Мақсаты: жас ұрпақ ер балаларымыздың бойына ұлттық салт-дәстүрімізді, ер балаларға тән қасиеттерді қалыптастырып, елжандылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: «Үйінде ұл мен қызы бардың көгінде бес жұлдызы бар», «Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің, абыройынның қадірін қызың өскенде білерсің».
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздарым қымбатты,Армысыздар, сұлу қыздар сымбатты.Талай ғасыр небір ақын жырауларЖігіттердің батырлығын жырлапты!
2-жүргізуші: Халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі, қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» - демекші, ер Жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. 1-жүргізуші:Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды, Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.Сол өнердің жолын қуған «Жігітке жеті өнер де аз» сайысына қатысатын жігіттердің жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық депжариялаймыз. Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт-дәстүрімізді түсініп, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.2-жүргізуші: Ата жолын жалғамақ,Ел дәстүрін қолдамақЕл намысын қорғамақ.Жігіттер шықсын ортаға,Бүгін сұлтан атанбақ.Құрметті көрермен қауым, қол соғып, қошеметтеп ортаға сұлу да сымбатты, сыпайы да ұстамды, өнерлі де жігерлі жігіттерді ортаға шақырайық. 1-жүргізуші Байқауымызды бастамас бұрын қатысушылардың өнері мен біліміне төрелік ететін әділ қазылармен танысайық.
1-кезең. «Таныстырсам өзімді» - өзін таныстыру2-кезең. «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету3. Сұрақ – жауап кезеңі (салт-дәстүрге және сандардың 3, 5, 7 санының қасиеттілігіне байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру)5. Қол күрестіру4. Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, мәнін ашу.
2-жүргізуші: «Еңбек ердің – санаты, білім - ердің қанаты» - демекші, адам ақыл - парасатымен сұлу, Ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе? «Жігітке жеті өнер де аз» дейді халқымыз. Өнерпаз болсаң өр бол! Яғни өнерлі болсаң әйгілі талапты, мәртебең биік болсын деген ұғым бар. 1-жүргізуші: Иә, Аружан, қазақта жігіттерді былай атаған:«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт,«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт,«Сері жігіт» - аттың жүйрігіне мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық. Сайысымыздың келесі кезеңі «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Ал жігіттер, енді өздеріңді өнер сайысында көрсетіңдер.
2- жүргізуші: Ей, жігіттер!Сендерге биік ата-салтын құрметтеп,Ақтай білсең ата - баба үмітін.Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп.Енді ақыл - ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салар кез келген сияқты. Бұл кезеңде жігіттеріміз салт-дәстүрімізге және 3, 5, 7 сандарының қасиетіне байланысты қойылатын сұрақтарға жауап береді.1- жүргізуші:Ер өнері білінбес,Қоян қолтық алыспай.Күш өнері білінбесБәйгеге түсіп жарыспай.2-жүргізуші:Қызыл тілін безеніп,Шешен жігіт дауда ойнар.Ақ балтырын түрініп ,Палуан жігіт тойда ойнар.Баданасын киіп ап ,Бар қайратын жиып ап ,Жасыл туын көтеріп ,Шашақты найза қолға алып ,Батыр жігіт жауда ойнар,Білікті жігіт тойда ойнар, - дей отырып, келесі сайысымызды бастаймыз.
Бұл сайыстың шарты бойынша жігіттер қол күрестіреді.
1-жүргізуші: «Сөздің көркі – мақал» дейді халық. Ең мәдениетті, нағыз қазақ сөзін мақалмен сөйлейтіні баршамызға аян. Енді жігіттеріміздің ерлік, батырлық, Отан туралы мақалдарды қаншалықты жақсы білетінін сарапқа салайық. (жігіттерге мақалдың жалғасын тауып, мәнін ашу ұсынылады).
1-жүргізуші: Тұяқтарың мұқалмасынҚанаттарың талмасынЖаман адам кез келмесінАяқтардан шалмасынЖігер болсын көздеріңдеҚатардан еш қалмаңдарШат заманда, сүйікті елдеБиіктерге самғаңдар! – дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.