Материалдар / Ата-ана,бала,мұғалім біріге отырып түзете дамыту жұмыстары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата-ана,бала,мұғалім біріге отырып түзете дамыту жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білімді балалармен жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2021
273
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНДЕ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРҒА ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ.

Қалбергенова Нұргүл Батырханқызы.

Қызылорда қаласы «Сыр жұлдызы»

балабақшасының сурдопедагог.



Қазіргі кезде есту қабілеті бұзылған балалардың санының артуы, бұл балаларға деген ерекше көңіл бөлуді қажет етіп отыр. Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда және сурдопедагогтардың жаттығуларын жаңа әдістерді пайдалануды талап етті. Бұл әдістер балалардың қызығушылығын арттырумен қатар,естуіне сөйлеуге деген талпынысын дамытуға көмектеседі.

Білім беру мен тәрбие мазмұнының кеңеюіне, түрленуіне байланысты оқыту мен дамыту, тәрбиелеу мәселелерінің аспектісінің өзектілігі анық байқалуда. Білім беру мазмұнының негізгі бөлшегі дамыта оқыту мектепке дейінгі кезеңде және мектептегі білім беру мен тәрбиелеу ісінде кеңінен қолданылуда.

70-80-ші жылдардағы дамыта оқытудың ғылыми негіздері А.В. Запорожец, П.Я. Гальперин, Л.А. Венгердің зерттеулерінде анық байқалады [1,2]. Сөйлеудің,естудің физиологиялық ерекшеліктері туралы зертелген мәселелер мазмұнында ғылыми тұрғыда дәлелденген И.П.Павловтың екінші сигналдық жүйе арқылы адам тіл арқылы қоршаған ортаны таниды, қоғамға араласады [3]. Білім беру үрдісіндегі балабақша түлегіне білім мен оның жетістігін игерту қарым – қатынас құралы – сөйлеу тілінің көмегімен жүзеге асырылады. Сөйлеу тілін дамыту жүйесіндегі негізгі жағдайлар алға қойылған мақсат- міндеттерді шешуге қажетті үйлесімді деңгейдегі педагогикалық – психологиялық жағымды жағдайларды туғызу болып табылады. Сөйлеудің қарым- қатынастар бірлігіндегі қалыптасатын қоғамдық мәселе ретінде қарастырылғанымен, әлі де болса зерттеулерді қажет етеді. Қазіргі қоғамдық дамудың барысы педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу: мектеп жасына дейінгі есту қабілетінде бұзылысы бар балаларға түзету жұмыстарын жүргізу.


Бір процедураның ұзақтығы баланың жасына, сөйлеу тіліндегі бұзылыстың ауырлығына, жеке ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Бірінші сеанстардың бастапқы ұзақтығы 1-2 минуттан 5-6 минутқа дейін, ал соңғысы 15-20 минутқа дейін созылады. Сәби шақта массажды 10 минуттан артық жасамайды, ал мектепке дейінгі жаста – 15 минут.



1.Сипалау. Бұл әрбір процедура басталатын міндетті тәсіл. Оны басқа да тәсілдермен кезектестіреді және онымен әр массаж кешенін бітіреді. Тәсілдің мәні келесідей: сипалау кезінде қанайналым күшейеді, бұлшықет тонусы төмендейді, тыныс алу реттеледі. Логопедиялық массажда негізінен сипалаудың үш тәсілі қолданылады. Бұл беткейлік, тереңдетілген және көмекші тәсіл ретінде ескектік сипалау.

2.Уқалау. Бұл тәсіл шағын шектеулі бөліктерде, жеке бұлшықет топтарының бөлшектерінде жүргізіледі. Массаждалатын ауданға белгілі бір күш түсірумен жасалынып, ұлпалардың созылуы жүреді. Мұндайда қанайналым күшейеді, ұлпалардағы зат алмсу процесстері жақсарады, бұлшықеттердің тонусы жоғарылайды. Орындау техникасы: уқалауды сұқ саусақтың және ортаңғы саусақтың немесе бас бармақпен орындауға, саусақтарды қысып жасауға болады. Қозғалыс тура және спираль тәрізді бағытта жүреді [2,5] .

3.Ширату. Бұл тәсіл уқалау сияқты жеке бұлшықет топтарында жүргізіледі. Ширату бұлшықет жұмысын максималды түрде белсендіреді. Ол ұлпаларды қамту, бұру, қысу, шымшу, уқалау арқылы жүргізіледі. Ширату кезінде бұлшықет тонусы жоғарылайды, олардың жиырылу қызметі күшейеді. Орындау техникасы: ширатуды басбармақтың немесе сұқ саусақпен жүргізеді [2,5].



4.Вибрация және шайқау. Вибрация ұлпаішілік алмасуды өзгертеді, ұлпалардың қоректенуін жақсартады. Қатты вибрация бұлшықеттердің тонусын жоғарылатады, ал әлсіз – төмендетеді. Шайқауды май жасунықтары аз, нервтер шығатын жерлердегі беттің аймақтарында жасайды (маңдай, төменгі жақ, ). Орындау техникасы: вибрация бір, екі немесе барлық саусақтармен жүргізіледі, мұндайда ұлпаларға әр түрлі жиілікті тербелмелі қозғалыстар әсер етеді. Шайқауды сұқ саусақтың және ортаңғы саусақтың көмегімен жүргізеді, бұл қозғалыс қарқынды ұру сияқты көрінеді. [2, 5]

кесте 1


Артикуляциялық аппараттың динамикалық бірлестіктерінің қозғалысы


Тапсырма құрылымы

Орындалуы

Барлықтапсырмалардыкөпретқайталаукерек, тапсырманыорындағаннанкейінбіріккенқозғалысфункциясынсөйлеубарысындазерттеу. 1. Тісін қайрау, тілін шығару, аузын кең ашу

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қозғалыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қозғалысты шатастыру,қозғалыстың біркелө-ілігінің бұзылуы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта алмайды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

2. Аузын кең ашу, тілді жоғарғы тіске және төменгі тіске көтеріп, ұстап тұру.

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қозға-лыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қоз-ғалысты шатастыру,қозғалыстың біркелкілігінің бұзылуы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта ал-майды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

3. Жалпақ тілді астыңғы ерінге қою, тілді кесеге ұқсатып көтеру, оны ауызға кіргізу

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қозға-лыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қоз-ғалысты шатастыру,қозғалыстың біркелкілігінің бұзы-луы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта алмайды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

4. Ауызды кең ашу, ерінді жымиту, түтікше жасау

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қозға-лыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қозғалысты шатастыру,қозғалыстың біркелкілігінің бұзы-луы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта алмайды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді

5. Ауызды кең ашу, жартылай және оны толық жабуын сұрау

Ескеру: дұрыс орындады; бір қозғылысты екінші қоз-ғалыстың басуының көрінуі, бір қималда тоқтап қалуы, қозғалысты шатастыру, қозғалыстың біркелкілігінің бұ-зылуы, тілдің қатаюы, тілдің дірілдеуі, тілді дұрыс қозғалта алмайды, бір артикуляциялық жаттығудан екіншісіне оңай көшеді






Біз өткізген тексеріс келесі спецификалық ерекшеліктерді көруге мүмкіндік берді: артикуляциялық аппараттың қоғалыс функциясының полиморфты бұзылысы, қозғалыстың координациясы мен басқаға ауысуы, әсіресе еріннің, тілдің жұқа дифференциациасының бұзылысы, неврологиялық белгілерге байланысты тонуста біріккен бұзылыстың болуы. Зерттеудің нәтижесі дизартриясы бар балаға логопедиялық массаждың дыбысты айтуын түзету барысындағы орнын айқын көрсетеді.

1 саты- бетке арналған массаж:

Бетке арналған массаждың өзінің бағыты болады:

  1. Қастан бастап шаш сызығана дейін.

  2. Маңдайдан иекке дейін

  3. Көздің ішкі бөлігін айнала қабаққа дейін және дәл солай кейін қарай қайталау

  4. Мұрын ұштарынан иек бөліктеріне дейін

  5. Еріннің бұрыштарынан құлақ қалқанына дейін айналдыра жасау

  6. Иектен бастап кұлаққа дейін

  7. Алдыңғы мойынана төменнен жоғары қарай кейін жоғарыдан төмен қарай және дәл осылай екі қапталына дейін жасау

  1. Сипалауды қолдану әдісі

Жуамын, жуамын

Қасымды ысқылап

Жуамын, жуамын

Маңдайды сабындап

Жуамын, жуамын

Айнала көзімді

Жуамын, жуамын

Мұрнымның ұшынан

Иекке жеткенше

Содан сон су барып

Құлаққа жеткенше

Айнала жуамын

Мойынға қарайық

Кір болып

Ұялып қалмайық

Осы тақпақ арқылы массжды жасауды бастаймыз. Бірінші, қастан бастап маңдай сызығына дейін төрт саусақ арылы, содан кейін шаш сызығының бойымен қолымыздың алақан бөлігімен төрт саусағымызбен жасаймыз. Осы араларды төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай сипалау арқылы массаж жасалады.

Көздің ішкі бөлігін айнала қабаққа дейін және дәл солай кейін қарай сипалау массажы жаңағы маңдай сызығынан қас ойымен төмен келе көз бұлшықетінің ішкі бөлігінен айналдыра, төршінші және үшінші саусақ арқылы әлсіз сипалау арқылы уқалайды.

Еріннің бұлшықеттерін сипалау арқылы уқалау. 2-3 саусақтарымыздың жастықшалырмен оң және сол қолдарымызбен алма кезек жасаймыз. Ерніміздің тұсындағы бұлшықеттерді сипалау керек. Оны екінші саусағымыз еріннің үстінде, ал үшінші саусақ еріннің астында, осылай саусақтар еріннің бұрышында жолығады. Осы бұыштан құлақ қалқанына дейін жалғасып кетеді.

Иекті сипалау. Қолымыздың алақан бетімен, саусақтарының арасы ашық күйінде иек пен ерінді ұстайды. Екінші саусақ жоғарғы ерінде, үшінші саусақ иектін шұңғылын, ал төрт пен бесінші саусақ иектін астында сәл бүгінкі қалпында құлақ қалқаншасына дейін барады.

Мойынның және иектің алдыңғы бөліктерін сипалау арқылы уқалау. Қолдың алақан бөлігімен саусақтардың ұштары сәл бүгілінкі қалпымен төменнен жоғарыдан төмен қарай жасалынады.

  1. Ысқылауды қолдану әдісі

Жуамын, жуамын

Маңдайды сабындап,

Жуамын, жуамын

Мұрнымның ұшынан

Иекке жеткенше

Содан сон су барып

Құлаққа жеткенше

Айнала жуамын

Маңдай бұлшықеттерін екінші және үшінші саусақ жастықшасымен ысқылау арқылы орындау. Қалған мұрын, ерін, иек бөліктерін уқалау екінші және бесінші саусақтарымыз арқылы орындалады. Кейде бірінші саусақтың жастықшасымен қосып жасауымызға да болады. Осы қимылды 3 не 5 рет қайталау.

  1. Ширатуды қолдану әдісі

Бетіміз лас болып

Ұялып қалмайық

Тағы да бір жуып

Ширатып алайық

Екінші және бірінші саусақ жастықшаларының көмегімен(қалған саусақтар жұдырықтап жұмулы) төменгі мұрын мен ерін аралығына майда шымшу арқылы жоғары қарай көтеріледі. 2-3 рет қайталап орындайды.

Вибрация және шайқау. Дірілдетуді вибрацияны бір саусақпен немесе бірнеше саусақпен бір орынға қадап жасайды.

Діріл үздіксіз және үздік-үздік болып екіге бөлінеді.Үзіліссіз дірілдеткен кезде массаж жасаушы адам қолын тканьнен бір сәтке де ажыратпайды,ал үздік-үздік дірілдетіу кезінде қолын денеден бір мезгіл ажыратып тынықтырып отрады. Бұл тәсілді массаж жасап отырған қолды бір орыннан ауыстырмай немесе бұлшық ет талшықтарының таралу бағытымен тік не көлденең бағытта қозғалта отырып орындауға болады. Тканьнің жоғарғы бетін ғана немесе оның тереңірек бетін дірілдетеді. Екінші саусағымызбен бір нүкенідірілдете шайқау арқылы орындалады. Бұл массаж түрін еріннің жоғарғы бұрышы мен екі бұрышын дірілдете отырып, астыңғы ерінге де, төменгі ерінге де жасау.

Осы массаждардан кейін мимикалық 1-2 жаттығуларды жасап жіберген тиімді болады.


2 саты- тілге арналған массаж:

Жуамын, жуамын

Тісімді ысқылап

Жуамын, жуамын

Қалмасын тісте қақ.

Тілім қалып қоймағын

Ұйықтатып алғансын

Жұмысқа тез кіріссін

Жуынды балаңыз

Анашым қараңыз.

Тілге массаждың 3 түрін қолдануға болады:

  1. Сипалау

  2. Ширату

  3. Вибрация

Массажды сипалаумен аяқтау керек.

кесте 2




Осы жұмысты қорытындылай келе, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің арнайы білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде бағыт-бағдар ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Адамның дамуы күрделі және үздіксіз мәселе екенін айтыс тудырмайды. Есту қабілеті төмен балалардың сөйлеу тілінің бастапқы негізін қалыптастыру сурдопеагогтың шығармашылығына тікелей байланысты.


Мектеп жасына дейінгі ерекше балалармен жұмыс жасау тәжірибе барысында байқағанымыздай олардың сөйлеу арқылы дыбыстарды айту дағдыларының қалыптасуында ерекше роль атқарды. Мұндай балалар дыбысты жекелей айтқанда қиналмағанымен, жалпы сөздерді айтқанда кедергілерге тап болады. Зерттеу жұмысының нәтижесінде әрбір сабақтың бөлшегі ретінде логопедиялық массажды жүйелі пайдалану ерекше балалардың сөйлеу тілін дамытуда қолайлы екендігіне көз жеткіздік.

Бала қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатысу, өз ойын толық жеткізе білуді сөйлеумен жүзеге асырады. Қазіргі кезде логопед,дефектолог,сурдопедагог мамандардың тек қана арнайы мектептерде ғана емес жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына да көмегі сөзсіз.



Осындай жаттығу жұмыстардың нәтижесінде баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығы оқу бағдарламасын игеру үшін психологиялық дамудың қажетті және жеткілікті деңгейімен сипатталады.Мектепте оқуға дайындықты қалыптастыру жұмыстарын ең алдымен ата – анасы одан кейін балабақша ұжымы ұйымдастырады.


Зерттеу жұмысында сурдопедагогтың жұмыстар мен зерттеу (эксперимент) жүргізілді.Эксперимент барысында мектеп жасына дейінгі ерекше білімді қажет ететің балаларда сөздердегі дыбыстар енжар анық айтылмаған болатын, емдік сауықтырулар мен массаждардан кейін сөздердегі дыбыстар әлде қайда анық естіле бастады. Бұл зерттеу жұмысымызда логопедиялық массаждың балалардың өз-өздеріне жасай алатын тұстары қарастырылды. Осындай массаж түрі балалардың қызығушылығын арттыра отырып, тиімділігі анықталды.


Жүргізілген зерттеу зерттеу нәтижелері бірқатар ұсыныс жасауға мүмкіндік берді:

Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық қырларын түбегейлі шешіп, қарастыру мүмкін емес, келешекте мектеп жасына дейінгі есту қабілетінде бұзылысы бар балаларға емдік сауықтыру шараларының мәні мен маңызын ашу, сол тұрғыда массажды қолодану барысын дербес зерттеуді қажет етеді. Әрбір бала үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Запорожец А. В., Маркова Т. А. Воспитание и обучение в детском саду. – М.: Педагогика, 1999. – 558 с.

  2. Төребаева К.Ж., Балтымова М.Р. Логопедия негіздері. Оқуқұралы. – Ақтөбе, 2011. – 248 б.

  3. Төребаева К.Ж., Балтымова М.Р. Арнайы педагогика. Оқуқұралы. – Ақтөбе, 2011. – 300 б.

  4. ӨмірбековаҚ.Қ., ОразаеваГ.С., ТөлебиеваГ.Н., ИбатоваГ.Б. Логопедия. Оқулық. – Алматы,2011. – 648б.

  5. ӨмірбековаҚ.Қ., ӨмірбековаС.Ж. Фонетикасыжәнефонематикасытолықдамымағанбалалардыоқытужәнетәрбиелеубағдарламасы. – Алматы,2004. – Б.- 64,156.

  6. ЕрмекбаеваЛ.К., НығметоваҚ.Н. Баланыңмектепкепсихологиялықдайындығынайқындау. – Алматы, 2005. – 177б


ВолковойЛ.С.Логопедия. – Москва, 2004.

  1. 1.   Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері //Дефектология. 2011. №3. 17 б.

  2. 2.  Кальпебаева Г. Психикалық дамуы тежелген балаларды ақыл-есі төмен балалардан ажырату. //Дефектология. 2010. №4. 15 б.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!