Материалдар / Ата-аналар жиналысының жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
624
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: «№5 А. Байтұрсынов атындағы ЖОМ» КММ

Мерзiм: 6. 12. 2017ж. № 19 Мұғалiм: Абаева Н.Т Сынып: 11 «А» Оқушылар саны:24

Тақырып: Ата-анаң алтын тұғырың. Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілділік, ізгілік, аянбай қызмет ету.

Мақсаты: оқушыларға ата-анаң алтын тұғырың екендігін сүйіспеншілік құндылығы арқылы мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға ізгілік туралы түсінік беру

Дамытушылық: оқушылардың бойында жақсы көру және кішіпейілділік қасиеттерін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды аянбай қызмет етуге тәрбиелеу


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Материалдар, дерексөздер, үнтаспа, маркер, ватман, бейнебаян, оқулық, үлестірме қағаздар.

Сабақ барысы: Сабақтағы 5 «Т»-ны сақтау

  1. Тәртіп

  2. Тазалық

  3. Талап

  4. Татулық

  5. Тыныштық

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену. Мұғалім: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұр ішіндемін... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру №18 өткен сабақты талқылау

  1. .Дәптермен жұмысты тексеру

  2. Отбасын сүю үшін бойымызда қандай құндылық басым болу керек?

  3. Отбасының берекелі болуы кімге байланысты?

  4. Отбасын құру үшін адамдар қанша уақыт бірін-бірі білу керек деп ойлайсыңдар?

  5. Отбасын құру үшін ата-ананың келісімі қажет пе?

  6. Қызыл жебе әңгімесінегі Ізбайшаның бойында қандай қасиеттер басым?

  7. Ізбайшаға күш беріп тұрған қандай сезім?

  8. Отбасы берік болу үшін ерлі-зайыптылардың бойында қандай қасиеттер басым болу керек?

Ескерту


Дәйексөз.

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.

Ғ. Мұстафин

.Қазақ халқының әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Дәйексөзді оқушылар хормен үш рет айтады

  1. Ата-аналарыңа сүйісеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?

  2. Ата-ананың қадірін білесіңдер ме?

  3. Ата-ананың балаларына деген сүйіспеншілігі қандай?

  4. Халық қадірін білмес дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?



Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат) Мұғалімнің сыйы

Ананың жалғыз хаты


Анасының үйге кеткеніне екі-үш күн өтпей-ақ Гүлзейнеп одан хат алды. Кешкілік жұмыстан қайтқанда, әдеттегідей почта жәшігін ашып, ішіне қолын жүгіртті. Газет-журналдармен қоса қолына қомақты бір хат ілікті. Бұл қайдан келген «семіз хат?» деп Гүлзейнеп сәл таңырқай конверт сыртына көз жүгіртіп еді, адресі ауыл жақты жазбаған адам еді, әлде жүрегінің сырқаты қайта ұстап қалды ма?! » - деп қауіп ойлап, баспалдақтармен жоғары көтеріліп келе жатып -ақ бөлмеге жеткенше шыдамай көрсетіп тұр. Әрі хат жазған қол – өз анасыныкі екенін таныды. «Не боп қалды екен?» - деп, тағатсыздана конверттің шетін жыртып ашты. Үйге кіре сала бірнеше бетке созылған хатты оқи бастады.

«Балам», – деп бастапты анасы хатын. - Осыны алған беттен-ақ сенің шошып кеткеніңді сеземін. Себебі бұдан бұрын саған хат жазып көрген жоқпын ғой, жалпы балаларымның бірде - біреуіне осы кезге дейін хат жолдамаппын. Бәлкім, оның қажеті де болмаған шығар. Әлде ақ қағазды алдына алып отырған адам тек имандай шынын ғана жазуы керек деп ойлайтыным тежеп келді ме. Яки, мына біздер, соғыс дегеннің өзінің де, одан кейінгі бар-жоғының да азабын тартқан әйелдер – нені де болса іште сақтауды әдетке айналдырып үйрендік пе, кім білсін. Әйтеуір, қолыма қалам алуым да, осы хатты бастап жазуым да өзіме оңай соқпады. Бірақ әйтеуір саған бір септігі тие ме деп, сол ауыртпалықтың бәрін жеңгендей боп, осы хатымды жазып отырмын.

Балам, мен ауылға кеткенде көңілің қатты басылып қалғанын байқадым. Менің де, шынымды айтсам, еңсем түсіп, ет-жүрегім езіліп, ауылға құр сүлдем жеттім. Неге сонша мүжілгенімді білмеймін. Әйтеуір, осы жолы бәрінен бас кешіп кеткім де келді. Бес баланы асырап-бағудың қиындығын әкеңнің барында онша сезбесем керек. Тұрмыстағы қиын нәрсе сендерге жейтін нан, киетін киім тауып беру ғана емес-тін. Біреуден ілгері, біреуден кейін бізде өлмес күнімізді көрдік қой. Жаман атқа қалмай, әйтеуір сендердің беттеріңе шіркеу түсірмей, қатарыңнан кем қылмай өсіруге тырыстым. Әкең марқұм соғыстан алып келген жарадан қайтты ғой. Көзін жұмарда, «Екеумізді табыстарған тағдырға алғыстан басқа айтарым жоқ. Бес бірдей баламен артымда жалғыз қалып бара жатқаның жаныма бәрінен де қатты батады. Ақылың бар адамсың, сен жыламай жүрсең мен де о дүниеде тыныш жатамын.....» -деп кетіп еді. Бірақ қанша қиналсам да, мен сендердің көздеріңді жәудіретіп қойған емеспін. Қайта әкеңнің айтқан сөзі мені жерге қазық қаққандай шегелей түсті. Оның адалдығымен адамгершілігін өмір бойы кіршіксіз ұстандым. Баласына жақсылық тілемейтін ата-ана бар ма өмірде? Е, е... қарағым өмірді алып жүру де мемлекетті басқару ісі секілді қиын шаруа... Орыс халқының бір әдемі сөзін оқып едім: «Еркек үйдің бір бұрышын ұстап тұрады, қалған үш бұрышты тіреп тұратын – әйел» деген...... Сол сөз өте орынды айтылған деп ойлаймын.....» .

Соңғы сөздерді оқығанда Гүлзейнептің көзінен үлкен жас тамшысы тырс етіп хатқа тамып, бірталай жазуды айғыздап, жайылып бара жатты.

  1. Анасы неліктен қызына хат жазды?

  2. Гүлзейнеп жазылған хат анасынан екенін байқағанда қандай сезімде болды?

  3. Гүлзейнептің анасының бойында қандай қасиеттер басым?

  4. Ананың балаларына деген сүйіспеншілігінен нені байқауға болады?

  5. Ананың: «Е, е... қарағым өмірді алып жүру де мемлекетті басқару ісі секілді қиын шаруа...» деген сөзін қалай түсінесіздер?

  6. Баланың анаға деген сезімінен не байқадыңыздар?Риясыз сүйіспеншілік адамдарды дұрыс әрекетке бастайтыны ақиқат па ?

  7. «Еркек үйдің бір бұрышын ұстап тұрады, қалған үш бұрышты тіреп тұратын – әйел» орыс дана-сөзінің түпкі мағынасы неде?

  8. Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?


Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушыларды түрлі-түсті фигуралар арқылы 4 – топқа бөлінеді. Мақал-мәтелдерді жалғастырады.

1-топ: Ата-ананың қарызы, ұрпақтың ........................

2-топ: Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің,

Ағайынның қадірін ............................................

3-топ: Ана алдында құрмет, ата алдында ............

4-топ: Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атаңа ауыр..................................................

Бейнебаян көрсету: «Ата-ананың қадірі»




Топпен ән айту.

«Ата-Әже » әнін айту

Әні: Айжігіт Асановтікі

Сөзі: Әлібек Темірханов


Қалмасын деп қатардан, ойлайтынын сезем мен,

Айналайын атамнан, айналайын әжемнен,

Мақтанбаймын бекер мен, өшпейсіңдер санамнан,

Айналайын анамнан, айналайын әкемнен,

Күн сияқты ашылар, қамқоршылар осылар.


Қайырмасы:

Ата, әже, мен сіздерді сүйіп өсемін,

Ана, әке, силаймын ғой бәріңді,

Мен сендерге қарап өсемін.


Қанша көрдім дегенмен, көрмегенім көп менің,

Қанша білдім дегенмен, білмегенім көп менің,

Мен дегенде ештеңе, аямайтын осылар,

Таңертең де, кешке де аялайтын осылар,

Қалай жаман боламын, мен бақытты баламын.


Қайырмасы:

Ата, әже, мен сіздерді сүйіп өсемін,

Ана, әке, силаймын ғой бәріңді,

Мен сендерге қарап өсемін.


Үй тапсырмасы. 1. Дәптерде берілген нақыл сөздерді басшылыққа ала отырып эссе жазу.

2. Келесі сабақ; «Менің атым - Қожа» әңгімесін оқу



Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен ойнатылады.

Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2

  1. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтаймыз



Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. «Өзін-өзі тану» оқулық 11-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.

    2. «Өзін – өзі тану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. 11-сынып. «Бөбек»Алматы,2010жыл.

    3. «Өзін-өзі тану»оқушының дәптері 11-сынып. «Бөбек».Алматы, 2010жыл

    4. Аңыз әңгімелер жинағы 52б.

    5. Қазақ мақал-мәтелдері 25бет

    6. Назарбаева С.А. Самопознание КZ журналы. 2016жыл шілде 35б.








Өзiн-өзi тану сабағы



Мектеп «№5 А. Байтұрсынов ЖОМ» КММ. Мерзiм:6. 11.2017ж Сабақ № 9-10

Тақырып: Жақсылық жан жадыратады

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау. өзіне-өзі сену, отбасындағы, мектептегі парызын орындау

Мұғалiм: Абаева Н. Т. Сынып: 9 «Ә» Оқушылар саны:24

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жақсылық жан жадырататынын дұрыс әрекет құндылығы арқылы мәнін ашу

Міндеттері:

- оқушыларды басқалар туралы жамандық ойламау керектігін түсіндіру;

- әр оқушының бойында өзіне-өзі сену қасиеттерінің дамытуына ықпал ету;

-оқушыларды отбасындағы, мектептегі парызын орындауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы: Сабақтағы 5 «Т»-ны сақтау

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

    1. Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?

    2. Еңбек етуде адамның қандай ерекшеліктері байқалады?

    3. Еңбек етуде шығармашылық шабыт не үшін қажет?

    4. Адам қабілетін қалай дамытуға болады?

    5. Аңыз әңгімедегі Ықылас қандай адам?

    6. Ықыластың іс-әрекеттері дұрыс па?

    7. Ағайындыларға қандай кеңес берер едіңдер?

    8. Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз.

Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең,

Көңілің ашылады. М. Әлімбаев.

  1. Көзің ашылады дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Жақсы адамдар қандай болады?

  3. Көңілің ашылады дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Жақсы адамдады қалай тануға болады?

  5. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


Әңгiмелеу (сұхбат). Мұғалімнің сыйы Аңыз әңгіме

Жақсылық пен Жамандық

  Ертеде Данышпан  ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.
Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:
- Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, - десе, Жамандық:
- Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, - дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. 
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:

Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, - дейді.
 Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
- Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді.
Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
 Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:
- Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Данышпан  ата ұрпағын алдына шақырып алып:
- Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, - деп батасын береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.

1. Данышпан ата не үшін өз ұрпағын сынайды?

2. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

3. Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?

4. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

5. Жақсылық жасау адамның міндеті ме, әлде парызы ма?Конец формы

6. Аңыз әңгімедегідей жағдай сіздердің де бастарыңыздан өтті ме?

7. Жақсылық жасау адамның несіне байланысты?

8. Аңыз әңгімеден қандай ой түйдіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқулықтағы Абайдың қара сөзін оқып танысу

Дәптермен жұмыс; берілген аффирмацияларды белгілеп жазу және ақын, жазушы, суретші, ғалым – осылардың адамдарға жасайтын жақсылықтары туралы жазып сахналау


  1. Топпен ән айту. Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.



  1. Үй тапсырмасы. 1. Дәптермен жұмыс, 2. Келесі сабақ; «Сөз құдіреті» әңгімесін оқу


Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен ойнатылады.

Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2

  1. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтаймыз



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарты. Алматы 2010

  2. «Өзін-өзі тану» 9-сынып оқушыларына арналған «Бөбек» Алматы 2010

  3. «Өзін-өзі тану» оқулығы 9-сынып «Бөбек» Алматы, 2010 жыл.

  4. «Өзін-өзі тану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. 9-сынып «Бөбек» Алматы, 2010

  5. «Өзін-өзі тану, Самопознание» KZ 1-2 бет

  6. «Өзін-өзі тану» оқушыларға арналған дәптері «Бөбек» Алматы 2010



































«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған биология

сабағының жоспары


Мектеп: «№5 А. Байтұрсынов атындағы ЖОМ»

Мерзімі: 19. 12. 2017ж.

Мұғалім: Абаева Назира Турсыновна

Сынып: 6«А» Оқушы саны: 22

Тақырыбы: Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғатта өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалардың маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар туралы түсіндіру

Дамытушылық: оқушылардың бойында білімге деген қызығушылықтарын дамыттыру

Тәрбиелік: Оқушыларды шынайылыққа, жанашырлыққа, адамдарға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу


Ресурстар: (материалдар, көздері)

Оқулық, материалдар, фото суреттер, үнтаспа,

маркер, видеобейне

Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Балалар 5 «Т» ережесін есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып білуге талаптанып, татулықты ұстанып, тыныштықта сабақты өткізейік.

Сабақтағы 5 «Т»-ны сақтау

  1. Тәртіп

  2. Тазалық

  3. Талап

  4. Татулық

5. Тыныштық

Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Тыныштық сәті. Баяу әуен ойнатыладыМұғалім мәтінін оқиды.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ескерту




























Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Өткізгіш ұлпа - қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне риясыз сүйіспеншілікпен өткізеді. Ол екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – ксилема немесе ағаш сүрегі, тамырдың ақиқат құндылығы арқылы адалдықпен сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жерүсті вегетативті мүшелеріне риясыз қызмет ету арқылы жеткізеді.

Су туралы жапон ғалымы Эмото Масарудың ашқан жаңалығы бойынша су ақпаратты тасымалдаушы, яғни оның кристалдарына адамның ойы мен сөзі жазылып қалады екен.

Келесі бөлігі – флоема немесе тін – жапырақта түзілген органикалық заттарды шынайылықпен ерітіп, басқа мүшелеріне дұрыс әрекет құндылығы арқылы сенімді болып таратады.

Өткізгіш ұлпа жасушаларының пішіндері де түрліше болып өзгерген. Ұзынша жасушаның қабырғасы ағаштанған (сүректенген) қалың. Жұқарған жерлері (саңылауы) арқылы қоректік ерітінді екінші жасушаға жанашырлықпен өтеді.

Ч. Дарвин кезінде жасушаны тек қана қарапайым желі толы торсылдақ-деп болжаған. Одан кейін көп ұзамай микроскоп арқылы Роберт Гук өсімдіктің ең кішкентай бөлігі екенін анықтаған.

Жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелеріне риясыз қызмет сүйіспеншілікпен жеткізетін тірі жасушалар – сүзгілі түтіктер деп аталады. Жасуша органикалық заттарды барлық мүшелеріне сенімділікпен жеткіздіріп риясыз қызмет етіп отырады. Бұл жасушалардың қабырғаларында өте көп сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулар болады.

Өсімдікте өткізгіш ұлпа, тірек ұлпасы, қоректік ұлпа риясыз сүйіспеншілікпен бірлесіп, өткізгіш шоқ немесе түтікшелі – талшықты шоқ түзеді. Оларды жүйке деп атайды. Өткізгіш жасушалары сүректе орналасады. Сүзгілі түтік жасушаларының топтасқан бөлімі қабықта болады, сондықтан органикалық заттар қабықтағы өткізгіш ұлпалармен дұрыс әрекет құндылығы арқылы қозғалады. Минералды тұздардың судағы ерітіндісі жүйкедегі және сүректегі өткізгіш ұлпалармен ақиқат құндылығы арқылы қозғалып, өсімдік мүшелеріне сүйіспеншілікпен қызмет ету арқылы жеткізіледі. Күзде сүзгілі түтік жасушаларының саңылаулары уыз тәрізді затпен бітеліп, органикалық заттардың қозғалуы ішкі тыныштық құндылығын сақтап, өсімдік тыныштық күйде болады. Ішкі тыныштық құндылығы арқылы ырғақпен демалады, көктемде уыз тәрізді заттары ақиқат құндылығы арқылы адалдықпен еріп, органикалық заттардың қозғалысы дұрыс әрекет арқылы қайта басталады.

Бөліп шығарушы ұлпа. Өсімдікте орналасуына байланысты бөліп шығарушы ұлпа жасушаларының пішіндері әртүрлі. Жасуша қабықшасы қажетсіз заттарды бөліп шығару үшін жұқа күйінде тыныштық құндылығы арқылы шыдамдылықпен ұзақ сақталады. Керексіз заттар жасушада шектен тыс артық жиналғанда цитоплазмасы жойылып, қабықшасы қалыңдап, қиянат жасамай тозданады. Керексіз қалдық заттар өсімдік жапырақтарын түсіргенде, қабықтары сылынған кезде түгелімен қиянат жасамау құндылығы арқылы ақжарқындылықпен сыртқа шығарылады. Сондықтан оны бөліп шығарушы ұлпа дейді. Бөлінген заттар өсімдікті жанашырлықпен ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, дұрыс әрекет жасау арқылы малға жем болудан риясыз сүйіспеншілікпен сақтайды.

1. Өткізгіш ұлпа дегеніміз не?

2. Өткізгіш ұлпа қоректік заттарды не арқылы және қандай құндылық арқылы өткізеді?

3. Өткізгіш ұлпа неше бөліктен тұрады және бірінші бөлігі

қандай құндылық, қасиеттер арқылы жүзеге асады?

4. Екінші бөлігі жапырақта түзілген органикалық заттарды

қандай қасиетпен ерітіп, қандай құндылық арқылы таратады?

5.Жасуша органикалық заттарды қандай қасиет арқылы

жеткізіп отырады?

6.Қай мезгілде өсімдік тыныштық күйде болады?

7.Бөлінген заттар өсімдікті қандай қасиетпен неден сақтайды?

Үй тапсырмасы

9 36-37 бетті оқу.

Сабақтың қорытынды сәті

Оқушылар бүгінгі сабақты қорытындылай келе, өткізгіш ұлпа қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен, екінші мүшесіне риясыз сүйіспеншілікпен өткізіп отыратынын білдік. Жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелерге риясыз қызмет етіп, жанашырлықпен жеткізетін тірі жасушалар-сүзгілі түтік деп аталатынын шынайылықпен түсіндік. Күзде сүзгілі түтіктердің саңылаулары бітеліп, ішкі тыныштық арқылы ырғақпен демалады екен. Көктемде уыз тәрізді заттар ақиқат құндылығы арқылы арқылы адалдықпен еріп, органикалық заттардың қозғалысы сүйіспеншілікпен қайта басталатынын риясыз сүйіспеншілікпен түсіндік. Сабақтан алған білімдеріңізді және жақсы қасиеттеріңді риясыз сүйіспеншілікпен жүректеріңізде сақтаңыздар.

Сабақтың соңында оқушылар пікірлерін айтып, бір-біріне тілектерін айтты.




«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: «№5 А. Байтұрсынов атындағы ЖОМ» КММ

Мерзiм: 20. 12. 2017ж. 9-10 Мұғалiм: Абаева Назира Турсыновна

Сынып: 8 «Ә,Б» Оқушылар саны: 24

Тақырып: Кешірімділік көңіл кеңдігі

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету


Мақсаты: Оқушыларға кешірімділік көңіл кеңдігі екенін сүйіспеншілік құндылығы ақылы мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: Кешірімшіл болудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

Дамытушылық: Оқушылардың бойында шынайылық қасиетерді дамыттыру

Тәрбиелік: Оқушыларды адамдарға риясыз кызмет етуге тәрбиелеу


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы: Сабақтағы 5 «Т»-ны сақтау

  1. Тәртіп

  2. Тазалық

  3. Талап

  4. Татулық

  5. Тыныштық

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Орманға ойша серуен. Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап, отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың даусы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ене түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш, бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді және қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінесіз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырт, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Үй тапсырмасын тексеру

  1. «Кешірімшіл болу» дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Өкпелеп ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

  3. Сол сәтте өздеріңе назар аударып көрдіңдер ме?

  4. Адамдар арасындағы реніштің тууына не себепті болады?

  5. Күндестік, бақталастық деген сөздерді қалай түсінесің?

  6. Күншіл, қызғаншақ адамдарға қандай кеңес берер едің?

  7. Адам адамға тек қуаныш сыйлау керек деген сөзбен келісесің бе?

  8. Кешірімділік көңіл кеңдігі қандай құндылыққа жатады?


Ескерту


Дәйексөз.

Сүйегі жоқ балық болмайтын сияқты, кемшіліксіз адам болмайды. Лютер

Дәйексөзді оқушылар үш рет хормен айтады.

  1. Сүйегі жоқ балық болады ма?

  2. Кемшілік дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Сендер өз кемшіліктеріңді білесіңдер ме?

  4. Кемшіліксіз адам болмайды дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)

Емен жаңғағы

Қ. Толыбаев

Жалпақ жотаның етегіндегі кең қолтық қойнауда бұтақтары салалы, тарбиған емендер қаз-қатар өскен. Күздің аңыраған суық желіне бұлғалаңдаған жасыл жапырақтары ырқын берген емес. Ал пісіп жетіліп, түбі босаған жаңғақтары ырғаққа төзбей, жерге торс-торс түсіп жатады шашырап.

Кеш, тымық, желсіз. Қыбыр-сыбыр аз. Жоны жуан Еменнің торсиған бір жаңғағы торс етіп түсті де:

Бір жеріңіз ауырып қалған жоқ па?-деп, Жерге аялай үн қатты.

Кешіріңіз мен кінәлі емеспін. Мана соққан Жел түбімді босатып кетіпті. Еріксіз құлап түстім.

Абыржымай-ақ қой, ештеңе етпейді,– деп көңілін аулады Жер.

Мен нені көрмеді дейсің. Бір заманда жосыған қалың аттың тұяғы да айғыздаған жотамды. Зеңбірек те қабырғамды сөгіп, мылжа-мылжамды шығарған.Уақыт өте келе сол жараның бәрі тегіс жазылды. Қашан да Жер жарақаты тез оңалады.

Деңеңізде жараның дағы қалған жоқ па? – деп, Емен жаңғағы күрсініп жіберді мұңайып. Жаңғақ абыржыды.

Неге күрсіндің қарсұрып?..

Қанатымның жоқтығына өкінемін.

Қанатың болса, қайтер ең?

Онда ешкімге соқтықпай, қалықтай ұшып, алысқа жетер ем. Саған да салмағым түспес еді.

О, қияшыл екенсің... – деп, қарқ-қарқ күлді Жер. Емен жаңғағы өкпелегендей бұртия қалды.

Неге сонша күлесің?

Сенің аңқаулығыңа күлемін...

Қалайша?...

Бармақтай сен тұрмақ, маған мына нән жартастың да, анау таулардың да салмағы бұйым емес. Енді сені бауырыма басып, баптап өсіремін!..

Емен жаңғағы өзінше өніп, ағаш болып ұлғайып өмір сүретініне қуанды. Жердің мейірі түсті. Әйтеуір, шіріп жойылмайтынына сенді.


  1. Емен жерден неліктен кешірім сұрады?

  2. Жер неліктен бәрін көтере аламын дейді?

  3. Адамдар неліктен жерге риясыз қызмет етуі тиіс деп ойлайсыңдар?

  4. Сендер жерге қандай қызмет жасайсыңдар?

  5. Жерге қызмет жасағанда, жемісін байқадыңдар ма?

  6. Жаңғақтың бойында қандай қасиет басым?

  7. Егер сендер кінәлі болсаңдар не істер едіңдер?

  8. Мәтінен қандай ой түйдіңдер?


Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Мұғалім оқулықтағы «Күндестік құрысын» өлеңін оқиды.Оқушыларды 4 топқа бөлеміз; Күнделікті өмірде кездесетін кикілжіңдерді, 4 топ сахналап береді.

Дәптермен жұмыс.



Топпен ән айту. Айналайын
Сөзі: М.Шаханов. Әні: Е.Хасанғалиев
Өзің едің тірегім де
Жыр боп тудың жүрегімде
Мені сендей түсінетін
Кім бар екен бұл өмірде?!
Күн туса да толқымалы
Толқымалы, шалқымалы
Сен ешқашан өзгертпедің
Пікіріңді мен туралы

Әнім әнге жалғасын деп
Келеді арман алға сүйреп
Менің кемем өрге жүзсе
Сен қуандың алғаш рет
Астына алып қанатыңның
Нұрын шаштың жан отыңның
Мен мұңайған кезеңдерде
Қасымда ылғый сен отырдың

Саған мәңгі борыштармын
Көңіліме қоныстандың
Азаматтық ажарыңа
Мақтау айтсам намыстандың
Жарқын қушақ жайған, айым
Сеніміңе сай болайын
Маған сенген жүрегіңнің
Дүрсілінен айналайын



Үй тапсырмасы.

1. Дәптерде берілген тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ «Кешірімнің күші» мәтінін оқу


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Соңғы тыныштық. Баяу әуен ойнатылады.

Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтаймыз.





Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. «Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарты. Алматы 2010

    2. «Өзін-өзі тану» 8-сынып оқушыларына арналған «Бөбек» Алматы 2010

    3. «Өзін-өзі тану» оқулығы 8-сынып «Бөбек» Алматы, 2010 жыл.

    4. «Өзін-өзі тану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. 8-сынып «Бөбек» Алматы, 2010

5. «Хрестоматия» 25бет

6. «Өзін-өзі тану» оқушыларға арналған дәптері «Бөбек» Алматы 2010

7. Интернет httpS:///yandex. KZ/Search/?text=%D2%9A%DO





Ата-аналар жиналысының жоспары


Мектеп: «№5 А. Байтұрсынов атындағы ЖОМ»

Сынып: 8 «А»

Мерзімі: 10. 10. 2017ж.

Ата-аналар саны: 25

Мұғалім: Абаева Назира Турсыновна

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасылық тәрбиенің негізі»


Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтарды ата-аналарға мән- мағынасын түсіндіру

Міндеттері:

Білімділік: жалпыадамзаттық құндылықтардың психологиялық- педагогикалық негіздерін түсіндіру

Дамытушылық: Жалпыадамзаттық құндылықтардың аксиологиялық негіздерін ата-аналардың бойында дамыттыру

Тәрбиелік: Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде ата-аналардың рөлін көтеру


Ресурстары: (материалдары, көздері)

Оқулық, журналдар, дискет, бейне баян



Жағымды күйге келу. Баяу әуен ойнатылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын»

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Рахмет! Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Жоспар:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

  2. «Өзін-өзі тану» рухан-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

  3. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі (қыз балалардың тәрбиесі, ұл балалардың тәрбиесі)

1. Қазіргі кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру. Жалпыадамзаттық құндылықтарды бойларына сіңіріп, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туған кезінен басталуы қажет. Халықта «ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында.

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады» - дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегінде адамгершілік асыл қасиеттерді ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарастарын қалыптастырамыз. «Ел боламын десең - бесігіңді түзе» - деп халқымыз бекер айтпаған. Ата-бабаларымыз баланы бесігінен бесік жырын әлдиді айтып, жастайынан жақсы әдеттерге тәрбиелеген, «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген сөздердің мәні зор.

Адам-әлемнің биологиялық, психологиялық, әлеуметтік үштігінен тұрады. Жеке тұлғаның қалыптасуы бүкіл адами сапаларға ие болуда осы үш бағаннан таралады. Сабақ процесінде психологиялық микроклиматты ұйымдастыру үшін ең алдымен мұғалім өз іс-әрекетін дұрыс әділетті орындап, оқушылардың психологиялық жағдайына үнемі мән беріп отыруы қажет.

Мұғалімнің негізгі міндеті оқушыға тәрбие және білім беру болып табылады.Қоғамның қолдауымен тұлғаның жан-жақты дамуына, шығармашылық мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуына «Өзін-өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше. Өзін-өзі тану мен тұлғалық даму туралы ғалым, ғұламалар ой қортып келген. Ежелгі бір философтардың бірі «Адамның өлшемі не болып табылады»-деген сұраққа,-«жауап: адамның істері мен жасаған әрекеті» деп жауап берген екен. «Адам құндылығы неден тұрады?»-деген сұрақ қоятын болсақ біреу талантта, өзге біреулер адамдармен қарым-қатынас орната білуінде деседі. Ал, психолог мамандарының сөзіне сүйенсек адамның құндылығы тек оның іс-әрекеттерінен ғана емес, оның үнемі өз-өзімен жұмыс істей, өзін жетілдіре білуінен, өз мүмкіндіктерін күн сайын тереңірек танып, оларды өз өмірі мен қызметінде пайдалана білуінен тұрады, яғни шығармашылық қабілеттерін дамытып отыру тіршілік әрекетінің негізгі құрамы болып табылады. Оқушылар шығармашылықпен айналысу үшін, оларға психологиялық шабыт беруіміз қажет. «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ жүргізетін әрбір педагог ол психолог, өйткені «Өзін-өзі тану» сабағын жүргізуде балалардың өз ойын айтқызу, пікір алмасу, қиялын дамыту, байқампаздығын арттыру, зейінін арттыру, есте сақтау қабілетін дамытуға болады.

Мұғалім өз сабағын сәулелендіретін нұрды қайдан алады?

Мұғалім өз бойындағы рухани әлемнен алады, егер ол әлем әсемдікке, асқақтыққа толы болса.

Біз рухани бастаудан туындайтын, сыртқы әлемнен келетін ақпаратты дамытамыз, асқақтатамыз, ізгілендіреміз.

Міне, осы бейнелермен оқушылардың рухани әлемін толықтырамыз. Ш. А. Амонашвили.


2. «Өзін-өзі тану» рухан-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік  орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы рет қойған ежелгі грек ғалымы Сократ екенін білеміз. Құндылықтар күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, өмірге, еңбекке,, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден  тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен  нормалар  қызметін өзіне бағындырады және реттейді.  Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Олар бізге  бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.  Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Құндылықтар әр адам үшін әрт түрлі болады.

Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады.

Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік - уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында  тумысынан болады.

Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ.  Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.

Оқыту үрдісіне  жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз.

Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі.

Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп  көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады. Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді. Мысалы: стакандағы лайланған суды қалай тазалаймыз? Әрине, оны төгіп тастай алмаймыз, лайланған судың үстіне ағып тұрған суды құю арқылы ғана тазартамыз.

Ал, адамдар санасын, ақыл-ойын қалай тазартады?

Күн сайын жағымды көңіл-күйге келу тәсілін қолдану, музыка тыңдау, кітап оқу, ән айту, спортпен айналысу, табиғат аясына шығу, күн бойы барлық адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыну, бәріне мейірім көзбен қарау, сабырлы болу. Құндылық ағашын ортаға қойып түсіндіремін, слайдпен де көрсетемін және рухани деңгейліктің схемасын көрсетемін.


  1. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі (қыз балалардың тәрбиесі, ұл балалардың тәрбиесі)

Ата-ананың бала тәрбиелеуде рөлі орасан зор. «Адам бақыты – бала» деген ғұлама ойшылдардың пікірін біздің қазақ халқы былай тұжырымдайды: «Адам бақыты – бала, егер ол саналы болса» деп білген.Сондықтан бала саналы, тәрбиелі болу үшін баланы жастайынан тәрбиелеуіміз керек. «Баланы жасынан, әйелді басынан»-демекші баланы жастайынан неге үйретіп, неге тәрбиелесең, соған үйренеді. «Шыбықты жастайынан іи»-деп халқымыз бекер айтпаған. Оған дәлел ретінде, ұлы Абай атамыздың солай болып өсуіне әжесі Зере ертегі, әңгімелерді, өсиеттерді айтып, білімге құштар болуына жағдайын жасап, сұраған сұрақтарының бәріне жауап беріп, еңбекке баулыған. Шоқан Уәлихановтың да, әжесі Айғаным кішкентайынан кітаптар оқып, ертегі, аңыз әңгімелер айтып, еңбекке баулып, тәрбиелеген. «Құс ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»-дегендей үйдегі тәрбие сыртқы көріністің айнасы. Баланы жастайынан еңбекке баулып, жақсы адами құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңдіру қажет. Отбасындағы салауаттылық, тазалық пен тәртіп, отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруы, ұстамды болуы барлығы да ата-анасының сауаттылығы мен мәдениеттілігіне байланысты.

Баланың бас ұстазы – ата-анасы. Сондықтан ең алдымен отбасында салауаттылық дұрыс орналасу керек. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»-демекші ұл бала әкесіне қарап өседі, ал қыз бала шешесіне қарап өседі. Сондықтан ата-ана әдепті, иманды, өзгелермен қарым-қатынаста перзентке үлгі болуы қажет.

Ата-бабаларымыз ұл туылса, төбелері көкке жетіп қуанған, «Шаңыраққа ие болып қалады және ұрпағымның жалғастырушысы»-деп қуанған. Сөйтіп, ұл баланы кішкентайынан еңбекке баулып, ар-намысты, адал, батыл, өжет, өткір, жігерлі етіп тәрбиелеген. Ал, қыз баланы үйдің төріне орын беріп, қыз-ол қонақ – деп кішкентайынан еңбекке, өнерге, имандылыққа, адалдыққа, салт-дәстүрге берік болуға тәрбиелеген. Көбнесе, халқымыз қызды тәрбиелегенде – «Қызды қырық үйден тыю», «Қыздың жымиғаны жетіп жатыр»- деген мақалға жүгініп тәрбиелеген. Бізде ұл-қыздарымызға ата-бабаларымыз сияқты, әдет-ғұрыпттарымызды, салт-дәстүрлерімізді, жалпыадамзаттық құндылықтарымызды үйретіп, саналы тәрбие берейік.

«Әке асқар тау, ана ағып жатқан бұлақ, бала жағадағы құрақ»-

демекші бәрі де, бір-бірімен байланысты.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда жауапкершіліксіз аналардың және әкелердің кесірінен жапа шегіп жатқан балалар бар. Әке-

аналар бір сәттік қызық, атақ, даңқ үшін өзінің жақсы мінез-құлқын дамыту керек екенін, негізгі борышын ұмытып кетеді.

Ылғида жұмыс бастылық, мансапқорлық, қызмет бабы, ғылымның соңынан түсу үлкендерге құремет көрсетуді, қішілерді сыйлауды ұмытып, жолдасын, отбасын екінші орынға ыстырып шығарады. Мұндай өзімшілідік қарым-қатынас әйелді өз табиғатынан алшақтатады.

Күйеуінің немесе әйелінің амандығын, оның қуанышы, оның тілектері мен қалауларын сезініп, түсінуі өзінің де игілікке жетуінің кілті екенін түсінуі керек. Мұндай әйелдер мен ер азаматтар Жаратушынның ризашылығына бөленеді. Яғни өмірдегі бар жақсылыққа кенелетіндер де осылар екен. Сондықтан, бір-бірімізді қадірлеп, өскелең ұрпаққа, ұл-қыздарымызға саналы тәрбие берсек, мол бақытқа кенелеміз.

«Бала тәрбиесі» - тақырыбында бейне көрініс көрсету.

Талдау



Үйге тапсырма: «Бала бақыты – ата-ананың тәрбиесінен»-тақырыбында кинофильм көру және Ш. А. Амонашвилидің «Әкенің балаға қалдырған өсиеті»-атты кітабын оқу.

Жиналыстың қорытынды сәті.

Жиналысты қорытындылай келе, қазіргі білім берудің негізі рухани-адамгершілік екенінін және оның негізін қалаушы «өзін-өзі тану» пәні екенін түсіндік. Сабақ беру барысында педагогика мен психологияның қаншалықты маңызды екендігін ұғынып, мұғалімдердің, ата-аналардың бала тәрбиесіне берері мол екенін ұғынып, жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде пайдаланып, іс-жүзінде асыру керектігін түсіндік. Сана-сезімдерімізді тазартып, ұл-қыздарымызға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, ойы, сөзі, ісі бір жеке тұлғаны біргелесіп тәрбиелейік.

Соңында ата-аналардан сауалнама алу.

Топпен ән айту: «Ата-әже» әнін хормен айту.


Мұғалім: Абаева Н. Т.


Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: «№5 А. Байтұрсынов ЖОМ» КММ

Мерзімі: 12. 11. 2017ж. 9

Тақырып: Әсемдікке ұмтылайық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық

Мұғалім: Абаева Н. Т. Сынып: 6 «Ә,Б» Оқушылар саны: 22

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әсемдік, жан сұлулығы туралы түсініктерін сүйіспеншілік құндылығы арқылы мәнін ашу;

Міндеттері:

а) - оқушыларға шынайылық туралы түсінік беру;

ә) - оқушылардың бойында жанашырлық қасиеттерін дамыту;

б)- оқушыларды адамдарға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Сабақтағы 5 «Т»-ны сақтау

  1. Тәртіп

  2. Тазалық

  3. Талап

  4. Татулық

  5. Тыныштық

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар:аудиокасета,фотосу-реттер,шағын қойылымдар

2.Үй тапсырмасын тексеру

1. Адамды сұлу ететін не нәрсе?

2. Әсем сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?

3. Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?

4. Сұлулықтан қандай әсер аласыңдар?

5. Табиғаттың сұлулығы неде?

6. Адамның көру,есту сезімдерін тудыратын сұлулық дегенді қалай түсіндіресіңдер?

7. Адамға сұлулық қаншалықты қажет?

8. «Қыз Жібек» өлеңінде қандай әсемдкті байқадыңдар?

Сабақтың барысын талқылау:

4.Дәйексөз

Бақыттың мәні- парасаттылықта,әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде,ол мақсат тек кездейсоқ рахат үшін емес,шынайы игілік үшін бағытталуында,адамның өз мінез-құлқын,іс – әрекетін ерікті түрде өзгертіп,игілікке бағыттап отыруында.

Әбу Насыр Әл-Фараби


3.Әңгімелесу (сұхбат) Мұғалімнің сыйы

Шынайы сүйіспеншілік

В.А.Сухомлинский

Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде ол алыста тұратын ұлына кетеді. Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғандарын айта бастады.

  • Мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым,–деді біріншісі.

  • Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөлдей күттім,- деді екіншісі.

  • Мен мамасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жыладым, - деді үшіншісі.

  • Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын, -деді төртіншісі.

  • Сен менің түсіме раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің, -деді бесіншісі.

  • Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым, -деді алтыншысы.

Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол шешесінің аяқ киімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.


  1. Шынайы сүйіспеншіліктің мәнін қалай анықтауға болады?

  2. Сендер аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?

  3. Әңгімедегі жетінші қыздың жасаған әрекеті ұнады ма? Неге?

  4. Өздерің риясыз сүйіспеншілікпен қандай әрекеттер жасап жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

  5. Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

  6. Табиғаттың сұлулығынан қандай әсер алдыңдар?

  7. Табиғатты әдемі ету кімнің қолында?

  8. Табиғатты қалай аялау керек?

5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс

Оқушыларды түрлі-түсті қағаздар бойынша 4-топқа топтасады.

«Әсемдіктің» жағымды жақтарын жазып, суретін салу қорғау . Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.


Топпен ән айту

Қ.Қазыбековтың «Қыз сыны» әнін орындау


7.Үйге тапсырма беру

1. Дәптерде берілген тапсырманы орындау;

2. Келесі сабақ «Тістелген алма» шығармасын оқып келу


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Соңғы тыныштық. Баяу әуен ойнатылады.

Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтаймыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарты. Алматы 2010

  2. «Өзін-өзі тану» 6-сынып оқушыларына арналған «Бөбек» Алматы 2010

  3. «Өзін-өзі тану» оқулығы 6-сынып «Бөбек» Алматы, 2010 жыл.

  4. «Өзін-өзі тану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. 6-сынып «Бөбек» Алматы, 2010 5. «Өзін-өзі тану, Самопознание» KZ 25-бет

6. «Өзін-өзі тану» оқушыларға арналған дәптері «Бөбек» Алматы





Өзiн-өзi тану сабағы


Мектеп «№5 А. Байтұрсынов ЖОМ» КММ. Мерзiм: 19.12.17ж. Сабақ 11

Тақырып: Әдептен озбайық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдепті болу, ұқыптылық, отбасындағы және мектептегі парызын орындау Мұғалiм: Абаева Н. Т. Сынып: 6 Оқушылар саны:22

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдептілік туралы түсініктерді

Дұрыс әрекет құндылығы арқылы ұғындыру

Міндеттері:

- оқушылардың әдепті болу туралы түсініктерін одан әрі тереңдету;

- әр оқушының бойында ұқыптылық қасиеттерінің дамытуына ықпал ету;

-оқушыларды отбасындағы және мектептегі парызын орындауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы: Сабақтағы 5 «Т»-ны сақтау

  1. Тәртіп

  2. Тазалық

  3. Талап

  4. Татулық

  5. Тыныштық

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Ойша орманға серуен

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

    1. Әдепті жігіттің бойында қандай қасиеттер бар?

    2. Өзеннің бетінен нені байқады?

    3. Жігіттің орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?

    4. Жігіт неліктен кешірім сұрады?

    5. Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар?

    6. Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?

    7. Жігіт пен бақ иесі қызының қандай ортақ қасиеттері бар?

    8. Дәтерге жазуға берілген тапсырманы тексеру

Сабақ барысын талқылау:


  1. Дәйексөз.

    1. Адамда жақсы қасиет болмаса,

Оған бақ та, бақыт та қонбайды.

1. Жақсы қасиеттерге қандай қасиеттер жатады?

2. Бақ қонған деп қандай адамдарды айтамыз?

3. Бақыт та қонбайды дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Ата-аналарың қандай жақсы қасиеттерге үйретеді?

5. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?



Әңгiмелеу (сұхбат). Мұғалімнің сыйы Ізетті бала

Г. Әзімбаева

Көктем мезгілі. Сабақтан соң Жәнібек тура үйіне бет алды. Өздерінің ауласына жақындап қалғанда, есік алдында тұрған қарияны көрді. Маңайда басқа ешкім жоқ екен. Қария үстіне кішкене қалыңдау шапан, басына бөрік киіп алыпты. Ауылдан келген адамға ұқсайды. Ауыр дорбасын орындықтың үстіне қойып, колындағы бір жапырақ қағазға қайта-қайта үңіледі.

Жәнібек қарияның жанына келді:

Сәлеметсіз бе, ата? – деді.

Қария сөмке асынып, алдындағы тұрған балаға назарын аударды.

Амансың ба, қайдан келесің? – деді қария.

Мектептен келемін... – деді Жәнібек.

Несінші сыныпта оқисың?

Бірінші...

Ой жақсы болды. Әріптерді біліп, таңбаларды танып қойған боларсың? Жаңа үйлердің сырттары өте ұқсас екен. Мына жазылған мекен-жайды оқып көрші... — деді қарт.

Жәнібек қағаздағыны мұқият оқып алды да:

Ата, сіз іздеп жүрген үй, әне тұр ғой, — деді қызыл балконды үйді нұсқап. — Жүріңіз мен ертіп апарайын.

Қария балаға іштей сүйсінді. Көңілі жайланып, оның соңынан ақырын аяңдады. Жәнібек бірінші қабатқа кіріп, лифтінің тетігін басты. Есік ашылып, екеуі ішіне енді. Тағы бір тетікті басып еді, зуылдап жетінші кабатқа жетіп келді.

Ауылдан келген аталарына немерелері қатты қуанды.

Адаспай қалай таптыңыз?.. – деді ұлы мен келіні танданып.

Мына балам жетектеп келді, – деп қария бұрылып артына қарап еді, өзі ертіп келген бала көрінбеді.

Бұл кезде Жәнібек төмен түсіп сыртқа шығып кеткен еді.

Қап, қоржынымдағы сәлемдемеден әлгі балаға бере алмадым-ау!.. – деп кария қынжылып қалды. Сәл үнсіз тұрды да:

Дегенмен өзі бір ізетті бала екен! – деп шын риза болды.

  1. Жәнібек қайдан келе жатыр еді?

  2. Жәнібек қарияға қандай көмек көрсетті?

  3. Жәнібектің әрекетінен нені байқауға болады?

  4. Қандай адамды ізетті деп айтады?

  5. Өздерің өзгелерге көмектесесіңдер ме?

  6. Көмектескен кезде қандай сезімде боласыңдар?

  7. Әсіресе қандай балалар көмектесуге бейім болады?

  8. Мәтінен қандай ой түйдіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ойын: Оқушылар бір-біріне мақтау сөздер айтады

Дәптермен жұмыс; берілген тапсырманы жазу


  1. Топпен ән айту.

Ертегілер әлемі Сөзі мен әні Е.Елгезековтікі


  1. Үй тапсырмасы. 1. Дәптерде берілген «Менің түйгенім» тапсырманы орындау; 2. Келесі сабақ; «Бауырмалдылық және кеңпейілділік» әңгімесін оқу



Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен ойнатылады.

Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2

  1. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтаймыз




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарты. Алматы 2010

  2. «Өзін-өзі тану» 6-сынып оқушыларына арналған «Бөбек» Алматы 2010

  3. «Өзін-өзі тану» оқулығы 6-сынып «Бөбек» Алматы, 2010 жыл.

  4. «Өзін-өзі тану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. 6-сынып «Бөбек» Алматы, 2010

  5. «Өзін-өзі тану, Самопознание» KZ 25-бет

  6. «Өзін-өзі тану» оқушыларға арналған дәптері «Бөбек» Алматы 2010





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!