Материалдар / Ата-аналар жиналысы "Отбасы -тәрбиенің ұясы" 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысы "Отбасы -тәрбиенің ұясы" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға ата-аналармен жиналыс өткізуге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
9689
25 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата -аналар жиналысы

 Отбасы -тәрбиенің ұясы

Ата- аналар жиналысы:

 

Отбасы- тәрбиенің ұясы

 

Мақсаты:

            Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру; 

Түрі:  топтастыру

Көрнекілігі: стикер, нақыл сөздер; тест тапсырмалары, қағаз қалам.

 

 

 

Жоспар

1.  Тренинг: шаттық шеңбері

2.  Кіріспе сөз: Ата- ананың басты қуанышы бала

3.  Ата аналамен ойын өткізіледі.

4.  Қорытынды.

 

 

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар!

Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр.

Тренинг: 1. Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

2 Кіріспе сөз: Ата- ананың басты қуанышы- бала.

Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни

 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

 

 2. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

 

    Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда стикер бар. Сол стикердің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек.

Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

 

 3. Ата - аналарға «Сіз қандай ата - анасыз?» тест.

Олар балалармен қарым - қатынас барысында неғұрлым жиі сөздерді белгілеу қажет.
- Мен саған қанша рет айтамын? 1бал

- Маған кеңес бере қойшы, айналайын! 1 бал

- Мен сенсіз не істер едім?! 1 бал

- Бұл не тағы? 1бал

- Біз бәрін бірге ойласатын достармыз ғой? 1 бал

- Кімге тартқан бәлесің өзің? 1бал

- Мен сендей кезімде.. 1бал

- Сен менің тірегімсің, қолқанатымсың! 2бал

- Сенің жаныңдағы қандай достар осы? 1бал

- Сен не ойлап отырсың? 1 бал

- Ұлым (қызым), сен қалай ойлайсың, жұрттың баласы бала сияқты, ал сен болсаң… 1бал

- Ақылдымсың ғой сен менің! 2 бал

Жауаптары: 7 - 8 балл - Сіз өз балаңызбен жүйелі түрде қарым - қатынас жасап отырмасаңыз да, ол сізді құрметтейді. Сіздің көзқарасыңыз оның тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.
9 - 10балл - Балаңыз сізді құрмет еткенімен әрқашан ашық сөйлесе бермейді. Оның тұлғалық дамуы кездейсоқ жағдаяттар ықпалынан болмақ. 11 - 12балл – Сіздің бала тәрбиесіне мұқияттылау болғаныңыз жөн. Балаңыз сізді құрметтейді, бірақ ол, ата - ананың аялы алақанына, жылы сөздеріне зәру. 13 - 14балл - Сіздің бала тәрбиесіне байланысты ұстанған жолыңыз дұрыс емес екенін өзіңіз де білесіз. Балаңыз бен сіздің араңызда сенімсіздік бар - оған көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, оның сөздеріне құлақ асыңыз. Мұғалім: Біздің тестіміз істің шын жағдайына қатысты емеурін ғана, сіздің қандай ата - ана екеніңізді өзіңізден басқа ешкім жақсы білмейді.

Қорытынды:

Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.

 Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады.

Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.

 Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

4. Ата аналар комитетін сайлау

5.Әр түрлі мәселелер.
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!