Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Асық терапиясы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», деп жазған болатын. Яғни, мектепке дейінгі кезеңнен бастап ұлттық тәрбиені қалыптастыру, баланың физикалық және ой-өрісінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру өте өзекті. Осы орайда Балқаш қаласы «С.Сейфуллина атындағы №7 мектеп-гимназиясы»КММ ұжымы ұлттық кодты қалыптастырудың педагогикалық құралы ретінде қарапайым асықтың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып отыр.
Педагогика және психология ғылымында мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші әрекеті ойын екендігі мойындалып, білім берудің нәтижелілігі ойынның алуан түрлілігіне, оқу-тәрбие мақсатында үйлесімді қолдануға тікелей байланыста екендігі дәлелденді. Соған сәйкес бүлдіршіндерді дамыту мақсатында қолданылатын технологиялар да жеткілікті. Десе де, ұлттық кодты білдіретін педагогикалық әдістемелер мен ойындарды көре бермейміз. Бұл ретте «Балбөбек» шағын орталығы асық технологиясы бүгінгі бүлдіршінді дамытуға қажетті бірегей методикалық құрал екенін айтуға болады. Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес, заманауи тұрғыдан жаңғыртылған асық методикасына биыл 16 маусымда Әділет министрлігі авторлық құқық туралы куәлік те берген екен.
Әлбетте, арғы заманда асық қазақ балаларының күнделікті ойыны болатын. Халқымыз қыз бала туса еліктің асығын, ұл бала туса арқардың асығын сыйға тартуды жақсылыққа балағаны белгілі. Қазір балалар балпаң баса бастағаннан-ақ ата-анасы жүйкесі тыныш болуы үшін қолына планшет беріп қоятынын көріп жүрміз. Педагогтардың пайымына сүйенсек, бұдан баланың зейіні тұйықталады, көзінің көру қабілеті төмендейді, жүйкесі жұқарады, төмен қарап отырғандықтан омыртқалары қисаяды және кәдуілгі адами қарым-қатынасты ұмытады. Виртуалды әлемге бой ұрған бала қоршаған ортамен сөйлеспейді. Ал бұл балабақшадағы асық ойнай бастаған баланың бойындағы өзгерістерді ата-аналар күн сайын байқай бастағанын айту керек. Яғни, бала еңкейеді, тұрады, үздіксіз қозғалыс дене сымбатына көмектеседі. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қабілеті дамиды, ұтып алған асығы көбейген сайын қуанады. Бұл жерде айта кетсек таным саласы бойынша математикадан есептіде, логиканыда дамытуға болады. Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл байлығын дамытады.
Осылайша, асықтың пайдасын іс жүзінде дәлелдеген шағын орталық ұжымы ата-аналармен бірге асық жинау акциясын жүргізген екен. Бүгінге дейін олар 1500 асық жинап үлгерді.
– Біз асықты ойыннан бөлек оқу үдерісіне қостық. Бала боялған асықтың түрін бояу арқылы түстерді ажырата білуді үйренеді. Яғни, бүлдіршін ақ парақтағы шеңбер ішіне асықты бояуға малу арқылы нүктелер түсіреді. Сөйтіп әр баланың қағазға түсірген бояуы түрлі кескінге айналып, бүлдіршіндерді қуанышқа бөлейді. Ал асықты ұяшықтарға салу баланың саусақ буындарына өте пайдалы. Балалар боялып, тесілген асықты бір түстен кейін екінші түсті жіпке өткізіп, тізбектейді. Тізу арқылы бала түстерді бір-бірінен ажырата алады, қолының ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасау арқылы, саусақтары иілгіш болып жаттығады. Мұның бәрі баланың қиялы мен ойын, ұшқырлығын, зейінін жан-жақты дамытады. Асық терапиясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік-логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, сабырға, бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді.
Мәселен, шағын орталық тәрбиешілері асық арқылы санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу, түрлі оқиғаларды ойлап тауып, бала танымына қоршаған әлем заңдылықтары мен оқиғаларын қызықты түрде жеткізуге тырысады. Олардың айтуынша, асық ату ойыны арқылы мергендігін дамытуға, асықтан құрастырылған инновациялық дәстүрлі тақтайшалар мен массажды қолғаптар арқылы бала денсаулығын шыңдауға болады. Яғни, асық терапиясы көп нұсқалы болуымен де ерекшеленеді. Сонымен қатар қатынас саласы бойыншада сауат ашу сабағы бойынша балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйрету мақсатында асықтарды көк және қызыл түспен бояу арқылы үйретіп жатырмыз, буындарды жасыл түспен бояп буындарды қосу арқылы әріптердің кассасын асық арқылы іске асырдық.
Сондай-ақ балалар құмның үстіне асықпен түрлі мазмұнды суреттер сала отырып, нені бейнелегендерін айтып береді. Айталық, жеке-жеке отырғызылған бүлдіршіндерге белгілі бір пішін беріледі. Пішінді дәл сондай қалыпта боялған асықтармен құрастырып шығулары тиіс. Бұл тапсырма балалардан ұқыптылық пен мұқияттылықты талап етеді. Тапсырманы орындау барысында балалар пішіннің көлемімен қатар оның ішінде берілген түстерден жаңылмауы тиіс. Ересек топтар үшін тапсырма қызықты әрі пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабілеті артады, эстетикалық талғамы дамиды және бір-бірімен бәсекелесіп орындау барысында шапшаңдыққа үйренеді. Асықтан құралған тақтайшалармен жүру арқылы балалардың аяқ, қол еті қатаяды, қабілеті артады. Табандағы жүйке нүктелері арқылы ойлау қабілетінің дамуына, жалпақтабанның алдын алуға болады.
– Бұл – асық терапиясының бастапқы нұсқасы. Біз алдымызға мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту стандарты мен үлгілік бағдарламасына сай барлық білім саласында қолдану мүмкіндігін ашу, түрлендірудің теориясы мен әдістемесін дайындау, тұжырымдамасын негіздеу мақсатын қойып отырмыз, – дейді шағын орталық әдіскері Пшенбаева Жібек Қазкенқызы
Мақсаты:
Қазақ халқының ұмыт қалған ұлттық ойынын дәріптеу арқылы балаларды өз ұлтының тарихына, салт-дәстүріне, ұлттық ойынына деген қызығушылығын ояту, арттыру. БАлаға әртіүрлі ойындарды үсыну мақсатында баланы жан-жақты дамыту.
Міндеттері:
1.Қазақ халқының ұлттық ойындарының қалыптасу тарихымен таныстыру.
2.Қазақ халқының бағзы заманнан келе жатқан ұлттық ойындардың бүгінігі балалар бойынан табу.
3. Ата – бабамыздан мирас болып қалған, ұлттық ойынымызды соның ішінде «Асық » ойынын әр түрлі тәсілдер арқылы ары қарай жаңғырту.
4. Асық арқылы балаларды жан-жақты дамыту салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, денсаулық, таным, коммуникация саласы бойынша қызығушылығын арттыру.
Өзектілігі:
Бәсекеге қабілетті әлемде өмір сүру үшін ұлттық құндылықтарды білу керек. Себебі халық даналығы айтып кеткендей, «Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес»...
Күтілетін нәтиже:
Егер біз асық ойындарын ойнаса, виртуалдық ойындардан құтыламыз.
ІІ.Негізгі бөлім
Асық ойыны -қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.Халқымыз асықты қастерлеген.
Асықты бар ынта жігерімен ойнаған балалар жан-жақты дамыған.Асықпен ойнаған баланың зейіні тұрақталады, логикалық ойлау қабілеті дамиды, бала еңкейеді, тұрады,үздіксіз қозғалыста болады.
Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл байлығын дамытады.
Асықты ойыннан бөлек балаларды жан-жақты дамыту мақсатында оқу іс-әрекетінде пайдаланылды. Балалардың саусақ буындарына өте пайдалы, ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтармен жұмыс жасау арқылы саусақтары иілгіш болып жаттығады.Мұның бәрі баланың қиялы мен ойын ұшқырлығын,зейінін жан-жақты дамытады.
Асық терапеясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік –логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға,шығармашылық ойлауға,сабырға,бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. Сондықтан мазмұнды ойындар,жаттығулар құрастырып, оқыту барысында қолданамыз.
Асықтың түрлері мен атаулары
Алшы –асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.Ойын кезінде оған аса мән беріледі.Ол – бірінші дәрежелі асық.
Тәйке– асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап,тұрық түсуі.Ол – екінші дәрежелі асық.
Бүге ( Бүк ) -асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.
Шіге ( Шік ) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі.Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.
ІІІ.Практикалық бөлім
Асық неліктен терапияға жатады? Сөздіктерде терапия – медицина ғылымында аурулардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін сала. Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. ―Арттерапия‖– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Педагогика ғылымындағы теориялар мен тәжірибелерді негізге ала отырып, бүлдіршіндерді тәрбиелеуде асық терапиясының баланың денсаулығына тигізетін пайдасын көрсету мақсаты көзделді.
Асық терапиясының мақсаты: асық терапиясында балалардың терапиясында балалардың қиымыл-қозғалыстарын реттеу, кеңістікті бағдарлай білу, көрнекі іс-әрекеттік, көрнекі – бейнелік және сөздік – логикалық ойлауды сатылай қалыптастырып, шығармашылық тұрғыда және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шыдамдылық, сабырлық, бірлескен әрекетті қолдана білуге тәрбиелейді. Сондықтан да біз, ересектер, асық ойындарының жаңа мазмұнды ойындарын, жаттығуларын құрастырып, оларды оқыту және дамыту, ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдана аламыз. Әлемдік пандемияға қатысты бұл жобаға ата-аналарда үлес қосып бала мен ата-ана өздерінің жұмыстарын көрсетті.
Асықты пайдалана отырып санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу сияқты әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын көрсете аламыз. Балаларды ұлттық ойындарды ойнау барысында шапшаңдылыққа, ептілікке, бір-бірін сыйлауға, өз ойын еркін жеткізе алуға баулимыз. Асық ату ойыны арқылы көз жітілігін, мергендікті дамытып, ұстамдылық пен шыдамдылыққа тәрбиелейміз. Асықтан құрастырылған инновациялық тақтайшалар мен массажды қолғаптар арқылы бала денсаулығын шыңдаймыз.
Асық терапиясы Ф.Фребель, М.Монтессори технологияларын негізге ала отырылып жасалынды, ол балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, көп функционалдылығымен, көп нұсқалылығымен ерекшеленеді.
Бірінші кіші топ сымға тізілген асықтар. (Асық арқылы балалардың сенсорлық моторикасын дамытатын жаттығулар) Балалар боялып, тесілген асықтарды бір түстен соң екінші түске тізбектеп өз орнына жеткізу. Бұл тізбекті тізу арқылы бала түстермен танысып, бір – бірінен ажырата алады. Қолмен жұмыс жасау барысында баланың ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасауда баланың саусақтары иілгіш болып, жұмыс жасауға жаттығады
Екінші кіші топ Асықпен есепшот . балалар таным саласы бойынша есеп-қисаптың қарапайым түрлерін үйренеді. + және – амалдарының қарапайы түрлерін біледі. Сонымен қатар түстер мен түстерді қосуды үйренеді.
Ересек топ балалар жұптасып отырғызылады. Оларға шахматтан жасалған асықтардан пішін беріледі. Пішінді балалар дәл сондай қалыпта ақ пен қара асықтар текшелерде орналасқан, өз қарсыласымен жекпе-жекке шығады. . Бұл тапсырма балалардан ұқыптылық пен мұқияттылықты талап етеді. Ойын барысында балалар түстерден жаңылмайды. Ересек топтары үшін ойын қызықты әрі өте пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабілеттері артады және бір – бірімен бәсекелесіп ойнау барысында шапшаңдылыққа тәрбиеленеді. Ересек топтағы балалар үшін бұл оңай ойын болмағанымен, балалар бұл ойында өз қарсыласын жеңуге талпынады.
Сонымен қатар баланы психологиялық тұрғыда мектеп қабырғасына дайындау мақсатында. Көк және қызыл асықтарды пайдалана отырып, балаларға ойын түрінде әріптердің дыбысталуы. Дауысты және дауыссыз әріптері ажыратуда асықтың үстіне әріптерді жаспысрып көру, есте сақтау қабілетін дамыту , ойлау логиксын қарапаййым тұрғыда асықтарды пайдаланып отырмыз.
ІІІ.Қортыныды Қорыта айтқанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында отан сүйгіштіктің негізі ретінде туған жерге, ата дәстүрге, ұлттық құндылықтарға ерекше мән беру қажеттігі айтылады. Сондықтан да біз қазақ ұлттық ойындарын жаңғыртып, асық-терапияны насихаттап жүрміз. Бұл балаларды ұйымшылдыққа, достыққа баулиды, оның үстіне ол өте қарапайым әрі қолжетімді»
Асық терапиясының мектепке дейінгі балалардың дене, психологиялық және әлеуметтік дамуында орны ерекше, сонымен қатар оның көп функционалдық рөл атқаратынына көзіміз жетіп отыр.Бұл тек асық терапиясының бастапқы нұсқасы ғана. Келешекте мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту стандартына, үлгілік бағдарламаға сай барлық білім салаларында асық терапиясын қолдану мүмкіндігіне жол ашып, оны түрлендірудің теориясы мен әдістемесін дайындау және тұжырымдамалық негіздеу мақсатын қойып отырмыз.
Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. Асық ойынына Бауыржан Момышұлы атамыз «Асық – үлкен халықтық тәрбие» деп баға берiп, жоғары билiкке хат та жазған екен.
Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы КММ «Балбөбек» шағын орталығы
Асық ойнаған озар
(Асық терапиясы)
мектектепалды даярлық тобының жетекшісі: Капасова Айдана Айдосовна
Балқаш қаласы 2020 жылы