Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: "Қарым - қатнас мәдениеті" көпмәдениеттілік негізі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты: "Қарым - қатнас мәдениеті" көпмәдениеттілік негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты сынып жетекшілердің айлық барысында өткізілетін көпмәдениеттілікке негізделген шараларды жоспарлауда көмегін тигізедіп деп ойлаймын. Өзара қарым-қатнаста мәдениеттілікті қалай сақтау керектігін оқушы санасына сіңіруде тәрбие сағатының берері мол.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2018
5893
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қарым-қатнас мәдениеті» көпмәдениеттілік негізі

Мақсаты: : Адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі адами қасиеттер мен адамгершілік нормалардың рөлін түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.  Жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту;  Сүйіспеншілік, мейірім, достыққа тәрбиелеу; 

Міндеті: Оқушыларға жағымды,ізгілікті қарым-қатынас мәнін түсіндіру.

Көрнекілігі: слайд, видио, нақыл сөздер, шарлар мен гүлдер, суреттер.


Ұйымдастыру кезеңі

1. Өтілетін орынды безендіру, әзірлеу.

2. Оқушыларды орналастыру.

3. Тәрбие сағатын бастауға дайындық жасау.


І. Кіріспе бөлім

- Күндей болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Күнделікті қарым-қатынастағы адамгершілік қасиеттерді берік ұстанып отбасында, аулада, мектепте өзара сыйластықты, үйлесімділікті түсініп,сүйіспеншілікпен , ата-баба дәстүрін ұстанып «адам» деген атқа лайық өмір сүруіміз керек. Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды. Сөздің бағасы бес белгімен айқындалады: дұрыстық, айқындық, қысқалық, орындылық, әрлеу. Дұрыстық дегеніміз – айтылған сөздің қатесіздігі, оған тәрбие арқылы жетеді. Айқындық дегеніміз – ойдың мазмұнын дұрыс бере білу. Қысқалық деп мәселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады. Орындылық – сөздің айтылар жері мен мерзімін абайлау. Әрлеу – жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сөйлеу. «Сәлем» сөздің анасы демекші көз-келген қарм-қатнас сәлемдесуден, жылы шырай танытудан, сыйластықтан бастау алады. Олай болса құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар бүгінгі 3-сынып оқушыларының көпмәдениеттілік негізінде өткізілгелі отырған «Қарам-қатнас мәдениеті» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады, соған қарамастан олардың арасында жақсы қарым – қатнас орнаған. Берік сыйластыққа негізделген достық бар. Осының айғағы ретінде ұлттарымыздың сәлемдесуіне кезек берейік.

Қырғыз халқы – Қайнар мен Мақпал

Өзбек халқы – Элмира мен Али

Түрік халқы – Дидар мен Ертай

Орыс халқы – Санат пен Аружан

Қазақ халқы –Алпамыс

(амандасқан ұлт өкілдері қолдарындағы гүлдерін ұстаздарға ұсынады)

ІІ. Негізгі бөлім

  • Мен білемін халықтардың достығын,

Қазақ деген ұлы елді сыйладың

Бір шаңырақ, бір отаудың астында

Бақ береке бірлігіңмен жасадың

Табынамын тарихамдай ардақтап,

Сыр ашпайды сенің құла түздерің

Сыр ашпайды тау тасыған іздерің

Сенің бүкіл болмысыңды ұлттарым

Мың бұралған әсем биден таныдым – дей отырып әсем биге кезек берейік.


«Ұлттар биі» 3- сынып оқушылары флешмоб билейді.


  • «Білер қазақ баласы

Сәлем – сөздің анасы»

Алдымыздан кездескен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз – демекші көптеген елдерде алғаш көрген адаммен амандасады. Барлық елдердің өздеріне тән амандасу салттары бар. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әр түрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Назарларыңызға әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдерін ұсынамыз.

Тибет

Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында, бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.

Тувалу

Тувалу еліндегі дәстүрлі сәлемдесу дәстүрі өте қызық. Полинезияда орналасқан арал мемлекетіне саяхат жасаған жандар жергілікті халықпен жақындасу әрекетіне дайын болуы керек. Бір-бірін көрген бойда екі жан бір-бірінің беттеріне жақындап, терең дем алады.

Монғолия 

Бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде монғолдар оған «хада» деп аталатын жібек не мақта-маталы жолақ береді. Әдетте, оның түсі ақ. Кейдесе көк я жасыл түсті болады. Хада ұсынылған кезде келген қонақ оны екі қолмен алып, басты изеуі тиіс. Хада ұсыну мен алу рәсімі – үлкен құрметтің белгісі.

Жапония

Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса ән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.

Кения

Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады, яғни «секіру биі». Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.

Гренландия

Гренландия сияқты арктикалық аймақтардағы эскимостар не инуиттердің «куник» деп аталатын сәлемдесу рәсімдері бар. Бұл дәстүр отбасы мүшелері мен ғашық жандар арасында кеңінен таралған. Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады.

Қытай

Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «коутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі «ваньфу» деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады.

«Коутоу» дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған.

Филиппины

Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктерге байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де «мано по» деп айтады. «Мано» - қол, «по» - құрмет деген мағына береді.


-Адам баласы өзгелермен қарым - қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс - жақындығына, үлкен - кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек. Бұл адамгершілік борышы. Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек. Мағжан Жұмабаев баланың отбасындағы қарым- қатынасқа түсетін адамдардан, олардың мінез-құлқынан үлгі алатындығын және бала үшін бұл әсердің өте маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан, баланың айналасындағы адамдардың мінез-құлқының дұрыс, жағымды болуына айрықша мән береді: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ мақалы текке айтылмаған екен.

__________ - Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.

___________ -Құрметтеп ата - анамды,

Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі - ініме,
Сыйлымын үлкен - кішіге.

____________ - Таң сәріден тұрып ап,
Сәлем бердік сіздерге,
Сәлем саған ел,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
____________ - Адамгершілік болмай,

Адамның ұяты бетінде ,
Әділдік болмас.

Адамгершілігі ниетінде.
__________ - Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,
Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,
Бал бұлақтай мөп - мөлдір таза болғым келеді.
____________- Дөрекі сөз айтпаңдар,
Жақсы істі жақтаңдар,
Сыйлап сынып қыздарын,
Әдепті бола бастаңдар,
Бүгіннен бастап бар бала,
Үлгілі мінез көрсетсін,
Сынайын достым досыңды - ай,
Мін түзейік, осылай.

____________ - «Сіз» деген әдеп,

Өзіңді өзің сыйламасаң,
«Біз» деген көмек.

Өзгеден сый күтпе.
____________Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге бөлейтін.
____________ - Үлкендерді сыйлаймыз біз,
Үй тазалап жинаймыз біз,
Біз қолқанат баламыз.

Мақпал - 1. Сөз басында “сәлеметсіз бе!” және сөз соңында “сау болыңыз!”- деу керек. «Сөз басы - амандасу»;


Алпамыс - 2. Барлық бала сыпайы болуы тиіс: сөйлесіп тұрғанда досыңның сөзін аяғына дейін тыңда, сосын өз пікіріңді айт!;


Аружан - 3. Сұрақты алдымен тыңдап алып, “өтінемін”, “рахмет!” деп айт!


Элмира - 4. Ешқашанда ешкімді мазақтама! Тентек болма!


Элена - 5. Үлкеннің сөзін бөлме!


Ертай - 6. Рұхсатсыз өзгенің затына қол сұқпа!


Али - 7. «Болмайды!» деп тыйым салған нәрсеге мүлдем жолама!


Санат - 8. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» көрсет.



_____________- Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпей көлденең.

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп, қол берем.

____________ - Біздің топта ұл – қыздар,

Тату – тәтті ойнаймыз. 

Айналаға,бар адамға, 

Тек мейірім сыйлаймыз.

___________ – Мектебіме барғанда .

Жолыққан бар жандарға, 

Ертемен, ақ пейілмен. 

Қайырлы таң ! деймін мен.

___________ - Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік,
Үлгілі мінез - кісілік.

_____________ - Отты, ойлы жыры бар ақын болғым келеді,
Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді,
Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,
Ең бастысы өмірде – кісі болғым келеді.

-Адам бойында жақсы – жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді. Жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау - жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын. Мені өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген сенің анаң мен әкең. Ең алдымен соларды сыйлау керек.

Ұстаз- ана бізге өнеге салтыңыз

Сақталсыншы осы нұрлы қалпыңыз

Мектебімнің ризығы өздеріңіз

Шуақ шашсын қадір менен нұрыңыз


Асқар тау боп көрінсеңіз біріңіз

Ал біріңіз шуақ төккен күніміз

Қызық көріп ортамызда біздердің

Ұстаз – ана аман-есен жүріңіз


Армысыздар ата-әже қариялар

Елімнің шежіресі қариялар

Кең пейіл өрісі биік дарқан көңіл

Біздерге асыл жандар аяулылар


Асқар тауым ақылгөйім ғұлама

Аспанымдай міңгі жаса құлама

Ержетсемде еркелегім келеді

Көз алдымда сен тұрғанда ата-әже


Жанды ғой бағы даланың

Сіздерге қуат дем берсін

Даланың иісі бұрқырап

Қарттарым аман-сау жүрсын


Теңіздей болып тасиды көңіл бүгін

Шаттық барда өмірді сүймейді кім
Біз тілейміз сіздерге болашақта

Бақыт толы өмірдің небір күнін


-Адами қарым - қатынастағы игі әрекетердің бірі - тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты кілті – кешірім болып табылады. Өмірде адамдардың ашулану, ызалану сезімін тудыратын жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара қарым - қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен абзал!

Қазақстан – тәуелсіз егеменді көп ұлтты мемлекет. Онда өзбектар, ұйғырлар, орыстар, түріктер мен қырғыздар және тағы да басқа ұлттардың өкілдері тұрады. олар тату-тәтті бірлікте өмір сүріп жатыр. Қазақстан болашағы зор мемлекет. Біз болашаққа сенеміз!

БОЛАШАҒЫМ ҚАЗАҚСТАН сөзі бойынша оқушылар тақпағы


-Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз

Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Тәтті күй асқақ ән мен әсем биді

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз – дей отырып оқушыларымыздың «Сен үшін Қазақсатан» әніне кезек берейік.


Алпамыс - Аспанымыз ашық болсын!
Іңкәр - Өміріміз күлкіге толсын!
Али - Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!
Ертай - Әр күніміз жарық болсын!
Элмира - Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Аружан - Еліміз тыныш болсын!
Дидар - Жанұяларыңыз берекеге толсын!
Қайнар - Көк туымыз биікте желбіресін!
Санат - Бір - бірімізге мейірімді болайық!
Элена - Көңіліміз мөлдір бұлақтай таза болсын!

ІІІ. Қорытынды: Мына жағдайларды есіңізге ұстаңыз: Кез- келген адам тұрмыс-тіршілікте қарым – қатынаста қателік жіберуі мүмкін. Оны дер кезінде жөндеп отырса, оқасы жоқ. 1.     Қандай да бір шешім қабылдайтын болсаң, өз шешіміңе байыппен қарап, талқылауға тырыс. 2.     адамның жанды жеріне тимеуге тырыс. 3.     Өзгенің айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма. Оны тыңдамау оның ренішін өршіте түседі. 4.     Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыңдап тұрған адамның ашуын қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан кешірім сұраған кезде екінші адамның жанына жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен дұрыс. 5.     Сен кешірім сұрап тұрғанда ол саған қарсылық реакциясын білдіріп, өзінің сен туралы жаман ойлайтындығын айтып салуы мүмкін. Сондықтан қарсы шабуылға шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.

Олай болса біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға РАХМЕТ!





































«Қайрат орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





















Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:

Қарым- қатнас мәдениеті

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!