Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»
КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім
басқармасы
КГКП «Педагогический колледж имени
М.О.Ауэзова»
Управление образования Восточно-Казахстанской
области
Положение
СМК МИ-7.5-08
Ашық тәрбие сағатының Ережесі/
Положение открытых классных
часов
Басылым/
издание 1/2017
Стр.
7 из 7
«Бекітемін»_________
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары:
Н.Х.
Хауанова
«___» __________ 2022
жыл
Ашықтәрбие
сағаты
Тақырыбы:«Ұлттық ойын -халық
қазынасы»
Топ:
33
Топ жетекшісі: Б.Т.
Кабаева
Семей 2022
ж.
Кіріспе.
Құрметті ұстаздар мен білім
алушылар!!!
Біздің колледж дәстүрі бойынша үшінші курста
білім алушылар осы кезге дейін алған білімдері мен тәрбиелерін
қортындылаған, кәсіби мамандықтарының жетістіктерін
көрсетеді.
Нақыл
сөз: «Ұлттық ойын – халық
қазынасы», қазақ халқы – ұлттық ойындарға бай халықтардың бірі.
Қазақтық ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты,
шапшаңдықты, тапқырлықты, табандылықты, қажет етеді. Ұлттық ойындар
тек ойын – сауықтың жағынан ғана маңызды емес, ол-спорт, ол-өнер,
ол-шаруашалық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы. Назарларыңызға
33 топ дайындаған ашық тәрбие сағатын
ұсынамыз!
Тәрбие сағатының
мақсаты:
Қазақтың ұлттық ойындары:
қазақша күрес пен асық ату, тоғызқұмалақ, бестас, арқан тартыс,
бұқа тартыс, ақшамшық атты ұлттық ойындар арқылы білім алушылардың
бойында ұлттық бірегейлікті сақтау, патриоттық сезімдерін
жетілдіру;
Білім алушылардың сапалы дене тәрбиесі мамандығын
игеруді қалыптастыру;
Салауатты-өмір салтына бейімдеп, кәсіби
шеберліктерін артыруға ықпал ету.
ЖОСПАР:
І.
Бөлім:Ұйымдастыру. Ашылу.
Кіріспе
1.Ұлттық ойын туралы
ІІ
Бөлім:Ұлттық ойындарды
ойнату
Тоғызқұмалақ
Бестас
Асық ойыны
Бұқа тартыс
Ақшамшық
Қазақша күрес
ІІІ.
Бөлім:Қорытынды.
1.
Ән
2. Ойындарға
қатысып, жеңімпаз атанған білімалушыларды
марапаттау
Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін! дей келе
бүгінгі тәрбие сағатымызды 33 топтың «Алашұлы» биімен
бастасақ!
Би: Қазақ
биі
І.Бөлім
Ұлттық
ойындарға мәлімет беру(фон) Экранда
видеомонтаж
1 -
жүргізуші:(Назерке)
Бүгiнде қазақтың ұлттық ойындарының 100 ден
аса түрі мәлім. Ұлттық спорт түрлерi – жарысу әрекеті нысанында
тарихи түрде қалыптасқан және өзiне тән дене шынықтыру жаттығуларын
және дене шынықтыру белсендiлiгiн ұйымдастырудың өзiндiк қағидалары
мен тәсiлдерi бар халық ойындарын білдіретін спорт
түрлері.
2 -
жүргізуші:(Мейіржан)
Қазақ халқының ұлттық ойындары жайындағы
деректемелерді қағаз бетіне түсіргендердің бірі – Венеция
саяхатшысы Марко Поло болды. Ол өзінің Қазақстанға жасаған
саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында
болып, ойын-сауықтарын көріп, көптеген ұлт ойындарына талдау жасап,
шығу тарихтарына, қалыптасу дәуірлеріне де болжам
айтқан.
1 -
жүргізуші:(Назерке)
«Ақсүйек»- қыз-бозбалалар оны жазғы
айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол
болмаса қойдың жілігін, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып,
ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды екі
топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай
топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген
болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден
ағарған болуға тиісті.
2 -
жүргізуші:(Мейіржан)
«Аударыспақ»-спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті,
төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір
түрі.Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер
үстіненаударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші
мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін
жігіттер
қатысады.
1 -
жүргізуші:(Назерке)
«Алтыбақан»- жастардың кешкілік бас
қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып,
бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен
тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен
жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен
қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша
тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып
болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан
байланады.
2 -
жүргізуші:(Мейіржан)
«Көкпар»- ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын
атауының шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: “көк бөрі”
немесе "көк бөрте". Тағы бір нұсқасында "көкпар" сөзіндегі "пар"
бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы
айтылады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа
толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды.
Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш
болғандықтан Көкпарға
тартпайды
1 -
жүргізуші:(Назерке)
Мейіржан, енді
басқа да ұлттық ойындарымызды өз көзімізбен көріп қайтсақ қалай
қарайсыз?!
2 -
жүргізуші:(Мейіржан)
Иә, Назерке, 33
топтың дайындаған ұлттық ойындарын тамашалап
қайтайық!
II
Бөлім
Қазақтың ұлттық ойыны –
тоғызқұмалақ–студент
Ойын туралы мағлұмат беру. Ойынды
ойнату.
Ұлттық спортымыздың
iшiндегi шоқтығы биiк, қалыптасып орныққан спорт түрi, бұл
–тоғызқұмалақ
-әлемдiк мәдениеттiң озық
үлгiлерiмен бой теңестiре алатын, қазақ халқының ежелден келе
жатқан рухани, логикалық ойлау өнерi. Ол халық ішінде «қойшылар
алгебрасы» деп аталып кеткен. Колледжіміздің тоғызқұмалақ құрама
командасы облыстық, қалалық жарыстарда жыл сайын жеңімпаз атанып
келеді.
2. Бестас
ойыны-студент
Ойын туралы мағлұмат беру. Ойынды
ойнату.
«Бес
тас» - өте көне дәуірден келе
жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары
ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жас
өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға
керекті зат бес асық немесе кішірек бес домалаң тас.
3. Асық
ойыны-студент
Ойын туралы
мағлұмат беру. Ойынды ойнату
«Асық
ойыны» — қазақ халқының дәстүрлі
ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады.
Күндізгісі – мергендікке, түнгісі
– ептілікке баулиды.
Иіргенде түскен қалпына қарай асық
– алшы, тәйке,
бүк, шік деп, ал
атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны
– сақа,
жақсылары – оңқы аталады.Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын
соғұрлым қызықты өтеді. Мақсаты
– көп асық ұтып
алу.
4.«Бұқа тартыс»
-студент
Сайыс туралы мағлұмат беру. Ойынды
ойнату
«Бұқа тартыс»
-күш сынасып ойнайтын ойын
түрі. Жиында, той-домалақта ойналатын ойынға жігіттің нары ғана
шыдас беріп, күшін көрсетіп, өзін қауымға танытады. Алты құлаштай
арқанды ортасынан тұйықтап байлап, ойынды басқарушы адам сол
түйінді басып тұрады. Екі адам екі жағынан келіп, желкесінен асырып
қолтық астынан өткізіп, екі жаққа тартысып күш сынасады.
Белгіленген сызықтан асырып сүйреп кеткені жеңімпаз болып табылады.
Кейбір өңірлерде қазақтар арасында бұл ойын желке тартыс, серке
тартыс, бәйге тартыс деп те
аталады.
5.
Ақшамшықойыны-студент
Ойын туралы мағлұмат
беру.Алдыңғы қатардағы
көрермендерді ойнату
Ақшамшық- қазақ халқының ерте заманнан
келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те
айтады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене отырып,
екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің
алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың
алақанына сақина салған болып шығысымен, «Ақшамшығымды бер!» деп
дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға
тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт
алдында өз өнерін көрсетеді.
6.Қазақ
күресі–студент
Қазақ күресі нағыз текті күрес түрі. Қазақ күресі
ғұмыры Қажымұқан, Балуан Шолақ аталарымыздың есімдерімен тығыз
байланысты.
Күрестің ережесін
түсіндіре отырып әдістерді
көрсету.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
БӨЛІМ.
1 - жүргізуші:(Назерке)
Бүгінгі тәрбие сағатымызда өткен ұлттық
ойындарды, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды әр кез насихаттап
жүрейік.Ұлтымыздың тұғыры мықты
болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін
қоспақ.
2 -
жүргізуші:(Мейіржан)
Ұлтымыздың асыл қазынасы
болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай
ұрпақтан– ұрпаққа жетуін насихаттау,
халқымыздың, баршамыздың міндетіміз екенін
ұмытпайық.
1 - жүргізуші:(Назерке)
Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Әсем әнді қабыл алыңыздар
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз