Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Даланың дара ұстазы" Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты "Даланың дара ұстазы" Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы, Алтынсариннің туғанына 180 жылдығына орай өткізілген тәрбиелік шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2023
127
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Даланың дара ұстазы» атты Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш

Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, өнегелі сөздері,бейнебаяндар

Қатысушылар:1 «А», «Ә», «Б» сынып оқушылары

Тәрбие шарасының нәтижесі: Қазақ халқының өткенін танымай, , ХХІ ғасырға көз тігу мүмкін емес екендігін, Ы.Алтынсариннің өмірімен, қызметімен танысу арқылы, оның ұлтын, елінің тарихын, салт - санасын сүйген азамат екендігін танып біледі.

І бөлім: Ы. Алтынсарин өміріне, шығармашылығы

ІІ бөлім: Әңгімелерінен көрініс.

Жүргізуші:

Алтынсарин- қазақтың жарық шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы.

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,

Алтынсарин- елімнің алтын бағы.

Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,

Үлгі болып, алдыңнан жолығады.

Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды,

Алтынсарин- даланың қоңырауы.

Жүргізуші:Ы. Алтысарин- алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы. Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин этнография саласындағы еңбектері халқымыздың салт- дәстүр, әдет- ғұрыптарын қарастырады. Және ол қазақ ауыз әдебиетін зерттеп, қазақтың жұмбақтары, дастандары, мақал- мәтелдері жөнінде ғылыми мақалалар жазды. Лингвистика, тілтану саласында қазақ тілінің тазалығына зор мән берді. Ең бастысы, қазақтың әдеби тілі, оның қалыптасуы мен дамуы, ана тілінің тазалығы Ы. Алтынсариннің негізгі бағыты мен қызметі болып табылды.

Слайд «»

Жүргізуші:

Қазақ халқының сауатсыздығы, қазақ тілінде басылған бір де кітаптың жоқтығы, оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда, амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүруі Ыбырай атамыздың жанын ауыртты. Сондықтан, қазақ балаларына тұңғыш қазақ хрестоматиясын құрастырды. Мұндағы мақсаты қазақ балаларына қазақ тілінде білім беру, яғни, ана тілінде еркін оқып, сөйлей білуге үйрету еді.Міне, сан ғасыр бұрын аталарымыз армандаған күнге қол жеткіздік. Қазақ тілі- мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді.

Жүргізуші:

Ы. Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған ақын. Өз шығармаларында отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды, оқу- білімнің, қараңғылықтың мән- жайын ашып берді. Сондай өлеңдерінің бірі- «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі. Қабыл алыңыздар

Үнтаспадан Ыбырай Алиынсаринның «Кел, балалар, оқылық» өлеңі оқылады.

Ән: «Кел, балалар, оқылық» әні, Ортада 1 «Ә» сынып оқушысы Нұр Сая.

ІІ бөлім: Әңгімелерінен көрініс.

Жүргізуші:

Ы. Алтынсарин жазба әдебиетке тән проза жанрының негізін қалады. Ол- тұңғыш рет балаларға әңгіме арнап жазған жазушы. Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі- жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу. Еңбекті сүю және қадірлеу- Ыбырай әңгімелернің негізгі тақырыбы.Келесі кезекте, Ы. Алтынсариннің әңгімелерінен көріністерге назар аударыңыздар.

1. «Бақша ағаштары» әңгімесінен көрініс. 1 «А» сынып оқушылары

2. «Өрмекші, қарлығаш, құмырсқа» әңгімесінен көрініс 1 «Ә» сынып оқушылары

3. «Асыл шөп» әңгімесінен көрініс 1 «Б» сынып оқушылары

4. «Әдеп» әңгімесінен көрініс 1 «Б» сынып оқушылары





















1А сынып

Тақырып: Бақша ағаштары (әңгіме)

Кейіпкерлері: төре, бала.

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады, баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты қисық бұтақтары болса, кесіп, бағу-ағумен өсірген. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, - деді, атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, - деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де өзіңе өсиет алсаң болады. Сен, жас ағашсың, сағано да күтое керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іск үйретсет, сен менің айтқанымды ұғып, орныңа келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің, бағусызли, бетіңмны кетсең, сны де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - деді.



************************





Тақырып: Түлкі мен ешкі (ертегі)

Кейіпкерлері: түлкі, ешкі.



Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? - депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, - депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», - деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.













1Ә сынып



Тақырып: Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш (әңгіме)

Кейіпкерлері: ата, бала

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін, өрмек тоқып жүр.
- Анау құмысрсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның талшығы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара, аспанда не көрінеді?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
—Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет 
[1]Өрмекші маса, шыбынға тұза құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан со өзі жемей, аузына тістеп, уанғаннан үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдай тағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек, - деді.

Әбірет - өнеге, үлгі.



*******************************



Тақырып: Жаман жолдас (ертегі)

Кейіпкерлері: екі дос, аю



Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тапаст, өзі бір үлң басы кетіна дейашты. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді, - дейді.





1Б сынып

Тақырып: Әдеп (әңгіме)

Кейіпкерлер: әкім, бай, кедей

Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, басұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек басұрып сәлем алды. Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша басұрасыз? - деп айтты дейді.
Сонда әкім:
- Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? - деді дейді.



***************************************



Тақырып: Асыл шөп (әңгіме)

Кейіпкерлер: екі қыз

Злиха мен Батима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты. Злиха аһлап-уһлеп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтады:
- Сен неге мәз болып, қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің.
- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - дейді Бәтима.
- Ай, ондай болса, сол шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, - деді Злиха.
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын. Оның аты - «сабыр», - деп, айтқан екен.



*********************************



















Тақырып: Байұлы (ертегі)

Кейіпкерлері: байдың ұлы, кедейдің ұлы, 3-4 бала

Байұлы жеті жасар күнінде ел көшіп, көп балалар: біреу тайына, біреу атына мінгенде. бір бала жыламсырап қарап тұрып қалды. Мұны көріп, Байұлы қасына барып:
- Сен неге атыңа мінбейсің? - деді.
Бала қамығып:
- Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, - деді.
Сонда Байұлы аттан түсіп жаяу әкесіне барып:
- Мен атқа мінгенде, ер-тоқымымен маған бір жорға тай атап едіңіз, сол тайымды біреуге берсем сіз ұрыспайсыз ба? - деді.
Әкесі:
- Кімге бересің? - деді.
Бала қысылыңқырап тұрып, жаяу жылап тұрған жарлының баласын көрсетті. Бұған әкесі де түсініп, бетінен сүйіп:
- Тайыңды кімге берсең де ерік өзіңде, - деді.
Сонан соң Байұлы қуанып, тайды ерттетіп, манағы балаға әкеп беріп, қасына ертіп алды да, шауып кеп, көп балаға қосылды. Сол уакытта бір аксақал жақсы кісі қонақ болып жатыр екен, Байұлынын әлгі мырзалығын көріп, разы болып, сыртынан бата берді:
- Ей, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер жаспен бірге бас бер, оған қоса мал бер, деп.
Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Байұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай, руға бас болды. Он екі ата Байұлы деген ру сонан тарады деседі.











































Видеосы бар Тақырып: Әке мен бала (әңгіме)

Кейіпкерлері: әке, бала, ұста, сатушы.



Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: - Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп. Бала әкесіне: - Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем – бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен со, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым – ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден со жне бір шие, онан біраз өткен со және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты: - Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, - деді.





Видеосы бар Бір уыс мақта

Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:


- Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп.

Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:


- Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас, - деп.


Шешесі:


- Балам, сол да жерде қалмайды,- деді.


Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті.

Қыз әжесінен:


- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? - деп сұрады.


Әжесі айтты:


- Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.



















































1 оқушы: Кәусар

Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.


2 оқушы: Ерхан

Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.


3 оқушы: Сезім

Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.


4 оқушы: Мансур С

Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі - дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;


5 оқушы: Ақбаян Ж

Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.


6 оқушы: Мади

Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ сіз барсыз,

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!