Материалдар / Ашық тәрбие сабағы "Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сабағы "Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сабағында 16 желтоқсанға қатысқан жауқазындар жәйлі мәліметтер берілген .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
483
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі бағдарламаның қонақтары! Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Осыдан 31 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа- өз көсемі!» ,«Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен , «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтып қалуға тырысты.

Кеңес Одағының қалаларынан Ішкі істер министірлігінің арнайы әскери бөлімдері әкелінді . Челябинск, Новосибирск,Ташкент, Тибилиси, Свердловск, Уфа қалаларынан әсери күштер келді. Ішкі Істер министрінің орынбасарының мәліметі бойынша тосқауылға 5500 адам жетпеген. Қазақтың нашақор жастары орыстарды қырып, жойып барады деген хабар таратып, 22 өрт сөндіргіш машинамен су шашу операциясы түнгі сағат он бірге дейін жалғасқан. Қазақ жастарына қарсы сапер күректер, иттер, бронды транспортерлер, өрт сөндіргіш машиналар пайдаланылды.
Қазақ жастарына сол кезде қозғау салған наша да емес, арақ та емес, сілкіне бой жазған адамдық қадір – қасиет және өз үндерін естірту тілегі екенін түсінуге В.Колбиннің қабілеті жетпеді.

Аружан: Қыран ұшты

Қыран ұшып қарға келді ендігі,

Мынау халық – қарғалардың жемтігі.

Қазақ кетіп орыс келді тағы да,

Екі бастың бар ма енді теңдігі.

Шыдай алмай жастар шықты алаңға,

ОМОН-дар да қаптап жүрді алаңда.

Шаштан сүйреп, тепкіге сап қыздарды,

Төгіп кетті жастарды бос далаға.

Ауыр тиді бұ да енді балаға,

Студенттер шыға алмады далаға.

Тергеушілер қойып қалып өтірік

Талай адам ұшырады жалаға.

Студентті хат жазбауға көндіріп,

Балаларды бүлікші деп сендіріп,

Талай жасты оқуынан шығарып

Қой соңында жүрді олар ерігіп.

Айтып отса өтірік емес бұл деген,

Тек қазақ па ақ патшаға сенбеген.

Тәуелсіздік кетпей қазақ жерінен

Әй, қазақтар енді өзгеге жүгінбең!


Аяулым: Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.


Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы коммисиясының анықтауы бойынша қозғалысқа қатысқаны ұшін ұсталғандардың саны-8500. Оның ішінде медициналық көмек алғандар-1383, ал ауруханаға түскені-369 адам.1720 адам жарақат алған. Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған.

Лаззат Асанова мен Сабира Мұхамеджанова Желтоқсан оқиғасының құрбаны болды. Сабитова Жансая Әлкейқызы бес жылға, Сыдықова Нағима Асқарқызы үш жылға сотталды. Бас аяғы жиырмаүш ару қыз бас бостандығынан айырылды, әрқайсысы әр жылға. Екеуі еңбекпен түзеу жазасына тартылды, біреуі қара жұмысқа жіберілді. Екеуі өлім жазасына кесілді. Олар Рысқұлбеков  Қайрат пен Абдықұлов Мырзағұлды .83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.12 ректор орнынан түсірілді.271 студент оқудан шығарылды.52 адам партия, 787 адам комсомол қатарынан шығарылды. 1138 адам комсомолдық сөгіс алды .

Ал қазір біз сіздермен көрініске назар аударайық

Ж. Сәбитованың басынан өткен қилы оқиғаларың бір сәтінен көрініс.

Көшеде шығып келе жатқан Сәбитоваға екі кезекші жасақ кездеседі. Сәбитова жандарынан өте бергенде қазақ жасақшы айтады: Мына әйел сезікті сияқты. Давай ұстап алып бастықтардың көзіне түсейік.

Орыс жасақшы: Ой сенде өз қазағыңды өзің ұстап бермекшісің бе? Мейлі өз жөнімен жүре берсін.

Қазақ жасақшы: Жоқ бұл әйелді қалайда ұстау керек. (артынан қуады)Азаматша тоқтай тұрыңыз , ана сумкаңызда не бар, бізге беріңіз.(Әйел қарсыласады, тартып алады, листовка табылады.)

Қазақ жасақшы: Ах,сволочь , сенің осындай адам екеніңді біліп едім . Сазайыңды тарттырайын , жүр тергеушіге апарамыз.

Сәбитова: Сені де адам диді-ау. Сені де анам ұл таптым деп қуанды-ау , сен – сатқынсың . Ал листовканы мен таратайын деп алып шықтым. Алаңда өрімдей жас қыздар мен жігіттерді өлімші етіп сабап жатқанда сенің намысың оянбадыма? Мен шыдап тұра алмадым, жастарға , балаларма сәлде болса қуат болайын деп шықтым. Себебі, мен – анамын. Сендей жалданбалы арсыз бола алмадым. Не істейсің, мен бәрінеде дайынмын.

Жасақшы: Доғар! Мылжыңдама! Мені қорқытатындай сен кімсің? Сені мен әлі басқаша сайратамын. Шашыңнан сүйреп , итке талатқанда басқаша сайрайтын боласың, өлімнен қорықпаймын дейді. Сен бірден өлмейсің , бірақ тіріде қалмайсың , бірте –бірте жаныңды қинап өлесің.
Сәбитова: Мен өлімнен қорқып сендердің аяқтарыңа жығылады деп ойлайсыңдар ма ?Алаңда жазықсыз қаны төгілген жастардан жаным артық емес. Күні ертең тәуелсіздік алып, арайлап таңымыз атқанда сендерге лағнет айтатын боламыз. Қарада тұр,бұл күндер әлі тарихқа алтын әріптермен жазылатын болады. Сонда сендер заң алдында да, ар алдында да жауап беретін боласыңдар!

Жасақшылар: Жүр! Қиялда, қиялдай бер.Тап қазір сені түрме күтіп тұр.

Қазақ ССР ҚПК-нiң 287, 299, 301 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақ ССР Жоғарғы сотының Қылмыстық iстер жөнiндегi коллегиясы Үкiм еттi.
Қазақ ССР ҚIК-нiң 60, 65 баптары бойынша және Қазақ ҚК-нiң 60 бабы бойынша Жансая Әлкейқызы Сәбитова кiнәлi деп табылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылсын. Қазақ ССР ҚК-нiң 65 бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылсын. Қазақ ССР ҚПК-нiң 37 бабы негiзiнде жасаған қылмыстары жиынтығы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасы жалпы тәртiптегi еңбекпен түзету колониясында өтелсiн. Жазаны өтеу мерзiмi 1986 жылдың 20 желтоқсанынан есептелсiн».

(1 том. 324-331 беттер)
Жазмыштан озмыш жоқ. Солай Жансая Сәбитова ұлтының мүддесiн қорғаймын деп «ұлтшыл» атанды. Сот шешiмiмен Желтоқсан көтерiлiсiн ұйымдастырушының алғашқысы болды және алғашқысы болып сотталды. Бес жылды арқалап, Жауғаштыдағы ЛА-154/4 еңбекпен түзету мекемесiне кете барды.

Жүргізуші: Жансая Әлкейқызы 1986 жылы 16 желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ қызы. 1948 жылы 24 қаңтарда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Алматы қаласында №19 мектепте физика пәнінен сабақ берген. Қазақ жастарының жазықсыз жәбірленгендерін көріп, өз қарсылығын білдірген. Қарсылығын үнпарақтарға жазып таратқан. Сөйтіп жүріп құқық қорғаушылардың қолына түсіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. 1989 жылы ақпан айының 2 жұлдызында ақталып шыққан

Жүргізуші: Сөйлей-сөйлей шешен, көре–көре көсем боласың, ал әділетсіздікті көре –көре кім болуың мүмкін? Ендігі сөзді Жансая Сәбитовамен өрбітеміз. Ал қарсалайық.

Сәлеметсізбе

Сәлеметсіңдерме

Жүргізуші:
– Жансая Әлкейқызы, қазақ ұлтының теңдігі туралы ой басында қайнап, бойында бұрқырап тұрған қазақтың қызысыз ғой. Желтоқсанға дейін де қарсылығыңызды білдіріп көрдіңіз бе?
-Кеңес үкіметі кезінде мен партияда болған жоқпын, саяси тұрғыда бітірген шаруам осы шығар. Ұйымның директоры сіз туралы ұсыныс пен пікірді жазып берем, өтіп алыңыз деп қолқа салғанда бас тарттым. Ашық түрде партия саясатымен келісе алмайтындығым туралы айттым. Бірінші сыныптан бастап орысша оқыдым. Достарым мен араласатын адамдарым орыстілділер.
Жүргізуші: – Ұлт теңдігі туралы үнпарақ жазып, таратқандығыңыз үшін сотталдыңыз. Бұған дейін берген сұхбаттарда желтоқсандық жастардың аналары бар емес пе, деген сыңайдағы ойларыңызға көзіміз түсті. Алайда үнпарақ таратып жүріп өз балаңызды көп уақыт көре алмай қалдыңыз?
Аяжан:Балалардың расымен де ешқандай кінәсі жоқ. Олар бейбіт шеруге шықты. Ешкімінің пікірімен санаспай бір елдің басшысын 16 минутта орнынан алып тастайсыздар? Міне осы сұраққа ғана жауап қайыру керек еді. Тоғыз ай көтеріп, толғатып тапқан балаларды ұрып-соғуға кім құқық берді оларға?
Осындай мазалы ойлар жетегінде жүріп, үнпарағымды жаздым. Неге біздің жастардың талабына жауап қайырмайсыңдар деп оқытушылармен де сөзге келдім. Ашу мен сауалдар арпалысымен отырғанда мені жеңетін ешқандай күш жоқ секілді боп көрінетін.


Жүргізуші:Тергеу кезде сіз қандай әсерде болдыңыз?

Аяжан: Тергеу кезінде мен жартылай қараңғы, иіс-қоқысты камерада отырдым. Дәл жанымда тарақандар, тышқандар жүгіріп жүргендіктен сүзек , тырысқақ ауруларын жұқтыру қаупінде болдым. Мені соттап,жақын жандарыммен жүздестірместен, колонияға жіберді. Менде тіпті қарапайым гигиеналық орамал, тарақ, тіс щеткасы сияқты заттардың болмауы да маған қосымша ауруларды жабыстыруы мүмкін еді. Сол уақытта ата-анамның «футбол добыдай» анда-мында бастары домалап, менімен жүздесу үшін қанша табалдырықты тоздырып, түңіліп таусылғандарын айтып жеткізе алмаймын. Менің құрбым бес жасар қызымның милиционерлерге: «Сіздерді жек көремін,сіздер маған мамамды көрсетем деп уәде бергенсіздер, мәшиненің астына түсемін,»-деп айқайлағанын жылап еске алады.

Сол кезде, өзiм алдымда өңiм тұрғай, түсiмде көрмейтiн ауыр күндер күтiп тұрғанынан мүлде бейхабар едiм. Екi жыл, бiр ай және он бiр күн түрме түнегiнде ұстайтындай «қылмыс» жасап қойғанымды қайдан бiлейiн. Менi бiр сәт көрмесе тұра алмайтын бес жасар Маржаным ботадай боздап қалды. Тәттi қылықтарын тамсана есiме алып, талай түндер көз iлмей, жастығымды жасқа шылап, дөңбекшiп шығарымды, аяулы жарым Шәмiлдi аңсап, көз жасымды көлдетiп жүрерiмдi бiлiппiн бе, мен бейбақ?

Күйеуім партия қатарынан шығарылып, жүрек ұстамасына шалдықты. Әпкем мені ұстап әкеткеннен кейін ұйқысыздыққа душар болды. Тағы бір әпкем жүйкесі жұқарып, 51 жасында қимыл-қозғалыс жүйесі нашарап қалды. Ал, мені уаймдап жылай берген анамның көзінің көруі төмендеді.

ҚР Президентінің Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды ақтау туралы жарлығы шыққанға дейін маған мамандығыммен жұмыс жасауға тыйым салынды.

Жүргізуші: Парт билетті бергенде, жүрегіңді суырып алғандай күй кешетінбіз деп айтып жатады сұхбаттастар. Елдің бәрі бірдей ойлап, сіз қалай бөлекше ойладыңыз? Партияға өтпесе ол кезде қызметке бірталай кедергісін келтірмеуші ме еді?
Аяжан :Туғаннан ерекше адам шығармын. Желтоқсанға да саналы қатысқан ересектердің бірімін.

Жүргізуші: Өзіңізге өзіңіз баға беруден қорықпайсыз ба, қорыққан былай тұрсын, ыңғайсызданбайсыз ба?
– Жоқ! Өзім түгіл бір көрген адамға бірден баға берем. Ол қазақтың болмысы. Бір көрген адамым көңілімінен шықпаса, сөйлеспей қоям.
Жүргізуші:Қоғамдық жұмыспен айналысасыз. Ұйымыңыз бар ма?
– Бар!
Жүргізуші – Қалай аталады?
– Алматы қалалық жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарының қоғамы.
Жүргізуші – Тек қана желтоқсанға қатысты емес қой.
– Иә желтоқсан ғана емес.
Жүргізуші – Кім қаржыландырады?
– Өзім қаржыландырам. Әр қазақ мемлекетті аяғынан тұрғызғанша қолынан келгеннің барлығын істеуге тиіс. Мен идеалистпін.

Жүргізуші: Біздің студияға келіп сұхбат бергеніңізге үлкен рахмет

Қазір шағын андатпа

Бекжан / Сабира Мухамеджанова 1 қаңтар 1970 ж. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп ауылында дүниеге келген– 1986 жылдары Өскемен педагогикалық училесінің студенті «советтік қоғамға қарсы шықты » - деп жала жабылып 26.12.1986 ж. Өскемен қаласында жатахананыің 5-ші қабатынан секіріп мерт болды. )  - Желтоқсан көтерілісінің құрбаны

Жүргізуші: 1986 жылғы желтоқсан айының суық ызғары тәнге діріл егіп, көкіректіге қарс айырған өкініш әкеліп қана қоймай, сол кезден бері қаншама уақыт өтсе де қос үрей күйге түсіргені рас. Бұл ретте желтоқсанда азаматтық кейпін сақтай білген аз саясаткерлердің бірінің: “Қазір жұрт желтоқсанның үрейлі тұстарын ғана біледі. Ал  оның ерлікті, елдікті паш ететін тұстарынан бейхабар. Жұрттың есіне желтоқсан көтерілісі түссе, бойларын үрейлі сезімдер билейді” деген пікірінің жаны бар.

Қазір біздің студияға желтоқсан оқиғасына қатысқан Ұйғыр жігіті Абайдулла  Рузиевты шақырайық.

Стас: Сол кездегі басынан  кешкенін ешкімге де тілемей-ақ қояйық.

Жүргізуші: Сізді қай кезде тұтқындады?

Стас:17 желтоқсанда мені тұтқындады да 15 сөткеге  жауып тастады. Осы 15 күн ішінде тергеушілер  небір сұрақтар қойып, менің қайдағы  бір қылмысқа қатыстылығымды айтып, ұрып-соғумен болды. Шағын камераға 30-дан артық адам әрең сиятын еді. Онда сыз тартып, суық болды. Ақыры  мен ауырып қалдым. 15 күннен соң жұмысқа  оралдым.

Жүргізуші: Бырақ бұнымен бәрі аяқталған жоқ қой?

Стас: Иә 1987 жылдың қаңтарында мені қайта  шақырып, түрмеге жауып тастады. Тергеушілер Сафонов пен Бейсалиев  менің әскери курсанттарға қол жұмсағаным жөнінде түсінік беруімді талап  етті. Көнбеп едім, олар ұрып-соғуға көшті. Қорлыққа шыдай алмай, өз "кінәмді” мойындадым, сөйтіп 5 жылға кесіліп, айдауға кеттім. Әкем дүниеден ерте кетіп еді, үйде шешем үйелмелі-сүйелмелі 7 баламен қалды. Алатыны бар-жоғы 75 сомдық зейнетақы.Айдауда жүргенде ең бір қиын учаскелерде  болдым, тайганың 50-60 градустық аязы табанымнан өтіп, арқамнан шыққандай  болды”.

Жүргізуші: Сол бір күні алаңға барғаныңызға өкінесізбе?

Стас: Жоқ. Тек солкүндерді еске алу өте ауыр.

Жүргізуші: Рахмет сізге келгеніңізге

Ал қазір шағын андатпа /Аяулым Ербол Сыпатаев/

Жүргізуші: Алматы оқиғасының жаңғырығы басқа  қалаларға да жетті. Барлық жерлерде студенттер мен жастар жиналып, ұлттық мәселені жоққа шығарып отырған  орталықтың өктем саясатына қарсылық білдірді. Оған жауап ретінде жергілікті билік органдары жазалау әрекетіне  көшті. Сондай жапа шеккендердің бірі целиноградтық Асқар Сағынаев

Қош келдіңіз төрлетіңізСол кезде Конституциялық сотқа хат жазғаныңыз үшін тұтқындалдыңыз.

Бекжан:Иә"Алматыдағы оқиға туралы  естіген соң, біз студенттер  бірінші хатшы Г.В.Колбиннің атына  қарсылық хат жаздық.Жоғары оқу  орындарының студенттері қол  жинауда белсенділік танытты.  Сол үшін бізді ұстап, соттады. 

Жүргізуші:Бырақ сізді түрмеге қамамады солай емеспе?

Бекжан : Иә Мені бірден "есі” дұрыс емес  деп тапты. Күштеп "емдей” бастады. 8 ай бойы олар жүйкеге әсер  ететін дәрілерді беріп, осылайша  менің "саяси көзқарасыммен”  күресті....Кейіннен мен Жоғарғы Соттың  шешімі бойынша ақталдым, өйткені  менің іс-қимылымда еш қылмыс  жоқ деп тапты. 

Жүргізуші: Сонымен сіз толық ақталып шықтыңызба?

Бекжан: Жоқ бұл  толық ақталу емес. Өйткені, дәрігерлер  анықтаған "дерт”  әлі де 

алынған жоқ. Тоталитарлық жүйенің  жандайшаптары улаған менің денсаулығымды  кім 

қалпына келтіреді? Олар  осы күнге дейін адам құқын  таптағандарын, сау адамды ауру 

қылғанын, мойынсұнбағандарды басып-жаншығанын  еске алғылары келмейді.

 Жүргізуші: Қазіргі таңда өміріңіз қалай өрбуде?

Бекжан: Қазір мен институтты тәмамдадым, отбасылы, бала-шағалы болдым. Бірақ  та сонау бір аязды күндері  тапталған ар-намысым кейде түн  ұйқымды төрт бөледі. Біздің қазіргі  билік органдары сол кездегі  оқиғаға саяси баға беруге батылы бара ма екен?

Жүргізуші: Бүгін бізге келіп сұхбат бергеніңізге үлкен рахмет

Андатпа Аяжан /Лязат Асанова/

Сабина Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков1966 жылы 13 наурыздаЖамбыл облысы , Мойынқұм ауданы « Бірлік» ауылында дүниеге келген. Қайрат шу қаласына таяу жердегі Новотроицк ( қазіргі Төле би) селосындағы шопан балаларына арналған мектеп- интернатты оқыған. 1983 жылы Киров атындағы орта мектепті бітіріп ,ауылында жұмысшы болып істейді. Ал, 1984-1986 жылдары әскерге,азаматтық борышын өтеп қайтады.1986 жылы №33635 әскери бөлімшесінің кепілдігімен Алматы сәулет –құрылыс институтына оқуға түседі.  Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін Совицкийді өлтірдің деп жазықсыз жала жабылып, өлім жазасына кесіледі. Кейіннен бұл жаза 20 жылдық кесімге ауыстырылды. 1988 жылы Қайраттың камерасынан оның өлі денесі табылғанымен, құпия қазаның арты ашылмады.1966 жылы Қайрат Рысқұлбековке еліміздің ең жоғары наградасы – «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Жүргізуші:  жазықсыз жапа шеккендер, сотталған, түрлі дәрігерлік "сынақтан”  өткен, қорланып, намыстары тапталған  жандар сондай жандардың бірі Кенжегүл Молданазарова 1986 жылы дүниеден өтті. Біздің студияға Кенжегүлдің немере сіңілісі Анар Бәдренованы шақырамыз

Қош келдіңіз әпкеңіз туралы айтып өтсеңіз

Аружан:Әпкем Шымкент  облысы, Бөген ауданы, Ақжол ауылының тұрғыны, 1986 жылы Алматы дәрігерлік институтының студенті болған. Сол жерге әпкем мені іздеп келген . Мен бүгін сіздерге әпкемнің анасы Ақпал Молданазарованың ол кезде ол кісі зейнеткер   Конституциялық сотқа  жазған арызынан үзіндісін әкеп тұрмын соны оқып берсем.

"Менің қызым Кенжегүл Молданазарова  Алматы дәрігерлік институтының  студенті. 1986 жылдың 18желтоқсаны күні  көшеде келе жатқан кезінде  солдаттар 

"торына түсіп”,басынан  қатты соққы алды.Ауруханада  қызымды дұрыс қарамай, тез  шығарып жіберген. Ол алаңға өзінің  немерелес сіңлісі, байланыс техникумының  студенті Анар Бәдренованың қайда  екенін білуге барған. Анар да  соққыға ұшыраған.

Қызым Арыс, Шымкент ауруханаларында  емделгенімен, нәтиже шықпады. Сосын  оны Ташкентке алып бардық. Ондағы зерттеу кезінде басына қатты  соққы тигендіктен миына қан  құйыла бастағаны белгілі болды. Операция үстінде Кенжегүл дүние  салды.

Қызымның өліміне кінәлі қанішер  солдаттар мен милиция қызметкерлері  және соларға бұйрық беріп, жастарды жазалаған басшылар жауапқа тартылуы тиіс. Мұны мен ана ретінде өтінемін.”  Көздеріне қан ұялаған жендеттер  қолдарына кімнің түскенін де ажыратып жатпады.


Жүргізуші: Сіздің бізге келіп бастарыңыздан өткен оқиғаларыңызбен бөліскендеріңізге үлкен рахмет.

Ән «1986 желтоқсан желі» Аружан

Иә, өткенге салауат... Өткен күндер өксік кернеп өкінсе де, болашаққа  батыл қараймыз. Әрине қазіргі таңда бұның барлығын «Айтуға оңай» қош сау болыңыздар

2-ші бөлім Оқушылар өздері жұргізеді

1 Жүргізуші:Қазақстандағы 1986 жылғы қазақ халқы  жастарының серпілісі азаттық қозғалысы  шежіресіндегі ең бір жарқын белес  болып табылады. Демек бұл әншейін  ауыз толтырып айтуға қана жарайтын оқиға  емес, бұл шын мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен  көтеріліс екендігінде дау болмаса  керек.

2 Жүргізуші: Қазіргі таңда 16-17 желтоқсанды  тәуелсіздік мейрамы етіп жариялады. Сондықтан 16 желтоқсанның қасыретті  күн екендігін жадымызда сақтап әрі Тәуелсіздікке қол жеткізу  жолындағы талпыныстардың ақталған күні екендігін сезінуіміз қажет.

1 Жүргізуші: Бұл  күні қара жамылып отыру орынсыз. Сол себепті де әрі арманға  қол жеткізген күн деп шаттық ретінде атап өтіп, екінші жағынан  Желтоқсан құрбандарына да тағзым ете  жүруіміз керек.

2 жүргізуші: Біздің арымыз да, намысымыз да, мақтанышымыз да – Желтоқсан.

Ән «16 желтоқсан»

1 Жүргізуші: Міне, осы жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өткен желтоқсан батырлары    ағаларымыз бен апаларымыздың рухына тағзым етіп, еске алу – ұлттық парызымыз.

2 жүргізуші: Біздің бүгінгі бақытты күндерімізге жеткізген, желтоқсан ызғарына кеудесін тосқан, дүниені дүр сілкіндіріп бостандық туын желбіреткен Желтоқсан құрбандарының есімдері ешқашан ұмытылмайды. Желтоқсан құрбандарын 1 минут еске алайық .


ҚАЗАҚСТАН!

1 Жүргізуші: Туды алтын дәуірің,

 Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңңың құтты болсын қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын алыбым!


2 Жүргізуші: Армандарды жақындатқан тым алыс,

Біздің жаққа жеткен жылы ағыс

Егемендік ел бақыты ертеңі

О,халайық құтты болсын қуаныш.




Сабина: Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін,

Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.

Мерейі үстем мерекең болсын құтты,

Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін.

Тәуелсіздік тұғыры еркіндігің,

Күмбірледі күй болып шертілді үнің.

Келген жоқ қой бостандық бостан босқа,

Шым болаттай, қазағым, серпіл бүгін.

Есен: Құлаш ұрды ғарышқа өркеніміз,

Бүгінімен басталды ертеңіміз.

Аспаныма арайлап нұр қаптады,

Өзіңдікі өзге емес өз төріміз.

Ән « қазақ »

Аман:Тәуелсіз елім тірегім,

Өзіңмен мәңгі жүрегім.

Алаш жұрты аңсаған,

Орындалды тілегің.

Бекжан:Тәуелсіздік елімізге орнады,

Егемендік қуанышы тойланды.

Асқақтай бер тұғырлы менің мекенім,

Осы менің жалын атқан тілегім.

  Стас: Қазақстан егеменді ел  болды,

Өз алдына туы бөлек жер болды.

Жиырма алты жылда игі істерді атқарып,

Астанамыз бас қала боп гүлдеді.

Аяжан:  Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.

Аяулым:  Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз.

Аружан:  Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.

Ән «Көк тудың желбірегені»

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы  қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.

Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма төрт жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық.

Елімізді білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.





























Реферат Мырзағұл Әбдіқұлов: «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты, 1994 жылғы №50-51 «Өлімнен де күшті!»

Айтатын ой көп. Жеті жылда көргенімді, түрмедегі адамдардың барлығы жаман болмайтындығы, олардың ішінде де рухы биік, жаны таза кісілердің көп екендігі туралы ойларымды әңгімеге сыйғызу мүмкін емес Желтоқсанның ызғарлы желі талайларды тоңдырды, талай қазақты жұлқып, ұйқысынан оятты, талайлардың намыс отын тұтатты. Сол тоңғандардың, оянғандардың, көкіректегі намыс оты тұтанғандардың бірі – менмін. Тас зынданда болған жеті жыл уақыттың ішінде талай тозақты көрген мен өлімнен де күшті нәрсе бар екенін ұқтым. «Туған жердің намысы бөтен қолда кетпесін!» деп Қайрат інім жырлағандай, оның аты – Намыс. Ар, Ұят, Рух екен. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», «Ерді намыс өлтіреді», «Өлімнен ұят күшті» деген халқымның асыл сөздеріне Желтоқсан көтерілісінен бұрын шын мәнінде тереңдеп, ой көзімен қарамаппын. Қамшының сабындай ғана өткен ғұмырымдағы түрмеде болған жеті жыл қазір ойлап отырсам жеті ғасырға татитындай. «Бас қатты ма, тас қатты ма?» деп сұрай қалса, бұрын қалай жауап берерімді білмеймін, қазіргі айтар уәжім нық. Тас түрменің табалдырығын аттағаннан-ақ жеген таяқтан, тиген ауыр тепкілерден денемде сау жерім жоқ десем өтірікші бола қоймаспын. Бәрінен де батқаны – өз қаракөз бауырларымнан жеген таяғым мен тепкілерім. Аттарын айтып неғылайын, олардың көбісі қазір сол қызметтерінде алшаң басып жүр. Тіптен бет-аузы шімірікпей «Өлім» жазасын «мәрттікпен» менің мойныма іліп жіберген халық соты да өзімнің қандасым екенін жүрегім езіле отырып, қағаз бетіне түсіруге мәжбүрмін. Кейде өзімше отырып тағдырыма налитыным бар. Әкем Тәжіғұлдан жастай қалдым. Ол аз болғандай біз ат жалын тартып мінгенде туған жерім – Аралдың бағы тайып, апатты аймаққа айналды. Көппен бірге жасы келген анамды, бала-шағамды шұбыртып Алматыға келдім. Мұнда мені күтіп тұрған кімім бар, талай азапты бастан өткердік. Бір жақсы адамның көмегінің арқасында қалаға жақын бір ауылдан ұлтарақтай жер алғанда қуанышымызда шек жоқ. Сол жерге екі бөлмелі үйді әзер дегенде қалқиттым. Одан артыққа осы күнге дейін шамам жетер емес. Қазір сонда бес баламмен тығылысып, тұрып жатырмыз. Жә-ә, әңгіменің арнасы бұрылып барады білем, негізгі айтар ойыма ауысайын. Қай халықта болсын, сатқындар, намыссыздар, ездер, қаны жоқтар баршылық. Орыс империясының осындайларды дайындаудағы шеберлігіне «тәнтімін». Жетпіс жыл (тіпті одан бұрын да) бойына дүйім бір халықтың көңіл көзін бітеп, шел бастырып келген не деген мықты саясат! Аштықтан, репрессиядан, соғыстан жарты халқымыз шыбындай қырылып жатсақ та, артымызға бір бұрылып қарамаппыз-ау! Кіл соқыр байғұстар, басы жоқтар (басы барларды ажал «қылышымен» қағып отырған) шынында да қалай көрмек?! Міне, көр соқырдың бірі мен едім. Желтоқсанның 17-дегі қырғында келесі күні таңертең естідік. Құлағым елеңдеп, үйде жата алмадым. «Балалар әлемі» дүкенінің жанына келгенімде сол маңды бес қаруы сай әскерлер сап түзеп қоршай бастады. Әлдебір жамандықты сезгендей жүрегім өрекпи соқты. Сөйтсем, жоғары жақтан көтерген плакаттары бар, өлеңдеткен қазақ жастары шеру тартып келеді екен. Бізді қақпайлап шетке шығарып жіберді. Басыма қан теуіп, бойым шымырлаған мен сол шеруге қосылып кетер ме едім, нағашы әпкем кездеспегенде... «Құрисың! Кет бұл жерден!» деп ол мені қуды. Амал жоқ, артыма қарайлай-қарайлай ауылға қайтып келдім. Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алсамшы: «Ойпыр-ай, менің сол қаракөз бауырларымнан жаным артық па? Не деген ез, қорқақ едім. Осындайда төбе көрсетпеген еркек еркек пе? Қайда қазақтық намысым? Қап!» деп өзімді күстаналадым. Ертеңінде қалаға баруға сылтау табылғанда іштей қуандым. Анам, жарым қалаға бармағанымды қалады. «Қорықпаңдар. Келем ғой!» дедім мен. Тағдыр деген қызық қой. Өздеріңіз білетіндей өзімді қорғаймын деп жүріп бір орысты өлтірдім. Қолдарында жарты метрдей темірлері бар олар үшеу еді. Өзімді қорғамасам, олар мені өлтірер еді немесе мүгедек ететіндігінде сөз жоқ болатын. Сол кездерде үлкендерді қайдам, қазақ жастарының тағдыры бес тиын болып қалды ғой. Мен өзімді ғана емес, намысымды қорғап қалғанымды көп уақыт өткен соң білдім. Әңгіменің басында Желтоқсан көтерілісі талай қазақты оятып, намыс отын тұтатқанын айттым. Желтоқсанның негізгі оқиғасы болған маңда менің бір замандасым тұрды. Атақты спортшы. Бірақ ана тілімізге шорқақ. Мәңгүрттің үйреншікті қалыбына түскен. Әйелі орыс. Ұлттық намыстан жұрдай. Оны мен оншалықты жақтырмаймын. Жеті жыл түрменің ащы дәмін татып келгеннен кейін сол замандасымды кездейсоқ кездестіргенімде танымай қалдым. Еңгезердей біреу құшақтай алғанда тұншығып кете жаздадым. Сол, сол ғой! Ау, ол қазақша білмеуші еді ғой деймін таң қалып. Хал-жағдайынан ана тілімізде сорғалатқанда аузым аңқиып қалыпты. Мұнымды сезген ол мән-жайды қысқаша айтып берді. «Менің үйімнің Республика алаңына жақын тұрғанын жақсы білесің. Сол он сегізінші желтоқсандағы жан шошырлық түн мәңгілік жадымда қалып қойды. Қарындастарымыздың шыңғырған дауыстары, иттердің абалағаны, жанталаса дүркірей қашқан бауырларымыз, оларды табанымен таптаған қатыгез әскерлер... Сағат он мен он бірдің арасы ғой деймін, біздің балконның түбінен алдымен жас қыздың шыңғырған дауысы, содан соң: «Ағатайлар-ай, менің жазығым не? Жіберіңдерші!» деген жалынышқа толы сөзін анық естідім. Әлдекімдер қар-қарқ күліп, балағаттап, дүрс-дүрс тепті ме, ұрды ма-ау, қыздың үні лезде өшті. Шыдай алмадым, балконға жүгіріп шықтым. Жарықтан анық байқадым, екі-үш солдаттың жап-жас қазақ қызын қанын сорғалатып (ертеңінде сенбей жерге жұққан дақты анықтадым) қолаң шашынан ұстап, дырылдата сүйреп бара жатқанын көрдім. Мұндай қатыгездікті көріп тұрып шыдау мүмкін емес еді. Айқайлап жібердім. «Оңбағандар! Қатыгездер! Жіберіңдер! Жіберіңдер деймін». 938dfdc330712301aecf40abe7cc823a.jpg Олар сәл тоқтады да, жындыны көргендей тағы да қарқылдап күлді. «Қазір саған келеміз. Ажалыңа асыққан, ақымақ!» деді олар. «Келіңдер, келіңдер!» дедім. «Жастығымды ала өлейін!» деп әйелімнің қарсылығына қарамай, үйдегі ет шабатын балтаны қолыма ұстап, олардың келгенін күттім. Олар келмеді. Міне, сонда мен өзімнің еңгезердей болып намыссыздығыма, бос кеуделігіме, ездігіме қатты қорландым. Әйтпесе менің жаным олардан артық па еді? Өкініштен не пайда? Желтоқсан көтерілісі өтті, кетті. Мені әйелім сыртқа жібермеді. Бірақ менің сілкінген санамда Желтоқсан қалдырған із мәңгілік қалды. Мен бұдан былай қазақ болуға, ана тілімді үйренуге, халқыммен бірге болуға ант іштім. Көп ұзамай әйеліммен ажырастым. Көріп, тыңдап отырсың, ана тілімді сенен кем білмеймін». «Жарайсың, бауырым!» деп оның қолын қысып, арқасынан қақтым. Желтоқсан көтерілісінен бұрын менің де сол замандасымнан артықшылығым шамалы еді. Ол айтқандай көпшілігіміздің көкірек көзіміз бітелген, кеуде сарайымыз бос екенідігі шындық болатын. Қайрат Рысқұлбековпен екі айдан аса бір камерада отырдым. Екеуіміз бір-бірімізді жұбатып, күш беретінбіз. Ол тым жас еді ғой. Мені «Мырза аға!» деп арқа тұтатын. «Мырзағұлға қарап не дегенмен үміт шоғы лаулап жана бастағандай» дейді ол бір хатында. «...Неғұрлым адамның рухы шырқау биік әрі берік болса, ол ешнәрсеге бой бермейді, ондай адамға өлім де бата алмайды», – дейді ол толғанып. «Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. «Еркек – тоқты-құрбандық», Атам десең, атыңдар!» Не деген биік рух! Өлім жазасын күтіп отырып, әрбір әрпі от болып жанған, рухқа, намысқа, малынған осындай сөздерді дәті барып қалай ғана айтқанына осы күнге дейін таң қаламын. «Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған ойды кім түртпек?!» деп ұлы Абайымыз айтқандай, марқұм інім Қайрат мендегі ұйықтап жатқан рухты, намысты оятты. Суық, сызды тас камераның еденінде трусиден басқа лыпа жоқ, қалшылдап, «Ату жазасын» күтіп жатқанда, қақаған аязда «Өлім вагонында» қамап ұстағанда, дірілдеп қар үстінде жалаңаяқ айдап азап көрсеткенде менің басымды төмен тұқыртпай, көкірегімді кере ұстауыма рухым, намысым көмектескенін, жебегенін кейін білдім. Талай азапты көрсем де тірі қалдым, ең бастысы адам болып қалдым деп ойлаймын. Менің түрмедегі қожайындарым «ұлтшылсың» деп айыптайтын. Бұл жөнінде талай-талай таяқ жедім де. Өзім қазақ болсам, сөйте тұрып ұлтымды сүймесем, менің хайуаннан қай жерім артық. Мәселен, түрмеге келгенде қол-аяғы балғадай, сап-сау қазақ жігіттері мұнда әп-сәтте қол-аяғынан айырылып, мүгедек болып шығып жатады. Соларды шырылдап қорғауға тура келеді. Қайрат марқұм да осы түрмеде қастандықпен өлтірілгенін қазір бәрі де жазып жатыр ғой. Біздің билік басындағы ағаларымыздың көпшілігінде ұлтшылдық қасиеті жетпейді. Қорқа соғып, бүгежіктей береді. Меніңше, шенеуніктікті қоятын мезгіл әлдеқашан жетті. Айтатын ой көп. Жеті жылда көргенімді, түрмедегі адамдардың барлығы жаман болмайтындығы, олардың ішінде де рухы биік, жаны таза кісілердің көп екендігі туралы ойларымды бұл әңгімеге сыйғызу мүмкін емес. Жығылғанда тұрғызған, сүрінгенде қолтығымда демеген, төніп келген ажалдың қара бұлтын серпуге көмектескен адамдар көп болды. Бисенбаев Райымжан (түрмеде бірге жатқан), Бақыт Шалабаев (адвокат), Хасен Қожа-Ахмет, Коммунар Табей (журналист) және басқалар. Олар күшіме күш, жігеріме жігер қосты, рухымды көтерді, намысымды жебеді. Тәуелсіздігіміздің желі жылы соқпаса, бұрынғы ССРО күшінде тұрса, менің бостандыққа шығуым әй, қайдам, екіталай болар еді. Міне, қазір бостандықтамын. Бірақ ақтау ісі тым кешеуілдеп барады. Үйдің жағдайы анау. Денсаулық әбден бітті. Бес баланы бағу мына заманда оңай шаруа емес екен. Түрмеде өткен жеті жылдың ішінде балаларым әбден орыстілденіп кетіпті. Материалдық жағына ғана емес, рухани байлықты, ана тілін ойларын егіп, үйірлеріне қайта қоссам деген арманым бар. Болашаққа деген үміт отымыз сөнбесе, халқыңның рухы түспесе, ұлттық намысымызды тат баспаса екен деп құдайдан тілеймін.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!