Материалдар / Ашық тұқымдылар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тұқымдылар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
1232
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1



Shape2

Picture 4 Picture 4



Биология мұғалімі: Сақиғожина Зульфия Марксқызы

2017-2018 оқу жылы

6-сынып





Сабақ тақырыбы: Ашықтұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама

Күні: 21.02.2018 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Сақиғожина Зульфия Марксқызы

СЫНЫП:6

Қатысқандар саны:7

Қатыспағандар саны:жоқ

Оқу мақсаты

  • Ашық тұқымды өсімдіктермен танысу

  • Қылқанжапырақты өсімдікті біледі

  • Ашық тұқымдылардың өкілін талдайды


Барлық оқушылар:


  • Ашық тұқымды өсімдіктердің қырықжапырақтәріздестерден қандай ерекшелігі барын сипаттай алады


Оқушылардың басым бөлігі:


  • Ашық тұқымдардың өкілдерін өмір сүру ортасын талдай алады


Кейбір оқушылар:


  • Ашық тұқымдылардың табиғат және адам үшін маңыздылығына баға береді

Бағалау критерийлері

  • Ашық тұқымдылардың ерекшелігін, қылқанжапырақтардың өкілдерін біледі және оны сипаттай алады

  • Қарағай және оның тұқым арқылы көбеюін талдай алады

  • Қылқанжапырақтылардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңыздылығына баға береді


Негізгі сөздер мен тіркестер:


Ашық және жабық тұқымдар, қылқанжапырақты, фитоцид, эфедрин


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


Талқылауға арналған тапсырмалар


Ашық тұқымды өсімдіктердің қырықжапырақтәріздестерден қандай ерекшелігі барын, қарағайдың адам өмірінде пайдасын талқылау


Сіз неліктен ..........екенін айта аласыз ба?


Ашық тұқымдылардың табиғат және адам үшін маңызын айта аласыз ба?

Алдыңғы оқу

Ашық тұқымдылар, шырша, балқарағай, арша, қарағай, самырсын

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланға жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Ресурыстар

Бағалау

Ұйымдастыру: Психологиялық ахуал.

Сыныпты «балқарағай» және «Шырша» топтарына бөлу.


Ортасы

  1. «Мылқау сурет»

Қарағайлардың түрлерін атандар

  1. Шырша – ель - fir-tree (фай три)

  2. Кәдімгі қарағай-лиственница-Iarch (лач)

  3. Самырсын - сосна-pine (пайн)`

  4. Балқарағай –кедр-cedar (кеда)

  1. «Ой қозғау» постер құру

  2. «Кім алғыр»

Сергіту сәті «Катонқарағай» өлеңі

  1. Тест тапсырмасы

6-сыныпқа арналған тест №1

1. Ашықтұқымды өсімдіктердің негізгі ерекшелігі қандай?

А. Спора арқылы көбейеді

В. Тамыры арқылы көбейеді

С. Тұқым арқылы көбейеді

2. Ағаш дінің су өткізгіш бөлігі қалай аталады?

А. Дің В. Сүрек С. Микориза

3. Қарағай, шырша, арша, самырсын қай бөлімге жатады ?

А. Ашықтұқымды өсімдіктер

В. Қырықжапырақты тәрізді өсімдіктер

С. Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктер

4. Шыршаға ұқсас, жылу сүйгіш өсімдік...

А. Қарағай В. Самырсын С. Арша

5. Өсімдіктердің ең ежелгі тобы ...

А. Балдырлар тобы

В. Жабықтұқымды өсімдіктер

С. Ашықтұқымды өсімдіктер

6. Қылқанжапырақты деп аталу себебі:А.Жапырақтары ине тәрізді жіңішке

В. Өсімдіктер тұқымнан көбейеді.

С. Барлығы сүректі өсімдіктер болғандықтан

7. Зеравшен аршасының биіктігі:

А.20-30 м В.2-3 м С. 5-10 м

8. Талас Алатауында кездесетін өсімдік

А.Жатаған шыршы

В. Зеравшын шыршасы С. Туйя

9. Ашықтұқымды өсімдіктердің жер бетінде қанша түрі таралған

А. 655 В. 650 С. 651

10. Жапырағы жұмсақ, өркенге топтанып өсетін өсімдік

А. Қарағай В. Самырсын С. Балқарағай

6 – сыныпқа арналған тест тапсырмасы №2

  1. Спорақандай жасушалы түзіліс:

А. екі жасушалы В. көп жасушалы

С. бір жасушалы

2. Қылқанжапырақтылар қандай өсімдік болып табылады:

А. даражынысты В. қосжынысты С. жабық тұқымды

3. Сүректе органикалық заттарды жинақтайтын және қорға жинайтын қандай ұлпалар аз

А. бөліп шығарушы В. түзуші С. негізгі

4. Қылшаның биіктігі: А. 20-55 В. 80-60 С. 15-40

5. Балқарағайдың сүрегінен қағаздан басқа медецинада қолданатын қандай зат алынады:

А. эфир майы В. скипидар С. жібек

6. Аршаның бүрі қанша жылда пісіп жетіледі:

А. 10-20 жыл В. 2-3 жыл С. 7-8 жыл

7. «Фитон» деген грекше қандай мағына береді: А. ішкі В. тұқым С. өсімдік

8. Қосмасақшалы қылшада фотосинтез процесі қайда жүреді:

А. тамырда В. жапырақтарында С. бұтақтарында

9. Қылқан жапырақтары өркендерінде неше жыл сақталады:

А. 7-8 жыл В. 3-6 жыл С. 9-10 жыл

10. Ағаш басындағы пісіп жетілген аналық бүрдің түсі қандай?

А. қоңыр В. сары С. жасыл

5. «Құпия хат»

«Білімге жүгін ақылға сүйен»

Кәдімгі арша – екі үйлі қылқанжапырақты бұта





6. Биологиялық диктант

1 топ

1. «Сүрек» деген – ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі.

2. «Қылқанжапырақты» дейтін себебі жапырақтары ине тәрізді жіңішке,

кей түрінде ұшы үшкір болады.

3. Секвойяның жапырағы да сәл жалпақтау, сызықты-қандауырша тәрізді болып келеді. Биіктігі 110-120 м.

4. Самырсын –жылу сүйгіш, шыршаға ұқсас, бірақ қылқан жапырақтары

жұмсақ болғандықтан, денеге қадалмайды.

5. Кәдімгі арша – екіүйлі қылқанжапырақты бұта.

2 топ

  1. Кәдімгі қарағай – жарықсүйгіш өсімдік, тік өсетін діңінің биіктігі

20-40 м-ге жетіп, тамыры тереңге кетеді.

2. Қарағай тамырымен селбесу арқылы саңырауқұлақтар топырақтағы

кейбір өсімдік сіңіре алмайтын органикалық заттарды сіңіруге көмектеседі.

3. Қылқанжапырақтылардың бір ерекшелігі: көпшілігінің қабығында,

сондайақ сүрегінде шайырлы жолдары болады.

4. Ауаға толы тозаңдар өте жеңіл болғандықтан,желмен өте алысқа ұшып

таралады.

5. Тұқымбүршікте эндосперм – қоректендіруші ұлпа пайда болады.

7. «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»

1 топ

1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе кәдімгі қарағай бірүйлі өсімдік.

2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жер шарында 500-ге тарта қылқанжапырақты өсімдік

бар.

3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ағаш сабағы дің деп аталады.

4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады

2 топ

  1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе сыртқы қабыршағы тұқым.

2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе орманды қорғау – адам үшін гигиеналық, эстетикалық

және мәдени маңызы бар мәселе

3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе Шығыс Қазақстан обылысының ормандарында самырсын

Өседі.

4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе қышадан алынатын дәрі фитоцид деп аталады.



Аяқталуы:

8. «Т» сызбасы

Табиғаттағы маңызы

Адам өміріндегі маңызы


Қосымша ақпарат: «Медведка орманшылығы»

Орманшылық көлемі 21644 га, орманшылық 4 орман шебері участкесіне, 18 айналымға бөлінген. Қызмет атқаратын адамдар саны 24, маусымдық жұмысшылар 11 адам, 2 жұмысшы, 1 автокөлік жүргізушісі,1 трактор жүргізушісі бар. Бекітілген қызметтік аттар саны 3. Жабайы аң-құстар көктемгі және күзгі санақтары өз

кезегінде өткізіліп, 32 марал, 285 елік, 16 таутеке,14 күдір, 5 қасқыр, 16 сілеусін, 65 түлкі, 22 бұлғын , 10 құны бар екені анықталған.


16 га жерге 48000 дана сібір шыршасының көшеттері отырғызылды. Отырғызылған көшеттерге 38 га жерге күтім жасалды.


Саралау –сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілетті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағдаршам.

  • Қызық болды –жасыл

  • Бүгін мынаны түсіндім-сары

  • Қиын болды –қызыл





Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ –мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?








Қортынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болады (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегияларын, түрлі әдістерді араластырып қолдану

  2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

  1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

  2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу.

Мен сабақ барысында келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін сынып немесе жекеленген оқушылар туралы не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктеріе және әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттілігі. Тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау.
































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!