Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақтың тақырыбы: «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Орал ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК
«Бекітемін»
директордың ОІ жөніндегі орынбасары
Бисалиева Ж.Е.
« » 2015 жыл
Ашық сабақтың тақырыбы:
«ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ»
(22-шы топ, мамандығы «Техник-механик»)
Қазақ тілінің және
әдебиет пәнінің оқытушы:
М.Г. Стамкулова
Орал қаласы
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
а) білімділігі: Оқушыларды Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңдеріне тоқталу, мағынасын ашу.
ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білу қабілеттерін қалыптастыру.
б) тәрбиелік: Ақын – жазушылардың, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс–тәсілдері: түсіндіру, мағлұмат, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: презентация, үлестірмелі құралдар, интерактив тақта.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу,сабаққа даярлықтарын тексеру.
2. Кезекшімен жұмыс. Сыныпта кім бар кім жоғын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардан өткен сабақта үйге берілген Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы сұрау, әңгімелету.
Үй тапсырмасы бойынша оқушыларға қойылатын сауалдар:
1. Шоқан Уәлиханов кім болған?
2. Шоқанның шын есімі кім?
3. Ш.Уәлихановтың туған жылы жайлы не білесіңдер?
4. Шоқанның оқыған қаласы?
5. Шоқан оқыған оқу орны қалай аталады?
6. Шоқан жас кезінде қандай бала болып өскен?
7. Шоқанның кадет корпусында оқып жүрген орыс досының есімі кім?
8. 1855 жылы қандай оқиға болды?
9. 1856 жылы қандай оқиға болады?
10. 1858-1859 жылдары Шоқан Уәлихановтың қандай еңбегі жарыққа шығады?
11. 1864 жылы қандай оқиғалар болады?
12. 1865 жылы болған оқиға?
(Оқушылардан үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрау)
ІІІ. Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин (1841 – 1889).
- Балалар, жұмыс дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен тақырыпты жазыңдар.
- Балалар, біз бүгін сабақта қазақтың ұлы ағартушысы,талантты ақын әрі жазушы, педагог Ыбырай Алтынсаринның шығармашылығы мен танысамыз.
Бейнеролик: Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келген. Өз әкесі Алтынсары 4 – жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балқожа би осы ашылмақ мектепке 1846 жылы бес жасар немересі Ыбырайды жазғызып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс – қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай болады.
Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша шенеуніктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан – жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.
Ыбырай мектепте оқып жүрген кезде, атасы Балқожа бидің жазған хаты:
«Үміт еткен көзімнің нұры - балам»
Үміт еткен көзімнің нұры – балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаң мен аман – есен,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Оқуға көңіл бөлсең, басыларсың.
Ата – анаңды өнер білсең, асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң, «аһ» ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен не мұратқа жетер едің?!
Сегодня все дети из аулов наизусть читают письмо в стихах вашего деда. Они тоже мечтают получить образование.
Балгожа би:
Свет очей моих! Сын мой, надежда моя,
Я пишу тебе, мыслей своих не тая.
На здоровье не жалуясь, мать и отец
Шлют привет, окрыленный биением сердец.
Ты, наверное, скучаешь, и рвешься домой,
Поприлежней учись, грусть пройдет стороной.
Станешь грамотным, будешь опорою нам,
Нам, к закату идущим седым старикам.
Если неучем ты возвратишься в свой дом,
Упрекать себя с горечью будешь потом.
Милый! Если б с нами ты дни проводил...
Что бы ты делал? Какими б стремлениями жил?
Взяв курук, по степи ты б носился верхом,
Ничего б не достиг здесь, в ауле глухом.
Ыбырай мектеп бітіргеннен кейін, атасы Балқожа бидің хатшысы болады. Кейін Орынбор облысының басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 жылы Ыбырайға Орынбор облысының басқармасы Торғайда қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Бұл мектеп 1864 жылы 8 -ші қаңтарда ашылады. Ыбырай он төрт бала оқытады. Ыбырайдың жазған бір хатында: «Он төрт бала оқытамын. Бала оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай тиістім. Балаларда менің айызымды қандырып, оқуды тез меңгеріп алды» - деген екен.
1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол – қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.
Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. 1887 жылы Ырғызда қыздарға арнап мектеп ашады.
Мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын оқу орнын ашуды қолға алады. 1881 жылы Омба қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі өмірге келеді.
Ыбырай Алтынсарин өз өмірінің бәрін келешек ұрпақ үшін арнады. Балаларға арнап жазған өлеңдері, әңгімелері және орыс әдебиеттерінен аударған балаларға лайықты көркем шығармалар да бар. Ыбырай – халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнаған адам.
Қостанай обылысындағы Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайы.
1991 жылдың қазан айында Қостанай қаласында қазақтың ағартушысы, ұлы ұстазы Ы. Алтынсариннің мемориалды мұражайы ашылды.
Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім тәрбие берудің негізгі көзі оқулық деп, мазмұны баланың жанына жақын, тақырыбы қызықты оқу кітабын шығару керек деп есептеді.
Сөздік жұмысы:
Дүниеге келді – появидля на свет, родился
Беталыс – направление, тенденция
Хақ тағала – Аллах
Аһ ұру – ахнуть (выражение горя, сильного сожаления)
Шырағым – светик мой (ласковое обращение к младшим)
Құрық – шест длиной в 2 метра с петлей для ловли лошадей
Тентіреу – бродяжничать
Тілмаш – переводчик
Шығыстанушы – востоковед
Ағарту – просвещение
Дарынды – одаренный, талантливый
Зиялы – интеллигент, интеллигентный
Бауырында өсу – здесь: воспитывать
Беделді – уважаемый
Ыбырай Алтынсарин 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. 1879 жылы Орынборда басылып шығады.
Хрестоматияға жұмбақтар, әңгімелер, өлеңдер еңгізіледі. Ол балаларға ана тілін таза және көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез – құлыққа баулуды көздейді. Хрестоматиядағы әңгімелердің көбін өзі жазған, бірқатарын орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударған.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы шілде айының 30 – ы күні Қостанайда дүние салады.
IV. Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді.
Бұл хрестоматия балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгімелерден тұрады.
Өлеңдері:
-
«Кел,балалар,оқылық!»
-
«Өнер-білім бар жұрттар»
-
«Жаз»
-
«Өзен»
Ыбырайдың өлеңдерінің негізгі тақырыптары-өнерлім, ғылымжайлы, табиғат әсемдігі.
Әңгімелері:
-
«Әке мен бала»
-
«Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш»
-
«Бай баласы мен жарлы баласы»
-
«Талаптың пайдасы»
-
«Мейірімді бала»
Әңгімелерінің тақырыбы: достық, адалдық, еңбексүйгіштік, адамгершілік.
1. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей – ақ табылар.
Мал, дәулеттің байлығы –
Бір жұтасаң, жоқ болар.
Оқымыстың байлығы –
Күннен-күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ бол.
«Давайте, дети учиться!»
Дитя, когда учиться станешь ты,
То знание средь полной темноты
Светлее ламп осветит путь тебе,
И стнут явью все твои мечты.
Давайте же, дети, учиться начнем
И знания светлые нити навек
В свою благодарную память вплетем!
О том, чтоб сын смог человеком быть,
Родители не устают молить.
Но если от детей не ждать добра,
Тогда зачем у бога их просить?
Давайте же, дети, учиться начнем
И знания светлые нити навек
В свою благодарную память вплетем!
Ақын, өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.
2. «Өнер-білім бар жұрттар» - атты өлеңі оқу, білім алудың мақсатын сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы-қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.
Өнер – білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып – жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды.
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай.
«Строит дивные дворцы»
Строит дивные дворцы
Умный, знающий народ.
Сильный знанием своим,
Он уверенно живет.
Не успеешь и моргнуть –
Весть пришла из дальных стран.
Сколько месяцев сюда
Шел бы тихий караван.
Люди спорят с быстротой
Птиц, парящих в небесах.
А друзья – огонь, вода –
Совешают чудеса.
Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
«Өнер – жігіт көркі» деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды! – деп, болашақ ұрпаққа сенім артады.
3. «Жаз» өлеңінде көктемгі табиғаттың көрністерін суреттеуге арналған.
Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыстыра бейнелейді. Қырдағы жаз көрністеріне сүйсіну, мал баққан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, куаныш – шаттығы көңілді әсерге бөлейді.
Сәуірде көтерілер рақмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,
Жайылар жер жүзінде қардың суы.
Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Өсірер жерден шөпті нұрдың буы.
Жақындар Құдайымның көктем күні,
Тең болар жарлықпенен күн мен түні.
Аспаннан рақымменен күн төнгенде,
Қуанып қыбырлайды ыныс –жыны.
Ұйқадан көзін ашқан жас балаша,
Жайқалып шыға келер жердің гүлі.
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ауыл көшер алуан – алуан.
Күлісіп, құшақтасар, әзіл етер,
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған.
Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда,
Қуанып ықыласпен келген жылға...
Алыстан мұнарланған сағымдары
Шақырып, тұрар күліп: « Кел, - деп, - мұнда...»
Апрель до краев напоен благодатью земной,
Гусиные стаи гогочут в дали голубой,
Дожди проливные летят водопадами с гор,
В долинах мерцают озера воды снеговой,
И в росном тепле испарений бескрайний простор
Уже покрывается свежей душистой травой.
По воле творца – день и ночь скоро станут равны,
И солнце с земли нам покажется ближе луны.
Все твари земные воскреснут в лучах золотых.
И, словно ребята, для утра забывшие сны,
Дрожащие венчики солнцу откроют цветы,
Подобно глазам удивительной голубизны.
Когда же прохлада с дождем упадет с высоты,
То воздух степной, как струю родниковой воды,
Глотать будут все, кто живет и умеет дышать.
А малые дети на бархате трав молодых
По тихим долинам начнут беззаботно играть,
Скакать и кататься, как шарики, с горок крутых.
Бог создал апрельские дни для того, чтоб живым
Влить новые силы и дать исцеленье больным.
В апрельское время двоятся стада у дехкан,
Аул расстается на лето с зимовьем своим,
И женщины, затемно в путь снарядив караван,
С веселыми шутками следом уходят за ним.
4. «Өзен» өлеңінде табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбегіне, ой – сезіміне тигізер керемет әсерін бейнелейді.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған,
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді шақырады,
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары
Шуылдап желмен бірге бас ұрады ...
Он мың мал айдап өтсең, лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап күн көреді жанабында -
Дәм болар, алуан-алуан балығында ...
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында ...
Сөздік жұмысы:
Жан байлығы – духовное богатство
Игеру – освоение
Ізгілік – доброе дело
Иігілік – доброе дело, благо
Надандық – невежество, безграмотность
Айшылық – рассчитанный на месячный срок
Күн жарым – полтора суток
Көзді ашып-жұму – не успев и глазом моргнуть, в мгновение ока
Анық – ясный, четкий
Танық – неизвестный, неясный
Бәйге – скачки, бега, состязание в беге
Қатар – здесь: ровесник
V. «Кім тапқыр» ойыны.
Ақынның өлеңдерінен үзінді беріліп, жасырынып тұрған сөзді табу.
1.Таулардан өзен ағар …… . (сарқыраған)
Айнадай сәуле беріп …… . (жарқыраған)
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты …… . (арқыраған)
2. Өнер - білім бар жұрттар,
Тастан сарай …… . (салғызды)
Айшылық алыс …… . (жерлерден),
Көзіңді ашып жұмғанша,
Жылдам хабар …… . (алғызды)
3. Көңілің суын ішсең, …… . (басылады)
Денеңде бар дертіңді …… . (қашырады)
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып, …… . (басылады)
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да
Шуылдап желмен бірге …… . (бас ұрады)
VI. «Ой толғау» - Ақынның алысты болжай білетініне қарап, төмендегі жауаптарды толықтырыңдар.
-
«Тастан сарай салғызу» - көп қабатты үйлер.
-
«Жылдам хабар алғызу» - телефон, ұялы телефон.
3. «Аты жоқ құр арба» - пойыз, электрпойыз,
4. «Адамды құстай ұшырды» - ұшақ, ракета, тікұшақ.
5. «Отынсыз тамақ пісірді» - газ плитасы, электр плита, шағын толқынды пеш.
6. «Теңізде жүзді балықтай» - кеме, сүңгуір қайық.
VII. Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Ы.Атынсарин кім болған?
2. Ы.Алтынсарин қай жылы қай жерде дүниеге келген?
3. 1844 жылы қандай оқиға болады?
4. 1857 жылы қандай оқиға болады?
5. 1860 жылы Ы.Алтынсарин өмірінде қандай оқиға болады?
6. 1864 жылы қандай оқиға болады?
7. 1876 жылы қандай оқиға болады?
8. 1881 жылы қандай оқиға болады?
9. Ы.Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясы” кітабын қай жылы жазады?
10. 1889 жылы қандай оқиға болады?
11. Ы.Алтынсариннің өлеңдерін атаңдар?
12. 1887 жылы қандай оқиға болады?
13. 1883 жылы қандай оқиға болады?
14. 1991 жылы қандай оқиға болады?
VIII. Рефлексия
Сонымен, балалар,
- Біз бүгін қазақтың қандай белгілі адамымен таныстық?
- Ол кім?
- Ол адам жайлы не білдіңдер?
Иә,балалар дұрыс айтасыңдар
- Біз сендермен бүгін Ы.Алтынсариннің шығармашылығымен таныстық.
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Не білдіңіз?
- Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
ІX. Бағалау
X. Үйге тапсырма: Ыбырай Атынсарин мен Лев Николаевич Толстойдың өмірі мен шығармашылықтарын салыстыру.
ВЕНН ДИАГРАММА
Ы.Алтынсарин Ортақ ұқсастықтары Л.Н.Толстой
Ұстаз 1. Екеуі де атақты Ұстаз
Ақын адамдар отбасына Ақын
Жазушы шықты Жазушы
Оқулық авторы 2. Екеуі де балаларға Оқулық авторы
арнап оқулық жазды
3. Екеуі де балаларға
арнап мектеп ашты