материалдар / Ашық сабақтың тақырыбы: Гиперсілтемелер 2 сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақтың тақырыбы: Гиперсілтемелер 2 сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқада ұстаздарға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
740
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: №59 жалпы орта білім беретін мектебі

Сабақ тақырыбы: Гиперсілтемелер 2 сабақ

Күні 23.04.2021 ж.

Мұғалімнің есімі: Камалов Жарас

Сынып – 6 «Ғ»

Қатысқандар саны 10

Қатыспағандар саны 2

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

6.2.2.1 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме);

6.4.2.1 авторлық құқық, плагиат ұғымдарын түсіндіру;

6.4.2.2 авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты сүйемелдеу.

Сабақ мақсаттары:

- Гиперсілтеме ұғымын түсінеді. Түрлерін анықтай алады.

- Гиперсілтемені жасауды үйренеді. Сілтеме мен гиперсілтеменің айырмашылығын ажыратады.

- Гиперсілтеменің кемшіліктері мен артықшылықтарын бағалайды.

- Плагиат, Авторлық құқық ұғымдарын түсіне отырып, оны өмірмен байланыстыра алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Гиперсілтемелермен жұмыс жасауды үйренеді;

Авторлық құқық, плагиат ұғымдарын түсінеді;

Авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты сүйемелдей алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Гиперсілтемелерді қалай жасау жолдарын үйренеді. Авторға сілтеме беру арқылы ақпаратты сүйемелдеуді қолданады. Плагиат, Авторлық құқық ұғымдарын түсіне отырып, оны өмірмен байланыстыра алады.

Терминология:

Гиперсілтеме – Гиперсылка – Hyperlink;

Авторлық құқық – Авторское право – Copyright;

Плагиат – Плагиат – Plagiarism;

Сөз тіркестері: Бет ішіндегі, жүйеішілік, жүйеаралық гиперсілтемелер дегеніміз не?, Авторлық құқық және оның түрлері. Плагиат нені білдіреді?

Құндылықтарды дарыту

  • Достарының пікірін тыңдай білу, оған қолдау көрсету арқылы құрмет құндылығы қалыптасады;

  • Топта бірлесе жұмыс жасау және шешімді бірлесе қабылдау арқылы ынтымақтастық құндылығы қалыптасады;

  • Ақпаратты тасымалдау үдерісінің ерекшеліктері мен қолдану аясын түсіндіріп, шығармашылықпен сыни тұрғыда орындау арқылы еңбек пен шығармашылдық құндылығы қалыптасады;

  • Бір-бірін бағалау арқылы адамгершілік, жауапкершілік құндылықтары қалыптасады;

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі. Гиперсілтеме ұғымы мен мүмкіндіктерін түсіндіргенде оқушының сөздік қорының молдығы қажет болады.

Орыс тілі. Тапсырмаларды орындағанда компьютерде орындау іс-әрекеттері орыс тілінде.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Мәтіндік редакторда жұмыс жасай алады.

Сілтеме ұғымын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы


(3 минут)

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Жақсы тілек» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

- Оқушыларды қағаз қиындылары арқылы «Гиперсілтеме» және «Плагиат» деп екі топқа бөлу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып аламыз


(түрлі-түсті қима қағаздары арқылы)

Сабақтың ортасы





«Білу және түсіну»


(10 минут)















«Қолдану»



(3 минут)














(10 минут)












































«Талдау»


(7 минут)

























«Жинақтау»


(4 минут)

(Т) «Джигсо» әдісі.

Екі топқа мәтін бөлігі таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып талқылап,пікір алмасып, ойларын нақтылап түсіндіреді.

І топ

  • Гиперсілтеме дегеніміз не? Гиперсілтемелердің қосу батырмасы және олардың қызметі?

ІІ топ

  • Авторлық құқық, плагиат дегеніміз не? Авторлық құқықтың түрлерін ата?

Бұл стратегия мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтау, топта жақсы қарым-қатынас орнайды.

Әр топ өз түйгендерін түсіндіре отырып, қорғайды.

Дескриптор:

  • Гиперсілтеменің қосу батырмаларын, қызметін біледі;

  • Авторлық құқықтың түрлерін біледі.

ҚБ: Бірін-бірі бағалау.

«Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.(Толықтай түсінсе, сенімді болса-жасыл түс, түсінуге жақын болса-сары түс, түсінбесе, сенімді болмаса-қызыл түс)


Интербелсенді тақтамен жұмыс

ВЕНН диаграммасы

(Жүйеішілік және жүйеаралық сілтемелердің бір – бірімен салыстырғанда қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар)

Жүйеішілік гиперсілтеме Жүйеаралық гиперсілтеме

Shape1





Дескриптор:

  • Жүйеішілік және жүйеаралық сілтемелердің айырмашылықтарын біледі.

  • Жүйеішілік және жүйеаралық сілтемелердің бір – бірімен ұқсастықтары туралы біледі.

ҚБ: «Бір-сөзбен» әдісі арқылы бағалау.

«Компьютерде орындайық» тәжірибелік жұмыс

(Оқушылар берілген тапсырманы компьютерде орындайды)

1-тапсырма. Алдын ала құрылған немесе жаңа құжатқа, файлға немесе веб – параққа гиперсілтеме құру.

  1. Гиперсілтеме ретінде қолданатын мәтін немесе графикалық нысанды белгілеңдер, содан кейін мәзірден Қою→Гиперсілтеме командасын орындаңдар.

  2. ... байланыстыру облысынан файлмен, веб-парақпен батырмасын таңдаңдар.

  3. Сілтеме құрылатын адрес белгілі болса, онда адрес облысында оны енгізіңдер.

  4. Бума тізімінен қажетті буманы таңдаңдар, ал содан кейін қажетті сілтемені басыңдар.

  5. Егер веб – парақтың адресі белгісіз болса, интернеттен табу жолын таңдаңдар, қажетті веб парақты ашып, қайтадан мәтіндік редакторға оралыңдар.

2-тапсырма. Гиперсілтемені өзгертудің мүмкін әдістерін меңгерту. Гиперсілтемені өзгерту үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңдар:

Гиперсілтеме адресін өзгерту

  1. Өзгертілген гиперсілтемені өзгерту үшін тінтуірдің оң жақ батырмасын басыңдар. Гиперсілтемені өзгерту командасын таңда.

  2. Гиперсілтеменің жаңа адресін енгізіңдер.

Гиперсілтеме мәтінін өзгерту

  1. Гиперсілтеме мәтінін белгілеңдер.

  2. Жаңа мәтін енгізіңдер.

Сонымен қатар, гиперсілтемені тінтуірдің оң жақ батырмасын басып, Гиперсілтемені өзгерту командасын таңдап, қажет мәтінді МӘТІН өрісіне енгізуге болады.

Гиперсілтемені қарапайым мәтінге айналдыру

Гиперсілтемені тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіп, Гиперсілтемені өшіру командасын таңда.

Дескриптор:

  • Қою→Гиперсілтеме командасы арқылы гиперсілтемені құру қағидаларын біледі.

  • Гиперсілтеме адресін өзгертеді.

  • Гиперсілтемені қарапайым мәтінге айналдырады.

  • Гиперсілтеме мәтінін өзгертеді.

ҚБ: «Ұсыныстар алаңы» әдісі. Топтардың жұмыс жасау бағыты анықталады, өз-өздеріне баға беру жүзеге асады.

С: Қарқын. Тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.


Интербелсенді тақтамен жұмыс

«Сөзжұмбақты шеш»


Shape2


  1. Әртүрлі ақпарат көздерімен сақталатын, тасымалданатын және қолданылатын кез келген мәлімет.

  2. Түсініктеме жазуда немесе ресурстарға, әдебиет көздеріне сілтеме жасауды ұйымдастыруда қолданылатын мәтін элементі.

  3. Өнер туындысын құратын, жасайтын немесе жазатын тұлға.

  4. Зияткерлік жекеменшік нысанның мысалы – «... туындысы».

  5. Зияткерлік жекеменшік нысанына құқығы бар тұлға «Авторлық құқық ...»

  6. Автордың құқығын қорғайтын заңдар кешені.

  7. Ақпаратты сақтау және жеткізу үшін құрылған біріктірілген компьютерлік желілердің дүниежүзілік жүйесі.


Дескриптор:

  • Автордың құқығын қорғайтын заңдар кешенін біледі.

  • Түсініктеме жазуда немесе ресурстарға, әдебиет көздеріне сілтеме жасауды ұйымдастыруда қолданылатын мәтін элементін біледі.


ҚБ: Бірін-бірі «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау.


Сәйкестендіру тесті

Плагиат


Үстінен басу арқылы файлға, веб – параққа, файл бөлігіне немесе интернет желісіндегі веб-параққа өтетін түсті, асты сызылған мәтін немесе графикалық нысан.

Гиперсілтеме


Адамның өзі жасаған әдеби шығармаларға,компьютерлік программаларға, драммалық және музыкалық шығармаларға, сәулеттуындыларына құқығы.

Авторлық құқық


Басқа бір адамның автордың туыдысын немесе оның белгілі бір бөлігін заңсыз меншіктеуін және қолдануын айтады.


Дескриптор:

  • Гиперсілтеме ұғымын біледі.

  • Авторлық құқықтың ережесін айтады.

  • Плагиат ұғымын сәйкестендіреді.

ҚБ: «Баc бармақ» әдіci арқылы бағалау.


Информатика 6 сынып

«Picture 4 Арман-ПВ» баспасы 2018




Информатика 6 сынып

«Арман-ПВ» баспасы 2018

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!