Қазірігі балалар
теледидардан қандай тәрбие алып
жатыр?
Ел болашағы жарқын болу үшін
өнегелі ұрпақ керек. Ал сол ұрпақтың өнегелі болып қалыпстасуы ең
бірінші, отбасына, ата – анасына байланысты. Сонымен қатар өскен
ортасына, кішкентайынан көрген – білгеніне байланысты. «Ұяда не
көрсең, ұшқанда соны ілесің» демей ме дана халқымыз. Жас ұрпақты ес
білгенше өнеге мен адамгершілік тәрбиесіне бейімдеу өз ұясынан
басталуы қажет.
Қазіргі біздің жас буынды
өнеге мен тәрбие жолына қалыптастыру үлкен жұмыс. Бұрыңғы аға
буының бала күнгі тәрбиешісі – Абай мен Жамбылдай ұлыларымыздың
кітаптары болса, дәл қазіргі заманда біздің бүлдіршіндеріміздің
тәрбиешісі – көгілдір экран болып
отыр.
Туа салысымен, жан – жағын
танымай жатып осы көк жәшіктегі қараң – құраң нәрселереге қызығатын
бала одан қандай тәрбие алып жатыр? Олардың сүйіп көретін
мультфильмдері балаларды не нәрсеге баулып жатыр? Бұл сұрақ бір ата
– ананы алаңдатса, күйбең тіршіліктің артында кеткен кейбіреуін
ойланта қоймағанда шығар?
Мультфильм десе ішкен асын
жерге қоятын бүлдіршіндеріміз техникалы заманда бірін теледидардан
көрсе, екіншісін арнайы таспалардан көріп үлгеріп жатыр. Ол
таспалардың барлығы да батыстың мультфильмдері екеніне
күмәнданбасақ та болады. Өйткені қазір балалардың санасын жаулап
алған шетелдік мультфильмдер, үлкендердің көретін фильмдерінен де
көп шығады десек артық айтпағандығымыз.
Қазіргі шет тілінен тікелей
аударылып, экранға берілетін мультфильмдердің ең осал тұсы бас
кейіпкерлердің жауыз кейіпте көрінуі, шектен тыс атыс – шабыс,
зұлымдықты насихаттауы. Ал бұл құбылыстың барлығы да оңы мен солын
танымаған балалардың санасын улап, теріс қылықтарға бейімдеп жатыр.
Беретін тәрбиесінен гөрі, тигізер кесірі көп бұл мультфильмдер бала
психологиясын әлемге қатыгездікпен қарауына бұрмалауда. «Шрек»,
«Наруто», «Өрмекші адам», «Спонч Боб» т.с.с секілді шет елдіктердің
ойлап тапқан тұлғаларына айналып бара жатқандығы алаңдатады.
Көгілдір экран беті былай тұрсын, балаларға арналған дәптер, қалам,
киім – кешектерден сол бейнелерді көретін
болдық.
Күні бойы теледидар алдынан
шықпай бас кейіпкердің қимылын бақылап отыратын балаларының соңында
сол кейіпке енуі, қазіргі ата – аналарға алаңдатарлық мәселе
емес, қуаныш болып
отыр. Әрине, қай ата – ана баласын
жаман жағынан көрсін. Алайда, санасын зұлымдық улаған бала, өскенде
жастайынан көріп білгенін істемесіне кім кепіл. «Баланы жастан»
демей ме, бала неғұрлым жақсы, қалыпты нәрселерді көріп өссе, соған
қарай бейім болады.
Сондықтан әрбір ата – ана
баласының не нәрсені көріп отырғанына бір сәт назар аударып, бала
психологиясына кері әсер ететін мультфильмдерді көруіне аз да болса
тыйым салуы ауадай қажет.
Салт – сана мен ұлттық
құндылығымызға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, шеттен келген
нәрселердің еніп кетпеуін қадағалайық. Өйткені, әрқашан да жас
ұрпақтың мойынын да – ұлт тағдыры тұрады, үлкендер артқан үміт
тұрады. Ал сол үмітті жас буынның ақтауы, ата – ана берген
тәрбиеге, жастайынан көрген – білгеніне тікелей
байланысты.
Дерек
Психология мамандары
мультфильмдердің балаларға тигізетін әсерін былай
мәлімдейді:
Мультфильмдер балалардың
көңілдерін көтерумен қатар олардың фантазиясын да дамытады. Олар
балалар әлемінде тек көңіл көтеруіш ғана емес, сонымен қатар
балаларды тәрбиелеуші болып табылады. Бірақ бұл позитивті
әсерлердің барлығы кей жағдайда негатив әсерге айналып, балаларға
кері әсерін тигізуі де мүмкін.
Зерттеулерге жүгіне отырып,
2-5 жас аралығындағы балалардың көрген оқиғаларына, іс –
әрекеттеріне еліктеу қабілеті бар екендігін аңғарамыз. Көрген
нәрсесіне еліктеп, көрген нәрсесінен сабақ алатын балалардың
өмірінде мультфильмдердің алатын орны
ерекше.
Мультфильмдердің 6-11 жас
аралығындағы балаларға тигізетін әсері жоғарыда айталғандағыдан да
күштірек болады. Өйткені бұл жастағы балаларда сену және көргенін
бағалау сияқты қабілеттері жетіледі. Осыларды ескере отырып
мультфильмдердің бұл жастағы балалар үшіг тигізетін ықпалының зор
екендігін байқаймыз.
Ал 12-17 жас аралығындағы
балалардың логика және ойлау қабілеттері жетіліп қалыптасады. Сол
үшін де бұл жастағы балаларға мультфильм анағұрлым әсер ете
қоймайды.
Ұрыс – соғыс тақырыбындағы
мультфильмдерді көп көретін балалардың өзге балаларға қарағанда көп
жанжал шығарытын қыңыр, сабырсыз, қырсық екендігі
байқалады.
Бұдан туатын нәтиже
мыналар:
-
Бұл балалар басқалардың қайғы-
қасіретіне көп мән бере бермейді.
-
Шын өмірде айналасында болып
тұратын ұрыс – керістен жеткілікті дәрежеде
мазасызданбайды.
-
Айналасындағыларымен ұрсысуға,
оларды ренжітуге басқаларға қарағанда бір табан жақын
тұрады.
-
Әсіресе 12 жасқа дейінгі
балалар шындық пен қиялды ажырата алмау проблемасына душар болуы
мүмкін.
Мультфильмдерде көрген –
биіктен секіру, ұшу сияқты іс – әрекеттерді шын өмірде де сынап
көруі мүмкін осылайша бала өз өмірін қауіп –қатерге
тігеді.
Мұның алдын –
алу:
Балалардың қандай тақырыпта
мультфильм көріп жүргендерін қадағалап отыру керек. Оларды
мультфильмнен де басқа нәрсеге баулу. Мультфильмдердің балалар
өмірінде маңызды рөл алуына жол бермеу
керек.