Материалдар / Ата-аналарға арналған кеңестер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналарға арналған кеңестер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда балабақшажасында балалары бар ата-аналарға арналған психологиялық кеңестерді жүктедім. Мұнда: "Балабақшаға алғаш келгенде", "Баланың тілінің дамуы", "Жазалау дұрыс па, бұрыс па?" тақырыптарында кеңестер бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1289
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балабақшаға алғаш келгенде» ата-аналарға арналған кеңес

            Танымайтын ортада жарты сағат болудың өзі балаға өте ауыр тиеді. Сондықтан алғаш  балабақшаға барған бала жаңа ортаға бірден бейімделіп кете алмайтындықтан, ата-аналарға бірнеше ақыл-кеңес ұсынамыз:

·        Баланыды бөгде (тыныс емес) адамдармен, үлкендермен, балалармен қарым-қатынас жасауға бейімдеңіз.

·         Балалар саябағына, мерекелерге, ойын аландарына үнемі апарып, құммен ойнауға үйретіңіз.

·        Достарының туған күніне балаңызбен бірге барып, өзін қалай ұстайтынын бақылыңыз (ұялшақтығы, балалармен тіл табысуы, еркін сезінуі т.б.)

·        Мамандардың айтуынша баланың балабақшаға баруы өте маңызды. Балабақшада тәрбиеленген  бала мектепке баруға ғана дайындалып қоймай, психологиялық әлеуметтік тұрғыдан да дайындалады. Егер  қолыңыз бос болса , баланы төртке  толғанша анасы өзі баққаны дұрыс. Себебі, бұл жасқа дейін сәби  анасына тым жақын болады да, анасынан бөлек өмірге көнгісі келмейді, қыс бойы ауырып, мазасы кетеді.

·        Балаңыз балабақшаға берердің алдында балабақшамен және тәрбиешімен, балалармен таныстырып, баланың назарын таныс ойыншықтарға аударыңыз. Балаңызға не ұнайтының, не ұнамайтынын, қандай дағдыларды меңгергендігін, қандай көмек керек екендігі, мадақтау мен жазалаудың қандай түрін қолданутиімді анықтап алаңыз.

·        Алғашқы күні балаңызды балалардың серуені кезінде алып келіңіз. Бұл орын үйіңіздің алдындағы аулаға ұқсайтындықтан, бала көп жатсына қоймайды, балалармен, тәрбиешімен танысуға ыңғайлы.

·        Егер бала бейтаныс адамдарға  жақындамаса , күштеп, зорлап әрекет жасаудан аулақ болыңыз. Бала бейтаныс адамдарға біртіндеп  үйренеді.

·        Балаңыз балабақшаға алғаш келген күні жалғыз қалдырмаңыз. Азғана уақыт  болса да, балаңызды қасында болыңыз. Жаңа ортада анасының қасында  болуы баланың сенімділігін арттыра түседі.

·        Баланың балабақшада болатын уақытын көбейте  отырып, үйдегі жағдайды балабақшадағы күн тәртібіне ұқсас ұйымдастырыңыз, балаңызды өз бетімен киінуге, шешінуге, тамақтануға, беті-қолын жууға т.б. үйретіңіз.

·        Басқа балалардың жылағанын көрмес үшін балаңызды балабақшаға сәл кештеу әкеліңіз. Алайда  бұл жөнінде тәрбиешімен ақылдасып алуды ұмытпаңыз.

·        Кешке жақын балаңызды балабақшадан алып қайтарда ата-аналар балаларына қалай келетінің, қандай көңіл-күймен қарсы алатының, балалар бір-бірімен қалай қоштасатының бақылаңыз. Бұл балаңызды балабақшаға еркін келуіне жол ашады.

·        Балабақшадан қайтарда балаңыздан кіммен достасқаны, қандай ойыншықпен ойнағаны туралы сұрап біліңіз. Жақсы істеріне үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз.

Балаға не үйрете аламыз?


Бала мектептен емес, мектепке дейін білімнен хабары болуы керек. Санау, жазу, бояу, ойлау, құрастыру секілді жеңіл істерді мектепке дейін біліп барғаны жақсы. Ол үшін баланы арнайы курстарға жаздырудың қажеті жоқ. Бұл істерді кішкентай балаға сабақ деп емес, ойын ретінде ұсынған тиімді. Өйткені, әлі тақта көрмеген бала ойыннан ажырай алмайды. Сол үшін сабақты баланың тілінде – ойын тілінде үйреткен дұрыс. Олай болса, сіздерге мынадай кеңес ұсынамыз.

Есте сақтау қабілетімізді арттырамыз: Кез келген лото не жануарлардың суреті бар қағазды алыңыз. Оларды баланың алдына жайып қойыңыз. Барлық жануарға зер салып қарап алған соң, балаға артқа қарауын сұраңыз. Сіз сол уақыт арасында кез келген жануарды алып, тығып қойыңыз. Бала қай жануардың үстел үстінде жоғалып кеткенін тауып көрсін.

Түстерді танып үйренеміз: Параққа кез келген заттың суретін салыңыз. Мысалы жеміс-жидектің суретін салдыңыз делік. Оның тек жарты бөлігін ғана бояп қойыңыз. Ал қалған бөлігін бала бояп шығады.

Басқаша ойланамыз: Ол үшін бізге таза парақ, бояу мен саусағымыз керек. Бала саусағын бояуға батырып, таза параққа саусақ ізін қалдырады. Саусақпен түрлі өрнектер салуға болатынын айтып отырыңыз. Алақанын да бояуға батырып, параққа алақан ізін қалдырса да болады. Содан соң, сол іздерді өрмекші, аққу, бауырсақ, смайлик секілді қызықты суреттерге айналдыра алады.

Ырғаққа бағынамыз: Көңілді әуен қосып қойыңыз. Бала сол әуеннің ырғағымен билесін. Басты ереже мынадай: сіз ырғаққа сәйкес қолыңызды шапалақтап отырасыз, ал бала сол шапалақтың баяу-тездігіне байланысты қадам басып отырады. Егер сіз жай шапалақтайтын болсаңыз, ол үлкен адым жасауы керек. Ал жиі шапалақтап кетсеңіз, бала аз адым жасайды. Бұл ырғақты сезінуге көмектеседі.

Назар және қабылдау: Балаға түрлі суреттер немесе фотолар көрсетіңіз. Суретте хош иісті заттар көрінсе немесе тамақ бейнеленгенін көрсе, бала терең тыныстауы керек. Ал егер жағымсыз иіске ие заттар бейнеленсе, бала алақанымен мұрнын жабуы керек. Қатты заттар бейнеленсе, жұдырығын қатты қысуы керек. Ал жұмсақ зат бейнеленсе, үлпілдек мақта ұстап тұрғандай болсын.






Ойын көмекшіміз.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, олардың еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Ойын арқылы олардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөльде жолдастарымен қарым-қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындары балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады. Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді.

Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып, ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Ойындарды үнемі пайдалану арқылы балалардың ауызша есептеуге жаттығуына логикалық ой-жүйелерін жетілдіруге, түсінуге толық мүмкіншілік бар. Олардың қатарына халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда, “Қай қолымда?”, “Қанша тұяқ?”, “Неше жапырақ?” т.б.

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар, ойын-тынысы кең, ойдан-ойға жетелейтін қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып ойнай білуге, ереже-сін сақтауға, ойлануға бағыттау, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамыту және қозғау, белсенділігін арттыру болып саналады.

Балалардың ой-өрісін дамытатын “Санамақ” ойыны. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі.

Бір дегенім – білеу,

Екі дегенім – егеу,

Үш дегенім – үкі,

Төрт дегенім – төсек. т.б.

Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – тәрбиешінің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындылықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, “Ұйқасын тап” ойындарының әсері мол. Мысалы, “Ұйқасын тап” ойыны арқылы балалардың білсем деген ұтымы артып, қызығып, белсенділігі танылады.

1.Өзінше  ноян,

Қорқақ кім? (қоян)

2.Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді… (шымшық).

Ойын – балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны адамдар арасындағы қарым-қатынасты білуі мен сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.


Балаңыздың тілінің дамуы.

Балалар бірдей емес, әрі барлығы сөйлеуді және айналасындағылардың сөйлегеніне назар аударуды әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі қарқынмен үйренеді. Әр бала бірегей! Есіңізде болсын, бала дамуы кезең-кезеңмен және белгілі бір тәртіппен жүзеге асады. Егер қандай да бір даму кезеңі қалыс қалса, ол келесісіне әсерін тигізеді. Бақытымызға орай, балаға жіберіп алғанының «есесін қайтаруға» мүмкіндік беретін жағдайлар әрдайым болады, бірақ ол үшін хабары бар және сенім ұялататын ортасы болуы қажет.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! БАЛАМЕН БАЯУ, ӘРІ АНЫҚ СӨЙЛЕҢІЗ, ДАУЫСЫҢЫЗБЕН ЕСТЕ САҚТАУЫ ҚАЖЕТ СӨЗДІ БАСА АТАП СӨЙЛЕҢІЗ.
12 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ: өз атын таниды; қарапайы «сау бол», «бер», «жоқ» және т.б. сөздерді түсінеді; бірдей буындарды айтады, мысалы: ма-ма, па-па, ля-ля, га-га және т.б.; күледі және сіздің артыңыздан дыбыстарды қайталап, сіздің артикуляцияңызға (артикуляциялық дағдыларыңызға) еліктеуге тырысады; бірдей заттарды атайтын өзіндік мағыналы «былдыр сөздерді» айтады.
Қашан көмек іздеу керек: 1. бала бар-жоғы бірнеше ғана сөз айта алады; 2. бала ойыншықтармен ойнамайды; 3. бала сөзіңізді түсінбейді, қарапайым тапсырмаларды және нұсқауларды орындай алмайды. Қашан көмек іздеу керек: 1. бала ым-ишараттармен және дыбыстармен сізге еліктемейді; 2. бала қарапайым сөздерді пайдалана бастады, бірақ тоқтап қалды. 3. бала сөйлеуге талпынбайды; 4. бала дыбыс шығаратын немесе қандай да бір әрекеттер жасайтын ойыншықтармен ойнамайды; 5. бала сіздің ерніңізді көрмейінше, сөзіңізді қинала түсінеді.

15 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ: жауап ретінде дыбыстар шығарады; 8–10 он сөз айта алады, бірақ анық емес; «жоқ» дегенді түсінеді және басын шайқайды; қалағанына қолын созады және оны көрсетеді, әрі дыбыс шығарады немесе дыбысқа еліктеу жасайды; қарапайым сұрақтарды және нұсқауларды түсінеді; ұйқастарды жақсы көреді және оларды қайталауға тырысады. 21 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ: таныс кітаптағы суреттерді нұсқап көрсетеді; ойыншық көліктермен, қуыршақтармен және басқа да ойыншықтармен сәйкесінше ойнайды; бірнеше ондаған сөз айтып, оларды сөйлем етіп құрастыруға, ым-ишаратты пайдалануға талпынады; айтқанды орындайды, мысалы: «отыр», «тауып, алып кел»,

18 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ: «шырынды іш». сөздерді түсінеді және дене мүшелерін көрсете алады (мұрын, құлақ, көз және т.б.); ойыншықтарын және заттарын іздейді («Доп, қуыршақ, шәркей, тақия және т.с.с. қайда?»); сөздерді ым-ишарат пайдаланып, сізге еліктеп айтады; «апа», «әке» сөздерін сәйкесінше пайдаланады.
24 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ: айта алатынынан көп сөзді түсінеді; сөздік қоры тез толығады, сөздерден сөйлем құрастырады; тапсырмаларды ынталана орындайды. Баланың тілдік дағдылары қалай дамиды? 2 және 5 жас аралығында балалардың көпшілігі өте көп дағдыларды меңгереді. Олардың сөздік қоры шапшаң қарқынмен өседі. Олар көбірек сөйлей бастайды, көп сұрақ қояды. Оларға әуен, ересектердің кітап оқып бергені және әңгімесін тыңдаған ұнайды. Бала бір ертегіні бірнеше рет оқып беруді жиі талап етуі мүмкін. Кейде балалар сөздерді есіне жақсы сақтап алғаны соншалық, тіпті кітапқа қарап, мәтінді оқып отырған сияқты болады. Сіз бұл жаста балаға оқу-үйренуге қалай көмектесе аласыз: баламен қарапайым, түсінікті сөздермен анық және асықпай, қарапайым сөйлемдерді пайдаланып сөйлесеңіз; сізге сөйлеп жатқанда балаға қарап тұрыңыз; сөйлеуге талпынысы үшін мақтаңыз; балаларға арналған әуендер қойыңыз, кітаптар, тақпақтар оқыңыз; қайда серуендеуге баратындарыңызды, онда не көретіндеріңізді айтыңыз, ал қайтып келгенде қайталаңыз, баладан сұраңыз: не көрді, қайда барды?; баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырыңыз, бірақ тым күрделі сөздер және сөйлемдерді шамадан көп пайдаланбаңыз; балаларға арналған шығармалар оқыңыз, оқығандарыңызды қимыл-қозғалыспен сүйемелдеңіз. ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Көбінесе кітаптағы мәтіндер кішкентай балалар үшін қиын болады, олар әңгімелегенді жақсырақ түсінеді. Ересектер балаға айтқан кез-келген мәлімет түсінікті және қонымды болуы тиіс. Бұл кезеңде ең бастысы – баламен сөйлескенде баланың «тіліне» көшпеу, керісінше, «дұрыс» сөздер пайдалану қажет. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балаға тым күрделі тақпақтар мен әңгімелер тыңдатпаған жөн. Тіл байлығын дамытудың қызығына түсіп, ауызша мәлімет баланың жасына сай болуы тиіс екенін ұмытпаңыз. Өзіңіздің тым жоғары талаптарыңызбен баланың сөйлеуді қалағысы келмейтін жағдайға жеткізбеңіз. Балаңыз мектепке баруға дайын болғанда, ол жақсы сөйлеуі және тыңдай білуі тиіс. Дыбыстарды үйрену баланы кейінірек оқуға және жазуға дайындайды.
Қашан көмек іздеу керек: 1. баланың мінез-құлқынан барлық сөйлеу әрекеттері сәтсіздікке ұшырағаны көрініп тұр; 2. балаңыздың сөзін түсіну сіз үшін қиын; 3. бала екі сөзден артық сөздің басын құрай алмайды; 4. бала құлақ салып тыңдамайды.

2 ЖАСТАН 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ: қарапайым нұсқауларды орындайды; «үстіне», «ішіне», «ішінен», «астынан» және т.с.с. көмекші сөздердің мағынасын түсінеді және осындай сөздерді қолданып айтылған нұсқауларды орындайды («допты қорапқа сал және т.б.); 3-4 сөзден қарапайым сөйлем құрастырады; отбасы мүшелерімен және басқа да таныс адамдармен әңгімелеседі; өлеңдер, тақпақтар, қысқа әңгімелер тыңдағанды ұнатады; заттар бейнеленген суреттерді ғана емес, әрекеттерді де көрсетеді; сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық санаттарын игере бастайды, оларды заттарды, жануарларды, өсімдіктерді; әрекеттерді және қарым
қатынастарды білдіретін етістіктерді (жуу, емдеу, көмектесу, аяу); көлемін, түсін, дәмін білдіретін сын есімдерді (үлкен, кішкентай, қысқа, көк, тәтті); үстеулерді (жақын, алыс, төмен, жоғары, баяу, қараңғы) атағанда қолданады. Сіз бұл жаста балаға оқу-үйренуге қалай көмектесе аласыз: сізбен сөйлесіп жатқанда баланы тыңдаңыз; түсінетіңізді көрсету үшін басыңызды изеңіз немесе күлімдеңіз; бала сұрақ қойғанда жауап беріңіз; балаңызға басқа балалармен ойнауға рұқсат етіңіз. 74 БАЛАҢЫЗДЫҢ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ 10 Қашан көмек іздеу керек: 1. бала сөздерді қайталайды, бірақ мағынасын түсінбейтін сияқты; 2. бала тұтығып сөйлейді; 3. басқа адамдарға балаңыздың сөзін түсіну қиын; 4. балаңыз сөздерді өзгеше тәсілмен пайдаланады. 3 ЖАСТАН 4 ЖАСҚА ДЕЙІН БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ: 4-6 сөздерден сөйлем құрастырады; нұсқау береді: «жөнде», «оқып бер»; көп сұрақ қояды; өздері не істегенін айтып береді; өз-өзімен және ойыншықтарымен сөйлеседі; әңгіме айтады немесе өлең салады; өзінің хал-жағдайы туралы айтып жеткізе алады. СІЗ БҰЛ ЖАСТА БАЛАҒА ОҚУ-ҮЙРЕНУГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕ АЛАСЫЗ: әртүрлі заттар арасындағы ұқсастықтар және айырмашылықтар туралы айтыңыз; балаға өзінің сезімдері мен ойлары туралы айтып жеткізуге көмектесіңіз; бала айтуға қиналатын сөздерді және дыбыстарды пайдаланып, оларды қалай айту керек екенін аузыңыздың қимылымен көрсетіңіз, дыбыстарды анық және түсінікті етіп айтыңыз; ұзағырақ әңгімелер оқыңыз және барынша мәнерлеп оқыңыз; оқып отырып, бала мазмұнын түсінгеніне көз жеткізіңіз, өз сөзімен қайталап беруін өтініңіз; мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз. ?
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! БАЛАМЕН СӨЙЛЕСКЕНДЕ СӨЗДЕГІ БАРЛЫҚ ДЫБЫСТАРДЫ АНЫҚ ЕТІП АЙТУ ҚАЖЕТ, СОНДА БАЛА СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ДҰРЫС МЕҢГЕРУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛАДЫ.
Зейін мен есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар ойнатыңыз; Ұсақ моториканы дамытыңыз, себебі, оның дамуы кішкентай баланың тілінің қалыптасу үдерісімен айрықша тығыз байла- нысты. Келесі жаттығуларды байқап көруге болады: Кішкене зырылдауықтарды жүргізу. Саусақпен пластилин, саз-балшық илеу. Гуашьпен саусақ көмегімен сурет салу. Әр саусақпен кезек-кезек ұсақ тас, моншақ, шар домалату. Жұдырықты жұму және ашу, бұл ойында жұдырықты гүл қауызы деп елестетуге болады (таңертең оянып, ашылды, ал кешке ұйықтап, жабылды, тығылды). Ересек адам саусағын кіргізе алатын жұмсақ жұдырық жасау және ашылмайтын қатты жұдырық жасау. Үстел үстінде қос саусақтап (сұқ және ортаңғы саусақтар) «жүру», алдымен баяу, әлдене жасырынып келе жатқандай, ал содан соң, жылдам, жүгіріп келе жатқандай жүру. Жаттығу алдымен оң, ал сосын сол қолмен жасалады. Тек бір саусақты көрсету – сұқ саусақ, сосын екі (сұқ және ортаңғы саусақтар), кейін үш, төрт, бес саусақ көрсету. Бір саусақты бөлек көрсету – бас бармақ. Қос қолдың бүкіл саусақтармен үстел бетін даңғырлату. Қол білегінен «шам» (фонарь) жасау. Біресе бәсең, біресе қатты, әртүрлі қарқынмен қол шапалақтау.
Барлық саусақтарды бір шымшымға жинау (саусақтар бірге жиналды – қашты). Жіпке ірі түйме, кішкентай шарлар, моншақтар өткізу. Қалың жіпке, бауға түйін байлау. Түймелерді түймелеу, ілгектерді ілу, сыдырмаларды сыдыру, қақпақтарды бұрау, механикалық ойыншықтарды қосу. Бұрандалар бұрау. Құрастырғыштармен, мозаикамен, текшелермен ойнау. Ендірмелермен ойнау. «Матрешка» ойыншығын бір-біріне салу, бір-бірінен шығару. Құммен, сумен ойнау. Қолмен поролон шарларды, ысқыштарды мыжу. Әртүрлі құралдармен сурет салу, сызықпен түрлеу (қа- ламмен, қарындашпен, бормен, түрлі-түсті бормен, акварь, гуашь бояуларымен және т.б.). Қайшымен кесу.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Қол қимылын дамыту жұмысы жүйелі түрде жүргізілуі тиіс, сонда ғана жоғары нәтиже шығаруға болады. Тапсырмалар балаға қуаныш пен шаттық сыйлап, ойын түрінде өтуі тиіс. Балаңызбен қай жерде жүрсеңіз де: көшеде, балабақшаға баратын жолда, асүйде, ваннада, ұйықтар алдында, жол үстінде болсын, білгеніңізді, үйренгендеріңізді тәжірибе жүзінде қолданып жүріңіз. Есіңізде сақтаңыз, шыдамдылығыңыз, мейрімімді және жылы сөзіңіз балаңызға тезірек сөйлеп кетуге сөзсіз көмектеседі!
5 жасқа аяқ басқанда балалардың көпшілігі: грамматикалық тұрғыдан толық сөйлемдер құрайды; дыбыстарды дұрыс айта алады; таныс сөздердің мағынасын түсіндіреді; сипаттаушы сөйлемдер құрайды; қарапайым есептің шешімін таба алады; дыбыстар мен әріптерді ажырата алады.
Қашан көмек іздеу керек: 1. бала толық сөйлемдер құрай алмайды; 2. бала басқа балалармен сөйлескенді ұнатпайды; 3. бала күрделі
Балаңызға қалай көмектесе аласыз: балаңызға кітап оқыңыз, оқығандарыңыз туралы сұрақтар қойыңыз, әңгімені бөліп-бөліп құрауға көмектесіңіз; ұзын сөздерді айтуға үйретіңіз; сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйретіңіз

БАЛАНЫ МАҚТАП ОТЫРУДЫ, ЖЕТІСТІКТЕРІН АТАП ОТЫРУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ! ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Дыбыстарды дұрыс айта алмайтын баланың мектепке барғанда көбінесе жазу пәндерінен үлгерімі төмен болады: қалай естісе, солай жазады. Егер сіз бес жасқа енді толатын балаңыздың тілінің дамуына алаңдасаңыз, уақытты босқа өткізбеңіз! Тұрғылықты мекен- жайыңызда орналасқан емхананың логопед маманының кеңесіне жүгініңіз.

Жазалау – дұрыс па, бұрыс па?

Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлынша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» – деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Абай атамыз: «Адам — ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» – дейді.Кейде ата-аналар жазаға немқұрайлы қарап, көбіне істі түзетудің орнына бүлдіріп алады. Жазалау — өте қиын нәрсе: ол тәрбилеушіден үлкен әдептілік пен сақтықты талап етеді. Сондықтан біз ата-аналарға мүмкіндігінше жазалаудан аулақ болып, дұрыс тәртіпті қалыптастыруды ұсынамыз.
Балаға дұрыс, бұрысты үйретіп, жазалау керек десек, бір жағынан, ол баланы қорлау, кемсіту сияқты көрінеді. Жазалауда бала өз қателігін түсініп, жасаған жаман қылығы үшін ата-анасынан кешірім сұрағаны да дұрыс. Бірақ, бала қалай жазаланса да, ол не істесе де, сізді әрқашан туған жақын адамы ретінде сезінуі тиіс.
Жазалаудан бұрын қателерді түзетуде, ең әуелі, мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн. Себебі балалар көбіне жасаған қателіктердің парқына бара бермейді. Мұндай жағдайда балаларға ұрсып, жекудің пайдасынан зияны басым болуы мүмкін. Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан сүйіп, иіскеуі немесе құшақтап, арқасынан қағуы, көтеріп құшағында тербетуі балаға оң әсерін тигізеді. Бала үлкендердің бұл ілтипатынан өзін жақсы көретіндігіне сенеді.
Зерттеушілер құшаққа алынып, құштарлана сүйілмеген, басынан сипалап маңдайынан иіскелмеген балалардың кейбір психикалық ауруларға ұшырайтынын дәлелдеуде. Мысалы, бес жасар қыз дүкенге барғанда қалтасына ұрлап бір кішкене зат салып алды делік. Үйге келгенде сізге көрсетеді. Бұндай жағдайда не істеу керек? Шара қолданып, жазалау керек пе? Себебеі неде?
Жалпы, балалардың мұндай әрекетке баруына үш себеп бар:
біріншіден, өнегелі көзқарастың жеткіліксіздігі (мысалы, бала өзінікі, біреудікі, жақсы, жаман түсініктерін айыра алмайды);
екіншіден, байсалды психологиялық қанағатсыздық болуы мүмкін (баланың ішкі қабылдаулары т.б.);
үшіншіден, ерік дамуының жеткіліксіздігі (әлгіндей әрекеттерге еріксіз барады).
Осындай жағдайларда баланы қорқытып, жазалауға болмайды. Өйткені жазалау әрекеті баланың бойында қорқыныш сезімін туғызуы мүмкін. Керісінше, ұрлаған затын қайтару, баланы ашық болуға шақыру, жәбірленушінің орнына өзін қоя білуді үйрету (6 жастан бастап балаларда ұят сезімі қалыптасады) керек. Ұрлық жасауға барған әрекетінің себебін тауып, мәселені шешуге тырысқаныңыз дұрыс. Балаға ұрысқаннан гөрі оған жақсы көретініңізді білдіру аса маңызды.
Тәрбие берудің негізгі мәйегі — мейірім мен сүйіспеншілік.
Психология ғылымында дәлелденген, кішкентай балалар үшін орны ерекше осы бір әрекетке тоқталып өтейік.
Баланы, әуелі, тыңдай білу керек. Әр нәрсені дұрыс түсінуге бала ақылы жете бермейді. Сол себепті баланың не ойлап тұрғанын білу қажет. Біз көбіне баланы қателікке ұрындырған себепті іздеп, дереу өзіне ұрса жөнелеміз. Балалар балалықпен қателік жасайды. Қате жасаса ұрсып, жазғыра жөнелеміз. «Балалар тыңдауды қажет етеді екен» деп, те ойламаймыз. Бала өз қателігін түсінген жағдайда ата-анасының не үшін ұрсып, не үшін жазалағанын түсінбей дал болып жатады. Содан «ата-анам мені жақсы көрмейді» деген ойға қалады. Міне, сондықтан баланың ішкі жан дүниесімен сырласпастан, оның ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс еместігін түсіндірместен, оған ұрысып, жазалау дұрыс емес. Есесіне, балаңызбен дос, сырлас болыңыз. Ешқашан қатыгездікпен адамды адам ете алмайсыз. Қатыгездік баланы ашындырады, өшпенділік тудырады.

Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі қателіктері
Ата-аналардағы қателіктердің бірі — баланы не болса содан тиып, іс-әрекетін шектей беру. Баланың қате қылығын тыйған кезде орнына басқа дұрыс нәрсені көрсету керек, яғни балама әрекет немесе зат арқылы дұрыс әрекетке бағыттау керек. Олай болмаған жағдайда бала баяғы істеген қателіктерін қайта жасауы, болмаса, қырсық мінезділікке бейімделуі мүмкін. Мысалы, бала ыдыс-аяқпен ойнағысы келгенде дереу қолынан жұлып алғаннан гөрі «Ойнасаң, мә, мына сынбайтын ыдыспен ойна» – деп, оған басқа ыдыс (мысалы, балаларға арналған ойыншық ыдыс) беру керек.
Жай жазалаудың салдары баланың ой-өрісінің дамуына кері әсерін тигізеді, содан реніш пен күйзеліске әкеліп, соңынан үлкендерге деген сенімсіздік сезімі пайда болады. Қатал қарым-қатынас болатын отбасылардағы балалардың неврологиялық реті бұзылады: тұтығу, түнгі қорқыныштар, ұйқының бұзылуы сияқты ауытқулар болуы ықтимал. Кішкентай адамның психикасы — өте жіңішке аспап. Оны жеңіл бұзып, сындырып алуға болады, бірақ сосын оны түзету қиынға түседі.
Ата-аналарға кеңес:
Баланың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен салыстырмаңыз.
баланы қателескені үшін кемсітіп, бетінен алмаңыз.
балаңыздың жетістігі мен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз жақсы көретініңізді сездіртіңіз;
әрқашан өз балаларыңыздың қылықтарын түсінуге тырысыңыздар;
ешқашан шешім шығаруға, әсіресе, жаза қолдануға асықпаңыздар.
Жақсы отбасында жазалау деген болмайды. Бұл — отбасы тәрбиесінің дұрыс жолы.







МКҚК «Айгүл» балабақшасы


Жазалау дұрыс па, бұрыс па?



Дайындаған: педагог- психолог А.Н.Абиева



Түркістан

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!