Материалдар / «Асықтың пайдасы»

«Асықтың пайдасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу мақсаты: Асық ойынының тарихымен оқушыларды таныстыру, зерттеу арқылы салт—дәстүрін дәріптеуге баулып, белсенділікке, тапқырлыққа, көрегендікке және күштілікке тәрбиелеу. Зерттеу міндеттері:  Асық ойының ерекшелігіне, асықтың құрылысына талдау жасау.  Асық ойынының пайдасын және маңызын зерттеу. Зерттеу болжамдары: Егер асық ойынын ең болмаса аптасына 1 рет қолдансам, онда менің ойымша Қазақстанда науқас адамдардың саны мейілінше азая түсетін еді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2018
1423
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы

1 мектеп-гимназиясы



Ізденуші: Сарсенов Алихан

5 «а» сынып оқушысы



ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

« Асықтың пайдасы»






Жетекшісі: Жанназаров Нұрлыбек Темірбекұлы

биология пәнінің мұғалімі













2018 жыл



Аннотация


Зерттеу мақсаты:

Асық ойынының тарихымен оқушыларды таныстыру, зерттеу арқылы салт—дәстүрін дәріптеуге баулып, белсенділікке, тапқырлыққа, көрегендікке және күштілікке тәрбиелеу.

Зерттеу міндеттері:

  • Асық ойының ерекшелігіне, асықтың құрылысына талдау жасау.

  • Асық ойынының пайдасын және маңызын зерттеу.

Зерттеу болжамдары:

Егер асық ойынын ең болмаса аптасына 1 рет қолдансам, онда менің ойымша Қазақстанда науқас адамдардың саны мейілінше азая түсетін еді.

Зерттеу жаңалығы:

Қазақтың ұлттық асық ойынының жасөспірімнің дене дамуына әсері және баланы ептілікке,ұтқырлыққа,мергендік пен логикалық ойлау қабілетінің дамуына ықпалын насихаттау.

Зерттеу әдістері:

  • Ақпараттарды жинау және өңдеу.

  • Көрнекіліктер пайдалану.

Зерттеу кезеңдері:

1 кезең – зерттеу жұмысының жоспары мен құрылымы, міндеттері, әдістемелері , ғылыми болжамы анықталды . 2 кезең – деректі материалдарды жинақтау . 3 кезең – қазіргі кездегі өмірде қолданудың маңыздылығын зерттеу. 4 кезең – жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелерін қорытындылау.





І. Кіріспе

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі –ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқай аталады.

Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді.

Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді.

Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі.

Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар.








ІІ. Теориялық бөлім

II.1.Асық туралы мәлімет .

Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қойешкісиыр,түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінд болады. Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі асық ойындары ойналады. Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады.






Асық ойнап жатқан балалар анимациялық бейнесі



  • Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі.

  • Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие.

  • Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.

  • Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.

  • Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі.

  • Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.

  • Сомпы – асық тұмсығының көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі.

  • Табан – асықтың тәйке жағы.

  • Оңқай – асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың сол жақ аяғының тілерсегінде болады.

  • Солақай – асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың оң жақ аяғының тілерсегінде болады.

  • Сақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, межемдісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді. Солақайлар сақаны солақай асықтан ұстайды.






















II.2.Асық ойының түрлері

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыныАсық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек.

Айтайық, « Алшы» ойынында сақаның салмақты да, алшы тұрғыштығына қарайды. Ойынды ұту үшін жақсы сақа керек. Бұл ойынды ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойын басталар алдында ойнаушылардың бірі барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін , яғни кімнен кейін кім асық ату керек екенін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, - сол бірінші, тәйке түссе – екінші, бүк түссе – үшінші, шік түссе – одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасымен асығы бір жақты түссе , атқан асықтарымен сақасын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кезгелген жағында жатса да, асықты алады да, тағы атады. Ал сақамен асық екеуі екі түрлі түссе , онда алмайды.

Екінші ойыншы өз кезегінде сақасын иірген кезде тәйке түссе, онда өзінен кейінгі кезектегі ойыншы көмбеден тұрып тәйке түскен сақаны атады, тигізсе сақа иесі ойыннан шығып қалады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Осылайша әр ойыншы өз кезегімен көнге тігілген асықты ата береді. Көндегі асықты алып – алып тауысқаннан кейін ойнаушылар асықтарын қайтадан тігіп, ойындарын жалғастыра береді. Сондықтан бұл ойынды табаны қайралған, басқа асықтардан гөрі бөлектеу , ірілеу сақамен ойнаған жөн.

Асық ойындарының енді бір түрі – « Оңқа». Бұл ойынды асығы мол боз - балалар ойнайды . Таза алаңдарда, үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойыншылардың санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты – асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да, дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асықты мұртынан оңқа тұрғызады. Ойыншылар бірінің артына бірі әр кімнің өз кезектері бойынша ретке тұрып, қолдарындағы сақаларымен оңқаны ата бастайды . Егер кімде – кім оңқаға тигізсе , онда көндегі асықты түгелдей алады. Ал оңқаға тимей, жанындағы асықтарға тисе. Онда сол атқан асығын ғана алады. Асық саны таусылған кезде, көнге бастапқыдай асықтар тігіліп, ойын әрі қарай жалғаса береді.

Асықпен ойналатын «Хан» ойыны да осы сияқты. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға қатысушылар өзара келісімдері бойыша әр қайсысы ортаға асықтарын шығарады да, кезек алысып, бірінен кейін бірі барлық асықты жинап алып , қос қолдап иіре бастайды. Әр ойыншы ортаға бестен, оннан асық шығарады. Содан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «хан» сайлайды. Барлық асықты иірген кезде «хан» көрінбей қалуы мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың барлығы асықты иірушінің «Ханды қара басты»- деген дауысын естігеннен кейін , бас салып асықты талап алады. Сондықтан бұл ойынды кей жерлерде «Хан талапай» деп те атайды. Екінші жағдайда иіргенде «хан» ашық жатса, онда «ханмен» асықты атады. Айталық, хан бүк түссе, онда ханмен бүк жатқан асықты ату керек, шік түссе , шік түскен асықты , т.с.с. ату керек. Ойынның шарты бойынша ханмен асықты атқан кезде басқа асықтарға тигізбей ату керек. Сөйтіп , ойынның шартын бұзғанша, не болмаса ханмен ататын асық болмай қалғанға дейін атып, асығын ала береді. Асық біткеннен кейін ойнаушылар ортаға қайтадан асық шығарып, ойынды жалғастырады. Ойынның тағы бір ерекшелігі асықтарды атқан кезде өте бір ептілік керек, егер ойланбай , қалай болса солай , қолдың дөрекі қимылдары мен ататын болса, онда ол ойыншы ешқашан да асық ұтпайды. Сондық тан әр нәрсеге епті болу адамның асыл қасиеттерінің бірі екенін осы ойыннан да көруге болады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ