Біз қандай
анамыз?
Қандай? Сізді бір рет те болса
осы сұрақ толғандырды ма?Мүмкін бос уақытыңыз болмаған шығар.Оның
үстіне сұрақ та түсініксіз ,бір түрлы қызық сұрақ.Дегенмен
дәрігерлер балаға барлық дәруменнің ішінен
«А»дәруменінің (бұл жерде «А» ана сөзінің
қысқарған түрі)орны бөлек деп атап көрсететіні тегін емес.Бірақ та
«А» дәрумені балалар үшін бірдей емес,оның құрамы әр түрлі.
Біз,аналар,қандаймыз? Мүлде біркелкі емес,бір-біріне
ұқсамайтын,бір-бірін қайталамайтын, әр түрлі... Сондықтан балалар
әртүрлі аналармен өмір сүреді.Бірақ осы әртүрлі аналардың өзінің
баламен қарым-қатынасында кейбір ұқсастықтары
бар.
Қазіргі таңда психологтар
аналарды әр түрлі тәрбие стилдеріне қарап төрт түрге
бөліп,топтастырып отыр.Соның ішіндегі ең оңтайлы варианты
– Сабырлы,байсалды аналар- бұлар өз кезегінде
керемет аналардың эталоны секілді.Ол жауынгерлік күзет орнында
тұрған сақшы тәрізді-өз баласы жайлы әрдайым барлығын біліп,дер
кезінде көмекке келуге дайын тұрады.Баласының мәселесін тез әрі
сондай бір аналық қамқорлықпен оңай шешетіні соншалық,тіптен оның
жақындары да мұны сезбей қалып жатады.Бірақ балаға маңыздысы сол,
бала ізгілік пен мейірімділік құшағында өсіп қана қоймай,күннен
күнге гүл аша түседі.
Сабырлы,байсалды аналарға
қарама қарсы аналардың типі –Беймаз
аналар.Олар үнемі әлденеден
сезіктеніп,өзінен өзі күйгелектеніп жүреді.Ол баласына ешқандай
қауіп жоқ болса да, денсаулығына кінарат түсіп қала ма, не балам
бірдеңеге ұрынып қала ма деп сезіктенумен болады.Қысқаша айтқанда
аналардың мұндай беймаз,мазасыздығы отбасының өмірін біртіндеп
улайтын у мен бірдей.
Беймаз
ана мен
Мұңды
аналардың өзіндік ұқсастықтары бар.Екеуі
де үнемі әлденеге көңілдері толмай
жүреді.Айырмашылықтары:біріншісі-баласының болашағымен басы
қатса,екіншісі – тек өзінің болашағын ойлаумен болады.Баланы өзінің
жолындағы масыл, жолын байлау ретінде көріп,жүйкесі жұқарумен
болады.
Соңғы,төртінші типі
– Өз-өзіне сенімді,өктем
аналар.Мұндай аналар өзіне баладан не
керек екенін анық та нық біле отырып бала өмірге келгенге дейінгі
өз өміріндегі саналы түрде құрып қойған жоспарларынан еш бас
тартпайды.Мұндай аналардың балалары ешқашан өзін жеке тұлға ретінде
көрсете алмайды.Бұл аналардың негізгі типтері ғана. Бірақ бұлардың
кейбірі сіздің өзіңізді еске түсірері сөзсіз.Енді сіз бір пәске
болса да ойланыңыз: Сіз қандай анасыз? Сізбен оған жақсы ма? Не
өзгертуге болатыны ойланыңыз. Балаға қандай ана
керек?
Ең мейірімді,ең әдемі,ең
нәзік,ең әділ,бір сөзбен айтқанда, ең жақсы,таңдаулы. Бала да ана
үшін ең,ең... сүйікті болуы қажет.
Біз қандай
әкеміз?
Бала тек «а» дәруменімен ғана
шектелмеуі тиіс.оның жан-жақты дамуы үшін «А» және «Ә»
дәрумендерінің толық комплексі болуы қажет,бұл жерде «Ә»
дәрумені,әрине «әке» атауының қысқартылған
түрі.
Әкелер де аналар секілді әр
түрлі болып келеді: сабырлы,бірқалыпты,өзіне-өзі
сенімді,өктем,беймаз,мұңды.....
Бір қарағанда әкелердің аналар
түрінен айырмашылығы жоқ секілді.Бірақ бұл бір қарағанда ғана.Ал
шын мәнінде ерлердің мінеқұлқында өзіндік ерекшелігі болады.Және де
олар өз рөлдерін түрліше атқарады.Төменде біз баланың көңіл күйіне
кері әсер тетін әкелер типінің бірнеше түріне тоқталып
өтеміз.
-
«Әке-ана»-балаға анасындай
қамқоршы.Анасының барлық міндетін өз мойнына алады.Бірден әке
де,ана да болғысы келеді.Бірақ бұл оның қолынан үнемі келе
бермейді.Мұндай сәттерде ол ашулы,ұстамсыз болып кетеді(істеген ісі
көңілінен шықпаған кезде)Барлығ өз арнасына түскен сәтте ол өте
мейірімді,қамқор.Мұндай типті әкенің баласы оның көңіл күйіне
бағынышты болады.Ал әкенің көңіл күйі өзгермелі болады да бала
тәрбиесіне кері әсер берері сөзсіз.
-
«Ана-әке» - мұндай әкелердің
мақсаты-балаға қайтседе көбірек ұнау,сондықтан бала көбіне оның
мойнында емес,төбесінде отыратын болады.Бір мезгілде ол әкенің де
,ананың да міндетін қолынан келгенше атқарып қамқор болады.Балаға
бар мүмкіндік береді,бәрін кешіреді,айтқанының барлығы
орындалады.Бірақ бұл шектен тыс жұмсақтықтың «медальдің екінші
жағы» секілді бала тәрбиесіне кері әсер ететін екінші жағы да
болмай қоймайды.
-
«Әзірейлі
әкелер» -қорқынышты
әке,қатал,өктем,оның басты тәрбие құралы-қамшы.Мұндай әке бар
отбасында бала үшін негізгі ұғым – үнемі «қорқыныш,үрей»,Бұл үрейлі
қорқыныш баланың жанын жабықтырып, тығырыққа тірейді, балада шектен
тыс тұйық мінез қалыптасады.Ол өзінің болмашы қылығы үшін жаза
күтіп тұрады, үнемі болмашы қылық үшін жазалаудың қалыпты жағдайға
айналуының түбі орны толмас өкінішке
ұрындырады.
-
«Қатты
жаңғақ» - әкелердің тағы бір
типі,ешуақытта бітімгершілікке бармайтын, оның негізгі ережесі –
«менікі әруақытта дұрыс», оныкі дұрыс болмаса да дұрыс, ол бір
алынбас қамал,шын мәнінде де «қатты
жаңғақ».
-
«Ұшып-қонып тұрған желөкпе
әкелер» - мұндай әкелер отбасында
бірге тұрғанымен әлі өздерін әке ретінде сезіне білмегендер.Ол үшін
әзірге бала деген тек анасы айналысатын үйдегі қонақ қана .Ал ол
бұл қонаққа өзінің «алтын» уақытының тек болмашы бір бөлігін ғана
амалсыздан бөледі.Оның өмірі бала туылғанша қандай болса сол
күйінде өзгеріссіз өте береді,балаға деген қамқорлықпен басын
қатырмайды.
-
«Мейірімді
жалпақшешей» - бір қарағанда баланың жолы
болған секілді көрінеді.Мұндай әке тек әке ғана емес, баланың әрі
ағасы,әрі досы секілді.Онымен әрі қызық,өте көңілді,тез тіл
табысасың.Ол кез келгенмен тіл табысып кете алады.Бірақ өзгелерге
жағамын деп жүріп,өзгелердің жағдайын жасаймын деп жүріп өзінің
әкелік парызын,отбасы алдындағы міндетін ұмытып кетіп жүреді,
бұл,әрине анаға ұнамағандықтьан отбасында ұрыс-керіс пайда
болады.Ал бала болса,іштей әкесіне жаны ашығанымен өзгертуге шама
жоқ,іштен тынады.Бұндай атмосфера бала психикасына өз әсерін
тигізетіні анық.
-
«Бар,жоғы белгісіз
әкелер» -әке емес,нағыз
манекен.Отбасында өзіндік орны,рөлі жоқ, әйелінің көлеңкесі
ғана.Билік әйелдің қолында,ол «отыр» десе,отырады, «тұр»
десе,тұрады.Әйелімен қарым-қатынасты үзіп алудан қорыққандықтан ең
қиын сәттерде де ол бел шешіп,баласы жағына (балаға ең бір қажет
болған кезде) шыға алмайды.Сондықтан бала әкесінің бар,жоғын біле
алмай дал болған қалпында өмір сүре
береді.
Біз сіздің назарыңызды өмірде
жиі кездесетін Әкенің кейбір түрлеріне ғана аудардық. Бұлардың
қатарынан Сіз өзіңізді тануыңыз мүмкін,немесе кейбір белгілері
сізден табылып жатар...
Ал әзірше сіз ойланып
көріңізші,Сіз қандай әкесіз?Шын мәнінде әке осындай болуы керек
пе?
Шындығында балаға қандай
Әке керек?
Әрине,
ең,ең...
Ең мейірімді,ең әділ,ең батыл
және батыр...
Бір сөзбен айтқанда – ең,ең
керемет... Және бала да оның көзімен қарағанда ең,ең... болуы
керек. Ең мейірімді,ең әділ,ең батыл,ең... Бәрінен де бұрын ең
сүйікті болуы керек!Иә,ең бастысы –ең
сүйікті!