Материалдар / Ашық шара Абай мұрасы-халық қазынасы

Ашық шара Абай мұрасы-халық қазынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың 175 жылдығына арналған ашық шара презентациясымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2024
50
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


















АШЫҚ ШАРА




«Абай мұрасы – халық қазынасы»


8-сынып


Өткізген: сынып жетекшісі Омарова А.С.























Тақырыбы: «Абай мұрасы – халық қазынасы»


Мақсаты:

Ұлы ақынның 175жылдығына орай ақынның өнегелі өмірімен таныстыру.

Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға ынталарын арттыру.

Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Абай Құнанбайұлының суреттері, слайд, қанатты сөздер, бейнефильм


Барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар, әріптестер мен оқушылар! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламасы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған, «Абай мұрасы – халық қазынасы!» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі тәрбиелік іс-шараның мақсаты-Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға ынталарын арттыру. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.


1- оқушы. Абай – ақын, Абай – дана, ойшыл, заман суреткері. Абай – аудармашы. Абай – сазгер. Ерканат

2- оқушы.  жыр алыбы Жамбылдан «Абайдың ақындығы туралы не айтасыз?» дегенде: «Абай ақын ғана емес, ол ғұлама» деп жауап берген екен. Нурай

3- оқушы. Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған құдретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?- деп жырлапты жыр алыбы Жамбыл. Абат

4-оқушы. Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткен Қарақат

5-оқушы. Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Мусабек

6-оқушы. Абайдың әкесі Құнанбай өз заманындағы беделді адамдардың бірі болған. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болып сайланған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан. Ақбота

7-оқушы. Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың Приходская школасында сабақ оқиды. Жәнібек

8-оқушы.  Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған. Орынай

9-оқушы.  Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Толстойдың еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, озық ойлы Абай орыс мәдениетін,білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы. Әділет


Жүргізуші: Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған А. Байтұрсынов: «Абай – қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды.

Абай — қазақ халқының ұлы ұстазы.Ол халқымыздың қамын ойлаған қамқоршысы. Барлық адамзат баласына әділетті жол көрсеткен, өмірден шындық іздеген дана. Халқымыздың басынан кешкен жақсы-жаман тағдыры Абай өлеңдерінен орын алған.


Альбина «Адамның кейбір кездері»

Серікболсын «Заманақыр жастары»

Орынай «Мен жазбаймын ермек үшін»


Жүргізуші: Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі - бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.


Айтжанқызы Ақботаның орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні


Жүргізуші: «Абай жиырма жылдық ақындық еңбегінің ішінде көптен көп жазғаны қоғамдық тақырыптар болды. Бір өлеңінде үйрен, ұғын, түзел деп ұстаздық етіп жетектеймін десе, басқа бір өлеңінде түзелмегенге күйініп, қиналып, ызымен сөйлеп, ұрсып айтады. Тағы бір топ өлеңінде қайғырып, күңіреніп, өкініп сөйлейді. Барлық шығармаларының нәтижесінде Абай өз дәуірінің барлық болмысын айқын суреттейді. Мәдениетті боп өсу жолын арман етеді. Ол үшін қоғамына оқы, үйрен, еңбек қыл, өнер тап деп үндейді. Айтылған кемшіліктердің барлығын бейбіт жолмен, үгіт арқылы жүзеге асырғысы келеді» - деп жазады М. Әуезов өз жазбаларында.


Назбибі «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа»

Әділет «Мен сәлем жазамын»

Жұлдызай «Әсемпаз болма әрнеге»

Абат «Ем таба алмай»


Абай өмірінен бір көрініс тамашалайық

Көрініс: Тыныштық. Абай өлең жазып отыр.

Есіктен досы Ербол кірді.

Ербол. Абай досым, тағы өлең жазып отырмысың?!

Шаршадың ғой... Бір сәт демалсаңшы.

Абай. Ербол, тыңдашы (ыңылдап)

Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтың жарасы.

Ербол. Абай неткен әдемі ән! Ғажап, жаңа ән. Абай, Сүйіндік ауылында екі күннен кейін алтыбақан болғалы жатыр екен. Соған барсақ қайтеді. Осы әнді жастарға сый етіп тартайық!

Абай (басын изеп): Жарайды.

Жастар жиналып «Айттым сәлем, қаламқас» әнін айтып отыр.

Абай, Ербол шетте отырады.

1-қыз. Қыздар, қыздар, Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр.

2-қыз. Қасындағы Ербол ғой.

3-қыз. Абай, Ербол, келіңдер. Төрлетіңдер. Қош  келдіңдер!

Абай. Ойын- сауықтарың қызық болсын!

Ербол. Ән-күйлерің қанатты болсын!

Топ. Бірге болсын! Айтқаның келсін!

4-қыз. Ортамызға Абай келіп қалған екен. Неге өлеңдерін оқып, әнін салмаймыз?!

Топ. Ал кім сөзге ұста, кәне, бастап жіберейік.

Ербол. Сүйіндік ауылының жастары, тыңдаңыздар! Абай сендерге жаңа әнін сый қылып тартады. Қабыл алыңдар!

Ән шырқалады «Көзімнің қарасы».

Топ. Неткен тамаша ән. Терең, сырлы. Рахмет, Абай.

Абай. Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рахмет.

Өзгеге көңілім тоярсың,
Өлеңді қайтып қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
Жыласын көзден жас ақсын,
Омырауым боялсын.


Жүргізуші: Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері. Абайдың қара сөздері – ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтап жазылған ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз. Сондықтан, "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"-деп қара сөздерге кезек берейік.


Мусабек «1 қара сөз»

Жұлдызай «7 қара сөз»

Аманжан «31 қара сөз»

Қарақат «19 қара сөз»





Жүргізуші: Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен, әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Абай лебі, Абай  үні- ана тынысы, заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. 


Ерқанат «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Гүлден «Ғылым таппай мақтанба»


Абай – дара, Абай – дана қазақта,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа.
Бар жазғаны даналық боп саналған
Жалғыздардың жалғызы ол қазақта.


Хор «Қараңғы түнде тау тқалғып»


Ұлы ақын ұлт поэзиясының кемеңгері Абайды тану, түсініп оқу здамзат баласының қолы оңай жете бермейтін рухани биіктікке алып баратын басқыштың бір баспалдағы. Сөзімді Мұхтар Әуезовтің сөзімен қорытындылағым келіп тұр.

Абай деген- терең теңіз, алып мұхит.

Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым.


Бүгінгі шарамызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ: Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ