Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Ғажайып ертегі әлемі" 2сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Ғажайып ертегі әлемі" 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Үш ертегінің сценарийлері берілген. Орыс тілді мектептеріндегі қазақ тілі пәні бойынша 2-3 сыныптарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2018
1035
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ғажайып ертегі әлемі»

Сабақтың мақсаты: оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілері туралы білімдерін кеңейту; оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін халық мұрасы арқылы дамыту; оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

1-Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін өткелі отырған «Ғажайып ертегі әлемі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
2- Жүргізуші: Қазір 2сынып оқушылары, өздері дайындаған ертегілерін көрсететін болады.

Бірінші ертегі - «Бауырсақ » ертегісі


Автор: Ерте, ерте, ертеде....бір ата мен әже болыпты 

Ата:-Кемпірім, кемпірім, менің қарным аш, бауырсақты пісіріп берші.

Әжесі:- Неден пісіремін, ұн жоқ қой. 
Атасы:- Қаптың түбін қақ, бауырсаққа ұн табылып қалар. 

Кемпір:- Жарайды. Бауырсақ пісіріп берейін
Автор: Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.  Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі.

Бауырсақ:-Мен апамнан да қаштым Мен атамнан да қаштым

Автор: Бауырсақ өлең айтып келе жатқанда алдынан қоян шығады.

Қоян:

Мен ақ қоян, ақ қоян,

Қалқиған ұзын құлағым.

Құлағымды жел үніне,

Тігіп жатар сақ қоян.

Қоян:-Менің қарыным ашып тұр еді, сені жеймін!

Бауырсақ:-Жемеші-жемеші мен саған өлең айтып беремін.

Қоян:-Ал айтшы.

Бауырсақ:— Мен апамнан да қаштым

Мен атамнан да қаштым

Енді сенен де қашып кетемін..

Автор: Осылай Бауырсақ қояннан да қашып кетеді. Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр:

Мен қасқырмын, қасқырмын,

Қозы ұрлайтын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде,

Қозы етін жемесем.

Қасқыр: Бауырсақ, Бауырсақ мен сені жеймін!

Бауырсақ: -Жемеші, жемеші мен саған өлең айтып беремін

Мен апамнан да қаштым

Мен атамнан да қаштым

Мен қояннан да қаштым.

Енді сенен де қашып кетемін

Автор: Осылай Бауырсақ қасқырдан да қашып кетеді. Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан аю шығады.

Аю: Мен аюмын, аюмын,

Мен аюмын қорбаңмын.

Қалың нудан бал таңдап,

Жүремін мен балпаңдап.

Аю: Бауырсақ, Бауырсақ мен сені жеймін!

Бауырсақ: -Жемеші-жемеші мен саған өлең айтып беремін

Мен апамнан қаштым

Мен атамнан да қаштым

Мен қояннан да қаштым.

Мен қасқырдан да қаштым

Енді сенен де қашып кетемін.

Автор: деп аюдан да қашып кетеді. Осылай Бауырсақ аюдан да қашып кетеді. Бауырсақ қашып келе жатқанда алдынан қу түлкі шығады.

Түлкі: Ананы да алдаған,

Мынаны да алдаған.

Жүрген жері шу,

Мен түлкімін қу.

Түлкі : Бауырсақ, Бауырсақ мен сені жеймін!

Бауырсақ: Жемеші, жемеші мен саған өлең айтып беремін

Бауырсақ:

Мен апамнан да қаштым

Мен атамнан да қаштым

Мен қояннан да қаштым.

Мен қасқырдан да қаштым

Мен аюдан да қаштым

Енді сенен де қашып кетемін

Түлкі:-Тұра тұршы, менің құлағым естімейді, өлеңінді менің мұрынымның үстіне шығып айтшы.

Бауырсақ: - Жарайды.

Мен апамнан да қаштым.

Мен атамнан да қаштым

Мен қояннан да қаштым.

Мен қасқырдан да қаштым

Мен аюдан да қаштым.

Енді сенен де қашып кетемін -деп қаша берейін дегенде, сол кезде Түлкі оны ұстап алады.

Бауырсақ: Түлкі, сен мені жеп қайтесің! Жүр одан да біздікіне. Атам мен әжеме барайық. Олар сені тойғызады.

Түлкі: Келістік. Қанеки жүре ғой.
Автор: Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі тамақ пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ, Қасқыр мен Түлкіге ет, аюға таңқурай береді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады

1-Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.
2- Жүргізуші: Келесі көретіндеріңіз «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісіне сахналық қойылым


Автор: Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен.

Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатты. Мұны көрген Қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздеді. Ұшып Көкекке барды.

Қарлығаш: Көкек! Көкек! Қайырымды Көкек! Балапандарымды жылан жейін деп жатыр, маған көмек бере гөр!

Көкек: Жоқ, мен бара алмаймын. Мені Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ.

Автор: Қарлығаш шыр-шыр етіп, Қарғаға ұшып барады.

Қарлығаш: Қарға-қарға! Досым Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр.

Қарға: Уақытым жоқ. Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма!

Автор: Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатқанда Дәуітті кездестіреді.

Дәуіт: Сүйкімді достым, неге зарлана жылайсың?

Қарлығаш: Мен қалай жыламайын! Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып ұяма өрмелеп барады. Қайда барамын?! Не істеймін?! Не Көкек, не Қарға қанша жалынсам да көмекке жарамады.

Дәуіт: Олай болса, мен саған көмектесейін! Мені тезірек ұяңа жеткіз! Автор: Қарлығаш қанатына Дәуітті отырғызып, екеуі көзді ашып жұмғанша ұяға жетті. Қайсар Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланды жардан құлатып жіберді. Сөйтіп, балапандарды аман алып қалды. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген Қарлығаш онымен айнымас дос болды.


1-Жүргізуші: Көп рақмет, балалар.
2- Жүргізуші: Келесі көретіндеріңіз «Жыл басы кім болады? » ертегісіне сахналық қойылым


1-Жүргізуші: 
Бұрынғы ерте заманда хайуандар жыл басына таласыпты. Бұл оқиға былай болған екен... 

2- Жүргізуші: Орман ортасында ұйықтап жатқан қоян есінеп, ұйқыдан жаңа оянғандай, жан- жағына қарап, біреулерді іздейді. Сол сәттен бастап ешкімді көрместен өзімен -өзі билей жөнеледі. Қоян билеп жүріп, сағаттың соққан дыбысын тыңдап тұрып қалады. «Бұл не ? Иә, бұл – келе жатқан жаңа жыл ғой. Ал, жыл басы кім болады? » 
Қоян: 
Қардай аппақ қоянмын, 
Жазда сұрға бояндым, 
Жылды өзім бастайтын боп, 
Тәтті ұйқыдан ояндым.  

1- Жүргізуші:  Ормандағы ашық алаңға жайланып жайғасқан хайуанаттардың әр қайсысы жыл басы болуды қалап: «Неге мен емес? Мен кімнен кеммін?» деген өзара талас басталады. Маңғаздана асықпай басып, ортаға алдымен Сиыр шығады. 
Сиыр: 
«Мө» деп мөңіредім 
Молшылық төңірегім 
Жыл басы боламын деп 
Ертерек келіп едім 
Көгалда тұрағым 
Дайын тұр құрағым 
Етіммен, сүтіммен 
Адамға ұнадым. 
2-Жүргізуші: Бір кезде ортаға жылқы шауып келіп, өзін мақтай бастайды 
Жылқы: 
Алысқа шауып барамын. 
Адамның бабын табамын, 
Пайдасы мол жылқының. 
Жыл басы мен боламын, 
Әсем десең әсеммін, 
Кең далада көсіліп, 
Самал желдей есемін. 

1-Жүргізуші: 
Түйе ішінен «Мен бәрінен ақылды да сұлумын, бойым да биік, жыл басын тек мен бастауым керек» деп жан жағына менсінбей, кербездене қарайды. 
Түйе: 
Түйе, түйе түйемін, 
Жануармын киелі 
Кім таласар бойыма 
Жыл басына иемін. 
Жан – жағыма қараймын 
Күн мен түнді санаймын. 
Мен өзімді даланың 
Кербезіне балаймын. 

2-Жүргізуші: Түйенің сөзі аяқталысымен қаһарлана ырылдап, ортаға Барыс шығады. 
Барыс : 
«Ырр, ырр» барыспын, барыспын, 
Бәріңе де таныспын. 
Айналама сыйлымын,сыйлымын, 
Сезімсізбен алыстым, алыстым. 
Күшіме сенемін, бәріңді де жеңемін. 
Жыл басы болуға шіреніп келемін. 
Ұлу: 
Ұлу деген мықтымын, 
Жарқын – жарқын шықты үнім. 
Ойым озар өзімнен, ақыл, ой бар сөзімде. 
Үйім бірге өзіммен, сабыр етем төзіммен 
Күш пен көріп құлпырар салиқалы сөзімде. 
2-Жүргізуші: 
Мір мезетте ортаға маймыл секіріп шығып, бәрін мазақтай бастайды.Маймыл сәл кідіріп, қайтадан мазақтауға көшеді.

Жылан: 
Жыл басына лайық сұлу жыланмын, 
Күштімін де, жылдам десе жылдаммын. 
Шағады деп бекер жала жабады, 
Адамды мен умен емдей аламын. 
Маймыл: 
Эй, достарым, бекер дауды қойыңдар, 
Бір шындықты қайсың болсаң мойында, 
Бәріміздің ішімізден - мен ғана 
Ұқсаймын ғой, ұқсаймын ғой адамға. 
Қой: 
«Бә,бә,бә» мен қоймын, көк шөпке тойдым. 
Жыл басы болуға кетіп тұр ойым. 
Қараңдаршы қандаймын, аппақ болған таңдаймын. 
Жыл басына ылайық, жарқырап тұр маңдайым. 

Тауық: 
«Қо,қо, қо, қоқ» жыл әлі неге жоқ. 
Жұмыртқамды жеген соң, барлық бала тоқ. 
Құрт – құмырсқа жемтігім, жоқ ешбір кемтігім. 
Бәрінде бос мақтанып, шаршамаңдар ентігіп. 
Ит: 
Абалап үремін , үйді қарап жүремін , 
Адамның көмекші , досының бірімін. 
Ит болған соң үремін, сергек өмір сүремін. 
Жеті қазынаның бірімін, Адамды қорғап жүремін 
2-Жүргізуші: Тышқан қулық ойлайды, шиқ-шиқ етіп қоймайды, Шығып алып түйенің өркешімен ойнайды. 
Доңыз: 
Қорс, қорс етемін, 
Қорсылдақпын онсы рас, 
Жылдың басы мен болмасам, 
Сонда өзі кім болмақ? 
Мен адамды мазалап, сұрамаймын тұнық су, 
Тамақты да талғамай жей беремін хрю-хрю. 
1-Жүргізуші: 
Түйе мойнын созады, мен болам деп жар салып. 
Тышқан одан озады, жылды алғаш қарсы алып. 
Тышқан деген батырың, таңды көзбен атырды. 
Төбесінен түйенің жылды көріп қатырды. 

Тышқан:
 
Алақай, алақай, күнді көрдім алақай. 
Қулығыммен, ақылыммен бәрін жеңдім алақай.(2 рет) 
2-Жүргізуші: 
Барлығың да қараңдар, енді үйге тараңдар, 
Жылды көрген тышқанды жыл басы деп санаңдар. 
Ал түйе болса аузы ашылып таңырқап, ештеңені түсінбей қала береді. Сөйтіп жыл атауларынан құр алақан қалыпты.


2-Жүргізуші: 
Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, 
Мешін, тауық, ит, доңызды санап, жаттап біліп қой. 


1-Жүргізуші: Міне, ертегілеріміз де аяқталды. Балалар өте жақсы ойнады, ертегілері сәтті шықты.


2-Жүргізуші: Балалар, көп рақмет! Жарайсыңдар! Осымен біз «Ғажайып ертегі әлемі» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі көріскенше, қош сау болыңыздар!








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!