Материалдар / Ашық тәрбие сабағы. Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған (А.Құнанбаев)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сабағы. Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған (А.Құнанбаев)

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзіме аттестацияға материалдар жинақтауға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
525
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Глубокое ауданы,

Опытное поле кенті

«Опытное поле орта мектебі» КММ

Өткізген: мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі:

Шарипказина Динара Кабдолдановна

Сынып 0 «а»



Тақырыбы: «Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған»
Мақсаты: Абай Құнанбаев туралы түсініктерін кеңейту. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, айту, түсіндіру, жатқа айту
Қолданылатын құралдар: Абайдың суреті, слайд, буклеттер.
Барысы:
Сәлем бердік алтын күн,
Сәлем бердік ашық аспан.
Сәлем бердік Жер - Ана,
Сәлем бердік баршаға!
Тәрбиеші:
– Балалар, мен сендерге бір өлең оқып берейін мұқият тыңдаңдар.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
– Балалар, бұл кімнің өлеңі?
– Абай атаның өлеңі
– Дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: Мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Абай атаны көріп тұрмыз.

«Қазақтың бас ақыны-Абай» слайд көрсетіледі.
Тәрбиеші: –. Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Әкесінің аты Құнанбай. Шешесінің аты Анасы Ұлжан, ертекшіл әжесі –Зере. Абай атамыз ойлы да, мәнді өлеңдерімен бірге қара сөздер жазған. Ендеше қара сөздерді еске түсірейік.
1-оқушы: Жас бала анадан екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем, көрсем, естісем, үйренсем деп тұрады.

2-оқушы: Адам үш нәрседен қашу керек:
Біріншісі надандық,
Екіншісі еріншектік
Үшіншісі залымдық.
3-оқушы: Сәл нәрсені көңілге бекіту керек.
Кеселді нәрселерден қашық болу керек.
4-оқушы: Адам ата - анадан туғанда есті болмайды, естіп - көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы - жаманды таниды.
Тәрбиеші: Міне, көрдіңдерме, Абай атамыз не жақсы, не жаман екенін көрсетіп берді. Біз атамыздың өсиетін орындап жүруіміз керек.
Тәрбиеші: Абай ата –анасының тәрбиесінің арқасында қазақ елінің кемеңгер ақыны, дана, данышпан, ғұлама ойшылы, ағартушысы болды. Табиғатты қатты сүйді. Табиғатқа байланысты өлеңдер жазды.

-Табиғатқа байланысты қандай өлеңдер жазды?

Балалар: Қыс, көктем, жаз, күз мезгілдеріне байланысты.
– Өте жақсы, Абай ата осы төрт мезгілге арнап тамаша өлең жазған. Бұл өлеңдерінде табиғаттың әсем, сұлу көрінісі бейнеленген. Абайдың келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат лирикасына арналады. Олар: «Жазғытұры», «Қыс», «Күз». Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі.

-Қане, жыл мезгіліне байланысты жаттаған өлеңдерімізге кезек берейік.

Зере: «Қыс»

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті -басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.


Дем алысы –үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң –қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.


Бұлттай қасы жауып, екі көзін,

Басын сіліксе қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.


Мирас: «Күз»

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бюие қашқан, тай жарысқан.


Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,

Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш,қурай.

Айлин: «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі –ай»


Қараша, желтоқсан мен сол бір екі –ай

Қыстың басы бірі ете, біреуі жай,

Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,

Ықтырмамен күзеуде отырар бай.


Кедейдің өзі жүрер, малды бағып,

Отыруға отын жоқ, үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.


Жас балаға от та жоқ маздап тұрған,

Талтайып қақтала алмай, өле жаздап.

Кемпір-шалы бар болса, қандай қиын,

Бір жағынан қысқанда жел де азынап.



Кәусар: «Жазғытұры»


Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.


Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып, жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай шал мен кемпір,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.


Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.


Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұраңдап, ағады су.

Тәрбиеші: Ақын атамыз Абай көптеген тақырыпқа өлеңдер арнаған. Әсіресе, оқу, білім, өнерді дәріптеп оқу оқып, білім алуға шақырған. Сөз қадірін түсініп, таза сөйлеуге, өлең сөздің қадірін түсінуге үндеген. Олай болса осы тақырыптағы өлеңдерінен жаттап келгендерімізді қонақтарға айтып берейік.

Айша: «Ғылым таппай мақтанба»

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз.


Альбина: «Құлақтан кіріп, бойды алар»

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

әнді сүйсең, менше сүй.


Дүние ойдан шығады,

өзімді-өзім ұмытып.

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.


Аңсаған шөлде су тапса,

Бас қоймай ма бастауға?

Біреу түртсе, я қақса,

Бой тоқтамас жасқауға.


Бір күйгізіп, сүйгізіп,

Ескі өмірді тіргізер.

Өмір тонын кигізіп,

Жоқты бар ғып жүргізер.





Қорытындылау:
Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған – деп төрелігін өзі шешкен Абай, бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек. Абай атамыздың есімі ғасырдан – ғасырға жалғаса береді.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға –демекші, Абай атамыздың ғибратты сөздерін санаға түйіп, ұрпағына аманат етуге біздің басты міндетіміз, борышымыз деп білемін. Бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқтаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!