Тақырыбы: «Мәңгі өлмес жырыменен із
қалдырған»
Мақсаты:
1) Мұқағали Мақатаев
өмірбаянымен таныстыраа отырып, ақын өлеңдерін оқушылар арасында
кеңінен насихаттау.
2) Ақын поэзиясын терең
ұғынуға, мәнерлеп оқу, әндерін нақышына келтіріп орындау дағдыларын
жетілдіру, поэзияға қызығушылығын
арттыру
3) Ақынның поэзия өнеріндегі
биіктігін, асқақтығын оқушы көңіліне сіңіре отырып, адалдыққа,
пәктікке, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
шарлар, қанатты сөздер,
слайдтар,
Барысы:
1.
«Жырлайды жүрек» (ақын
өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу)
2. «Мұқағали әлемі»
(өмірінен естеліктер оқу)
3. Ақынға арнау (ақынға арнап өлең шығару )
4. Құлақтан кіріп бойды алар (әндерін
орындау)
Кіріспе:
-Жыл керуені алға жылжыған
сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық
жұлдыздай жарқ етіп, күн сәулесін шашып тұрғандай сезіледі. Абаймен
үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.
Мұқағали- ақиық ақын. Әр жас талантты ұрпақ осы Мұқағали ақынның
өлеңдерінен сусындайтыны анық.
Оның поэзиясы – халқымыздың байлығы. Ол халқымен
бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын.
Бүгін біз ақиық
ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың
«Мәңгі өлмес жырыменен із
қалдырған» атты поэзия
кешіне жиналып отырмыз.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде
өстім,
Жыр жазсам,соған жұртым,
елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали
Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп
ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей
ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып
келеді.
1-жүргізуші:
Жалғасы бар жырымның, жалғасы
бар,
Жырларым жылдарыммен
жалғасыңдар.
Сел-жырым ақтарылса
арнасынан,
Селкілдеп тау мен тасың
зорға шыдар, - дей отырып,
«Жырлайды жүрек» бөлімі
бойынша ақын өлеңдерін мәнерлеп
оқуға кезек
берейік.
2-жүргізуші:
Қазаққа
тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, - деп ақынның поэзиямен қалай сырласқанын
тыңдап көрейік.
«Поэзия, менімен егіз бе едің?өлеңі (Аружан
И.Рамазан )
1-жүргізуші: Шынайы поэзия өкілі, ғажайып
ақын -Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданындағы
Қарасаз ауылында 1931 жылы 9-ақпанда дүниеге келді. Ақынның азан
шақырып қойылған аты – Мұқаметқали. «Пайғамбардың атын алып жүру
жас балаға ауырлық етеді» деп ата-анасы оны кішкентай күнінен
«Мұқағали» деп еркелетіп атапты.
Ендеше поэзия
кешін ақынның «Сәби болғым келеді» әнімен
ашсақ
2-жүргізуші:.Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс
келген. Әкесі Сүлеймен 1941 жылы
соғысқа аттанғанда Мұқағали небары 10 жаста еді. Мұқағалидың
алғашқы өлеңі сол соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған
екен.
Олай болса ақынның «Әке»
өлеңін тыңдасақ. (Мағжан,Жолжақсын,
Назерке)
1-жүргізуші:.. Мұқағали шығармалары әр адамның жүрегіне сәуле түсіреді.
Өйткені ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді.
Оның кез-келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы
сезіледі.
2-жүргізуші:. Мұқағали Мақатаев – бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне
бөленген сүйікті ақын. Оның өлеңдерін ықыласпен оқымаған, сөздеріне
жазылған әндерін ынтыға тыңдамаған иісі қазақта ешкім жоқтығы
белгілі. Ол – туған жерін,туған тілін, Отанын сезімталдықпен
жырлаған ақын.
-Ауылым
өлеңі (Айдос,Саламат,Шадияр,Әли,Сүйрік)
-Қазақстан
өлеңі (Нұрхан,Азамат)
-Отан туралы
өлеңі (А.Назым)
1-жүргізуші:
Ақын
мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі,
қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ақындардың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне
берейік.
Жолжақсын,Мағжан өз
өлеңдерін оқиды
2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев кезінде ән жайында: «Бүгінде халық әнді
көп айтады. Шүкір, өлеңді сүйетіндер де аз емес. Бірақ жақсы әнге
жақсы өлең қосылса, бір ғажап қой» деген екен. Сол айтқанындай
Мұқағали сөзіне жазылған көптеген әндер дүниеге келгенді. Олай
болса, Мұқағали сөзіне жазылған әндерді
тыңдайық.
1-жүргізуші:
Не
деген керемет күн, керемет күн,
Жаныңа бәрі дайын не керектің.
Көрінер гүлдердің де бүр
жарғаны,
Естілер ұшқаны да көбелектің, - деп
жырлаған
Мұқағали Мақатаевтың сөзіне
жазылған Нұрғиса Тілендиевтің
«Саржайлау» әнін
тыңдайық.
-Үш
бақытым (Балауса)
1-жүргізуші:
Мұқағали
қанша үлкен ақын болса да, өзін туған жер алдында, халық алдында,
кішірейтеді, халықсыз ақындықты мойындамайды.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын.
Мұқағали поэзиясында тереңдік, сұлулық, қарапайымдылық, асқақтық
бар. Оның көңіл-күй сезімі табиғат мезгілдерімен үндесіп
жатады.
«Қайран Қарасазым-ай»
өлеңі (
Сая,А.Аружан;Ақтоты)
-Бүгін менің уған күнім-ай
өлеңі (
Нұрай,Ерасыл,Данияр)
2-жүргізуші: Мұқағали – бір ғасырда бір келетін талант иесі. Ақынның
әрбір өлеңін қымбат қазынамыздай сақтап оқуымыз керек. Ол - біздің
міндетіміз.
1-жүргізуші:
Жылдар өтер. Туар әлі небір
ақындар. Бірақ, Мұқағали жыры өз биігінде оқылып, әр адамның
жадында жаттала берер. Қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ
көтерген Мұқағали есімі де есте қалатыны –
ақиқат.
-Дос болам десең
өлеңі (Карима)
-Мен-дағы өлең жазбаймын
ермек үшін (Ақназар,
Даниал)
1-жүргізуші:
Ақын түс
көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың
қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім
екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен
бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келді» деген
екен.
«Шеше, сен бақыттысың»
өлеңі (Назым)
2-жүргізуші: Ақын бұл өлеңі арқылы өз ұрпағының сүйікті ақынына деген
сағынышын және өзінің «еске алып тұрса екен» деген тілегін жазып
кеткен сияқты.
Ендеше «Есіңе мені
алғайсың» әнін Назеркенің орындауында қабыл
алыңыздар..
Ақынның «Аманат» жыр жинағы
2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның
13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр.
Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды.
Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде
барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын
бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
Әрқашан ақынды еске алып, жырларын оқи
жүрейік!