Материалдар / Ата-аналарға арналған кеңес
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналарға арналған кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға кеңес
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2020
9697
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналарға психологиялық кеңес (балабақшадағы ереже)

Ата-аналарға психологиялық кеңес 

1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар.
11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

Ата – аналарға кеңес 

1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс — әрекетпен айналысып отырса.
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

.



Ата - аналарға арналған 10 кеңес

1. Балам өзім секілді, немесе өзім ойлағандай болады деп күтудің қажеті жоқ. Оған өзі секілді болуға көмектес.

2. Балаға жасаған еңбектерің үшін ақы сұраушы болма. Сіз оған өмір сыйладыңыз, ол басқаға өмір сыйлайды, ол тағы біреуге, бұл адамзат сапарының ұлы жолы осылай жалғаса береді.

3. Өзіңнің өкпе - ренішіңе баланы араластыра берме, әйтпесе қартайғанда ол қылығыңның ащы дәмін татуың мүмкін. Не ексең, соны оратыныңызды ұмытпаңыз!

4. Баланың мәселесіне бей - жай қарауға болмайды. Әркім өмірде әліне қарай күреседі. Сіз тапқан жолды бала таба алмауы мүмкін, өйткені онда тәжірибе жоқ.

5. Баланың көңілін ешқашан қалдырмаңыз!

6. Адам өміріндегі ең қызықты кездесу, баламен кездесу, оған үлкен дайындық керек, себебі сіз өзіңіздің ертеңгі күніңізбен кездесіп тұрғаныңызды ұмытпаңыз!

7. Балаңызға қолыңыздан келмей тұрған нәрсені істей алмадым - ау деп қиналмаңыз. Ал қолыңыздан келіп тұрғанда істемесеңіз, онда сіздің қиналуыңыз әбден орынды. Бастаған істі аяғына дейін жеткізбесеңіз, онда ештеңе істемеген болып шығасыз.

8. Бала өміріңді билейтін әмірші емес, тіршілік сыйлаған өмірдің қымбат қазынасы, сіз осы қазынаны көздің қарашығындай сақтауға, дамытуға және оның жүрегіне шығармашылықтың алауын жағуға міндеттісіз. Бала - әке мен ананың махаббатын сақтайтын алтын қойма.

9. Басқаның да баласын жақсы көріп үйрен. Өз балаңа істемейтін нәрсені басқаның баласына да істеме!

10. Балаң дарынсыз, жолы болмайтын болса да және есейіп кетсе де жақсы көруге міндеттісіз. Онымен қарым - қатынас жасағанда қуануға тиістісіз, өйткені оның сізбен болған әр күні мереке.

 























Ата-аналарға ұсыныс

         Мектепке дейінгі бала даму және танып білу қабілеттерінің мүмкіншіліктеріне зор ие. Балада дүниені танимын және зерттеймін деген негіз салынған, сол мүмкіншіліктерді дамытуда көмек көрсетіңіз. Өткен уақытыңызды аямаңыз, кейін ол көптеп қайтарылады.

        Мектеп табалдырығын аттағанда балаңыз өз күшіне сенімді болады, оқу ол үшін қиын болмай, қуаныш қана әкеледі, сізде оның үлгеріміне алаңдамайтын боласыз. 

        Сіздің жігеріңіз тиімді болу үшін, мына кеңестерді қолданыңыз:

1. Оқу барысында бала зерігіп кетпесін. Егер бала көңілді оқыса, ол жақсы оқитын болады. Қызығушылық – мотивациялардың ең жақсысы, ол балаларды шығармашылықты тұлғалар етіп шығарады және ақыл-ой сабақтарынан қанағат алады. 

2. Жаттығуды қайталаңыз. Баланың ақыл-ой қабілетін дамыту уақыт пен тәжірибеде айқындалады. Егер де небір жаттығу келіспей жатса, үзіліс жасаңыз, кейін қайтып келсеңіз де, не басқа жеңілдеу тәсілге көшсеңіз болады. 

3. Жеткіліксіз жетістіктерге жетпей жатса не алға ештеңе жылжымаса үрейленбеңіз.

4. Шыдамдылық танытыңыз, асықпаңыз, баланың ақыл-ойын бөліп тастамайтын, басқа жағынан назар аударатын жаттығуларды бермеңіз. 

5. Сабақта балаға деген бір өлшем болу керек. Бала шаршап, айналшақтап, не көңілсіздеу болса жаттығу жасамай-ақ қойыңыз. Баланың шыдамдылығын байқап және сабақты дайындағанда әр кез сайын аздап қана уақыт мерзімін қосып отыру керек. Кей кезде өзіне ұнайтын істерімен айналысуға мүмкіндік беріңіз. 

6. Мектепке дейінгі бала қайталай беретін, бірқалыпты, нақты уақытымен ғана берілетін сабақтарды қабылдамайды. Сондықтан ойын түрінде өткізген жөн. 

 7. Балада қатынас жасаудың машықтарын дамытыңыз, бірлесіп істеуді, ұйымшыл болуды, басқа балалармен достасып кетуіне, олармен жетістіктерді және қиыншылықтарды бөлісуге үйрету керек, бұның бәрі ертең мектепке барғанда әлеуметтік атмосферада керек болады.

8. Немқұрайлы баға бермеңіз, ылғи да сүйемелдеп отырыңыз, жиі балаңызды шыдамдылығы мен жетістігі үшін мақтап отырыңыз. Басқа балалармен оның әлсіздігін салыстырмаңыз, оның өзіне деген сенімділігін қалыптастырыңыз. Ал ең негізі, баламен оқыған сабақты ауыр еңбек түрінде қабылдамаңыз, керісінше қуанып, ләззат алыңыз, күліп-ойнап жүрсеңіз жақсы болады. Баламен тіптен дос болу мүмкіншілігі туғанын есіңізге сақтаңыз. 

  Сонымен, сіздерге жетістіктер, өзіңіздің, балаңыздың мүмкіншіліктеріне сенімділік тілейміз! 















"Ата-аналарға арналған кеңес"

5-6 жасар балалардың бойында адамгершілік-рухани тәрбие негізін қалаудың маңызы

Жанұя өмір сүру кеңістігі ретінде баланың физиологиялық қажеттілігін, қауіпсіздік және қорғаныс қажеттілігін, құрмет және өзінің маңыздылығы қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Жанұя жеке тұлғаның дамуындағы алғашқы қоршаған орта құрайды. Ол балада әлеуметтік байланыстар туралы түсініктерді қалыптастырады. Баланы негізгі жалпы мінез-құлықтың адамзаттық, әдептілік және мәдениеттілік       стандарттарын түсінуге жұмылдырады.

5-6 жасар бала өз өмірінде ең маңызды кезеңді басынан кешіреді. Себебі осы уақытта ол алғаш рет мектеп қабырғасына барады және жан-жақты мектепте оқуға дайындалады. Осы жаста бала өмірдің ақ-қарасын, жақсы мен жаманын саналы ажырата бастайды. Сол себептенде, осы жастан бастап-ақ баланың бойында алғашқы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жұмысын жүргізу аса маңызды. Бұл жұмыс баланың кіші отаны, ең алғашқы даму ортасы отбасында басталуы керек. Бұл жұмыс ең алдымен ата-ананың балаға деген қарапайым қарым-қатынасынан бастау алады. Ата-ана өз баласына болашақ ересек адам ретінде, жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіндік ойын сыйлап, қажетсінуімен санасуы керек. Ата-ана әр уақытта баланың айтқан ойы олар үшін қаншалықты маңызды екенін балаға сезіндірулері керек. Бұл бала бойында батылдықты және өзіне деген сенімді тудырады. Баланың адамгершілік қасиеттері күнделікті ата-анасымен, бауырларымен, атасымен, әжесімен жасаған өзара қарым-қатынастарынан-ақ көрініп жатады. Ата-аналар өз отбасында балаға бар мейірімдерін төгіп, сүйіспеншіліктерін көрсетіп, жылы сөздерін жиі қайталап жатса, осындай жағдайда тәрбиеленіп жатқан баланың рухани тұлғасы биік адам болып шығары анық.

5-6 жасар балаларды адамгершілікке мақсатты түрде тәрбиелейтін болсақ, олар өздерін барлық ортада адамгершілік нормаларға сәйкес ұстай алатын, өзін көрсете алатын, өзін қоршаған құрбылары және өзге де ересек адамдармен жақсы да достық қарым-қатынас құра алатын тұлға ретінде көрсете алады. Бұл олардың мектептің 1 сыныбында берілетін білімді жақсы игеруіне, жаңа ортаға тез бейімделуіне үлкен көмек көрсетеді.











Тест «Біз қандай ата-анамыз ?»

1.     Балалар тәрбиесі туралы газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларды немесе радио, теледидар хабарларын жүйелі оқып, тыңдап отырасыз ба ? Осы тақырыптағы кітаптарды оқисыз ба ?

2.     Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік. Сіз мұндай жағдайдың өз тәрбиеңіздің нәтижесі екенін ойланып көрдіңіз бе ?

3.     Балалар тәрбиесінде жаныңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба ?

4.     Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап немесе мүлде тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз ?

5.     Бұйыру немесе тиым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезінде ғана қолданасыз ба ?

6.     Жүйелілік, реттілік – педагогикалық маңызды принциптердің бірі деп санайсыз ба ?

7.     Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе ?

8.     Спорт пен физкультураның баланың жан-жақты, үйлесімді дамуында маңызы зор екенін ескеріп отырасыз ба ?

9.     Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе ?

10. “Менің уақытым жоқ” немесе “Тоқтай тұр, әуелі жұмысымды бітіріп алайын” – деген тәрізді сылтаулармен балаңыздан “құтылуға тырысу” сізге ыңғайсыздық туғызбай ма ?

Иә - 2 ұпай

Кей кезде –1 ұпай

Жоқ – 0

6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз – бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екендігін дәлелдейді, “Ештен кеш сияқты” деген ғой. Сіз бұл тестке көп иек арта бермей, жеткіншіктер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді жетілдіруге асыққаныңыз абзал.

7-ден 14 ұпайға дейін жинасаңыз – сіз бала тәрбиесінде, әрине, үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтсе де, өзіңіздің осы бағыттағы іс-әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. Ал тіпті былай істеуге де болады: алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді демалуға арнаңыз. Әрине, бұл уақытты ұмыта тұруға тура келеді. Бұл күнгі демалыс үшін балаңыздың қатты қуанатындығына күмән жоқ.

15 ұпайдан жоғары жинасаңыз – сіз өзіңіздің ата-аналық міндетіңізді орынды атқарып келесіз. Соған қарамастан кейбір мәселелерді бұдан да жақсарта түссеңіз құба-құп.

Тест «Дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш»

Қағазға бір дөңгелек салыңыздар және оның жан-жағына қанша сыйса, сонша үшбұрыштар мен тіктөртбұрыштар салыңыз.

Шешімі:

Дөңгелек бұл - сіз, үшбұрыштар бұл – жұмыс немесе оқу, тіктөртбұрыш бұл – қоғам мен заң.

Егер, дөңгелек өте үлкен болса, онда сіз өзіңізге үлкен мән бересіз, әрине  егер сіз өзіңізге объективті, жақсы баға бере алатын болсаңыз бұл жақсы. Бірақ кейбір жағдайда бұл сіздің өмірдегі өз орныңыз туралы бұрыс көзқарасыңызды білдіреді. Ал егер, дөңгелек өте кішкентай болса, онда сіз өзіңізді сондай төмен , тіпті айналадағылар сізді басып кететіндей жаман сезінесіз. Үшбұрыштар мен тіктөртбұрыштардың сізді басып кетуіне жол бермеңіз.

Үшбұрыштардың саны мен көлемі сіздің жұмысыңызды білдіреді. Егер олар көп болса, онда сіз үшін жұмысыңыз әрқашан бірінші орында, оған көп мән бересіз. Сонымен қатар сіздің жұмысыңызға көңіліңіз толады. Үшбұрыштардың көп болуы сіздің бір уақытта бірнеше жұмыспен айналыса алатыныңызды білдіреді. Байқаңыз өз күшіңізді шамадан тыс пайдаланып, шаршап қалмаңыз.

Тіктөртбұрыштар бұл сіздің қоршаған ортаға деген сезіміңізді білдіреді. Тіктөртбұрыштардың үлкен болуы болуы сіздің қоршаған орта мен ондағы адамдардың көңілінен шығудан және сол бір ережелерге бағынудан өзіңізді жаман сезінетіндігіңізді білдіреді, ал тіктөртбұрыштардың көп болуы сізді ержелердің көп болуы сізді шарашататынын, қалыпты жағдайдан шығаратынын білдіреді.

Егер сіздің суретіңізде салған фигуралар бір-бірімен қиылысып жатса, онда бұл үш бағытта (сіз, жұмыс, басқа адамдар) сіздің өміріңізде үйлесім тапқан, ал егер бір-бірімен қиылыспаса, онда сіздің өміріңізде адами қарым-қатынас, өзара байланыс жетіспейді.

Тапсырма «Бет пердесіз»

Барлық қатысушыларға төмендегідей мазмұндағы карточкалар таратылады. Олар карточкада жазылған сөйлемдерді жалғастырады.

Маған ұмыту қиын болса да мен...

Кей кездері мен ...

Мен .... қатты ұялам

Кей кездері менің қасымдағы адамдар...

Маған ... , мен қатты қуанам

Мен...сенемін

Мен ... ешкімге айтпаймын

Мен ... қатты қиналам

Адамдардың... маған ұнамайды

Мен өз қызметімде ... ұнатамын

Менің достарым көбіне ...

Мен қонаққа барарда ...

Мен өзгелердің ... ұнатпаймын

Бөтен ортада мен ...

Таныс емес адаммен мен...

Жағымсыз жағдай туындай қалса ...

Адамдардың қызмет бабымен өскенін көргенде ...

Менің жұмысымның ұнамайтын бір жері бар, ол ...

Мен айналамдағы адамдардың ... қалаймын

Менің ең асыл арманым...

Менің мінезімнің ... маған ұнамайды

Мен қонақ шақырғанда ...





Балаңызбен   қалай қарым-қатынас  жасау керек ?


Адам  баласының  өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік  адамның жаңа  бір дүниені тануға және басқа адамдардың бағасын білуге деген  ұмтылысынан  туындайды. Психологтардың  айтуынша, қарым –қатынас өзге адамның қажеттілігін  қанағаттандыруға  бағытталған  тұлғалар арасындағы әрекеттің  бір түрі болып саналады.  Қарым-қатынас негізінде баланың бойында өзіне тән қасиеттері, адамгершілік  көзқарастары, дүниетанымы қалыптасады.   Ата-ана үшін  бала қаншылықты қымбат болса , бала үшін де ата-ана махаббаты мен қамқоры өте маңызды. Қарым-қатынас  негізінде бала  мен ата-ана арасында байланыс орнайды, ең алдымен ол үстірт басталып, біртіндеп  тереңдей  береді. Бұл отбасында орын  алған  сыйласымдылық пен мейірімділік, түсіністік пен еркіндіктің нәтижесінде қалыптасады.  Қарым-қатынастың  ендігі бір маңызды қызметі – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас реттілігі. Бұл жанұядағы байланысты реттейді,ата-ана тарапынан балаға бақылау  мен талаптарды  орната отырып, баланың өзіндік мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекеттерін, сезімдерін реттеуге, басқаруға  мүмкіндік береді.  Реттегіш құралы ретінде талап, бақылау мадақтау мен жазалау қағидалары мен отбасы дәстүрі қолданылады. Бала өмірінде белгілі бір кезеңде қарым-қатынасқа байланысты қиындықтар туындау мүмкін. Бірақ мұны жүрекке  алу тым жақын алудың қажеті жоқ.  Коммуникативтік  дағдылары  қалыптасқан  баланың  бұл  табысын ересектермен  бірлесе отырып жетілдіру қажет. Бала тәрбиесінде кейде еркіндік  қағидаларын ұстануды жөн көреміз. Мұндай жағдайларда балаларымыз көбінесе, еркіндіктің шегін білмей өседі, қыңыр, қырсық, кірпияз болады.  Ата-ананың  барлық назары  балада болады, баланың тағдырына ,денсаулығына қатты  алаңдайды, кейде тіпті,баласын ерекше талант,дарын,керемет ақылды  деп санайды, сол себепті баласына ерекше күтім мен бақылау қажет деп ойлайды. Біздің өмірімізде барлығымыз орындауға  міндетті белгілі нормалар мен талаптар бар.  Мұндай талаптар балаға  да қойылады.  Бірақ ол талаптар мен  нормалар  баланың  қажетттілігіне  сай әрі көп болмауы керек.Сонымен қатар баланы жазалаудан аулақ болған дұрыс. Ата-ана өзінің  әрбір іс-әрекеті, қимылы, көзқарасы арқылы  баласына айтарлықтай әсер ететін естен шығармаған жөн.


















Балаңызбен қалай қарым-қатынас жасау керек ?

Адам баласының өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік адамның жаңа бір дүниені тануға және басқа адамдардың бағасын білуге деген ұмтылысынан туындайды. Психологтардың айтуынша, қарым –қатынас өзге адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған тұлғалар арасындағы әрекеттің бір түрі болып саналады. Қарым-қатынас негізінде баланың бойында өзіне тән қасиеттері, адамгершілік көзқарастары, дүниетанымы қалыптасады. Ата-ана үшін бала қаншылықты қымбат болса , бала үшін де ата-ана махаббаты мен қамқоры өте маңызды. Қарым-қатынас негізінде бала мен ата-ана арасында байланыс орнайды, ең алдымен ол үстірт басталып, біртіндеп тереңдей береді. Бұл отбасында орын алған сыйласымдылық пен мейірімділік, түсіністік пен еркіндіктің нәтижесінде қалыптасады. Қарым-қатынастың ендігі бір маңызды қызметі – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас реттілігі. Бұл жанұядағы байланысты реттейді,ата-ана тарапынан балаға бақылау мен талаптарды орната отырып, баланың өзіндік мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекеттерін, сезімдерін реттеуге, басқаруға мүмкіндік береді. Реттегіш құралы ретінде талап, бақылау мадақтау мен жазалау қағидалары мен отбасы дәстүрі қолданылады. Бала өмірінде белгілі бір кезеңде қарым-қатынасқа байланысты қиындықтар туындау мүмкін. Бірақ мұны жүрекке алу тым жақын алудың қажеті жоқ. Коммуникативтік дағдылары қалыптасқан баланың бұл табысын ересектермен бірлесе отырып жетілдіру қажет. Бала тәрбиесінде кейде еркіндік қағидаларын ұстануды жөн көреміз. Мұндай жағдайларда балаларымыз көбінесе, еркіндіктің шегін білмей өседі, қыңыр, қырсық, кірпияз болады. Ата-ананың барлық назары балада болады, баланың тағдырына ,денсаулығына қатты алаңдайды, кейде тіпті,баласын ерекше талант,дарын,керемет ақылды деп санайды, сол себепті баласына ерекше күтім мен бақылау қажет деп ойлайды. Біздің өмірімізде барлығымыз орындауға міндетті белгілі нормалар мен талаптар бар. Мұндай талаптар балаға да қойылады. Бірақ ол талаптар мен нормалар баланың қажетттілігіне сай әрі көп болмауы керек.Сонымен қатар баланы жазалаудан аулақ болған дұрыс. Ата-ана өзінің әрбір іс-әрекеті, қимылы, көзқарасы арқылы баласына айтарлықтай әсер ететін естен шығармаған жөн.










«Жасөспіріммен жақсы қарым-қатынас жасаудың құпиясы».
Ата-аналарға арналған кеңес.


1. Жасөспірімді жақсы қабылдау.
2. Оның ренішін және қажеттілігін белсенді «тыңдау».
3. Бірге уақыт өткізу (оқу,сабақ дайындау).
4. Оның жұмысына араласпау,ол өзі орындап шығады.
5. Егер сұраса, көмек көрсету.
6. Өз сезімдерімен бөлісу (яғни сену).
7. Табыстарын қолдау.
8. Кикілжіңді конструктивті шешу.
9. Күнделікті қарым –қатынаста жағымды сөздерді пайдалану.
10. Күніне 4, немесе 8 рет құшақтасу.





2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі. Сондықтан кеңес

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!