Материалдар / Ашық тәрбие сағатының әзірлемесі: «Ғаламтор-бүкіләлемдік өрмек»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағатының әзірлемесі: «Ғаламтор-бүкіләлемдік өрмек»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманда еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін ғаламторда отырады. Қазір тіптен бұл актуалды мәселе ретінде де қарастырады. Яғни пайдасы да зияны да баршылық. Олай дейтінім, заман жаңарып, өрістеп жатқан бүгінгі күнде студенттерді, тіпті барлық адамзатты одан алшақтату мүмкін емес екені жасырын жайт емес. Пайдасы туралы айтар болсақ, уақытты тиімді пайдаланып ғаламтор желілерінен түрлі мәліметтер алуға болады. Қашықтықтан оқытудың да мүмкіндігі бар. Ал енді зиянды жағына тоқталар болсақ, адам денсаулығына, психологиясына кері әсері де аз емес. Уақытпен санаспай ұялы телефонға тәуелді болып қалған адамзаттың тағдыры сіз бен бізді ойландырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2018
2723
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШҚО ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

КМҚК «ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ»






БЕКІТЕМІН

Директордың оқу-тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

__________ Ғалымова Р.М.

«___» __________ 2017 ж.



Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:

Shape2












Өткізілетін уақыты: __.11.2017 ж.

Өткізілетін орны: № 36 кабинет

Өткізілетін топ: 32 ПГС

Әзірлемені дайындаған арнайы пәндер

оқытушысы Дутбаева А.Ж.


Топ жетекшілер

бірлестігінің жетекшісі

_____________ Уакаева Н.А.


Құрылыс пәндер бірлестігінде талқыланды.

Пән бірлестігінің төрайымы _______ Хуанар А.

Хаттама № ___ «__» ____ 2017ж.


Семей қаласы

2017 жыл

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:

«Ғаламтор-бүкіләлемдік өрмек»



Мақсаты:
Тәрбиелік: а) Оқушыларға ғаламтордың пайдасы мен зияны жайлы түсінік бере отырып, ғаламтордан болатын зиянды әдеттерден, бұрыс жақтарынан сақтануға тәрбиелеу;

ә) Ғаламтормен жұмыс барысындағы техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу;


Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – ғаламторға байланысты ақпарат жинақтау, қорытындылау.

Дамытушылық: Оқушылардың ғаламтор зияны, пайдасы туралы ойларын қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, ынтымағын, тіл байлығын дамыту.


Көрнекілігі: кабинет тақтасы, интерактивті тақта (тақырыпқа сай презентациялар, бейнекөріністер), постер құрауға арналған парақтар, қарындаштар.  


Әдісі: топтық жұмыс, әңгіме, ой бөлісу.


Қатысатын топ: 32 ПГС топ студенттері


Өткізілетін орын: 36- кабинет


Өткізілетін күні: 23. 11. 2017жыл.

Жоспар:

І-Ұйымдастыру бөлімі

  • Топ оқушыларын 3 топқа бөлу (смайликте жазылған сөздер бойынша -3 мин.)


ІІ- Негізгі бөлім

  • Кіріспе сөз (Ғаламтор, оның пайдасы мен зияны туралы ақпарат-4 мин.)

  • Қызығушылық ояту (видео-ролик көрсету- 6 мин.)

  • Топтық жұмыс (постер құрау, түсіндіру -10 мин.)

Постер құрап жатқан аралықта көрермендермен сауалнама жүргізу

  • «Өрмекті шешейік» ғаламтор туралы ойын сұрақтары-12 мин.

  • Жағдаяттық тапсырма «Әлемді ғаламторсыз елестетейік»-5 мин.

Ойланып тапсырма дайын болғанша көрермендер сауалнамасына жауабын беру

ІІІ- Қорытынды бөлім

  • «Талаптыға нұр жауар» ( берілген сөздерді қолдана отырып, ғаламтор туралы ойларын шумақ өлеңмен қорытындылау- 5 мин.)

Өлең: «Әлеуметтік желі дейтін әлем бар»



Тәрбие сағатының барысы:


І- Ұйымдастыру бөлімі.

Кабинеттің жабдықталуын, оқушылардың тәрбие сағатына дайындығын тексеру.

Топ оқушыларын 3 топқа бөлу (3 мин).


Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Ғаламтор-бүкіләлемдік өрмек» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Сабағымызды бастамас бұрын оқушыларды шағын топтарға біріктіріп алсақ. Ол үшін «Мозайка» әдісін қолданып топтастыруды жүргіземіз, яғни берілген сөздерден «Білім», «Әдеп», «Отан» туралы мақалдарды құрастыруымыз қажет. Партадағы парақтарда берілген мақалдар бөлініп жазылған, осы сөздерден мақалдарды құрастырып барып, шағын топшаларға бірігеміз.

  1. Білімді өлсе,

Қағазда аты қалар.

Ұста өлсе,

Істеген заты қалар

  1. Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала. 
    - Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы. 

  2. * Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл.
    * Отанға опасыздық еткенің,
    Өз түбіңе өзің жеткенің.

* Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңе ұлтан бол.

1-топ. Троян (Білім туралы мақалдар тобы)

2-топ. Онлайн (Әдеп туралы мақалдар тобы)

3-топ. Логин (Отан туралы мақалдар тобы)


ІІ- Негізгі бөлім.

Оқытушы:

Қазіргі заманда еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін ғаламторда отырады. Қазір тіптен бұл актуалды мәселе ретінде де қарастырады. Яғни пайдасы да зияны да баршылық. Олай дейтінім, заман жаңарып, өрістеп жатқан бүгінгі күнде студенттерді, тіпті барлық адамзатты одан алшақтату мүмкін емес екені жасырын жайт емес. Пайдасы туралы айтар болсақ, уақытты тиімді пайдаланып ғаламтор желілерінен түрлі мәліметтер алуға болады. Қашықтықтан оқытудың да мүмкіндігі бар. Ал енді зиянды жағына тоқталар болсақ, адам денсаулығына, психологиясына кері әсері де аз емес. Уақытпен санаспай ұялы телефонға тәуелді болып қалған адамзаттың тағдыры сіз бен бізді ойландырады. 



Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Ғаламдағы жаңалықтың бәрін де

Мүмкін емес ғаламторсыз түсіну,

Ғаламтор ғой дүние кілті бүгін де,- демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен ғаламтордың қыр сырын білгенге не жетсін.

Ғаламтор- бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді.

Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Ғаламтор деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі.
ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады. Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».

Бұл күнде ғаламторды тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд. адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

Қашықтықтағы абонентпен ғаламтор желісі арқылы байланыс жасап, уақыт тығыздығына қарамастан қажетті ақпаратты тауып, мәлімет алуға болады. Пернетақтаны басып, сөзді немесе сөйлемді жазсаң болды, бірер минуттан кейін өзіңе қажетті ақпарат шығады. Тіпті іздеген адамымды кез келген жерден ғаламтор арқылы таба аласың. Аз уақыттың ішінде қыруар жұмыстардың бірсыпырасы атқарылып жатады. Тез хабарласу, хат жазу аясында «ВКонтакте», «Instagram», «WhatsApp» әлеуметтік желілері елпілдеп тұрады.

Алайда осындай түрлі жүйелері бар ғаламтордың жаман тұстары болатыны өкінішті.  Ғаламтор желісіне қосылған адам өзіне, сабаққа қажетті сайттармен қатар, ақылы ойындарға да  кіріп кетеді. Міне, бұл күрделі мәселе болып тұр. Қазіргі кезде жастарымыздың баршаға топырақ шашпаймын, ой-пікірі, ізденісі жоқ. Ойланудың да қажеті жоқ. Ғаламторға жазасың, мезетте тауып береді. Көшіріп жазып, бере саласың. Тіпті іздеп, қиналудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда кітап ұстайтын, кітапханаға баратын оқушыларды сирек кездестіреміз. Реферат, шығарма жазу керек болса, ғаламтордан іздеп, тіпті оқымай бере саламыз. Мұғалім рефераттың мазмұнына сай  бір сұрақ қойса, ойланып қаламыз. Өйткені, жалқаулық билеп алғаны соншалық, берілген тапсырманы оқудан да қалдық.  

Ал енді ғаламтор желісіндегі жаппай сауатсыздыққа тоқталсақ, бір қатенің үстінен екінші қате қабаттасып, қазіргі таңда жастарымыз сауатсызданып, өз ана тілін ұмытып, мәңгүрттеніп жатыр. Сондағы әлемді жаулаған ғаламтордың ұлттық құндылықтарды жоюға күші жеткені ме?!

Көшеде, кез келген жерде ғаламторда отырмайтын, телефон ұстамайтын адамды кездестіре алмайсың. Тіпті ұйықтаған кезде телефон жанымызда болады. Ал баршамызға белгілі WI-FI желісі арқылы қаншама радиация тарайды. Ал бұл алдымен біздің денсаулығымызға әсерін тигізіп жатыр. Санамызды, жан-тәнімізді улап, ауру қылатын жағдайға жеттік.


Қызығушылық ояту (видео-ролик көрсету- 6 мин)

Видео-көрініске байланысты топ пікірлерін тыңдау.

Топтық жұмыс (постер құрау, түсіндіру -10 мин)

Әрбір топ алдында тұрған А3 параққа ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы постер құрап, оны түсіндіруі тиіс.


Топтар постерлерін құрастырып болғанша, көрермендермен сауалнама жүргізсек. «Сіз ғаламторға тәуелдісіз бе?!» шағын сауалнамасына жауап берсеңіздер. Берілген 10 сауалнамаға «Жиі », «Кейде», «Ешқашан» деген жауаптар беру арқылы тиісті баллдар қойылып, қорытындысы беріледі.

  1. Өз ойлағаныңыздан артық желіде отырып қалатын кезіңіз жиі бола ма?

  2. Ғаламторда, әлеуметтік желіде ұзағырақ болу үшін, үй шаруаңызды қаншалықты жиі кейінге шегересіз?

  3. Айналадағы адамдар сізге «Компьютер алдында ұзақ отырасың» деп қаншалықты жиі шағымданады?

  4. Ғаламторсыз өмір қызықсыз, іш пысырарлық, бос болады деп, қаншалықты жиі ойлайсыз?

  5. Әлеуметтік желі немесе ғаламторда отырғанда «енді бірер минут» дегенді қаншалықты жиі қолданасыз?

  6. Бір күн ғаламторға, әлеуметтік желіге кірмей, кемінде бір сурет, жаңалық жазбай қалғаныңызда, тынысыңыз тарылып, бір нәрсе жетіспегендей күй кешесіз бе ?

  7. Желіде отырғанда, мазаңызды алып, ойыңызды бөле берсе, ренжіп, ашу шақыратын кездеріңіз қаншалықты жиі байқалады?

  8. Өзге жұмысты бастамас бұрын, электронды почтаны тексеруіңіз қаншалықты жиі болады?

  9. Түн жарымға дейін желіде отырғаннан, ұйқыңыздың бұзылуы қаншалықты жиі байқалады?

  10. Өміріңіздегі жағымсыз ойлардан арылу үшін, желіні қолдануыңыз қаншалықты жиі болады?

«Өрмекті шешейік» ғаламтор, компьютер туралы ойын сұрақтары (12 мин.)

Shape3


Ұяшықта жасырылған сұрақтарға таңдау арқылы жауап беру.

Сұрақтар:

  1. Қазақстанда интернет қай жылы пайда болды? (1997ж)

  2. Электрондық пошта дегеніміз не? (Интернет желісі арқылы хат алмасу)

  3. Электронды поштаны нешінші жылы, кімдер ойлап тапты? (1965ж., Ноэль Моррис және То Ван Влек)

  4. Әлемдік ең алғашқы компьютер Z1-ді кім, қай жылы жасап шығарды?(Оны 1936 жылы Конрад Цузе жасап шығарды)

  5. 1964 жылы Дуг Энгельбарт ағаштан жасап шығарған компьютерлік жабдықты ата (тышқан)

  6. Бұл елдің 75 пайызы тұрақты интернет қолданушылары. Әлемдегі интернет қолдану жөнінен бірінші орынды алатын мемлекетті ата (Швеция мемлекеті)

  7. Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші болып қандай әлеуметтік желі ашылды? (Одноклассники)

  8. АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын  Microsoft Corporationкомпаниясының негізін қалаушысы (Билл Гейтс)

  9. «Интернет» деген ұғым қашан пайда болды? (1983 жылы)

  10. 2017 жылы жүргізілген статистика бойынша Қазақстандағы ең танымал, жиі қолданылатын әлеуметтік желі атауы: (ВКонтакте — 43%)

  11. Веб-камера алғаш рет қайда орнатылды? (Кофеқайнатқышта)

  12. Әлемдегі ең танымал пароль (123456)

  13. 2016 жылы Google нұсқасы бойынша ең танымал тұлға кім болды?(Дональд Трамп)

  14. Алғашқы компьютерлік вирусты қашан, кім ойлап шығарды? (1986 жылы, ағылшындық ағайындылар Алви Амджат және Базит ойлап тауып, 1987 жылдың жазында қолданысқа енді)

  15. Ең танымал ғаламтор браузері? (Google Chrome)

  16. Ұялы телефонды жоғалытып аламын деген қорқыныш қалай аталады? (Зерттеушілердің нәтижесі бойынша, 2010 жылы ұялы телефон қолданушылардың әдеттеріне байланысты термин ойлап табылды. Ол –Номофобия деп аталды.)

  17. Бэкап дегеніміз не? (Бэкап (ағылшынның backup – дубликаттау) – бұл кез келген себептер бойынша түпнұсқалық деректер жоғалған жағдайда, деректердің резервтік көшірмелерін жүйелі түрде жасау және бастапқы күйіне қалпына келтіру.

  18. Фишинг дегеніміз не? (Фи́шинг (ағылшынның. phishing, от fishing — балық аулау, ) — бұл интернеттегі алаяқтықтың түрі, оның мақсаты - пайдаланушының құпия ақпараттарына және парольдерге қол жеткізу.)

  19. «Флуд» дегеніміз не? (Көптеген мағынасыз хабарлар. Флуд (ағылшынның flood — /flʌd/) — «тасқын» ) — бірдей ақпарат түрін орналастыру, бір қайталанатын фраза, бірдей графикалық файлдар немесе веб-форумдарда, сөйлесу бөлмелері, блогтардағы қысқа, мағынасыз хабарлар.

  20. Жақшаны « ) » күлкі ретінде қолдануды ұсынған ресейлік жазушы кім? (Ресейлік жазушы Владимир Набоков 1969 жылы The New York Times журналына берген мәтінінде қолданылған.)

  21. Юзер деп кімді атаймыз? (Юзер — (ағылшынның User – қолданушы) компьютер қолданушыларының барлығы, оның ішінде белсенді, әмбебап, жаңа бастаушы қолданушылар аталады.)

  22. Капча не үшін қажет? (Жүйенің пайдаланушысы кім екенін - адам немесе компьютер екенін анықтау үшін пайдаланылатын компьютерлік тест.)

  23. Ғаламтордың пайда болуына себеп болған жаңалықты ата (Алғашқы спутникті ұшыру)

  24. Mozilla браузерінің логотипінде қандай аң көрсетілген? («Қызыл панда». Көптеген адамдар логотиптегі суретті қызыл түлкімен қателестіріп жатады, негізінен логотипте «Қызыл панда»көрсетілген. Себебі, қызыл панда Непалда және Бутанда, сондай-ақ оңтүстік Қытайда кездесетін, қазіргі уақытта бұл жануар қызыл кітапқа енген «жойылған» түрге айналған жануар.)

  25. Әлемдегі қай мемлекетте ұялы байланыс жоқ? (Жер шарында сіз ешбір телефон қоңырауын шала алмайтын жерлер де бар. Сондай жердің бірі- Кифука (Конго Демократиялық Республикасы). Әлемдегі ең қауіпті жер, себебі статистика бойынша жылына 1км2 жеріне 158 найзағай соққысы түседі екен. Осыдан келіп, кез-келген электр қондырғысын қолдану өз-өзіне қол жұмсаумен тең болып саналады.)

  26. Әлемдегі ең танымал ұялы телефон моделі қандай? (IPhone 4)

  27. YouTube-те ең алғаш болып орналастырылған ролик не туралы болды? (Джавед Каримдің Сан-Диего хайуанаттар бағында түсірілген 18 секундтық әуесқой видеосы, 2005 жылы 23 сәуірде орналастырылды)


Жағдаяттық тапсырма «Әлемді ғаламторсыз елестетейік» (5 мин.)

Үш топтың екеуі, егер, әлемде ғаламтор болмай қалса пайда болатын қиыншылықтарды сипаттайды. Қалған бір топ керісінше, ғаламторсыз әлемде болатын жақсылықтарды сипаттаулары керек.

Топтар ойланып болғанша, көрермендерге «Сіз ғаламторға тәуелдісіз бе?!» сауалнамасының жауаптарын айтып өтейін.

Әрқашан-5 Кейде-2 Ешқашан -0

«20-50» балл жинаған болсаңыз, сіз интернет-нашақорлыққа ие болып келесіз және сізге мамандандырдың көмегі қажет.

«5-19» балл жинаған болсаңыз, өміріңізге ғаламтордың елеулі әсерін қарастыруыңыз керек.

«0-4» балл жинаған болсаңыз, сіз ғаламторға тәуелсіз, еркін өмір сүретін жансыз.

Енді топтарымыз дайын болса, жауаптарына назар аударайық.


ІІІ- Қорытынды бөлім (5 мин.)

«Талаптыға нұр жауар» ( берілген сөздерді кірістіре отырып, шумақ өлеңмен ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы қорытынды жасау)

Берілетін сөздер: ғаламтор, перне тақта, компьютер, монитор, сайт, онлайн, почта, принтер, ақпарат.


Оқушы өлеңі: «Әлеуметтік желі дейтін әлем бар».


Әлеуметтік желі дейтін әлем бар,

Үңілгенде айфонға күнбе күн мың.

Басы етіп азаматтық міндетіңнің,

Бетін сүрте бергенше айпадыңның

Басынан сипасаңшы бір жетімнің.


Соткаға қарау заманның шарты ма еді,

Пенденің парасатты парқы ма еді.

Лайк жинап, алданып мәз болғанша,

Сауап жинап алғаның артық еді.


Байқамастан, көрместен айналаңды,

Виртуалды бір әлем байлап алды.

Шыны ішінен шыға алмай, шыр айналды,

Шынайы өмір ойланшы, қайда қалды?!


Дүниенің қызығы уысыңда,

Жүрек бар ма, кеудеңнің қуысында.

Андроидты телефон болды жалғыз,

Бала-шаға, дос-жаран, туысың да.


Ауызба-ауыз досқа сыр айта алмайсың,

Құмарға бір кірген соң, қайта алмайсың.

Саусақпенен сотканың бетін сипау,

Құлшылық боп кеткенін байқамайсың.


Онсыз да қысқа өмірден қадір қалмай,

Қарап тұрып, өкпем де қабынғандай.

Иіріп қарт та, құрдым, бәрі-бәрі,

Қалтафонның ішінен табылғандай.


Оқытушы:

«Сақтансаң сақтайды», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
Сақтық – деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.


Білімдіден шығады білгір маман,
Оқы - тоқы білгенің болмас жаман.
Ақпараттық ғасырың – болашағың,
Ақыл - ойды жинақта міне, соған.


Ықыластарыңа рахмет! Осымен топ  сағатымыз аяқталды.  Сау болыңыздар!














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!