Материалдар / Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша психологтарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
522
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СұАта-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері.



Қуанышкереева Нұрайша Қуанышкерейқызы

Атырау обылысы,Исатай ауданы, Жанбай селосы

10 «Балдәурен» балабақшасы. II-санатты педагог-психологы.


Мақсаты:Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың  ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар  арқылы көрсету.

Көрнекіліктері:Слайд, қағаздар, шам, жаднама, карточкалар.

Тренинг бағдарламасы:

1. Есімдер аллитерациясы.

2. Баяндама. «Отбасы – өмір аясы».

3. «Біз біргеміз!» жаттығулар.

4. Cіздің өміріңізде бала қандай орынға ие? (Сауалнама).

5. « Суретті аяқта» жаттығуы.

6. «Қай ағашты таңдайсыз».

7. «Өз жұлдызыңызды табыңыз».

8. «Тілек шамы».

9. Ой- толғаныс.

Тренинг барысы:

І. Ата-аналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.

1.2. Есімдер аллитерациясы.

Мақсаты:Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.

Шарты: Жаттығу танысу үшін жасалынады. Әркім кезекпен өз есімін атап, есіміне қоса өзінің бойындағы қасиетін айтады.

Әр адамның таныстыру сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.

ІІ. Баяндама. «Отбасы – өмір аясы».

         Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы  отбасынан  басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда:

        «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен  қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде  отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

       Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде  ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында  мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

         Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі  - баланың ата-анасын     ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

         Бала – ата- ана өмірінің жалғасы.    Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Жазушы – педагог Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. »

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп

Кешкенің өмір босқа тек - дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.

         Сондықтан да ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

ІІІ. « Біз біргеміз!»  жаттығулар

Мақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.

Қызықты сұрақтар  /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Тәрбиешісінің толық аты- жөні?

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы не?

5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз балабақшаға қай жылы қабылданды?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз 1-ші сыныпқа қашан барады?

10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?

11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

12. Балаңызға дене тәрбиесінен кім сабақ береді?

13.Балаңыздың бірге ойнайтын досы кім?

14.Балаңыздың сүйікті ойыншығы?

15.Сіздің балаңыз агрессивті ме?

16.Балаңызбен қарым-қатынасыңыз  екі жаққа бірдей қанағаттандырарлық па?

17.Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?

18. Балаңыздың сүйікті мультфильмі?

19.Балаңыз балабақшаға неше жасында келді?

20.«Балам үшін барлығына дайынмын» деп ойлайсыз ба?

IҮ . Cіздің өміріңізде бала қандай орынға ие? (Сауалнама).

(Қолыңыздан келе ме?)

  Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.

а) қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймын .

ә) қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймын .

б) қолымнан келмейді .

1.  Кез-келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап, балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?

2.  Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?

3.  Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?

4.  Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?

5.  Егер баланың қылығы Сіздің ашуыңызды келтірсе, өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?

6.  Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?

7. Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды ханша немесе би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?

8. Бала кезіңізде болған оқиғаны тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?

9. Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әрқашан айтпау қолыңыздан келе ме?

10.  Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?

11. Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?

12. Егер де Сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа, елеп-ескермеу Сіздің қолыңыздан келе ме?

13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұрап тұрса, Сізден осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?

Кілті: а – 3 ұпай; б – 2 ұпай; в – 1 ұпай

16 ұпайға дейін – баланы тәрбиелеуде Сізде үлкен мәселелер бар. Сізге не білімділікке, не ойға жиі мән бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз. Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет. Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.

16-30 ұпай – Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе – ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс жүзінде Сіз оны әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде Сіз тым қаталсыз, кей жағдайда – тым жұмсақсыз. Баланы тәрбиелеуге мән берген өте қажет деп ойлаймыз.

30-39 ұпай – бала – Сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық. Сіз баланы түсінуге және білуге тырысасыз. Балаға сыйластықпен қарап, тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда, Сіздің іс-әрекетіңіз түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.

 

Y. « Суретті аяқта» жаттығуы.

Бірінші адам суретті салып бастайды, келесі адам суретті жалғастырады, солай ойын жалғаса береді. Мен шапалақ ұрғанда, сіздер нені қаласаңыздар соны саласыздар. Шапалақ ұрғанда суретті көршіңізге беріңіз. Сосын тағы да шапалақ ұрып, келесі адамға жалғастырыңыз. Сөйтіп сурет қағаз иелеріне келгенше жаттығу жалғасады.

Талдау:

  1. Туынды ұнады ма?

  2. Біреудің салған суретін жалғастыру қиын болды ма?

  3. Туындыны қалай атар едіңдер?



























YI. Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)







Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз.



Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз.

Сіз қандай екенсіз?

  1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз.

Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңіздің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз.

Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. 

3. Ақылды және ойшыл жансыз. 

Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін. 

4. Зерек жансыз.

Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді. 

5. Сенімді жансыз.

Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз. 

6. Мейірімді және сезімтал жансыз.

Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз. 

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз.

Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз. 

8. Әдемі және қайратты жансыз.

Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз. 

9. Жолы болғыш адамсыз.

Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз. 

YII. . «Өз жұлдызыңызды табыңыз».

Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап,бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұхият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.

А) ата-ана алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады.

Ә) жұлдыздарға болашақта баласын қандай адам ретінде елестетінін жазады.

ҮІІI. «Тілек шамы».

Мақсаты:тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

-Құрметті ата-аналар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен  балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.  «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

IX. Ой-толғаныс.

       Қорыта айтқанда, отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенімін қалыптастыру қажет. Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң – онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң – онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң онда бала тәрбиеле».Тәрбие ешқашан үзіліс, демалыс күндерді білмейді.Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.

 

 









































































































1 жасында бала өз тәнін қабылдап, игере бастайды. 3 жасында адамға тән қызметі, өзінің «Мені» ерекшеленеді. Жанындағы адамдармен өзін салыстыру жеке-даралық сезімін қалыптастырады. Оған үлгі болатын ата-анасы, оларға ұқсауға тырысып, мінез-құлықтарына, жүріс-тұрыстарына еліктейді. Өзіндік «Мен» сипатында белгілі деңгейге көтеріледі-шынайы «Мен», « Пәк Мен».

Ал Сіз ше? Өзіңізді қалай бағалайсыз? «Мен» әлеміңіз қандай? Жауап беріп көруіңізге болады.... Оған төмендегі әдістер көмектеседі.



Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

(Мына шеңбердің қайсысының ішінде тұрар едің, соған «МЕН» деп жаз).

Кілті: алдыңғы үшеуі-өзіңді шамаңнан артық бағалайсың;

соңғы үшеуі-өзіңді төмен бағалайсың, өз-өзіңе сенімің аз;

ортаңғы шеңбер-адекватты баға, өмірдегі өз орнын біледі.

«Мен және менің әлемім» әдістемесі.









































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!