Күні:
Сыныбы: 10 Қазақстан
тарихы
Тақырыбы: §
13. Қыпшақ хандығы. (ХІ-ХІІІ
ғасырдың басы)
Білімділік:
Оқушыны отандық тарихтың
Қыпшақ хандығы дәуірімен таныстыру.
Қыпшақ хандығының қазақ
халқының қалыптасуындағы орнын
айқындау мақсатындағы
зерттеушілік қызметін дамыту.
Отансүйгіштік қасиетін ояту,
өз Отанының тарихын білуге, қастерлеуге
тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: интерактивті, сұрақ –
жауап
Көрнекілігі: слайд – суреттер, интерактивті
тақта
Барысы:
І.
Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру:§ 12. Қарақытайлар. ( 1125 –
1212жж)
І. Деңгейлік
тапсырмалар:
І
деңгей:
Қарақытайлар Қазақстан жеріне
қашан қоныстана бастады?
Қатауан даласындағы шайқас
қашан болды?
Қарақытай өкіметі қашан
құлады?
ІІ
деңгей:
Қарақытайлардың Жетісуға көшу
себептері қандай?
Қарақытайлардың шығу тегі
жөнінде қандай көзқарас бар?
Қарақытайлардың сыртқы жағдайы
туралы айтып бер.
ІІІ
деңгей:
Қарақытайлар не себепті
басқару жүйесін өзгертпеді?
Не себепті Қарақытайлардың
негізгі саясаты өзіне бағыныштылардан алым-салық жинау
болды?
Қарақытай мемлекетінің құлау
себептерін сатылай кешенді талда.
ІІ. Тест
тапсырмалары.
1.1125 -1212 жылдар аралығында
Жетісуда билік құрды:
А.Қарлұқтар В.Қарақытайлар
С.Қыпшақтар Д.Наймандар
2. Қидандардың мұсылман
деректеріндегі атауы
А. Қарахандар В.Қимақтар
С.Қарақытайлар Д. Керейлер
3.1125ж. Елюй Дашы бастаған
қидандар қоныс аударды
А. Жетісу В. Сыр бойы С.
Маңғыстау Д. Алтай
4.Қарақытайлардың мемлекет
басшысы
А.Қаған В. Гурхан С.Жабғу Д.
Шад
5. Елюй Дашы 1143ж. қаза
болған соң билікті қолына алды
А. Ағасы В. Баласы С. Әйелі
Д.Інісі
6. Ірі қалалар әкімі гурханға
жыл сайын төлеген жер салығы
А. Харадж В. Сойырғал С.Сауын
Д. Зекет
7. Қарақытайлар 1198-1204
жылдары Ауғаныстан жерінде соғыс жүргізді
А.Саманилермен В.Моғолдармен
С.Сасанилермен Д.Гуридтермен
8. Қарақытайды құлатқан
елдер
А.Хорезм, Керей В.Найман,
Самани С.Қыпшақ, Оғыз Д.Хорезм, Найман
9.ХІІІғ. Басында
қарақытайларды Жетісу өңірінен ығыстырған
тайпа
А.Наймандар В.Қидандар
С.Қыпшақтар Д.Керейлер
10. Қидандардың Ляо
мемлекетінің құрылған жылы
А.824ж В.856ж С.924ж
Д.954ж
Жаңа сабақ. § 13. Қыпшақтар
(ХІ-ХІІІ ғасырдың басы)
Сабақ
жоспары:
1. Қыпшақтардың қоныстанған
жерлері және этникалық құрамы.
2
. Қоғамдық құрылысы.
3. Қыпшақ хандығының саяси
жағдайы.
4.
Шаруашылығы.
(Қыпшақ мемлекеті туралы
электронды оқулықтан үзінді)
Қыпшақтардың қоныстанған
жерлері және этникалық құрамы.
Қимақ қағанатының жеріне ХІ
ғасырда қыпшақ қағанаты құрылды. Олардың территориясы Алтай мен
Ертістен басталып, батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі,
солтүстігінде Құланды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар
Алатауына дейінгі кең-байтақ аймақты алып жатты. Бұл аймақ «Дешті
Қыпшақ» деп аталды.
Қыпшақтардың этникалық құрамы
VII-VIII ғасырларда қалыптаса бастаған.
Қыпшақтар
Батыс
Шығыс
Елбөрілі
16
тайпа
Ең
беделдісі
Тоқсоба
9
тайпа
Йетиоба
Дурут
8 негізгі
тайпа
8 ұсақ
тайпалар
7
тайпа
4
тайпа
Қоғамдық
құрылысы.
Билік әкеден балаға
мұрагерлік
жолмен
берілді
Хандар –елбөрілі тайпасынан
сайланды
Билік орталығы
“Орда”
Әскери басқару
жүйесі
Оң
қанат
Сарайшық
Сол
қанат
Сығанақ
Өкіметті билеушілер
тұрды
Таптық
қоғам
Ақсүйек
шонжарлар:
Хан, оның туыс-тары,тархан,
басқақ,
бектер, байлар,ру –тайпа
көсемдері
Қарапайым
халық:
Кедейлер, малшылар, жатақтар,
егіншілер, құлдар “яланкуг” (М.Қашқари)
Феодал –шонжарлар табыстарының
бір бөлігін
тұтқындарды Орта Азия
базарларына сатудан табатын.
Қыпшақ хандығының саяси
жағдайы.
Сырдарияның орталық ағысынан
арал теңізіне дейін ұлғайды Оғыздарды жеңіп Еділ өзеніне дейінгі
жерлерді иеленді.Оңтүстік орыс далалары, Кавказ, Қырымда алып Донға
дейін ұлғайтты.
Орыс деректерінде-
“половшылар”, венгрлер – “кундар” деп
атады.
Хорезм елімен де байланыс
орнатуға ұмтылды.
”Жылдар да
сөйлейді”
ХІ ғ. – Жетісудан басқа
жерлердің барлығына билік жүргізді
1133ж. - Хорезм шахы мұрагері
Атсыздан жеңілді
1195ж- Хорезм билеушісі Текеш
Сығанақты басып алды
ХІІІғ. басында - Хорезм шахы
Мұхаммедпен Сыр бойы қалалары үшін
шайқастар
Шаруашылығы.
-
Мал
шаруашылығы
-
Егін
шаруашылығы
-
Тұрмыстық
кәсіп
-
Аң
аулау.
Мал
шаруашылығы
Төрт түлік
мал
Ибн Баттута “жері мал өсіруге
өте қолайлы, олар малға арпа сияқты жем
бермейді, малы өте көп”.
П.Карпини, Г.Рубрук “арба
үстіне тігілген киіз үйлерді 10-22
өгіз тартады”
Жылқылар төзімді, әрі жүрдек.
Жылқысы көп адам атақты бай
болды. Жылқылары Ауған, Иран, Египет,
Үнді елдерінде 100-500 динарға
сатылатын.
Егін
шаруашылығы
Тарыны көп
өсірді,
бидай, арпа,
күріш
өсірді.
Еврей
саяхатшысы Петахья “тары,
күрішті
көп
өсіретінін”,
Әл –Омари “көп өсіретіні тары,
тамақтың негізгі түрі тарыдан жасалады”
Аң
аулау
Тұрмыстық
кәсіп
Аңды садақпен
аулаған;
Аңның етін тамақ үшін
аулады;
Аңның терісі үшін
аулады .
Малдың жүні мен
терісінен
қажетті бұйымдарды
жасады
Ағаш шеберлері мен темір
ұсталары , зергерлік бұйым жасау дамыды
Жаңа сабақты
бекіту.
1 тапсырма. «Есіңе
түсір.»
Қашан?
|
Қайда?
Кім?
|
Не
болды?
|
ХІғ
|
Қимақ
жер
|
Қыпшақ хандығы
құрылды
|
ХІІғ
|
Арал
маңы
|
Қаңлы, қарлұқ, жікіл
қосылды
|
1195ж
|
Текеш
|
Сығанақты жаулап
алды
|
ХІІғ
|
Петахья
|
Тары, күрішті көп
өсіретінін жазды
|
2 тапсырма. Термин сөздерге
анықтама бер:
Дешті Қыпшақ
–
Елбөрілі
–
Тоқсоба
–
Дурут
–
Йетиоба
–
Орда
–
Яланкуг
–
Кундар
–
Половшылар
–
3
тапсырма.
Қыпшақ әскерлерінің
қаруларын сипаттап бер:
Бағалау.
Үйге тапсырма: §13. Қыпшақ
хандығы (ХІ-ХІІІғ. басы)
Қыпшақ хандығы туралы реферат
жазу;
кесте
құру.
Кескін картаға Қыпшақ
хандығының аумағын түсіру