Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік туының аясында"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік туының аясында"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік туының аясында"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
428
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аясында тәуелсіздік туының, Қазақстан, биік болсын тұғырың

Ей, тәкәппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені,

Мен – қазақтың баласы.

Қ. Аманжолов.


Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік. Осы бір ауыз сөз елім, жерім деп соққан қаншама жүректерде үміт отын жаққандай. О, туған жер, сені қанша жырласақ та ақындардың сөзі, суретшінің қылқаламы сенің қасиетіңнің алдында дәрменсіз. Сенің қасиетің мен көркіңді сөзбен жеткізу аз. Осындай кең байтақ елдің, қазақ деген ұлттың перзенті болғанымды өзіме өзгелер алдында мәртебе санаймын.

Осынау тәуелсіз Отанымда ну орман да, ақ бас таулар да, шөл де кездеседі. Шығысында Алтай, батысында Каспий теңізі мен Атырау алқабын, оңтүстігінде Тянь-Шань бөктері, солтүстігінде Сібірге дейінгі кең байтақ жерім «Қазақстан» деп аталады. Ал елордам – Астанам Еуразия құрлығының кіндігі. Алпауыт Ресей мемлекетінің астанасы Мәскеумен бірдей ендікте жатыр. Қазақстан алпауыт елдердің ортасында орналасқан.

Еліміз тәуелсіздік алып, географиялық картадан орын алды. Осы ұлан байтақ жерге ата-бабаларымыз қоныстанып, иемденіп, сыртқы жаулардан небір шайқас, қан төгу, жан берумен қорғап, сақтап, кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған. Енді осы асыл қасиетімізді, қасиетті де киелі жерімізді, ата-бабадан қалған мұрамызды көздің қарашығындай сақтап, өзімізден кейінгі ұрпақ-әулетке шашу шығармай, әруақтың антындай қастерлі етіп тапсырып, оларға жер – асылымызды қорғай сақтай білуді өсиет етіп, қолдан-қолға тапсырған мүліктей аманат айту ұрпаққа міндет. Ұлы даламыз үшін ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша жан аямай күресті. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтеріне сүйенсек, қазақ жерінде 300-дей бас көтерулер болған екен.

Табиғаты шұрайлы, қазба байлығы мол туған жерімізге кімдер көз тікпеді десеңізші. Қалмақтар, жоңғарлар, моңғолдар ұлан ғайыр жерімізге көз тікті. Қала берсе орыс елі елімізде отаршылық орнатты.

Ұлы отан соғысы жылдары өзге ұлт өкілдерін, атап айтқанда, қарашай, шешен, грек, неміс, әзірбайжан, армян, поляк, тағы басқа ұлт өкілдерін бауырымызға басып, соңғы нанымызды бөлісіп жедік. Бұл қасиет – қазақ халқының қанына сіңген кеңпейілділік. Дәл қазіргі уақытта елімізде 130-дай ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Оған дәлел Астанадағы Пирамида, бұл ұлттар бір атаның балаларындай тату-тәтті тұратындардың бірден-бір белгісі.

1991 жылы қазақ халқы тәуелсіздік алып, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған арманына қол жеткіздік. Онымен әрбір азамат сүйінсе де, мақтанса да тұрарлық тарихи жетістік. Епіміздің тұңғыш президенті, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында көптеген жетістіктерге қол жетті. Туған жерінен жырақта жүрген қандастарымыз атамекенге оралды. Олардың туған жерге, елге деген сағынышын туған жер топырағын аса керемет сезіммен сүйгенде байқауға болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздік алғанға дейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ( КСРО ) деп аталатын ірі империяның құрамында болған болатын, сонымен 1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңес Социалистік Респуликаның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын қабылданды. 1991 жылы 16 желтоқсанда – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конститутциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Ел тәуелсіздігі үшін жүргізілген осы соғыста қазақтың қанша азаматтары, саяси қайраткерлері, қолбасшылар, ғалымдар барлығы да құрбан болды. Дана халқымыз «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сөзді бекер айтпаған ғой. Президентіміз қандастарымыздың қамын ойластырып, еліміз оларды құшақ жая қарсы алды.

Елбасының тағы бі атқарған үлкен жетістіктерінің бірі – шалғайда жатқан Мақтаарал ауданын облыс орталығымен байланыстыратын Тәуелсіздік көпірін салуға деген ниеті. Бұл көпір Сырдария өзені бойына орналасқан.

Ел аралап, аяқ жіппен матаулы,

Көпір бітіп, көңілдері шат алды.

Тәуелсіздік тарту екен бұл көпір -

Тәуелсіздік көпірі, - деп аталды.

Табылғаны байлаулы зат шешімі,

Түзегені қазақ елі бесігін.

Тәуелсіздік көпірі, - деп Нұраға

Өзі келіп, қойып берген есімін,- деп ақын ағаларымыз жырлағандай, киелі өңіріміздің әлеуметтік жағдайы жақсарып, экономикасы дамуда.

Президентіміз басшылығымен, 1995 жылы 30 тамыз күні Ата Заңымыз, 2007 жылы 27 шілде күні Білім Заңы және 1997 жылы 11 шілдеде Тіл туралы Заңдар өз күшіне енді. Аталған заңдар Қазақстан Республикасының әрбір азаматына білім алуға, қызмет атқаруға, денсаулығын күтуге жағдайлар жасауда.

«Ел елдігі бағаланар тілімен» дегендей тіліміз тәуелсіздік арқасында мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақ тілінің мемлекттік тіл мәртебесіне ие болуы – ұлттық тәуелсіздіктің жемісі, теңдесі жоқ мақтанышы. Жетпіс жыл тоқырау кезінде қазақ болғысы келген орыс болмады, есесіне орыс болғысы келген қаншама қазақ болды десеңші.

Қазақ тілі - бай, терең, нәзік мағыналы тілдердің бірі. Жер бетінде алты мыңнан астам тілде халықтар сөйлейді екен, соның аз ғана бөлігі, яғни екі жүзге жуығы ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Соның бірі - біздің ана тіліміз. Бұл барлық қазақты ойландыратын, мақтанса мақтануға болатын көрініс.

Тәуелсіздігіміздің ең басты белгілері рәміздеріміз қазақ халқының ұлттық қолөнерімен, ғасырлар бойы аңсаған арманымен ұштастыра таңдалды.

Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы конститутциялық заң күші бар жарғысының 3-бабында: Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасы мен Әнұранын қастерлеуге міндетті, - делінген. Аспан реңдес байрақтың символы ретінде оқушылар галстуктарын мақтанышпен тағады.

Еліміздегі көптеген елді мекендердің атаулары географиялық картадан қазақша атаумен орын алды. Атап айтсақ, Целиноград қаласы - қазіргі елордамыз Астана қаласы, Шевченко – Ақтау, Гурьев – Атырау, тағы басқа көптеген атаулар өзгертілді.

Тағы бір мақтанышпен айтар жетістігіміз – Астана қаласында

«ЕКСПО 2017» көрмесінің өтуі. Бөл жеңісте көрменің Қазақстанда өтуіне 134 ел дауыс берді. Бұдан қазақ елінің беделі дүние жүзінде биік екенін көреміз.

Қорыта айтқанда, ұлтымыздың мәртебесі асқақтап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған армандарына қолымыз жетіп, өз алдымызға ел болдық. Көршілерімізбен тереземіз тең болды. Тіліміз бостандық алды. Осындай батыр да дана халықтың ұрпағы болғаныма өзімді бақытты санаймын.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Осимова Биғайша Оңалбекқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!