Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Салт- дәстүрлер- ұлт қазынасы" 9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Салт- дәстүрлер- ұлт қазынасы" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру аясында салт-дәстүрді дәріптеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1949
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Салт- дәстүрлер – ұлт қазынасы

Мақсаты: Сынып оқушыларына жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып, материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, ұлттық құндылықтарымыз халқымыздың мәдениетінің өшпес қазынасы екеніне көздерін жеткізу; Қазақстан тарихы пәнімен байланыстыру барысында болашақ жастардың халқымыздың өткенін білуге деген құштарлықтарын дамыту; өздігінен білім алуға, ізденуге, ойларын ашық жеткізуге, тұжырымдама жасауға жетелеу.

Күтілетін нәтиже: материалдық мәдениет жайлы түсінік қалыптасады, халқымыздың өткенін, тарихын білуге, ұлттық құндылықтырымызды өз беттерінше зерттеп, танысуға ізденеді, еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктері артады.

Қолданылған әдіс-тәсілдер:

Көрнекілігі: проектор, компьютер, слайд шоу,стикер, түрлі-түсті қағаздар, ұлттық әшекей бұйымдары көрмесі, ұлттық жәдігерлерден (әшекей бұйымдар, пышақ, қылыш, қамшы, сандық, қоржын, текемет, ...) көрме

Тәрбие сағатының жоспары:

1. Материалдық мәдениетке жалпы сипаттама.

2. Материалдық мәдениет қазыналары:

А)Қазақ баспанасы. Ә) Қазақтың ұлттық тағамдары. Б)Ұлттық қолөнер бұйымдары.

В) Ұлттық әшекей бұйымдары


Тәрбие сағатының барысы

Кезеңдері мен әдіс –тәсілдері

«Шаттық шеңбері»




Мұғалімнің іс-әрекеті

Жағымды психологиялық ахуал орнатады.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Көңілдеріңіздің көтеріңкі болғанына қуаныштымын, сіздерге табыс тілеймін! Ендеше шаттық шеңберінде сүйікті ұранымызды айтып өтейік.


Оқушының іс- әрекеті

Шаттық шеңберінде тұрып,

«Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Тату – тәтті жүреміз» хормен орындайды.

Шағын топтарға бірігу

І топ «Баспана», ІІ топ – «Дастархан»,

ІІІ – топ «Әшекей», ІҮ топ – «Қолөнер»

Карточкалар арқылы өз топтарын табады

Қызығушылықты ояту

Мақсат қою кезең

Видеоролик тамашалау.

«Қазағымның дәстүрлері». Неліктен

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің өткені материалдық мәдениетіміз жайында болмақ.


Сұрақ - жауап

Әр топтан 3 оқушыдан жеке-жеке шығып қоржыннан нөмірленген асықтарды алады. Асықтардағы нөмірге байланысты сұрақтар оқылып, сол сұрақтарға жауап береді.

  1. Жүкаяқ деген не және ол неден жасалған?

  2. Сыбызғы неден жасалған?

  3. Қыздардың ұзатылғанда киетін бас киімі.

  4. Мал терісінен жасалған ыдыс.

  5. Киіз үйдің өте қастерлі саналатын бөлігі.

  6. Шаңырақты жауып тұратын киіздің атауы.

  7. Балалар беліне байлайтын қару.

  8. Кез келген малдың етінен өкпе - бауыр қосып жасалатын тағам.

  9. Ұршық қандай қолөнер бұйымы?

  10. Түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім.

  11. Шұжық ненің етінен жасалады?

  12. Жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім.

Әр топтың көшбасшылары қоржыннан нөмірленген асықтарды алып, сол нөмірдегі ұяшықтың сұрақтарын оқып, сұрайды. Барлығы 12 сұрақ, әр топтың еншісіне 4 сұрақтан қойылады.

Мағынаны тану

«Кластер»


«Баспана», «Әшекей», «Дастархан», «Қолөнер»

Әр топ өз топтарының атына байланысты кластер сызбасын сызады.

Көрініс «Қымызмұрындық»

Жаз-жайлауға енді көшіп келіп, киіз үйлерін тігіп, «Қымызмұрындық» тойын жасап жатқан мерекенің үстінен түскен күйшіге ауыл адамдарының қолқа салуы.

Қатысатындар: Айлин, Меруерт, Индира, Айбын, Алмас,

Рефлексия «Синквейн»

Әр топ өз топтарына байланысты синквейн (бестармақта өлең) жазады.

Көңіл –күй парақшасын толтыру





























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!