Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі ересек топ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі барысында мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларын «С-Ш» дыбысын сөзде, сөз тіркесінде дұрыс айтуға машықтандыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2022
988
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облыстық білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға

арналған арнайы (түзетім) балабақшасы



Психикалық дамуында тежелуі бар ересек тобында өткізілген жеке ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы



Логопед: Махашова Жансая Танатаровна

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Кірпі ысқырық дыбыстар патшалығында»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің мaқcaты: «С-Ш»  дыбысын сөзде, сөз тіркесінде дұрыс айтуға машықтандыру

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері:

Біліміділік:С-Ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау,дыбыстарды буында,сөзде,пароним сөздерде, сөйлем ішінде ажырату, ысқырық дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру.Дауысты, дауыс-сыз дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін, сөздің буындық құрылымын анықтауды үйрету. Сөз, сөйлем құрастыра білу іскерлігін қалыптастыру.Белсенді сөйлеу тілін жетілдіру. «С-Ш» дыбыстарының дұрыс артикуляциялық қалпын біліп, дыбыстар туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:Фонематикалық қабылдауы мен есту қабілетін, дидактикалық ойындар, сөздік ойындар мен жаттығулар және сұрақ-жауап тәсілі арқылы балалардың таным үрдістерін: логикалық ойлауын, зейінін, қабылдауын, есте сақтауы, саусақ моторикасын, тілінің ұсақ қим-ыл-қозғалысын, ауыз-қуысы аппаратының ұсақ моторикасын,дұрыс сөйлеу тілін машықтанды-ру арқылы белсенді сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелік: Баланы белсенділікке, байқағыштыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өз ойын еркін жеткізе білу қабілетін байыту, мейірімділікке баулу.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне қолданылатын көрнекі құралдар:Талдар,су, діңгектер, бөрене,суреттер,қима суреттер, түймелі қолғап, фетрден суретті ілмешек,сыпырғыш.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің әдіс-тәсілдері:Әнгімелесу, ойын әдістері, сұрақ-жауап, жеке оқу қызметі.


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Таңғажайып сәт

Орманда кірпі мен кірпішек келе жатады.

-Кірпішек кел екеуіміз бірге ысқырық дыбыстар патшалығына барайық.Ондағы дыбыстармен танысайық.

-Ендеше, жолға шығайық.

1.Артикуляциялық жаттығу орындау

-Бала тілге артикуляциялық жаттығуды логопедпен бірге орындайды

Мақсаты:Тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын,сөйлеуге қатысатын ағзалардың қимыл қозғалысын нығайту

-Ой мына кереметті қара кірпішек! Орманда бұлақ ағып жатыр.

-Қандай керемет! Мен бұлақ көргенме сондай қуанып тұрмын. (кірпішекке қарап жимияды)

1.«Жымию»-бұлаққа қарап жымиямыз

2.«Бақа»-ерінашық, тістер көрініп жымиып тұрады.

3.«Тұмсық» ерінді дөңгелетіп алдыға шығарады. (тамсанады)

4.«Кесе»-ауыз ашық, ерін жымиып тұрады. Жалпақ тіл астыңғы ерінде, бүйірлері кесе тәрізді жоғары қайырылған 5-ке дейін ұстап тұру керек. (Алақандарымызбен алып су ішсек қалай болады)

2.Тыныс алу жаттығуы

- Бала логопедпен бірге тыныс алу жаттығуын орындайды.

Мақсаты:Балаларды сөйлеу барысында еркін дем алып, дем шығару кезінде ауаны бір қалыпты шығаруға үйрету

Кірпішек бұлақтың дауысын естіп тұрсың ба? Ысқырып тұр ғой. Қане екеуіміз осы бұлақтың суына беті қолымызды жуып алайықшы.

1.Мұрынмен терең дем аламыз, демді ауыз арқылы шығарғанда алақанымызға С-С-С дыбысын дыбыстау арқылы үрлеймыз.

2.Мұрынмен терең дем аламыз, демді ауыз арқылы шығарғанда алақанымызға Ш-Ш-Ш дыбысын дыбыстау арқылы үрлейміз.


3.Аю мен қоянның тапсырмасы «Бөліктерін жоғалтқан суреттер» Шұлық ертегісі

Мақсаты: Берілген суреттің бөлігін тауып құрастыруға үйрету.

Шарты:Қима суреттерді құрастырып, атау, қай дыбыстан басталғанын айту.

Суреттер: сиыр, шырша, шегіртке

Сөздерді буынға бөлейікші: си-ыр, шыр-ша, ше-гірт-ке


4.Буынұйқас қайталайық

Ша, ша, ша, жерде жатыр алаша. 
Ша, ша, ша, алашамыз тамаша. 
Са, са, са, орманда шақты маса.

Се, се, се, сындырды аю кесе.


5.Саусақ жаттығуы

Саусақтарым ойнайды,

Дем алады, ойлайды.

Айналды, айналды,

Шығуды жолға ойлады.

Таптады, таптады,

Шапалақты соқ тағы.

Құшақтады, айналды,

Жол екіге сайланды.


6.Қолғап ойыны «Түймеге қада»

- Қолғаптағы түймеге көрнекі түрде көрініп тұрған дыбыстарға байланысты сөздерді тауып іледі.

Мақсаты: Түймеге қадау арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Шарты:Балаға діңнің үстіндегі көп суреттен бес саусақ-тарының басына қадалған түймелері бар қолғаптың біріне С, екіншісіне Ш дыбыстарынан басталатын суреттерді тауып қадау тапсырылады. С-Ш дауыссыз дыбыстар.Олар тілдің кедергісіне ұшырайды.

Шар, шана, шелек,шырша, шымшық;

Сағат, саңырауқұлақ,сәбіз, сөмке, сақа

7.«Достық» саусақ жаттығуы

- Саусақ жаттығуын әрбір саусақтың атауына қарай көрсете отырып орындайды.

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.

Кірпішек біз ысқырық дыбыстар патшалығында болдық. Ондағы С-Ш дыбыстарының ысқырып шығатынын білдік. Айналадағы С-Ш дыбыстары бар сөздерді атап, көрдік.

Достарымыздың тапсырмаларын орындадық қой.

Ендеше, Шыға берісте орман сыпырғышының бір бұйымтайы бар сияқты. Қарап, тыңдайықшы.

-Сәлем Сыпырғыш досым. Сенің бізде бір шаруаң бар сияқты. Айта ғой шаруаңды

Сыпырғыш:Менің достарым мысықтардың әрекетінің қайсысынан кейін қайсысы болғанын есіме түсіре алатын емеспін, көмектесіңдерші.

8.Сюжетті суреттермен сөйлейміз (үлгі беріледі)

Үш дос мысық сарайға тышқан іздеп келді. Онда тұрған бөшкенің ішінен тышқанды қарады. Мысықтар бөшкеге асылғанда, тышқан ар жағынан қаша жөнелді. Мысықтар оның ізінен қуды.

1-Тапсырма: Суреттерді ретімен қою, әңгімелеу.

2-Тапсырма: С-Ш дыбыстары бар сөздерді атау.

- Бала мен логопед көмек береді. Сюжетті суреттерді ретімен қойып, әңгімелеп береді. Ол жерде С-Ш дыбыстары бар сөздердің бар екенін атап айтады

Олар: дос, мысық, тышқан, бөшке.

Жарайсың кірпішек


Күтілген нәтиже:


Нені біледі: С-Ш дыбыстарын буында, сөзде айтуға машықтануды.

Қандай түсініктерді игереді: С-Ш дыбыстарын сөз ішінде анық айтуды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: С-Ш дыбыстарын дұрыс, анық айтуға.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!