Материалдар / ата-анаға арналған тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ата-анаға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша психологтеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
974
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Менің отбасым-сыйластық, жарастық орнаған ортам»

Мақсаты:

Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімдерін көтеруге көмектесу.

Міндеттері:

-ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын арттыру;

-балаларын мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар:ақ парақ, үлестірмелі қағаздар, доп.

Тренинг барысы:

-Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерді көргеніме сондай қуаныштымын. Бүгін өткелі отырған «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту» атты тренингке қош келдіңіздер.

1. «Танысу» жаттығу.

Мақсаты:Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.

Шарты: Жаттығу танысу үшін жасалынады. Әркім кезекпен өз есімін атап, есіміне қоса өзінің бойындағы қасиетін айтады.

Әр адамның таныстыру сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.

2. «Сәлемдесу» жаттығуы.

Ата-аналар шеңберге тұрып баспен,бетпен,иықпен, мұрынмен, арқамен түйістіріп амандасады.

3. «Кім мәреге бірінші жетеді?» жаттығуы.

Ортаға 3 ата-анадан шығып, ізді басу арқылы балаларына жақсы , еркелететін сөздер айту керек. Мысалы: құлыншағым, ботақаным, жұлдызым, т.б.

4. « Суретті аяқта» жаттығуы.

Бірінші адам суретті салып бастайды, келесі адам суретті жалғастырады, солай ойын жалғаса береді. Мен шапалақ ұрғанда, сіздер нені қаласаңыздар соны саласыздар. Шапалақ ұрғанда суретті көршіңізге беріңіз. Сосын тағы да шапалақ ұрып, келесі адамға жалғастырыңыз. Сөйтіп сурет қағаз иелеріне келгенше жаттығу жалғасады.

Талдау:

  1. Туынды ұнады ма?

  2. Біреудің салған суретін жалғастыру қиын болды ма?

  3. Туындыны қалай атар едіңдер?

  1. Сауалнама

  2. Эмоциялық жаттығу.

Шаршадым «Ух!» дедім

Ренжідім «Тух!» дедім

Қорықтым «Ой!» дедім

Өкіндім «Ах!» дедім

Шарасыз «Ех!» дедім

Таңырқап «О!» дедім

Қуанып «ха-ха-ха!» дедім.

  1. «Мен өзімді мадақтаймын» жаттығуы.

Мақсаты: Өзін-өзі бағалауын көтеру, эмпатияны дамыту.

Уақыт: 10 минут

Нусқау: Мен әрқайсыңыз өзіңізді бір нәрсе үшін мадақтауыңызды сұраймын. Қазір көп мадақтауды қажет ететін уақыт, бірақ бұл өте сирек кездеседі. Қазір өзіңді-өзің мадақтауға мүмкіндік туғалы отыр. Сондықтан басталық, мен бастайын «Мен өзімді еңбекқорлығым үшін мадақтаймын....».

Талдау:

Өзіңізді мадақтау қиын болды ма?

Қандай сезімде болдыңыз?

  1. Флешмоб

  2. «Тілек білдіру» жаттығуы.

«Міне, қоштасатын да сәт жетті, ата-аналар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талмекені. Отбасы , ұшқан ұя-жылылықтың, жылулықтың түзу болуы үшін « Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Бір-біріңізге тілек айтасыздар, яғни тілек айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс-қимылмен тілек білдіресіз.

Қорытынды:

Абай Құнанбаев «Адамның адамшылдығы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан» болады дейді, сондықтан балаларымызға үлкен жауапкерші-лікпен қарап, жеке тұлғаның дамуына үлес қосайық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!