Материалдар / АТА-АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

АТА-АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада отбасы психологиясының ерекшеліктеріне талдау жасалынған. Ата-ана мен бала арасындағы қырым-қаытнас, ондағы туындайтын негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары қарастырылған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


А.А.КЕРИМБЕКОВА

«АВИМЕД» көпсалалы колледжінің оқытушысы


АТА-АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС


Түйіндеме: Мақалада отбасы психологиясының ерекшеліктеріне талдау жасалынған. Ата-ана мен бала арасындағы қырым-қаытнас, ондағы туындайтын негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары қарастырылған. Қазіргі кездегі отбасындағы ата-ананың баламен қарым-қатынас жасауда жіберетін қателіктері баяндалып, осы жіберілген қателіктерді шешу жолдары арқылы заманауи үлгілі отбасының картинасын бейнелеу жолдары көрсетілген.


Кілт сөздер: отбасы психологиясы, ұлтық тәрбие, психологиялық сараптама.


А.А.КЕРИМБЕКОВА

преподаватель многопрофильного колледжа «АВИМЕД»


СОВРЕМЕННАЯ КАРТИНА ОТНОШЕНИЙ РОДИТЕЛЕЙ И ДЕТЕЙ В СЕМЕЙНОЙ ПСИХОЛОГИИ


Резюме: В статье анализируются особенности семейной психологии. Рассмотрены взаимоотношения родителей и детей, основные проблемы, которые в них возникают, и пути их решения. Описаны ошибки, допускаемые родителями в современной семье в общении с ребенком, и показаны способы изображения картины современной образцовой семьи через способы решения этих ошибок.


Ключевые слова: семейная психология, народное воспитание, психологический анализ.


А.А.KERIMBEKOVA

teacher of the multidisciplinary college «AVIMED»


Resume: The article analyzes the features of family psychology. The relationship between parents and children, the main problems that arise in them, and ways to solve them are considered. The mistakes made by parents in a modern family in communicating with a child are described, and ways of depicting a picture of a modern exemplary family through ways to solve these mistakes are shown.


Key words: family psychology, public education, psychological analysis



Кіріспе. Қазіргі таңда заманауи отбасындағы жалпы психологиялық ахуал, ата-ана мен бала арасындағы өзара ынтымақтастық мен түсіну, түрлі мәселелердің туындауы және олардың оңтайлы шешімін табу аса маңызды болып саналады. Жас ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы, ең алдымен, ата-анадан, отбасы –ошақ қасынан басталмақ. Дана қазақтың «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек, соның ішінде отбасынан, ата-анадан алған үлгі-ө-өнеге балалардың тұлғалық қасиеттері мен отбасы, отбасылық қатынастар, отбасылық сыйластық пен үйлесімділіктің қалыптасуына негіз болады. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы болғандықтан, ол әлеуметтік дамуда маңызды рөл атқаратын құрылымдардың бірі. «Отан отбасынан басталады» деген даналықты айтқан халқымыз үшін отбасының қоғам өмірінде алар орны ерекше. Отбасы – тек бала-шаға дүниеге келіп, оларды тәрбиелейтін қоғамдық және рухани ошақ емес. Отбасында бала әлем жайлы алғашқы білімді алады, оның мінезі, жүріс-тұрысы, қажеттіліктері, қызығушылықтары, құндылықтары, адамгершілік идеалдары мен түсініктері, өзгелерге деген қарым-қатынасы қалыптасады. Отбасы – бірліктің, берекенің, кіршіксіз тазалық пен адамгершілік қасиеттердің ордасы. Осындай береке мен бірлікке толы, құрметті де, сыйлы отбасының қалыптасуында жас ұрпақтың бойында қалыптасқан отбасы құндылығы жайлы түсініктердің маңыздылығы ерекше. Әрине, жастардың отбасы жайлы түсініктерінің қалыптасуы – олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына, ой-түсініктері мен бағамдарына, өз отбасынан алған тәрбиесі мен дүниетанымына тікелей байланысты болып келеді. Жастардың отбасы туралы түсініктері және болашақ отбасы өміріне дайындығы қай кезде де болмасын өзінің өзектілігін жоймайтын мәселе. Қазіргі таңда жастар әлеуметтенудің бір қиын кезеңінде өмір сүріп жатыр. Кейбіреулерінің отбасы шырқы бұзылып, ата-анасы болашақ отбасылық өмірге лайықты тәжірибе беріп жатқан жоқ. Осының салдарынан елімізде отбасы және отбасылық қатынастар құндылығының беделі төмендеуде, дүниеге бала әкелу саны азайып, ата-ана қамқорлығынан айрылған балалар саны артуда, толық емес отбасылар, баласынан бас тартушы аналар көбеюде. Бала тәрбиесіне жеңіл қарайтын, мойнына өз баласын азамат етіп қалыптастыру жауапкершілігін алмаған ата-аналарды, отбасындағы дау-жанжал, ұрыс-керістерді көріп өскен балалар есейгенде отбасын құруға жасқанады. Отбасы қатынастары, отбасы үйлесімділігі сияқты құндылықтарды бала өз отбасынан меңгеріп, оны болашақта өз отбасына алып келетіндігі ғылыми дәлелденген.

Мақсаты. Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасын, тәрбиесін, түрлі сезімдерін, оларды түсіну және қабылдау ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Ата-аналардың отбасында бала тәрбиелеу типтерін ұлттық кодты жаңғырту арқылы жетілдіру тетіктерін қарастыру. Тәрбиелеу –қоғамдық-тарихи тәжірибені балаға берудегі іс-әрекет; адамның даму шарттарын қамтамасыз ететін, қоғамдық өмірге, еңбекке даярлайтын, белгілі бір таным-түсініктерді, әлеуметтік ұстанымдар мен құндылық бағдарды қалыптастыру мақсатында баланың мінез-құлқы мен санасына мақсатты жоспарлы және жоспарсыз кез келген сәтте әсер ету арқылы жүретін күрделі жүйелі үрдіс. Ата-ананың отбасылық тәрбиесі негізінде балаға қоғамдық тәжірибені игерту нәтижесінде оның субьективті әлемін дамытады. Отбасылық тәрбие негізінде баланың қоғам туралы таным түсініктері, құндылықтар жүйесі қалыптасып, күнделікті өмірде кездесетін қиыншылықтар мен сынақтарды жеңу арқылы жеңіске жету, өмірдің мағынасын ұғыну пайда болып қалыптасатынын жеткізу.

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері: Отбасы психологиясы – психологиялық білімнің қалыптасу үстіндегі жаңа саласы. Отбасы тыныс-тіршілігін оңтайландыруға, ерлі-зайыптылық қатынастар мен бала-ата-аналық қатынастар үйлесімділігін арттыруға, отбасында бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуге деген әлеуметтік сұраныс аталмыш пәннің қарқынды дамуына себепші болды. Жаңа ғылыми пәннің – отбасы психологиясының қарқынды дамуының өзектілігі – қазақстандық отбасылардың жалпы психологиялық атмосферасының нашарлауымен, отбасылық қызметтердің бұзылуымен, отбасылықдау-жанжалдың артуымен байланысты. Отбасының мұндай жағымсыз беталысы әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен: әлеуметтік жүйелердің тұрақсыздығымен, материалдық жағдайдың төмендігімен, Қазақстанның көптеген аймақтарындағы кәсіби жұмыссыздық мәселелерімен, отбасының дәстүрлі қалыптасқан рөлдік құрылымының және ерлі-зайыптылар арасында рөлдік қызметтердің өзгеруімен түсіндіріледі.[1:152] Демографиялық жағдайдың өзгеруі – дүниеге бала әкелу санының азаюы – жалғыз бала тәрбиелейтін отбасылардың көбеюіне себепші болып отыр, мұндай отбасында жалғыз өскен баланың тұлғалық дамуында қиындықтар туындап, балада коммуникативті құзыреттілік жеткілікті дамымайды. Ажырасу санының күннен күнге артуы – некеге тіркелген 1/3отбасылардың көңілі жараспай, ажырасып кетуі бүгінгі таңда аса күрделі әлеуметтік мәселелердің біріне айналды. Ажырасу – маңыздылығы жойылмайтын аса қиын мәселе. Ажырасу – стрессогенділігі жағынан өмірдегі қиын жағдайлардың ішінде басты орынды алады. Ажырасу және отбасының ыдырау нәтижесі –жалғыз басты аналардың көбеюі. Көп жағдайда толық емес отбасылардың ауыртпалығын ана көтереді, осының салдарынан тәрбие де нашарлайды. Ажырасудың және толық емес отбасыларда бала тәрбиелеудің психологиялық салдары – Мен-концепциясының бұзылуы, жыныстық-рөлдік иденттіліктің қалыптасуының бұзылуы, аффективті бұзылыстар, құрбықұрдастармен және отбасымен қарым-қатынастың нашарлауы. Келесі маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі – ресми емес (азаматтық) некелер санының артуы болып табылады. Азаматтық некені қалаудың басты себебі – ерлі-зайыптылардың отбасы, бала үшін жауапкершілік алуға дайын болмауы болып табылады. [1:177] Осыған байланысты, азаматтық некеде тұратын отбасы көп жағдайда деструктивтілігімен, жанжалға бейімділігімен, қауіпсіздік деңгейінің тӛмендігімен ерекшеленеді. Тағы бір күрделі әлеуметтік мәселе – ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың, соның ішінде әлеуметтік жетімдердің (ата-аналары болғанымен) көбеюімен байланысты. Қазіргі таңда мұндай балалар саны 500 мыңға жуық. Отбасында қарым-қатынастың аз болуы, эмоциялық жылылықтың тапшылығы, ата-аналардың баласының қажеттіліктері, қызығушылықтары мен проблемалары жайлы хабардар болмауы, отбасында ынтымақтастық пен ымыраластықтың жетіспеушілігі баланың дамуында едәуір қиындықтар тудырады. [1:179] Ата-аналық қызметтерді тәрбиелік мекемелерге, (балабақша, мектеп) сонымен қатар, арнайы шақырылған қызметшілерге (бала күтуші) артып қоюға, бала тәрбиелеу үрдісінен алыстауға беталыс артып келеді. Отбасы психологиясының теориялық негізі әлеуметтік психология, тұлға психологиясы, даму психологиясы, педагогикалық психология, клиникалық психология саласында жүргізілген зерттеу нәтижелері болып табылады. Психологиялық зерттеулердің түрлі салаларынан алынған ғылыми білімдер жүйесі, отбасына психологиялық көмек көрсету және отбасылық кеңес беру тәжірибесі қазіргі отбасылық психологияның теориялық негізін құрды.[1:185] Заманауи отбасы психологиясының міндеттері: - өмірдің әртүрлі кезеңдеріндегі отбасының қалыптасу заңдылықтарын және оның қызметтік-рөлдік құрылымының дамуын зерттеу; - некеге дейінгі кезеңді, некелік серіктесті іздеу және таңдау ерекшеліктерін зерттеу; - ерлі-зайыптылық қатынастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу; - бала-ата-аналық қатынастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу; - баланың әртүрлі жас кезеңдерінде дамуындағы отбасылық тәрбиенің рөлін анықтау; - отбасының қалыпты емес дағдарыстарын зерттеу және оларды жеңу стратегияларын жасау. Қазіргі отбасы психологиясы мен отбасылық психотерапияда отбасын талдауға қатысты екі теориялық ұстанымды бөлуге болады. Бірінші ұстаным бойынша отбасы – ортақ және әртүрлі қызығушылықтары бар индивидтер тобы, отбасылық контекст тұлғаны әлеуметтендіру және дамыту ортасы ретінде түсіндіріледі. Отбасын осылайша түсіндіру – отбасы психологиясының дербес сала ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңіне тән және ол белгілі бір дәрежеде мінез-құлықтық тәсілдемеде және психоанализде көрініс табады. Екінші ұстаным бойынша отбасы біртұтас жүйе ретінде қарастырылады және талдау «бірлігі» отбасы болып табылады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.[7:276] Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бӛліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған. [3:86] Қазақ отбасы тәрбиесінің құралдары дегенде халық ауыз әдебиетін, ұлттық ойындар, айтыс және шешендік сөздерді, ойын-сауықтарды т.б. айтамыз. Қазақ отбасында жоғарыда аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудағы ежелден қолданып келе жатқан өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Олар: балаларға қайырымды, ізгі қатынас жасау, сыйлау адамгершілік сезімдеріне әсер ету, өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту, реніш, наразылық білдіру, тыю, айыптау, бұйыру, еркелікте кінәсін мойындату, түсіндіру, мысал келтіру, үлгі-өнеге, ғибрат айтуды есептейміз. Қазақ отбасында ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасына тән жарасымдылық олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз. [5:350] Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болады.[5:350] Сондықтан заманауи отбасылар ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие арқылы балаға қарым-қатынас жасаса, үлгілі отбасының психологиялық картинасын шығаруға болады.

Қорытынды. Қорыта айтқанда жаһандау үдерісінің уақыт кеңістігінде өмір сүріп келе жатқан заманауи отбасында бала тәрбиесі қиын әрі күрделі процеске айналғаны жасырын емес. Мінез-құлқы қиын балалардың көбеюі ең алдымен ата-аналардың отбасында балаға дұрыс қарым-қатынас жасай алмауының салдарынан екені мәлім. Сол себепті де бұл мақалада аталмыш мәселелерді шешудің дара жолы ол ұлттық кодты жаңғырту, ұлттық тәрбие мектебін жандандыру арқылы ата-ананың балаға дұрыс қарым-қатынас жасай алатынын дәлелдеу. Осының негізінде отбасы психологиясында ата-ана мен бала арасындағы қырым-қатынастың заманауи картинасын қалыптасыруға болады.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психология. Алматы. Рауан. 2012.

  2. Бэндлер Р., Гриндер Дж., Сатир В. Семейная терапия. – М.: Институт Общегуманитарных Исследований, 1999. – 160 с.

  3. Каирова Б.К. Әлеуметтік психология. Костанай. 2008. 86 б. 16.

  4. Бес ғасыр жырлайды: двухтомник. — Алматы: Жазушы, 1989. — 496 с.

  5. Калиев С., Жарыкбаев К. Казахское обучение и воспитание. — Алматы: Санат, 1996. — 350 с.

  6.  Нургалиев Р.Н. Философский словарь. — Алматы: Ана-тілі, — 423 c.

  7. КоянбаевЖ., ҚоянбаевР.М. Педагогика. — Алматы: Жалын, 1995. — 276с.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ