Материалдар / Ашық сабақтың тақырыбы:Ойын тактикасы жане тактикалық әрекеттер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақтың тақырыбы:Ойын тактикасы жане тактикалық әрекеттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларынжағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2021
761
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:Ойын тактикасы жане тактикалық әрекеттер

Мектеп: №4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицей

Күні: 11.10.21 ж.

1 ауысым

2 сабақ

Мұғалімнің аты-жөні: Иманалиев Нурлан Ұзақ ұлы

Сынып: 9Ә

Қатысқаны:


Қатыспағаны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

9.1.2.2. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларынжағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу.

Сабақ мақсаттары

Дене жаттығуларын жасай білу

Тактикалық жағдайларды үйрету

Қимыл қозғалыс кезінде допқа иелік етуді жетілдіру

Тілдік мақсат

Пәндік лексика және терминдер:

  • Шабуылдау ойыны, бейімделген ойындар

  • баскетбол добы, пластиктен доп, әр түрлі түсті лента, ысқырық, сет, тайм, аут, фол, дриблинг.

Алдыңғы оқу

Талдау үшін сұрақ:

  • Дриблингті жақсарту үшін не істеу қажет?

  • Мергендік қасиетті дамыту үшін не істеу керек?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10-12 мин.

Сапқа тұру. Психологиялық ахуал. Топқа бөлу.

Саптық жаттығулар: оңға, солға, кері айнал.

Жүру:

  • Екі қолы жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,

  • Екі қол желкеде, өкшемен жүру

  • Екі қол белде аяқтың ішімен және сырт жағымен жүру.

  • Екі қол алдыда, жартылай отырып жүру.

Жүгіру:

  • Жай жеңіл жүгіріс;

  • Оң және сол жақ иықпен жүгіру;

  • Тізені көтеріп, секіріп отырып жүгіру;

  • Аяқты қайшылап жүгіру;

  • Жай жүріс, тынысты қалпына келтіру.

  • Жылдамдыққа жүгіру.

Демалу жаттығулары:

  • Қолды көтеріп 1-2 демді ішке тарту,

  • 3-4 демді шығару.


Орнында жалпы дамыту жаттығулары:

-Аяқ иық деңгейінде қол белде, басты 1-4 оңға, 1-4 солға қарай айналдыру;

-Екі қолды шынтақтан ішке қарай, сыртқа қарай айналдыру;

-Екі қолды иықтан 4 рет алға, 4-рет артқа айналдыру;

-Екі қолды саусақтарын қосып айналдыру;

-Оң қол жоғары, сол қол төмен, 1-2 түзу қолды артқа сілтеу, 3-4 қолды ауыстырып сілтеу;

-Қолды алдыға созу, еңкейу, қолды алдыға созып отыру, қалыпқа келу;

-Қол белде сол аяқпен 4-рет, екі аяқпен 4-рет секіреміз.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау.



Сабақтың ортасы

30-32 мин.

Ойынның тактикалық тәсілдерін үйрету

Допты алып жүру

Допты алып жүру кезінде, қауіпсіздік ережесін еске салады.

(Б, Т, Тәж, ф)

Мотоциклисттер”-ойыны:

Тапсырма: Допты бір орында және қозғалыста алып жүруді дамыту,оқушыларды алаңды көруге үйрету.

Алаңда ені 2-3м жол жолағы орналасқан.Барлық оқушылар мотоциклисттер,олар допты еркін алып жүре алады.Мұғалім-бағыттаушы. Егерде бағыттаушы қызыл белгіні көрсетсе, мотоциклист тоқтайды, бірақ моторды сөндірмейді – яғни допты бір орында жүргізеді. Ал жасыл белгіні көрсетсе,мотоциклисттер көшеден тоқтаусыз өтеді – допты қозғалыста жүргізеді. (Қозғалыс көшеде бір бағытта жүреді)

Допты алып жүру кезінде 3 қателік жіберсе (екірет алып жүру, доптан айырылып қалу және т.б.) ойыннан шығарылады.

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

-Оқушылар дұрыс бір орында және қозғалыста допты алып жүреді.

- Допты итеру кезінде,қолымыз допты білекпен ғана қозғалысқа қағып келтіреміз.

Допты ұтып алу

Баскетбол добы саған қарай ұшып келе жатса, ертерек қолымызбен қарсы аламыз.Ол үшін екі қолдарыңыздың саусақтарын үлкен воронка тәрізді жасаймыз. Ұшып келе жатқан допқа мұқият қарау.Ол саусағын тигізген бойда, допты қысып, ал қолымызды шынтақтан бүгіп,допты кеудеге тартамыз.Бірақ негізгі тұрысты ұмытпа! Ойынды жалғастыруға дайын бол.

«Баскетбол ойынында допты ойынға қосу және қарсыластан тартып алу » таныстырылымын бір оқушымен корсетіп өздеріне орындатамын.

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

Допты екі қолмен дұрыс қабылдайды.

Допты бір және екі қолымен әріптесіне дұрыс жеткізеді.

Қалыптастырушы бағалау:

Гүлдерді атау арқылы екі топқа бөліп бірін бірі бағалайды және постерге жазады.


Үлкен ойын алаңы,құрал-саймандар.

Баскетбол доптары, қызыл және жасыл жалаушалар.




































Постер,маркер

Екі жақты ойын

Сыныпты екі немесе үш командаға бөліп баскетбол ойнатамыз.



Сабақтың соңы

3-5 мин.









Сабақты қорытындылау.

Техникалық іс-қимылды дұрыс орындаған оқушыларды атап өту (дұрыс тұрысын,допты алып жүру және допты ұтып алуда қолдың қозғалысы және т.б.)

Жиі қателік жібергендерді атап өту (дұрыс емес тұрыс,допты алып жүру және допты ұтып алуда қолдың дұрыс емес қозғалысы және т.б.)



Үлкен,бос кеңістік

https://www.youtube.com/watch?v=95chnkNRpZw


Рефлексия

Оқушылар сабақты жетістіктер баспалдағы арқылы бағалайды және өз ойларымен бөліседі.


Стикерлер.

Қосымша ақпарат

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Қабілетті оқушылар Интернет желісінен ақпарат қарастырады. Қабілеті төмен оқушылар көрнекілікке сүйеніп, жаттығуларды орындайды.


«Сұрақ-жауап», бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау,

Қауіпсіздік ережелерін қайталау, орындауды бақылау.

Командалық ойынның құндылықтарын түсіну, бағалау.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?




Қортынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді( оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.

2.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!