Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Баяндаманың тақырыбы: Мектептегі әлеуметтік педагог-бала құқығын
қорғаушы басты тұлға
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
-
Адамның әлеуметтену процесі.
-
Мектептегі әлеуметтік педагогтың ролі мен қызметі
-
Әлеуметтік педагогтың ата-ана және мектеп ұжымымен бірлесіп жасайтын жұмысы мен ----- нәтиже.
Қоғамдағы кез келген адам, өз қоғамында әлеуметтену процесінен өтеді. Әлеуметтену прцесі арқлы адам, сол қоғамның мүшесі екеніне көзі жетеді. Адамның жас ерекшілігіне қарай дамуы мен қалыптасуы кезінде әлеуметтену процесі 3 кезеңді қамтиды .
Атап айтсақ:
1 кезең –бастапқы әлеуметтену кезеңі яғни баланың әлеуметтенуші. Бұл кезеңде баланың әлеуметтенуінде басты рол атқаратын ата-анасы, отбасы және бала бақшасы т.б.
2 кезең – аралық әлеуметтену немесе жасөспірімдердің әлеуметтенуі, бұл кезеңде баланың отбасы, мектебі, достары және аула мен көшедегі әр түрлі қоғамда ұйымдар мен қоғамдағы прцестер. Бұл кезең адам жасының 17-18 кезеңі.
3 кезең- адамның орнықты немесе біржолата әлеуметтену процесі баланың әлеуметтiк бейiмделуi - өмiрлiк қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерiмен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтiк ортаның жағдайларына белсендi түрде бейiмделу процесi, сондай-ақ басынан кешiрген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесi;
Бұл процесте адамның әлеуметтенуде айрықша рол атқаратын қоғамдық ортасы. Бұл кезде адам 18-25 жас арасында болып ересек шаққа өту кезінен қамтиды. Бірақ адам барлық өмірінде қоғамдағы әлеуметтенупрцесін бастап өткереді. Себебі адам қоғамсыз өмірсүрмейтіні сияқты, қоғам да адамсыз болмайды.
Адамның бастапқы кезіндегі әлеуметтену прцесі мектептегі өтетіндіктен мектептің әлеуметтік педагогы ең бақытты шақ деп есептейтінімізбен баланың денсаулығының кейбір кемістігі отбасындағы кейбір келеңсіздіктер бала жүрегіне қаяу түсіреді. Біздің қоғамдық жүйеміз бала көңіліне қаяу түсірмеу үшін әрекет етеді. Қоғамымыздың ең басты байлығы адам факторы. Еліміздегі барлық білім беру орындарыныңбасшыларына қамқорлықсыз қалған балалардың болмауы, аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен тұл және жартылай жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше қамқорлық көрсету тапсырылған. Білім мекемелері мен қоғамдық ұйымдар бала құқығын қорғау мен көмек көрсетуге бір жүйеге түсіріп мақсаттарын айқындап отыр.
Президенттің басқару нысанына көшкен демократиялық еліміз. Президентіміздің әр жылдары Қазақстан халқына жолдауы жасалынып отырады. Жолдаудың басты мақсаты ретінде көрініс беретін мәселе адам факторы. Еліміздегі экологиялық бұзылу салдарынан туа біткен, тұқым құалаған жүре пайда болған аурулар көбейіп, олар бала жүрегін жасытып отыр. Тіптен олардың саны көбеюде, мемлекетіміз бен елбасымыз осындай мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетуді қолға алып жолдауларда білім мен ғылым саласына заман талабына сай, жаңа технологияларды пайдалануды да басты назарда үстап, мүмкіндігі шектеулі балалардың да, бұл саладан шет қалмауына көңіл бөлуде. ҚР Білім Заңында «Кемтар балаларды әлеуметтік және медециналық –педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» айтылып, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, бала мүмкіндігін алдын-алу т.б. мәселелерде жұмыстар атқарылуы қарастырылған.
Осындай балалардың мектепке дайындау кезінде нң алдымен баланың мектепке дейін қызығушылығын туғызып, содан кейін оқу-тәрбие процесінде жұмыстар бастау керек.
Сондай-ақ, оқу жылы барысында мына төмендегі жұмыстардың тыңғылықты атқаруына көңіл бөлініп отырылды:
-
Баланың қажетіліктеріне тыундайтын психикалық үрдістерді жаңарту;
-
Балаға субъективті қарым қатынас жасау;
-
Баланың жақын арадағы даму аймағы ескере отырып, жеке қарым қатынас жасау;
-
Баланың қызығушылығын туғызатын оларды жандандыратындай түзету-дамыту сабақтардың көпшілігін түрлі әдіс-тәсілдерді, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып жүргізу;
-
Балалармен педагогтардың қарым-қатынасы әрқашан достық және мейірімділік тұрғыда жүргізіліп, жанға ауыр сөздерді баланың іс-әрекетіне қолданбау;
-
Баланың жұмысына эмоциялық жағымды баға беріп отыру. Бұл бала қабілетінің дамуына ерекше әсерін тигізеді. Содан соң тек 1,2,3,4,5 деген баға бермей, істелген жұмысының «жақсы» және «жаман» жақтарына баланың өзіне талдау жасауды үйрету.
Әлеуметтік педагог баламен жұмыстар жүргізіп отырғанда жоғарыдағы мәселелерді ескеріп отырса, балалар өміріндегі мұңды күндер --- көріп отырған жалғыздығынан бір сәт болса да арылып өмірге құштарлығы оянары сөзсіз.
Сонда ғана «бақытты балалық шақ» деген сөз тіркестерін ұялмай айта алатын боламыз. Әр бір педагог бүгінгі таңда «Қоғамымыздағы баланы қалай қорғасақ екен, жағдайын жасап, дұрыс қалыптасуына қалай әсер еткек екен» деген сұрақтарға үнемі жауап іздеп жүруіміз керек. Сонда ғана қоғамдағы балалардың жетімділікке ұшырауы, жетімділіктің зардабын көруі, ішкілікке салынуы, отбасының сәтсіз болуы, нашақор болуы т.б қиындықтарда балаға қол созып, жәрдем бере аламыз.
Әлеуметтік педагогтардың негізгі міндетінің өзі де отбасындағы баланың жағдайын қадағалау, мемлекет, қоғам, отбасы байланысын орнықтырушылық қиын бала, жағдайнтөмен отбасы балалары, қамқорлықтағы бала, сәтсіз отбасы т.б. жұмыстар жүргізіп, баланы қоғамнан алшақтатпай, дұрыс тәрбиелеуі осы саладағы педагогтардың арқасында
БАЯНДАМА: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы»
«Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі»
Ата-ананың мектептегі алатын орны
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.
Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.
Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.
Мақсаты:
Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
1. Сынып жетекшінің атқаратын міндеті
2. Ата-ананың атқаратын міндеті
3. Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже
Сынып жетекшінің міндеті:
1. Ата-аналармен тығыз байланыста болу;
2. Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту;
3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту;
4. Тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу;
5. Ата-аналар комитетімен кездесу;
6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету;
. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс;
8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.
Ата-ананың міндеті:
1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;
6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін.
Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.
1. Оқушының жанұясына барып тұру.
Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.
Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек.
Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.
1. Ата-аналармен хат алмасу.
Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады.
Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады.
Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады.
Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отырады.
2. Сыныптық ата-аналар жиналысы.
Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі.
Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.
Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Біз, сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек.
Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады.
Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б.
Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз.
Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.
Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.
Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;
7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14.Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.
Халық даналығында:
«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,
15-ке дейін құлыңдай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.
Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса;
ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.
Ата-аналар кодексінде:
-Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;
-Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес;
-Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;
-Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.
-Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің!
Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз.
Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген", - парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.
Ата-аналарға арналған этикалық кодекс
1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.
3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.
6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс алмаңыз.
7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.
8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.
9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.
10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.
11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.
13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.
14.Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:
1. Сынып жетекшісі;
2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда);
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4. Әлеуметтік педагог;
5. Мектеп басшысы.
Мектептегі әлеуметтік педагог-оқушының (әсіресе деп --- шектеулі, тұрмысы төмен, жетім немесе жартылай жетім) өз дәрежесінде қоғамымыздың әлеуметтенуі үшін жоғарыдағы міндеттерінің шешілуіне өз тарапынан белсенділік танытса нұр үстіне нұр болып мемлекетіміз бен елбасымыздың тапсырмасы оң шешімін табар еді.
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
1. Әрбiр баланың дене бiтiмiнiң, психикасы мен жан дүниесiнiң толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.
2. Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын әлеуметтiк және экономикалық шаралар жүйесi арқылы қамтамасыз етедi.
23-бап. Бала тәрбиелеп отырған
отбасыларына мемлекеттiк
қолдау
Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi.