400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты . "Коронавирус жұқпалы -дерт" 4 "А" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

42 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Сабақтың тақырыбы



Тақырыбы: "Карантиннің адам өміріндегі маңызы-

Коронавирус жұқпалы дерт"





Сынып: 4 "А"

Сынып жетекшісі: Бакенова Г.А.









2020-2021 оқу жылы



Пән

Сынып сағаты


Мұғалімнің аты жөні

Бакенова Г.А.

күні

04 .05.2021жыл

Сынып сағатының тақырыбы

Карантиннің адам өміріндегі маңызы -

Коронавирус жұқпалы дерт.

Мақсаты

1 Коронавирус туралы ақпарат беру.

2 Бұл вирустан қорғану жолдарын түсіндіру

Мазмұны


Оқылым







Тындалым























































































Жазылым

Ресурстар ЖАҢА КОРОНАВИРУС ДЕГЕН НЕ?

Жаңа  коронавирус (КоВ) — адамдарда осы уақытқа дейін анықталмаған коронавирустың жаңа штаммы. COVID-2019 деген атауға ие болған жаңа коронавирус 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында аурудың таралуы барысында анықталды.   

ҚАНШАЛЫҚТЫ ОЛ ҚАУІПТІ?

COVID-2019 жұқпасының белгілері басқа да респираторлық аурулардың белгілеріндей болуы мүмкін. Оның клиникалық белгілеріне мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, жөтел және дене қызуының көтерілуі жатады. Кейбір адамдарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі  мүмкін. Сирек жағдайда ауру өлімге әкеледі. Бұл вирусты аурудың ауыр түрімен егде жастағы, сонымен қатар ағзасында басқа да патологиялары (мысалы, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары) бар адамдар ауыруы ықтимал. 

 ҮЙ ЖАНУАРЫНАН ЖАҢА КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРУ ҚАУПІ БАР МА?  

Жоқ, қазіргі таңда COVID-2019 жұқпасының үй жануарлары (мысық, ит) арасында тарағаны немесе олардың осы вирусты таратуы туралы мәліметтер жоқ.   

ЖАҢА КОРОНАВИРУС АДАМНАН АДАМҒА БЕРІЛУІ МҮМКІН БЕ?     

Иә, COVID-2019 респираторлы аурудың қоздырғышы болып табылады және әдетте вирусты жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болғанда, мысалы  үй жағдайында немесе медициналық мекемеде адамнан адамға таралуы әбден мүмкін.  

МЕН ӨЗІМДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙ АЛАМЫН?

- Аурудың таралуы туралы актуальды ақпаратты бақылаңыз;

- Қолдарыңызды үнемі сабынмен жуыңыз және құрамында спирті бар заттармен өңдеңіз *Не үшін? Егер қолдарыңызда вирус болса, бұл оны өлтіреді;

- Қоғамдық орындарда түшкіріп немесе жөтеліп жүрген адамдардан минимум 1 метр ара-қашықтықты сақтаңыз *Не үшін? COVID-2019   респираторлы жұқпамен ауыратын адам жөтелгенде немесе түшкіргенде вирус бар майда тамшыларды айналасына таратады. Егер Сіз науқас адамның жанында болсаңыз, онда вирусты сол ауаны жұту арқылы жұқтыруыңыз мүмкін;

- Қолдарыңызбен көздеріңізді, мұрныңызды және аузыңызды ұстамаңыз *Не үшін? Біз көптеген заттардың бетін қолдарымызбен ұстаймыз, онда вирус болуы әбден мүмкін. Содан кейін көзімізді, мұрнымызды және аузымызды ұстағанда қолымыздағы вирусты ағзамызға таратуымыз ықтимал;

- Дене қызуыңыз жоғары, жөтел және тыныс алудың нашарлауы  болса, бірден медициналық көмек сұрап дәрігерге қаралыңыз *Не үшін? Аталған белгілер респираторлы жұқпаның, соның ішінде COVID-2019 вирусының әсерінен туындауы мүмкін.     

ӨЗІМДІ ҚОРҒАУ ҮШІН МАСКА ТАҒУЫМ КЕРЕК ПЕ?

Медициналық масканы кию кейбір респираторлық аурулардың таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Бірақ оның өзі жұқпаға кепілді бөгет бола алмайды. Масканы киюді басқа да алдын алу шараларымен  үйлестіру қажет. Яғни  қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасы, өзара және басқа да адамдармен 1 метрден кем емес ара-қашықтықты сақтай отырып, тығыз қарым-қатынастан алшақ болу  керек.    

БҰЛ ВИРУСТЫ КІМ ЖҰҚТЫРУЫ МҮМКІН?

COVID-2019 коронавирусы тараған аймақтардың тұрғындары мен қонақтары бұл вирусты жұқтыруы мүмкін. Қазіргі уақытта бұл вирус жұқпаны жұқтырған адамдардың басым көпгшілігі тіркелген  Қытай территориясында тараған. Басқа мемлекеттерде ауруды жұқтырғандар  жақын арада Қытайға барып келген адамдар, сонымен қатар олармен бірге тұратындар немесе жұмыс бабымен тығыз қарым-қатынаста болған адамдар, атап айтсақ,  туысқандар мен қызметкерлер, сонымен бірге COVID-2019 жұқпасы анықталғанға дейін науқасқа көмек көрсеткен медициналық қызметкерлер арасында  анықталып отыр.        

АУРУДЫҢ АУЫР АҒЫМЫ КІМДЕ БОЛУЫ МҮМКІН?    

COVID-2019 адам ағзасына қалай әсер ететіні туралы толық ақпарат әзірге болмағандықтан, аурудың ауыр ағымы жоғары қауіп-қатері қарттарда және басқа да патологиялары ( қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары) бар адамдарда анықталуы мүмкін.  

ВИРУС ҚАЛАЙ ТАРАЙДЫ?   

Жаңа коронавирус респираторлы вирус болып табылады. Ол инфицирленген адаммен қарым-қатынаста болғанда, оның тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылары, мысалы жөтелгенде, түшкіргенде, сілекей тамшылары немесе мұрын бөлінділері  арқылы тарайды. Респираторлы гигиена ережелерін сақтау барлығына маңызды  болып табылады. Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын мен ауызды шынтақтың бүгілген жерімен немесе майлықпен жабу қажет. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастау керек. Сонымен қатар қолды үнемі сабынмен жуу немесе спирті бар заттармен өңдеу де өте маңызды.     

ЗАТТАРДЫҢ БЕТІНДЕ ВИРУС ҚАНШАЛЫҚТЫ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРЕ АЛАДЫ?  

COVID-2019 вирусының заттардың бетінде  өмір сүру ұзақтығы әлі анықталмаған, бірақ алдын ала мәліметтер бойынша олардың тіршілік ету ұзақтығы бірнеше сағат болуы мүмкін. Вирусты өлтіру және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдануға болады. 

ҚЫТАЙДАН НЕМЕСЕ ВИРУС АНЫҚТАЛҒАН БАСҚА ДА МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН ПОШТАЛЫҚ СӘЛЕМДЕМЕ АЛУ ҚАУІПСІЗ БЕ?  ?????????     

АНТИБИОТИКТЕР COVID-2019 ЖҰҚПАСЫНЫҢ ЕМІ МЕН АЛДЫН АЛУЫНДА ТИІМДІ ДӘРІЛІК ЗАТ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ МА?

Жоқ, антибиотиктер вирусқа қарсы әсер көрсетпейді, олармен тек бактериалды жұқпаларды емдеуге болады. Жаңа коронавирус  вирустар тобына жатады, демек, оның емі мен алдын алуына антибиотиктерді қолданудың қажеті жоқ. 

COVID-2019 ЖҰҚПАСЫНЫҢ ЕМІ МЕН АЛДЫН АЛУЫНА АРНАЛҒАН ДӘРІЛІК ЗАТТАР БАР МА? 

Қазіргі уақытта жаңа коронавируспен шақырылған жұқпаны емдеу мен алдын алу үшін ұсынылған дәрілік заттар жасалып қала тұрғындарына екпе салына бастады .Соның әсерінен ауру қарқыны бәсеңдеді деп толықтай айтуға болады.  

Орындалуы








1-слайд











2-слайд










3-слайд





















4-слайд








5-слайд
















6-слайд














7-слайд

Сұрақтар

1 Короновирус дерті туралы толық ақпарат алдыңыз ба?

2 Короновирустан өзіңіз қорғана аласыз ба?

3 Бүл вирустан жақындарыңызды қорғауға әзірсіз бе?

8-слайд

Орында

Міндетті

деңгей

Мүмкін

деңгей



9-слайд

1 Иә мен маска киемін.

2 Мен басқалармен (соның ішінде үй іші мүшелерімен) ара қашықтықты сақтаймын

1 Мен үйдемін

2 Мен гигиенаны сақтаймын

Рефлекция

Мен білемін...

10-слайд

Мен жасай аламын....

Мен өзім және туыстарымның үйден себепсіз шықпауын қадағалай аламын. Үйден бір ғана адам шығады.

Мен ұйымдастыра аламын..

Мен гигиеналық талаптардың сақталуын ұйымдастыра аламын.

Үй тапсырмасы

Міндетті

деңгей

Мүмкін

деңгей


Короновирус жайлы білемін...

Короновирус жайлы естідім..

Оқушылармен кері байланыс





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.05.2021
770
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі