Материалдар / Ашық тәрбие сағаты 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2018
557
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 Күні: 10 желтоқсан 2016 жыл

Өткізген: 4 «а» сыныбы

Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!

              Егеменді еліміздің  Тәуелсіздігін алғанына  25 жыл толғалы отырған мерейлі тойына арналған «МЕН – ҚАЗАҚПЫН, МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН…»  атты әдеби кешімізді бастаймыз.

 1-оқушы: Аина

  Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым,  Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.



Хор «Әнұран» Видео көрсетіледі

2-оқушы: АсылзадаБостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында  қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл,  бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.

3-оқушы: АнельОсы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық.

Слайдтар жүріп жатады:

4-оқушы: Мансур

Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Қазақ халқы осы тәуелсіздік жолында небір қиын –қыстау кезеңді бастан кешірді.

5- оқушы : Е. Аян1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыда» 1 миллион адамнан айырылды. Бұл сол кездегі халықтың 40 пайызы болатын.

6-оқушы: Азиза 1836-37 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс

7- оқушы : ЕрнарСонымен қатар 1836-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі

8-оқушы: Нұрхат1916 жылғы патша үкіметі қазақтарды тыл жұмыстарына мобилизациялаудың тәртібін жариялады. Аманкелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі отаршылдыққа қарсы көтеріліс болды.

9-оқушы: Динара

1932-33 жылдары ел ашаршылық кезеңін бастан өткерді. 950 мың қазақ опат болды, 400 мың отбасы елден кетуге мәжбүр болды.

10- оқушы: Көркем

Ал 1937 жыл репрессия кезеңі.Қазақ халқының бетке ұстар шамшырақтары «халық жауы» атанды. 105мыңы абақтыға жабылды. 27 мыңнан астамы ату жазасына кесілді.

11-оқушы Рамазан1941-45 жылдар Ұлы отан соғысы жылдары. Елін қорғаған батырлардың ішінде қазақтардың жеңіске қосқан үлесін ауыз толтырып айтуға болады.

«Менің елім –Қазақстан» видеосы көрсетіледі

Видео бойынша сөйлейді.Өз ойларын ортаға а салады.

12-оқушы: Тұрар

1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.Осы оқиғаға қатысты жалған жаламен 99 адам сотталып,264 адам жоғары оқу орындарынан қуылып,әртүрлі жазаға ұшырады.

13- оқушыКерейхан



Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады,күресе білді.Азаттық таңы ататынына кәміл сенді.

14-оқушы: ДимашҰлан-байтақ жерін көздің қарашығындай қорғап қалған ата-бабаларымыздың ақ арманы-тәуелсіздік таңы атты.

15- оқушы: Н. Аян

1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті. Бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды.

16-оқушы Нұрасыл

Олар: Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаев

Бәрі:Біз оларға бас иеміз!

17-оқушыАсыланбекТәуелсіз елдің ұлы өжет,
Қызы – қайратты,
Халқы – қаһарман.

18-оқушыАлия

Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,
Баландай мәпеле,
Құдайдай құрметте!

20-оқушыНұрасыл

Қазақ ешқашан басқаның жеріне сұқтанбаған, өз жерін жатқа сыйламаған және сатпаған халық.

Ұлан-ғайыр жерінің ұлтарақтай бөлігі үшін жанын жалау еткен бабаларымыз тіркескеннің тізесін бүктіріп, белдескеннің белін үзген.

22-оқушы Назерке

Желтоқсан оқиғасы жиырмасыншы ғасырдың ірі оқиғаларының бірі болды.. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылды.

Зарина «Жаса, Қазақстан» әні

Қазақстанның болашағы қандай? Постер қорғау. Әр топ өз ойларын ортаға салып, қағазға түсіреді,қорғайды





Көркем сөз. Мәнерлеп оқитын-Зарина



Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын»

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен-қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.



 Көркем сөз Мәнерлеп оқитын-Анель

 Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,

Еуропада,  Азияда емеспін мен.

Аралықпын жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тең өстім мен.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

Анель Ән: «Алға ,Қазақстан!»

Дина өлең оқиды

Мұғалім сөзі

 Слайд

Ж:   1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

М:   1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.

Ж: 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

М:    1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

Ж:    1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

М:    1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

Ж:    1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

М:    1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

Мұғалім:

Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін аз уақытта елімізде елеулі оқиғалар болды. Сол жетістіктерімізді атап өтсек...

(Оқушылар кезекпен айтады.
•    1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды;
•    1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты;
•    1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды;
•    1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді;
•    1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады;
•    1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды;
•    1993 жылдың 15 қарашасы ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді.

Балалар стикерге тілектерін жазып, тақтаға іледі.





«Көк тудың желбіренгені» әнімен кешті аяқтау



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!