Материалдар / Ашық тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының болуы, жастардың көтеріліске шығу себептері жайлы түсінік беру. Театрландырған көріністер арқылы желтоқсан құрбандарын еске алып, рухтарына тағзым ету. Ұлттар арасындағы достықты сақтай отырып, еліне, жеріне қорған болатын азаматтар тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2021
365
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қарағанды облысы Шахтинск қаласы №5 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Бейнегүл Байдрахмановна


Тақырыбы: Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы.

Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының болуы, жастардың көтеріліске шығу себептері жайлы түсінік беру. Театрландырған көріністер арқылы желтоқсан құрбандарын еске алып, рухтарына тағзым ету. Ұлттар арасындағы достықты сақтай отырып, еліне, жеріне қорған болатын азаматтар тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд,«Менің Қазақстаным» атты сурет топтамасы, сахналауға қажетті заттар.

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Құрметті ....! Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның халық тағдырымен, оның өмірімен байланыстылығында. Қазақ халқы үшін жадынан кетпейтін оқиғалардың бірі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Міне, сол оқиғаға биыл 35 жыл толса, ал қазақ елінің тәуелсіздігін ту еткелі 30 жыл толып отыр. Егеменді ел болуымыздың бастапқы қадамы да сол кездерде жасалғанын ашық айтуымыз керек. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Қазақ халқының еркіндігі мен бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, бұл күнге жете алмай кеткен Желтоқсан құрбандарын еске алып отыруды парыз деп санаймыз.

1минуттық үнсіздік.

Сәлден соң «Желтоқсан желі» әні тыңдалады.

1 жүргізуші Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Желтоқсан - тәуелсіздіктің бастауы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

2 жүргізуші:

Желтоқсан! Қасиетті желтоқсан!

Сен елімнің тарихындағы ең қаралы, ең ардақты күн болып қала бердің!

3-ж: Желтоқсан! Сен қызыл империяның шаңырағын күйретіп, іргесін құлаттың.

4-ж: Желтоқсан! Сен, тек қазақтарға емес, «Одақ» деген елдегі отар елдердің барлығына тәуелсіздік әкелдің.

  1. жүргізуші:

Желтоқсан таңы дірілдеп ызғары,

Жүректе жылы үміт пен ізгі ары.

Ақ құстай бейбіт арманы самғап,

Алаңға шықты жігіттер мен қыздары.

2- жүргізуші:

Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі, айбарлы,

Күтпеген іс ақыры не болад деп

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

4 жүргізуші:

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты,

Қытымыр қыстың басы сол бір айда

Желтоқсан әлемді бір жалт қаратты.

1- Көрініс (Сахнаға екі студент шығады бірі жігіт, бірі қыз.Қолдарында конспект дәптерлері бар.)

Жанар. Қайрат , сен естідің бе ? Кеше Қонаев ағамыз орнынан алыныпты дейді.

Қайрат. Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?

Жанар. Кеше куратор ағайдан естідім . Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналып жатыр дейді.

Қайрат. Неге? Неліктен?

Жанар. Қонаевтың орнына Ресейден бір шенеунік келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді . Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.

Қайрат. Қой,біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кеттік! Тез барайық.

1-жүргізуші. Сол бір суығы ерте түскен қыс кезінде, тоқырау тажалының ызғарында аяусыз тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.

2- жүргізуші. Желтоқсан.Алматы аппақ қарда

Алма бақтар ақ қырауға батқанында,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

3- жүргізуші. Аппақ қала , аппақ ғалам!О,тоба !

Найзағайлар қар жалап тұр жотада.

Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар

Бұйдаланған ұқсас жетім ботаға.

4- жүргізуші.

Кім көріпті о заман да,бұ заман ,

Найзағайдың көк аязға құлағанын

Кеуделерді үрей – бәрі ұялады.

Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман!

2-Көрініс. Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат. Қолдарында «Әр халыққа – өз көсемі» деген транспоранттары бар . «Қазақстан жасасын!» деген дауыстар естіледі.

Дауыс. Қонаевты шақырыңдар! Ақиқаттын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

Дауыс. Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?

Дауыс. Талап-тілегімізді айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.

(Осы кезде “ Менің ҚАЗАҚСТАНЫМ’’ мәтіні таратылады. Жастар теңселіп тұрып, бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша орындайды)

Прокурор.Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатаханаға қайтыңдар!Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйге қайтыңдар!

Әскери адам. Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция “Құйын”. Немедленно розогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота за мной! Урааа!

(Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. Шеруді қуғындау басталады).

1- жүргізуші. Демонстрацияға шыққан жастарға “ұлтшыл”, “бұзақылар”, “ішкіштер”, “нашақорлар” деген жала жабылады. Демонстрацияны басу үшін 70 мың солдат апарылды. Олар қазақ жастарын ұрып-соғып, қорлап азаптады, бірнеше адамға ату жазасын кесіп, қаншамасын темір торға тоғытты.

2-жүргізуші Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

3-жүргізуші Әділдікпен шындықты

Өтірік жала жапқан күн.

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шекккен күн,


4-жүргізуші Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

Сөзі Е.Раушановтікі, музыкасы Ілесбек Амановтікі «Қара бауыр қасқалдақ» әні орындайтындар Гүлнұр, Бексұлтан, Динара, Меруерт.

3-көрініс.

Темір тордың ішінде ҚАЙРАТ өлең жазып отыр.

Қаймана қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда

Сөйлесем дауысым жетпейтін,

Кез болдық мынау заманға

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға.

Осы кезде камераға кезекші келеді.

Кезекші. Заключенный Рыскулбеков на допрос! (Қайратты алдына салып,

тергеу бөлмесіне әкеледі).

Тергеуші. Айыпты Рысқұлбеков. Халық жасақшысы Савицкийді (операторды) өлтірген сен бе?

Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, мен емес.

Тергеуші. Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.

Қайрат Рысқұлбеков. Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!

Тергеуші. Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, декабрист несчастный! Бұзақы.

Қайрат: Мен кінәлі емеспін. Мен ақпын. (кезекшілер Қайратты сүйреп әкетеді.)

4 - көрініс. Сот залы.

Хатшы. Кезекші жолдастар! Ауыр қылмыскер Қайрат Рысқұлбековты алып келіңіздер!

Хатшы. Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.

Прокурор. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков. Сен желтоқсанның 17 - 18 күні алаңға бардың ба?

Қайрат Рысқұлбеков: Иә, бардым . 17 желтоқсан күні.

Прокурор. Не мақсатпен ?

Қайрат Рысқұлбеков.Ол жерге барған себебім, біріншіден, ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым.Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң, қарындастарыма көмек беруге бардым. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.

Сот. Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?

Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.

Хатшы.(Сот кеңесуге кетеді. Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!

Сот. Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Савицкийдің өліміне кінәлі деп табылып және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарылды.

Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, бұл әділдік емес

Апасы. Бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол - қылмыскер емес.

Хатшы.Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.

Сот.Қайрат Рысқұлбеков, ақтық сөзің бар ма ?

Қайрат. Бар.

Күнәдан таза басым бар,

Қазақ деген атым бар,

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

ҚАЙРАТ деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар!

Гүлнұр:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас Қайраты, жас өркені халқымның!

2-ж. ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы желтоқсанның тоғызы күні «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша белгі «Алтын Жұлдыз» тапсырылды.
3-жүргізуші. Ләззат Асанова ,Сабира Мухаметжанова , Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев, Жамбыл Тайжумаев секілді өрімдей жастар жалған жаланың құрбаны болды.Бірақ олардың есімі ел есінен кетпейді.

1-жүргізуші. Желтоқсан оқиғасы - Тәуелсіздіктің бастауы. Ол бізге тәуелсіздікті тарту етті.

Ән «Егемен ел-Қазақстан» орындайтындар 7-сынып оқушылары.

2-жүргізуші. Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр әнім,

Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным!

3-жүргізуші. Қазақстан, менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқырап!

4-жүргізуші Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңі.

О, халайық, Құтты болсын қуаныш!

Сөзі А.Жаппарқұлованікі, музыкасы Е.Серікбаевтікі «Жаса, Қазақстан» әні орындайтындар 7-сынып оқушылары.

1-жүргізуші: Құрметті қауым!Сонымен ашық тәрбие сағатымыз да аяқталып қалды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мың алғыс. Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, тәуелсіздігіміз тұғырлы,еліміздің іргесі берік, халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілектестігімді білдіремін.
























Халқын сүйген-салтын сүйеді

/22-наурызға арналған тәрбие сағаты/





Дайындаған:

5А-сынып жетекшісі

Абдрахманова Б.Б.











2011-2012 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!