Материалдар / Ата - аналар жиналысына тренингтер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата - аналар жиналысына тренингтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - аналармен жұмыс барысында қолдануға арналған тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Тамыз 2024
107
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата -анамен жұмыс,тренинг жаттығулар

  1. Сізге хат келді тренингі

Аты-жөні жазылған хат иесі өзін таныстырады, кимнің ата-анасы, отбасы мүшелері, өзінің жұмыс орны, қызығушылығын айтады.

 «Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді?» әдістемесі.

Мақсаты:отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау.

Орындау ережесі.Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз.Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз.Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.

Жауап варианттар мына төменгі әріптермен белгілейді:

«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» А-З балл

«Иә,бірақ барлық кезде емес» Ә-2 балл

«Жоқ,бұлай істей алмаймын» Б-1 балл

 

Тапсырмалар

Сіз:

1.Кез- келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?

2.Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаға жіберген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?

4.Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?

5.Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба,салқынқандық сақтай білесіз бе?

6.Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?

7.Еш болмаса 1минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?

8.Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?

9.Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?

10.Балаңыз ойына келгенді істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе оның әрекеттеріне еркіндік беріп,тірлігіне ешқандай араласпайтын бір күн бере аласыз ба?

11.Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса,негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?

12.Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба?

 

Бағалау шкаласы

1. «А» жауапқа -3 балл

2. «Б» жауапқа - 2 балл

3. «В» жауапқа -1 балл

Нәтижесін талдау.

30-39 балл жинасаңыз,бала-сіздің өміріңіздегі ең құнды адам.Сіз оны тек түсініп қана қоймай,оған құрметпен қарайсыз.Сіз тәрбиеде прогрессивті принциптерді қолданасыз.Жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге ешқандай күмәндануға себеп жоқ.

16-30 балл жиналса,балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірініші маңызды жұмыс,сіздің қамқорлығыңыз гиперқамқоршылықпен ұштасып тұр.

2. «Идеалды отбасы» жаттығуы.

Жеткіншек жастағы балалар идеалды отбасын қалай елестетеді?Онда ата-аналар қандай қызмет атқарады?Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай?Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес,сурет түрінде бейнелеуге болады.

Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді.Олардың пікірінше,махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде,ештеңеге қарсылық көрсетпеуден тұрады.Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды,айтқан нәрсенің барлығын істейді.Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.

3. «Өзіңе қолайлы жағдай жаса» жаттығуы.

Жаттығу қатысушылардың бір-бірімен вербалды емес формада қатынас жасауды қажет етеді,бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады.Қатысушылар жұптарға бөлініп,бір-біріне арқасын қаратып орналасады.Дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет.Жұптағылар екі жаққа да ыңғайлы болуын ойластырып арқа тіреседі ме,жоқ денесі бос ұстауға емін-еркін тұру қажет пе,оны әр жұп өзі шешеді.Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады (ата-аналардың баласы пайда болады).Оны қай жерге және қалай орналастыру керек екенін әр жұп өзі табуы керек.Жаттығу оңай бола салмайды,біреулерге ыңғайлы болады,ал келесілерге қысымы сенумен байланысты болуы да мүмкін.

4. «Отбасылық оқиға» жаттығуы.

«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасымен жайғасады.Олар отбасындағы рөлдерін анықтап алады да,жетекші оларға қандай да,бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады,мысалы, «Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын сындырып алды»,оларға пікірталас жүргізу ұсынылады.Жетекші көрермендерге алдын-ала «отбасы» қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін бақылауға нұсқау береді.Немесе әр көрерменге нақты «отбасы мүшесінің» мінез-құлқын бақылауды ұсынуға болады.Мысалы,ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақшаны жұмсауды қалайды:оқуға,саяхатқа,бір нарсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұтымды түрде ұсына алады.

Талқылаудан кейін,бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да,басқа тақырыпты талқылайды.

Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады.Мысалы,анасының әкесі ауылда тұрады,оның өз үйі және шаруашылығы бар,ол ауырып қалды,бірақ қалаға келгісі келмейді.Отбасы не істейтінін шешуі қажет.Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады.Мысалы,анасы ауылға кеткісі келеді,өз шаруашылығымен айналысқысы келеді,әкесі мұны қаламайды,өйткені қалада жақсы жұмысы бар,үлкен ұлының да барғысы келмейді,өйткені оқуға түспек ойы бар,кіші ұлының барғысы келеді,өйткені ол жерде жазда шомылуға,қыста шаңғы тебуге болады.Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім ,«ата-аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма,келісімге келе алды ма,сол сияқты мәселелерге көңіл бөлуі қажет.

 5.«Отбасылық социограмма» тесті.

Мақсаты:зерттеушінің отбасындағы қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастағы оның хал-ахуалын тікелей және жанама т.рде «қазір және осы жерде» анықтау.

Орындау ережесі.Бұл әдіс суретті талдау әдістемелерге жатады.Зерттеушілерге жауап жазылатын іс-қағазы беріледі.Ол парақта диаметрі 110 мм шеңбер сызылған.Тестті орындау барысы түсіндіріледі.Таратылған парақта салынған шеңбердің ішіне алдымен өзін кішірек шеібер ретінде түсіріп,оның ішіне «Мен» деп жазу керек.Соннан сон отбасы мүшелерінің әрқайсысы шеіберлермен белгілеп шығып,ол шеңберлердің әрқайсысы кімді білетінін анықтау үшін олардың ішіне отбасы мүшелерінің аттарын немесе аттарының бас әріптерін жазып қойю тапсырылады.Олар тапсырманы орындағанда бір-бірімен кеңеспеген іс-қағазды жеке дара отырып толтыруы керек.

Нәтижесін талдау.

Бірінші белгі бойынша талдау:отбасы мүшелерінің кеңістікте орналасқаны талданады.Адамдардың барлығы бір қатарға қойып салу-шынайы өмірдегі олардың арасындағы қатынастың біркелкі болғанын көрсетеді.Отбасы мүшелерінің бір-бірімен қақтығыста болып,жанұяда ауызбіршілік болмаса онда осы жағдайға кінәлі деп жүрген алам шеңберге кірмей,оның сыртында қалады немесе бір жануалдың аты салынады.

Екінші белгі бойынша талдау:дөңгелектердің көлеміне қарай жүргізіледі.Егер кімде-кім өзін үлкен шеңбер етіп салса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары,ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытынын көрсетеді.Ал төмен жағына салғаны-өзіндік бағалауы төмен болғанын көрсетеді.

Үшінші белгіде дқңгелектердің орналасу тәртібі талданады.Отбасы мүшелерінің кім-кіммен жақын екендігі,ерекше маңызды орында екені анықталады.Шеңбердің ішінде орналасу басқамен салыстырғанда үлкен шеңберде болса,зерттеуші көзқарасы бойынша ол аса сыйлы,маңызды адам қатарына жатады.

Төртінші белгі,бір-бірінің үстіне орналасқан.Отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығын көрсетеді.Ең үстінде орналасқан адамның отбасындағы орны ерекше,ол барлық басқа мүшелерге билігін жүргізіп,өктемдік көрсететінінің белгісі.Немесе суреттің авторының сол адамды барлығы ерекше сыйлайды деп түсінуін білдіреді.Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді.

5.Егер ……..онда…. жаттығуы

 "Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт" деген орыс мақалы бар. Сіз балаңызға ақылды қалай айтасыз?

  1. Коп балалы әке болсам…

  2. Айлық табысым аз болса…

  3. Баламның оқу үлгерімі нашар болса…

  4. Бұзақылығы үшін мектепке шықырса…

  5. Істеген іс-әрекетім дұрыс болмаса..

  6. Балаңыз жүлделі орын алса…

  7. Бинго ойынынан Джек пот жеңіп алса…

  8. Жолдастарымен беймезгіл уакытта кыдырғысы келсе…

  9. Материалдық шығын келтірсе…

  10. Балаңыздың сұрағына жауап беруге біліміңіз жетпесе…

  11. Ер балаңыздың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-кеңесіңіз…

  12. Қыз балаңызға ақыл кеңесіңіз…

5. Жүрек жылуы жаттығуы Мына психологиялық ойынмен өз ойымызды түйіндеп, ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар..

Ата-аналар балаларына деген суйіспеншілікті, бала тарбиесіне баса назар аударатын мәселелерді қыскаша айтады.

Ата- аналар жиналысы: Отбасы және тәрбие

Ата- аналар   жиналысы:  Отбасы  және  тәрбие

Мақсаты: 

Отбасындағы  тәрбие өте  маңызды   рөл  атқаратындығын  көрсете  білу,  бала  тәрбиелеуде 

алдымызда  тұрған  « Мен  балама  дұрыс  тәрбие  алдым  ба?»  « Ол  берген  тәрбиемді   біліммен  ұштастыра  алам  ба?»  деген  сұрақтарға   джауап  іздеу,  мектеп  пен  ата-ана  байланысын  нығайту,  жұмыс  жүйесін  жақсарту,  ата-ананың,  баланың  оқу- тәрбиеге  қатысты   жауапкершілігін  арттыру.

Көрнекілігі:  « Тәрбиенің  ең  тамаша  мектебі- отбасы», 

« Баланың  жақсысы-  қызық,  жаманы- күйік»,

« Отан  отбасынан  басталады», « Білім тәрбие  егіз» сөздері  жазылған  плакаттар.

Жоспар:

1.     « Отбасындағы  бала  тәрбиесі»  (бандама)

2.     2-тоқсан  қорытындысы

3.     Оқушылар  үлгерімі

4.     Оқушылар  тәртібі

5.     « Сіз  қандай  ата-анасыз?» ( сауалнама  жүргізу)

6.     Жағдаяттық  тапсырмалар

7.     Ағымды  мәселелер

Жұмыс  ережесі:

1.     Күлімсіреу.  2. Тыңдай  білу. 3. Пікірді  сыйлау.  4. Белсенділік.  5. Қол  көтеріп  сөйлеу.  6.Кешікпеу.7. Телефонды  сөндіру.

Бала  тәрбиесі – күрделі  үдеріс. Жас  ұрпақты  жан- жақты  жетілген,  ақыл- парасатты, ой- өрісі  биік  азамат  етіп  тәрбиелеу- қоғамымыздың  ең  өзекті  мәселесі.  Отбасы-  адамзат  бесігін  тербеткен  ұя  болса, « Баланың  бас  ұстазы- ата-анаға», « Балапан  ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі», « Әке  ақыл,  анадан  мейір  алады»,  Ата- анаға  баладан жақын  ешкім  жоқ,  сондықтан  да  баласының  әдепті,  білімді  болып  өсуін  армандайды.  « Күллі  ғажайыптардың  ішіндегі  ең  тамашасы- жақсы  тәрбиеленген  адам»  деген  болатын  грек  философы  Эпикет.  Бала  әр  ата-ананың   болашағы.  Ол  оның  өмірінің  жалғасы.

-          Бала  деген  кім?

1.      Бауыр  етіміз

2.     Болашағымыз

3.     Үмітіміз

4.     Сүйенішіміз

5.     Өміріміздің  жалғасы

6.     Ізбасарым

7.     Мұрагерім

8.     Көмекшім

9.     Ақылшым т. б.

Біздің  ұрпағымыздың  күтеріміз  көп.  Олай  болса  тәрбие  үрдісінде  баламыздың  жат  қылықтардан  аулақ  болуын  қадағалауымыз  керек.  Жағымсыз  мінез  деген  сөзге  мән  беріп  көрейік.

Ата-аналар  жауабы:

1.     Еріншектік

2.     Жалқаулық

3.     Сараңдық

4.     Мақтаншақтық

5.     Күйгелектік т.б.

Біздің  балаларымыздың  адамгершілік, моральдық  бейнесі  әр  уақытта  көңіліңізден  шыға  бермейді.  Күнделікті  өмірде  ашуланшақ,әдепсіз  балалар  кездесіп  жатады.  Бала  өзінің  болашағы  екенін  ұғынатын  әр  ата-ана  өз  баласына  кө  көңіл  бөлуі  қажет. Меніңше,  әрбір  баланың  іс-әрекеті, тәрбиесі  отбасында  ата- ананың  жағымды  өнегесінен  қалыптасады. Сондық тан   баланың  бас  ұстазы  ата-ана. Ата –ана өз  баласының  тәрбиесі үшін  ел, халық  алдында  жауапкер.  Олай  болса  әрбір  ата-ана  өз  балаларының  парасатты,  білімді  азамат  болып  өсіуіне  қам  жасаулары   керек.  Кейбір  ата-ана  баласына «Әдепті  бала  бол,  үлкенді  сыйла»  деп  ақыл  айтады.  Ал  өздері  темекі  шегіп,  арақ  ішііп,  үй  ішінде  қарт  әжесіне  дөрекі  сөйлеп,  бетінен  алып   ренжіседі.  Гректің  ертедегі  ойшылы  Питак  «Өзің  ата-анаға  не істесең,  балаңнанда  соны   күт»  деген  екен.  Үйдегі  сол  тәрбиені  көріп  өскен  бала  өз  ата- анасына  не  сый   көрсетпек? 

Топқа  пікір  тастау

Сұрақтар  қою: 

-  Баланы  еркін  тәрбиелеген  дұрыс  па? 

- Баланы  қатаң  тәрбиелеген  дұрыс  па?

-  Қайсек  ұлымыз  ұлағатты ,  қызымыз  инабатты  болады?

Әрбір  бала  дара  тұлға.  Бала  тәрбиесінде  ата-ана  балаға  қысым  көрсетуден,  бала  көзінше  дөрекі  сөйлеуден,  жат  қылықтар  көрсетуден  аулақ  болу,  үлгі  болуы  керек.  Сонда  ғана  білімді,  жан- жақты  дамыған  ұрпақ  тәрбиелей  аламыз.

Бақытты  жанұяның  моделін  құру: 

1.     Сыйластық

2.     Мейрімділік

3.     Өзара  түсінушілік

4.     Татулық

5.     Сүйіспеншілік

6.     Денсаулық

 

 

Жалғасын тап

          1.Баланы қолдап отырса.......

   

2. Егер баланы үнемі сынап отырса.......

 

           3.Балалға үнемі күлсе......

 

            4.Бала кекшілдікте өссе........

 

            5.  Бала төзімділікте өссе........

 

                   Жағдаяттық тапсырмалар

1.Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?

2.Балаңыз мектептен жылап келді  «Мұғалім маған ұрысты»деп. Сіз не істер едіңіз?

3.Бала мен бала мектептен шығып келе жатқанда бір-бірімен төбелесіп қалды. Ол бала сіздің балаңыздың өте жақсы жолдасы еді.

Сіздің іс-әрекетіңіз?

4. Балаңыз өте жақсы оқиды. Бір күні сабақтан екі алып,мұғалімнің ескертпесі күнделігіне жазылып келді.Сіз не істер едіңіз?

 

Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Отбасы – бұл мектеп те ақпарат көзі, қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымы да, дос жарандары да. Отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті. Тіптен «балалық шақ» деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған бүлдіршіндер тәрбиесімен шектеседі.


Халық әні «Қара жорға» жәй әуенмен ойналып тұрады.


Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар! Жаңа оқу жылдарыңызбен! Біз сіздермен бірінші ата-аналар жиналысында кездескенімізге қуаныштымыз. Біз бен сіздерді байланыстырып тұрған әрине балалар. Сол балаларымыз аман болсын! Балаларыңыз тек сіздерді жақсы қылықтарымен қуанта берсін дей келе бүгінгі оқу жылындағы жиналысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.


Жиналысқа қатысқандар саны – 27

Қатыспағандар саны – 8

Бүгінгі ата-аналар жиналысымыздың тақырыбы: «Отбасы мен балабақша бірлігі»

Тақырыпшасы: Викториналық сұрақ-жауап: «Не? Қайда? Қашан?»


Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1.Психогимнастика «Күншуақ»

2.Дидактикалық ойын: «Менің атым немесе есімдер сыры»

3. «Отбасы мен балабақша бірлігі»

4.Викториналық сұрақ: «Не? Қайда? Қашан?»

5.Қорытынды «Қонаққа барғанда»


Бүгінгі ата-аналар жиналысымыздың хаттамасын толтыруға хатшы сайлайық.

1.Психогимнастика «Күншуақ»

Ата-аналар ортаға шығып шеңбер бойымен дөңгеленіп тұрады. Ортада жарқырап тұрған күннің сәулесі мен жылуынан біздің ата-аналарда, балабақшада да жайлы. Олай болса, әрқайсымыз мына ғажап баулар арқылы күннің жылуын қабылдайық. Күннің жылуын қабылдаған оң қолымызды жүрегіміздің үстіне қоялық. Күннің мейірім жылуы біздің өн бойымызға тарап, біздің жылуымыз көбейді. Енді осы жылуды қолдарымызды ұстасып, бір-бірімізге беріп үлкен шеңбер жасайық. Міне көрдіңіздер ме, кішкене күннің мейірім жылуын бір-бірімізге беру арқылы үлкен жарық күн де пайда болды. Әрдайым осындай күн шуағындай бір-бірімізді жылытып, бір-бірімізге мейірімді, сүйіспеншілікте болады.


2.Дидактикалық ойын: «Менің атым немесе есімдер сыры»

Сіздердің ата-аналарың сендерге ат қойды, есім берді. Әр адамның аты бір мағынаны білдіреді. Адам өз атын құрмет тұтады. Атын атап шақырған кімге де ұнайды. Ал енді сіздер өз аттарыңыз туралы не білесіздер? Осы мақсатта сіздермен дидактикалық ойын: «Менің атым немесе есімдер сыры» ойыны арқылы жақынырақ танысқым келіп тұр. Ойынның мақсаты: Ата-аналар өз аттарын айтады да оның қандай мағына білдіретінін сурет мазмұнымен көрсетеді.


3. «Отбасы мен балабақша бірлігі»

Қазақтың отбасы көбінесе көп балалы болып келеді. Осыған байланысты «Балалы үй базар» деген нақыл сөз де бар. Отбасы мен балабақшаны байланыстырып тұрған балалар. Бала ең алдымен отбасында ата-анасын танып, жақсы көреді. Кейін айналаны сезініп, көбірек білуге тырысады. Ең алғаш тәрбиені отбасынан алады. Отбасынан келген бала үшін топ ең алғашқы ұжым екенін ескере отырып, тәрбиеші балаларды жолдастыққа, достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Тәрбиеші топ балаларымен қандай қарым-қатынаста болса, балаларда бір-бірімен сондай қарым-қатынаста болады. Бүгін біз сіздерге «Отбасы мен балабақшадағы бақытты балалық шақ» деп аталатын көрме ұйымдастырып отырмыз.

  • Сіздер қалай ойлайсыздар, отбасы деген не?

  • Отбасы бір-біріне қамқорлық жасайтын, бәрі бірге тұратын үлкен адамдар мен балалар. Отбасы әртүрлі: үлкен де, кіші де болады.

  • Отбасы неге ұқсайды? Немен теңестіруге болады?

  • Бес саусаққа, үюлі жидекке, ағашқа ұқсайды.

  • Меніңше отбасы ағашқа көбірек ұқсайды. Олай болса, алдарымыздағы ағаш бөліктерін дұрыс орналастырсақ үлкен бір ағашты құрастырамыз.

  • Жемістер – балалар

  • Ал жеміс неде өседі?

  • Бұтақта

  • Жемістер кімге риза болып өседі?

  • Ата-анаға. Бұтақ – ата-ана

  • Ал бұтақтар да бірдеңеде өседі ғой?

  • Ағаш діңінде өседі. Ағаш діңі – ата-әже

  • Ағаштың мықты болып өсуі неге байланысты?

  • Тамырына байланысты.

  • Тамыры – үлкен ата-әжелерің.

Олай болса, дәл осы ағашты пайдалана отырып, «Қарлығаш» ересек тобының жаңашыр, ұйымшыл, ата-аналардың белсенді тобының құрамының тірек, мәулім ағашын құрастырайық. (Ата-аналар берілген тірек ағаш макетінен (тамыры, бұтағы, жапырақтары, діңі, алма) белсенді топ ағашын құрастырады.) Ата-аналардың белсенді тобының құрамы нешеу?

1.Төрайым

2.1-ші мүшесі

3.2-ші мүшесі

Міне, біз жаңа ата-аналардың белсенді тобының құрамының тірек ағашын қағаз жүзінде құрастырсақ, шынайы түрдегі ата-аналардың белсенді тобының құрамының тірек, мәулім ағашы міне.




4.Викториналық сұрақ: «Не? Қайда? Қашан?»

1.Балабақша күн тәртібін білесіз бе?

2. «Кітап баланың досы» дегенді қалай түсінесіз? (Стандарт, «өзін-өзі тану» пәні, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кестесі, келісім шарт, төлемақы,т.б.)

3.Жұқпалы ішек аурулары туралы не білесіз?


5.Қорытынды «Қонаққа барғанда»

Сауалнама: «Жанұядағы бала тәрбиесі»

Бүгінгі ата-аналар жиналысын қорытындылайық.


Ата – аналар жиналысының шешімі:

1.Жаңа оқу жылының жоспары бойынша балалар жұмысы тәрбиеші мен ата-аналар арасында бірігіп жүргізілсін.

2.Балаларға балабақшада беріліп жатқан сапалы білім мен тәрбиені отбасында жалғастыру ата-аналарға жүктелсін.

3.Балалардың тазалығы мен денсаулығына көп көңіл бөлінсін.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!