Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ата-аналарға кеңес: «Балабақша алғаш келгенде»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Лекция № 1
Жас ерекшелік психологиясы және оны зерттеу әдістері.
Жас ерекшелік психологиясы ғылымның бір саласы зерттеу обьектісі адамның жас ерекшелігі. Жас ерекшелік психолгиясының бөлімдері
1 Балалар психологиясы (0-7 жас)
2 Бастауыш сынып оқушыларының психологиясы(7-11)
3 Жеткіншек (11-16)
4 Жас өспірім (16-20)
5 Ересектер психология (25-60)
6 Қарттар психологиясы (65 - өлгенге дейін)
Жас ерекшелік психологиясы адамның дүниеге келгеннен бастап өлгенге дейінгі дамуын зерттейді. Бұл саланың негізгі бөлшегі балалар психологиясы, жеткіншектер мен жас өспірімділердің есею процесін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясының қарастыратыны балалар, үлкендер мен студенттер және қарттар(геронтология). Жас ерекшелік психологиясы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Мысалы: педагогика, физиология, анатомия және т.б. Жас ерекшелік психологиясы баланың ақылының кіріп қалай есейгені, ал анатомия дене құрылысының әр жасқа қарай дамуын зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы ғылыми түрде дамымай тұрған кезінде адамдар баланы оқытып, оқытпағанның өзінде тиісті шаруашылық салаларына , мысалы: мал бағу, егін салу, баубақша жұмыстарына үйретті. Осы кезде туған туысқандары жас мөлшерлерімен санасып кім жасына қарай қаншалықты ақылды немесе ақылсыз екенің біліп оқыған, бірақ бұл мәселелерді ғылым деп санамаған. 19 ғасырдың ортасында жас ерекшелік жалпы психологиядан бөлініп шығуына Ч. Дарвиннің зор ықпал етті . Бұл пәннің ғылым болып шығуына біріншіден әсер еткен балаға туғандардың, ата- ананың күрделі жазылуы және оны талдауы. Екіншіден эксперемент тәсілін кенінен қолдану. Дарвин өз заманында жануарлардың өз мінез- құлқын зерттеу мен ғана қоймай өзіне деген қажетті мағлұматтарды балаларды зерттеу арқылы жұмыс жасаған. 20 ғасырдың басында психологтар арасында өз балаларына күнделік жазу қолға алынды. Мысалы: немістін атақты психологы Тистерн әйелімен бірлесе отырып ұзақ жылдар бойы баласының психикалық дамуының жөнінде күнделік жазды, соның нәтижесінде көптеген енбектер жарыққа шығарды. Кеңес психологы А.Н. Гвоздив сегіз жылдай өз ұлының сөйлеу қабілетін зерттей отырып «орыс тілінің грамматикасының балада қалыптасуы» деп кітап жазды. 20 ғасырдың басында АҚШ психологы Келлоктар өз балаларымен қатар маймылдың баласын бірге тәрбиелеп өсіреді. Кеңес психологы Ладыжина маймылдың баласы өз балаларымен бірге төрт жылдай бағып соның негізінде адамның және маймылдың балалары деген еңбек жазды.Жас ерекшелік психологиясының дамуына эксперементалды психология көп әсерін тигізді. Оған үлес қосқан психологтар Штерн (1871-1933) Пияже (1896-1980) 1928 жылдың АҚШ Колифорния университетінде психологиялық лабораториялық генетикалық әдісттерқолданды. Бұл жағдайда 248 баланы зерттеген кейін 18 жасқа толғанда зерттеп отыр.
Жас ерекшелік психологиясы зерттеу әдісттері: Зерттеу әдістерінің екі жолы бар. 1. Салыстыру2. генетикалық.1 салыстыру жолында әр жастағы адамның психологиялық дамуын зерттеді. Мысалы 7-11 жасында. Әр жас туралы табылған мағлұматтарды статистика амалын қолдану арқылы салыстырды. Салыстыру жолының мұндай түрін кесенді тәсіл деп атайды. Себебі салыстыру кезінде бала психологиясы үздіксіз зерттелінбейді. Екінші генетикалық жол: бұл салада баланың бір қасиетін алады да ұзақ уақыт зерттейді. Мысалы: 10 жылға созылуы мүмкін. Зерттеудің бұл жолы сирек кездеседі. Яғни бір немесе бірнеше адамды ұзақ жылдар бойы үздіксіз зерттеуі қиын. Бақылау әдісі кенінен қолданады. Ол әдейі мақсат қойып адамның мінез-құлқын іс-әрекетін тексеру. Адамдар ісінің нәтижесіне қорытынды жасаузерттеу әдісінің бір түрі. Адам ісінің қорытындысына мысалы: қыздың тіккен кестесіне, суретшінің салған суретіне, шебердің салған мүсініне қарап психологиялық ерекшелігін байқауға болады.
Әңгімелесу әдісі: адампсихологиясының сырын білудегі әдіс. Бірақ кез келген әңгіме адам сырын білуге мүмкіндік бермейді. Мұндай дәрежеге жету үшін әңгімелер арасындақандай сұрақтар қою жөнінде ойлау керек. Әңгімеде көлденен сұрақ тәсілі деген әдіс кездеседі. Мысалы: бала мұғалімге шының айтқысы келмесе, шының айтуға біреуден қорықсапсихологиялық жағдайға байланысты сұрақ ойлау керек.
Жас ерекшелік психология әдістерінің бірі австирияның психологы Морено Ұсынған социометрия әдісі. Бұл тәсіл бір ұйым немесе топ адамдарының психикалық дамуын зерттейтін тәсіл.
Тест тәсілі: адамдарға белгілі бір тапсырма беру арқылы оның жеке психикасын анықтау.
Лекция № 2
Дүниеге келу бала организімі үшін үлкен өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадан, яғни ана құрсағынан ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын алуан түрлі тітіркендіргіштерге толы ауалы ортаға мүлдем жаңа жағдайға келеді. Яғни бұрынғы тірі жан дәрежесімен ақыл ойылы адам болып өсетін дүниеге келеді. Терінің қатты тітіркенуі мысалы: ине шаңшу дененің қорғаныш тартылысына, бетінің алдыңдағы бір нәрсенің қаралтуы қабағының тиюы, жарықты кенеттен кенетен көбейту көздің жұмылуына себепші болады. Бұл қорғаныш рефлексі деп атайды. Нәресте дүниеге келген алғашқы 3 күн ішінде жарық көзіне қарай басын бұрады. Бұл бағдарлау рефлексі деп атайды. Емізу, бетіне жақындату қарны ашып жатқан баланың іздену реакциясын тудырады.Бала тітіркендіргіш жақа басың бұрып ауызын ашады.Бұл бағдарлау тамақтану рефлексі деп атайды. Жаңа туған балада көптеген реакциялар пайда болады. Бірінші ему реациясы, бала ауызына салған нәрсені сора бастайды. Екінші жармасуреакциясы, алақаны бір нәрсеге тисе ұстап алады. Үшінші итету реакциясы, табанына жаннаса итереді. Жаңа туған нәрестеде әсердің көпшілігіне аяқтарымен қолдарың жөн-жозықсыз қимылдатып қоздырып жауап береді. Өмірінің алғашқы аптасында көру мен естуі жақсы жетіледі. Екі үш айға қарай бала үлкендерге көңіл аудара бастайды. Ересек адам балаға қарағанда, бала жимиып күледі. Бұны жадырау комплексі деп атайды.
Психологтардың пікірі бойынша бала алғашқы айларында өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші жан иесі деп бағалайды. Сондықтан жаңа туған баланың бөтен дүниемен кездескендегі сасқалақтап абыржуы дейді. Психолог Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр етіп жылауы оны ана организімінен бөлінген сәтте болатың қамыға жылауы дейді. Нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді үлкен адам болса организімнің қажетін қанағаттандырады, яғни шомылдырады, тамақтандырады. Үлкен адам баланы қолға алғанда нәресте мәз болып қуанады.Нәрестелік жас (0-1) үлкен адам баланың заттың дүниемен қарым- қатнасы жасауына көмектеседі. Қарым қатнас шеңберіңде сөздің алғы шарттары пайда болып яғни екі айлығында бала былдырап, уілдейді. Бір жасының аяғына қарай сөздерді түсіне бастайды.
Бір жас ішінде бала қимылдап қозғалысы дамыйды және психикалық процесстермен қасиеттерінің қалыптасуы көп болады. Бала мойының ұстаудыды, отыруды, еңбектеуді, тік тұруды бірнеше қадамжасауды үйренеді. 3-4 айлық кезінде жармасу қимылдары пайда болады. Бала өзінің қызықтырған жылтыраған затқа ұмтылады, қолын созады, ұстауға тырысады. Жармасу әрекетімен қатар затты сілкілеу, талқылдату, лақтыру, сияқты қарапайым қимылдарды дамыды. Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділігі артады.Қоршаған ортаның өзгерісін бала қайталайды, Мысалы: қол шапалақтау, үлкен кісінің күлгенің қайталау. Нәрестелік шақтың соңына қарай бала үлкендердің іс - әрекетін қайталап еліктеушілік қасиетін көбейтеді. Әдие жасаған әрекеттерімен еліктеу бала ақылының күшті дамып келе жатқаның көрсетеді.
Ерте сәбилік шақ (1-3)
Бала психологиясы алғашқы үш жылында болатын сапалық өзгерістерге толы. Сондықтан адамның туған сәтіне өлгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы үш жасар кезен. Үш жасар бала өзін - өзі күтуге қабілетті. Айналасындағы адамдар мен өз ара қарым – қатынас жасай алады. Сөздік формаларымен ғана емес мінез-құлықтын қарапайым формаларында (жылау, күлу, ашылану) игереді. Үш жасар бала белсенді үлкендерге тәуелсіз қоршағагн ортамен заттық дүниемен қарым – қатнас жасай біледі. Мысалы: жиһаз, киім- кешек, ыдыс-аяқ т.б. заттың өмірлік маңызын түсінеді.Әр жаңа заттың неге керек екенің түсінуге тырысады. Мысалы: қасық тамақ ішуге керек, яғни сурет салу, мүсіндерді құрастыру заттық әрекеттер арқылы баланың тілі жақсы дами бастайды. Бұл кезде үлкендер түсінікті де анық сөйлеп, сөздерді дұрыс құрастыра білуге үйрету керек. Сәби үлкендердің өзіне бағытталмаған сөздер қызыға тыңдайды. Үш жасар бала белсенді сөйлеуге тырысады.
1 жасар бала 30-100 сөз біледі.
2 жасар бала 300 сөз біледі
3 жасар бала 500 сөз біледі.
Бұл кезенде бір буынды және екі буынды сөйлемдерді ажыратады. Үш жасар бала қарай септік жалғаулардыигереді. Мысалы: менің, саған, оның. Белсенді сөйлеудің қалыптасуы үш жастағы баланың психикалық даиуының жақсы керек екендігін көрсетеді.
Мектеп жасының балаларының психикалық 3-7 жасқа дейін дамуы.
Баланың ойыны үлкендердің ісіне үйрену үшін арналған деп. Әлем психологтары қорытынды жасайды.Психикалық зерттеу бойынша ерте кезде балалар ойын дегенді білмеген, яғни бірнеше жыл бұрынғы өлген кісілердің молласы, жер астында көміліп қалған адамдар ешқандай олшем таппаған. Балаға арнап ойыншық жасау соңғы ғасырлар пайда болып осындай зерттеу қарастырғанда ерте кездегі баланың көбі 5-6 жасында ғана ойнап, кейін үлкендермен бірге жұмысқа кірір, кішкентайынан материгке үлес қосқан. Психолог Эльконин айтуы бойынша бұрынғы тайпалардың балалардың әке-шешесі бірігіп балық аулаған, егін салуға көмектескен. Сол сияқты қазақтың балалары 4-5 жасынан бастап еңбекке үйреткен. Қазіргі кезде мектеп жасындағы балалар негізгі ойыны рольдік ойын. Рольдік ойын кішкентай балалар мен дәрігер немесе мұғалім болам деп белгілі бір адамға еліктеуін туады. Қазіргі заман талабына сай, ойындар, ережелерінің түрлері өзгерді. 1 жастағы балаға манипуляциялық ойын маңызды орын алады.
Бастауыш мектеп оқушысының психикалық дамуы.
Бастауыш мектеп оқушысы әр түрлі денелік ерекшеліктері болады. Сүйек системасының қатаю кезеңі аяқталады. Сондықтанда мұғалім оны ескеру қажет. Олардың психикасы жақсы жетілмегендіктен балаға көп жазу жаздырып шаршатпау керек. Жүйке жүйесінің системасы әлі дамып жетілмеген. 7 жастағы баланың миының салмағы 1250 грамм. Бұл жастағы баланың танымдық процесстері тұрақсыз болып келеді. Оларда ырықсыз зейін басым келеді. Олар өте қоздырғыш, алаңдағыш болып келеді. Бірақ тәжірбиелі мұғалім жұмысты қызықты жүргізссе бала сабаққа көңіл қоя бастайды, олардың жүрек системасы толық жетілмегендіктен сергіту сәттерін өткізу керек. Бұл жастағы балалар әлі де ойынға қызығып тұратын сабақты ойын түрінде өткізген дұрыс.
Оқу іс – әрекетінің негізгі саласы еңбек процессі нәтижелі орындауға қажетті білімді дағдыны жүйелі түрде меңгеру. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұра тәжірбиелерін береді. Оқу материалдары бала психологиясына зор ықпал етеді. Өйткені ұғыну өте қиын оқу әрекетінің өзіне тән мативтері болады. Тәрбиелеуде немесе оқытуда мұғалім осы мотивтерді білу керек. Баланың жасы өскен сайын психикасыда өзгереді. Яғни оның оқуға деген көз қарасы өзгеріп отырады. Оқуға, білім алуға ұмтылудытудыратын мотивтер болады. Қазіргі психологтардың зерттеуі бойынша оқуға үлгере алмайтын балалардың бес тобын анықтап отыр.
1 Ми ауруымен ауратын балалар
2 Мұғалімнің назарынан тыс қалған балалар
3 Құлағы дұрыс естімейтін балалар
4 Түрлі аурумен ауыратын
5 Нашар мінезді қиын балалар
Ойын: Ойын бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы баланың белгілі бір қоғамдық тәжірбиесі қалыптасады. Баланың ойыны ұжымдық сипатта болады. Ойының қозғаушы баланың тілегі мен қызығуы. Ойын арқылы бала қандай нәрсеге қабілеті бар екенің байқай алады. Бастауыш мектеп оқушысының ойыны қоғамдық сипатта болады. Олар сюжеттік ойындарды көбірік ойнайды. Мысалы: Қуыршаққа киім тігу, үйдегі балаға сабақ үйрету, шаштараз болып ойнау. Олар оған кітаптан, көрген киноларын, естіген әңгімелелерінен өздері ойын құрастырады. Бұл жастағы балалар ұжымға бірігіп ойнады. Бірақ 7-8 жас балаларының ұжымы тұрақсыз болады. Өйткені олар топпен бірігіп өмір сүруге дағдыланбаған. Ойынды топқа бөлініп ойнау, жолдастарының алдында жауапкершілікті сезінуі, ойын ережелерін сақтау өзін топ арасында ұстай білуі сияқты қасиеттері дамиды. Бұл жастағы балаларда спорты ойында маңызды алады. Бұл ойындарда ереже сақтау бір-бірін мен жарысу, бірбіріне көмек беру жақсы қалыптасады. Мұндай ойындар арқылы жылдамдық ептілік қасиеттері дамиды. Бұл ойының ерекшеліктері балаға секіру, лақтыру, қарғу, өрмелеу сияқты отрибуттарды үйретеді және осы арқылы адамгершілік қасиеттерін дамытады. Бастауыш мектеп мұғалімі бала ойынына дұрыс жетекшілік көрсету, оның денесінің дұрыс қалыптасуымен бірге психикасы қасиеттердің дамуына мүмкіндік береді.
Еңбек: Еңбек адам баласының өмір сүру негізгі шарты. Бастауыш сыныптағы еңбек тәрбиесі баланы жүйелі түрде еңбек үйретуге үйретеді. Баланы жас кезенінен бастап еңбекке психикалық жағынан даярлау қажет. Оқыту еңбек дағдысы арқылы қалыптасады. Өйткені бала өқзінің еңбек етудегі мақсаттың түсіне қоймауды және одан нәтиже шығ,арам деп ойламайды. Еңбекке тәрбиелеу бала зейінінің жақсы дамытады. Бала кезде алған еңбектің дағдылары өмір бойы сақталады. Сондықтанда бастауыш сыныптағы еңбек дағдысы дұрыс қалыптасу керек. Оқыту біртіндеп өз еңбегінің қоғамдық мәнің түсінеді және нәтижесін көрсетеді. Мысалы: Мектеп ауласына жас ағаштар отырғызу, яғни оны жылда суарады, күтеді. Бастауыш сынып оқу оқушысы шаршағаның білмей еңбек істей береді. Сондықтан да мұғалім оны бақылап тұру керек. Бірінші сынып оқушысының еңбегінің нәтижесіне қарамайды. Олар асығып, аптығып шала істейді, ал 2-3 сынып оқушыларын еңбекке дұрыс көзқараспен қарайды. Олар адамның еңбектері туралы кітаптардан оқиды, теледидардан көреді. Еңбек ету арқылы бала үлкен нәтижелерге жететінің түсінеді.тЕңбектің дұрыс ұйымдастырылуы олардың ой өрісінің жанжақты қалыптасуына мүмкіндік береді. Еңбек арқылы психологиялық таным процесі адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
3. Мектептегі оқу – тәрбие процесін міндеті тек білім беру ғана емес сонымен бірге дағдыларды қалыптастыру. Дағды бірнешеге топтастырылады.
1. Кітап оқу дағдысы
2. тәртіп дағдысы
3. Жазу дағдысы
4. Есептеу дағдысы
5. спорт дағдысы
6. Өнер дағдысы
Мұғалім балаға осы дағды жүйелі түрде дамыту керек. Дағдыға үйретудің негізгі жолы жаттығу. Бала мұғалімнің айтқаның дұрыс тыңдап оны практикада дұрыс қолдану. Мысалы: Кітапты оқу дағдысында дыбысты буынға , буынды сөзге сөзден сөйлемге үйретеді. Оқушының осы дағдымен бірге жалпы дағдылары да болуы тиіс.Ол өмірлік немесе тұрмыстық дағдылар.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке басына тән қасиеттері.
Жеке бас ұғымына «мен» деген сөз кіреді. Бала алғашқы сыныпқа келген соң өз құрбыларының білгісі келеді. Егер бала өзін басқарудан жоғары сезінсе мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше өзі жөніндегі бағасы төмен болып келсе басқаларға көмек көрсеткісі келіп тұрса ондай баланы кішіпейіл деп атайды. Бастауыш мектеп оқушысы өзінің ісіне немесе мінезіне әлі сын көзбен қарай алмағандықтан өзін өзі бағалауы жоғары дәрежеде емес. Бұл жастағы балалар өте сыпайы ақ көніл болып келеді. Бастауыш мектеп оқушысы жеке басына тән қасиеттер сондай ақ ерік жігері қандай ашуланшанғышына әлде сабырлы ма әсемдікті ажыратудағы талғамы қандай және құрбы құрдастарымен қарым – қатнасы қандай осы жөнінде анықтап алу қажет. Ол үшін мөлшер ұғымын түсініп алу қажет. Мөлшер деп балаға қойылатын талапты айтады. Бала мектепке келмей тұрып нені істеуге болатының не болмайтының жақсы біледі. Мектептен келгеннен кейін бұрын орындап көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Мысалы: Сабаққа кешігіп немесе тапсырманы орындамай келуге болмайды. Онда мұғалім мен құрбылары алдыңда ұялу қасиеті оянады. Сол сияқты мектепке таза киініп келмесе немесе тәртіп бұзса , бұл норманы бұзу болып есептеледі. Бастауыш мектер оқушысы үшін бұл нормаларға бағыну өте қиын. Ол біртіндеп үйренеді. Бастауыш мектеп оқушысының мінезіне қиыншылыққа төзімділігі берген үәдесіне тұра алуы өзгелерге сүйкімді көрінеді. Бір нәрсеге әуес қоюшылығы жатады. Қыздар мен ұлдардың мінезі бірдей болып келмейді. Мысалы: Табандылық, айтқанынан қайтпау, қиыншылыққа төзу ұл балаларда көп кездеседі, ал қыздарға тән қасиет басқаларға сыпайы біреуге көмек жасағысы келіп тұрғанымен анықталады. Мұндай болып келуі тәрбиеге және қандай жынысқа жататынына байланысты. Бастауыш мектеп оқушысының негізгі қасиетті: әуес қой, ақ көніл, өзгелерге көмек бергісі келіп тұрады және бұл жастағы балалар не деген сұрақтың орнына ол неліктен деген сұрақты көп қояды. Сұрақты бұлай қоюдың үлкен маңызы бар, өйткені ол нәрсенің сырын да, себебін де түсінгісі келеді. Бұл жастағы оқушыға ашуланшақтық қасиет тән. Баланы үйдің ішіндегілер көп еркелетеді онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып айғай салып жылайды. Егер көптеген жағдайда 4 – 5 деген баға алса құрбыларының көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды.Ерік жігер қасиеттері қалыптасқанымен кейде өзін өзі меңгере алмай қалады.Яғни, импульсивтік іс әрекет жасайды. Импульстік іс әрекет дегеніміз – ойланбай не болса соған қызып бірдеңені бүлдіріп алуды айтады.Бұл жағдай баланың тәртіпсіздігігнен емес өзін өзі меңгере алмаушылықтан болып келеді.
Бастауыш мектеп оқушысында әсемдікті ажырату қасиеті жақсы дамыған. Бұл қасиетке сурет салу, ән айту, музыка тыңдау арқылы іс әрекеттер жатады.Әрекеттердің бұл түрлері бала қолының шеберлігін музыканы естіп оны ажырата алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 2-3 нші сынып балалар көркем әдеби шығармаларды оқып табиғаттану пәндері арқылы сұлулықты түсінеді. Әр түрлі мәдени хабарлар арқылы әсемдікті жаман істерден ажыратады. Бұл жастағы оқушының құрбыларымен қарым – қатнас әр түрлі болып келеді. 1 нші сыныпта олар бір – біріне көмектесуді білмейді, тек мұғалімнің көмегімен бұл қасиеттер біртіндеп жойылып өз ара достаса бастайды және бір біріне бауыр басып мейірімді болып келеді. Мектепке жаңа келген бала сыныптағы құрбыларымен қарым қатнас жасау нәтижесінде психикалық қасиеттері жақсы дамып жетіледі. Мектептегі жаңа жағдайға үйрене алғандықтан бала сабақ үстінде мынадай қиыншылықтарға кездеседі. Біріншіден бала мектептегі жағдайға бейімделе алмайды, яғни белгілі бір уақытта тұрып белгілі бір ұйқыға жатыға сабаққа кешігіп келмеуге және сабақ үстінде үндемей тыныш отыруға үйрене алмайды. Осының нәтижесінің бала психологиясы тез шаршайды, 2 ден мұғалім және құрбы құрдастарымен қалай қарым қатнас жасауды білмейді. Мұғалімнен түсінбеген нәрсесін сұрауға ұялады. Қасында бірге отырған оқушымен ойнауға болама және сыр айтуға болама, яғни қалай қарым қатнас жасауды түсінбейді. Бірақ бұл қысқа уақытқа созылады. Сонымен қатар бала сабаққа барғанына мәз болып әке шешесіне еркелеп үлкен бір қызмет атқарып жүргендей өзіне ерекшге көніл бөлуді талап етеді. Осы жағдай да әке шеше оны көп еркелетпесе баланы сабақты одан әрі оқуына қиыншылықтарды өз бетімен шешуге ықпал тигізеді. 3 ден бірінші сыныпқа қойылатын талаптар өте жеңіл болып келеді, сондықтан бала жалығып кетуі мүмкін. Егер мұғалім оқуды қызықты ұйымдастырса баланың оқуға деген қызығушылығы артады. Ал егер тапсырманы қиындатып жіберсе бала бұны орындай алмаймын деп нем құрайлық танытады. Осы 3 түрлі қиыншылық бала психикасына кері әсер етпес үшін мұғалім көп ізденіп жұмыстар жүргізу керек.
Оқушыға жасалатын психологиялық мінездеменің құрастыру үлгісі.
1. Оқушы туралы мағлұмат: а) Оқушының толық аты – жөні, туған жылы, айы, күні, сыныбы, мектебі, тұратын мекені.
ә) Тұрмыс жағдайы, отбасы құрамы, оқушының күн тәртібі, денсаулығы, және бұрынғы сыныптағы қазіргі сабақ үлгерімі.
2. Оқушыға мінездеме:
а) Сабақ үлгерімі
ә) Оқушының сабаққа және жеке пәндерге ынтасы.
Б) Сабақта және сабақтан тыс кездегі тәртібі.
3. Оқушының психикалық дамуы.
А) Ой өрісінің даму деңгейі
ә) Оқуға зейінділігі, оның тұрақтылығы, алаңдаушылығы, көлемі, бөлінілушілігі.
Б) Оқу материалдарының есінде қалдыру тәсілдері.
В) Оқу материалына байланысты оқушы қиялының дамуы
Г) Сөйлеу жүйесі оқушының тапқырлығы және алғырлығы
Д) Оқушының өзіндік темпераментті мінезі, оқуға ынтасы мен ықыласы мен бейімділігі.
Е) Оқушының Құрбыларымен арасындағы беделі.
4) Оқушының қоғам жұмысына қатысы.
А) Үйірме жұмысына қатысу
ә) Қоғамдық пайдалы еңбекке және үй шаруашылығына қолғабыс етуі.
5. Оқушыға қатысты мінездеме берушінің ұсыныс пікірлерімен тіліктері.
Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
(11-16)
1. Жеткіншек психикасына жалпы сипаттама.
2. Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы
3. Жеткіншектің «мен» деген қасиетінің қалыптасуы және үлкендермен байланысы.
4. Есеуі және үлкендердің ісіне жеткіншектің толқуы.
5. Жеткіншектің құрбыларымен қарым қатнасы.
6. Жеткіншектің оқуы және таным процесінің дамуы.
1. Жеткіншек жасттағыларды «Қиын және ауысу жастағылар» деп атайды. Жеткіншек басқа жастағыларға қарағанда педагогикалық психология мен әдебиеттерде негізгі тақырып болып есептеледі. Себебі бұл кезенде жеткіншектің психикалық даму ерекшелігі басқаларға қарағанда өзгеше болады. Жеткіншек жастағылар барлық нәрсені өз бетімен орындап үлкен адамдардың қамқорлығы мен ақыл кеңесін тыңдағысы келмейді. Бастауыш сыныптағы үйге берілген тапсырманы тез жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысады. Кейбір жеткіншектер үлкен адамдар мен қарым қатнастарда болғанда мейірімді сыпайы келсе, кейбіреулері өрескел түрде тәртіп бұзуға бейімделеді. «Жеткіншек бәрін өзім істей аламын, сендер мені әлі бала деп ойлайсындар деп назарылық білдірсе, соның өзінде қолынан әліде көп нәрселер келе бермейді. Ересек сияқты жұмыс істегісі келгенмен солардай істей алмайлды, яғни жеткіншек істі игеру жағынан бала да ал талап қою жағынан ересек . Жеткіншектің осы сияқты қасиеті қазіргі заман да да өткен дәуірдің жеткіншектеріне бірдей. Мұнымен қатар бүгінгі заманның жеткіншектері үлкен адамның талабына оңай көңбейді. Себебі 1 ші қазіргі кезде оқушының көпшілігі үлкендерді тыңдамайды, ал өткен дәуірде бала кішкентай кезінен материалдық игіліктерін өндіруге, яғни мал бағуға отын, шөп шабуға көмектеседі. Ал қазіргі жеткіншектің ата-аналары оқу тапсырмасының орындай алмайды деп жұмыстан босатады. 2 ден өткен дәуірге қарағанда қазіргі кездегі жеткіншек телефондар, компютерлер, интернет арқылы ересектерге арналған хабарларды естіп филімдерді көріп, соларға еліктейді. 3 - ден қалалық жерде жеткіншек өз құрбыларымен немесе үлкен балалармен бірге жаман ортаға көп кездеседі. Жеткіншекті бала кезде ересек кезенге ауысуы психологияда жаңа сапа деп атайды. Осыған ауысуының себебі жеткіншектің психологиялық өзгешілікке ұшырағаннан үлкендер жеткіншектерді бала деп , ал жеткіншектер өздерін үлкенмін деп есептейді. Жеткіншектердің үлкен болуға тырысатын қасиеті олардың көмегінен және күні түні ақыл айтудан босануға тырысады. Олар фантастикалық кітап оқып, компютірлер ойындарын ойнап, солардың кейіпкерлеріне еліктейді. Түннің ортасына ортасына дейін кино көріп кітап оқып сабақтан қалып қою жие кездеседі. Жеткіншектер арасында радио телефон мен интернет технологиясымен әуестенушілік көптеп кездеседі. Олар радио қабылдағыш , магнитофон техникаларды жөндеп, қайтып құрастыра алады. Бұл жаста кейбір балалық қылықтарда кездеседі. Мысалы: қыздардың шашың тартып, мазалау, мектепте жүгіру, бірақ олар таныс емес үлкен адамның алдында өзін мәдениетті ұстауға тырысады. Жеткіншектерді тәрбиеге көнбейтін «қиын» жас деп сипаттайды. Себебі: 1. Бұрынғы кездегі психикасы мінез құлқы өзгеріп соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болады.
2. Жаңа қасиеттер пайда болу нәтижесінен бала қиналысқа ұшырайды, яғни тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды. Мұндай өзгешеліктерді психологтар әртүрлі дәрежеді тұжырымдарды. 19 ғасырдың бас кезінде психолог З. Фрейд жеткіншектің үлкендердің қамқорлығына көнбейтіндігін өзін бәрін орындаймын дейтін қасиеттін пайда болу қызығушылығы дейді. Бұл пікірге кейбір психологтар қарсы шықты. Олар мынадай тұжырым жасайды: жеткіншектің тәрбиеге келмеуі уақытша нәрсе қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбиелеуде ролі үлкен. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қойылатын талапта өзгеріп отырады. Сол талапқа сай жеткіншек кішкентай жасынан бастап үлкен жасқа өтер де қоғамдағы жағдай оған түрлі әсер етеді. Уақытына келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй тәрбиесіндегі үй жұмысқа байланысты. Егер тәрбие немесе оқу жұмысы қызықты ұымдастырылмаса, олар жаман әдеттерден аулақ болып осы қиын жас кезенінен жаман қасиетерді бойына сіңірмей саналы азамат болып өседі.
2. Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
Жеткіншек жасында дене және физиологиялық жағынан бала үлкен өзгерістерге ұшырайды, яғни бастауыш сыныпта бала денесі белгілі бір мөлшерде ақырындап өсетін болса, жеткіншек кезде өте тез өседі. Мұндай өсу 11-16 жасқа дейін созылады да одан кейін баяуылап қалады. Қыздың денесінің денесінің өсуі 13 жаста кездеседі. Бұл кезде сүйектері нығайып бұлшық еттері күшейді. Осының нәтижесінде 13 жастағы қыз шешесімен қарайлас. Ал 15 жаста дене күші әкесімен қарайлас болады. Бірақта жеткіншектің дене құрылысы әліде толық жетілмейді, себебі дене мүшелері бір келкі дамиды. Мысалы: аяқтары, қолы, белі мойыны тез өседі де кеудесінің өсуі ақырындап қалады. Осының нәтижесінде дене пропорциясы сәйкес келмейді. Сонымен қатар жеткіншектің қан айналу системасы үлкен өзгеріске ұшырайды. Жүрегінің көлемі тез өсіп салмағы артады. Артериялық қан айналымының диаметірі баяу дамиды. Осының нәтижесінде жүрек қанды көп айналады. Артерия қан тамырының диаметірі кішкетай болғандықтан жеткіншек болғандықтан жеткіншек қанының қысымы көбейеді. Осының нәтижесінде жеткіншектің нерв қызметі бұзылып ол ашуланшақ ыза қор болады. Сондықтанда бұл жағдайда дене шынықтыру сабағын көп жүргізу тиіс. Жеткіншектің жыныстық даму системасы жағынан үлкен өзгеріске ұшырайды. Жыныс гормондары бездерінің жұмысы жақсы дамиды. Қыздар 12-13 жаста ұлдар 13-14 жаста жыныстық қатнастарды жетіледі. Жыныс бездері ішкі және сыртқы секреция бездерімен тығыз байланысты. Кейбір утопиялық психологтар бұл жастың өзіне тән ерекшелік , яғни тәрбиеге көнгісі келмейтінің жыныс өміріне жеткіншектің даяр болуынан деп дәлелдейді. Бұл қате пікір бірақта жеткіншектің дамуына жыныс факторлары ықпал тигізеді. Жыныстық өмірде даяр болуды жер бетіндегі ауа райының өзгешелігімен және ұлттық этнографиялық факултетімен байланысты болады. Оңтүстік елдің қыздарымен ұлдары жыныс жағынан солтүстік балаларға қарағанда ерте жетіледі.
Жеткіншектің бас миының көлемі
Бірақта ми қабығы клеткаларының тітіркендіргіштерге үлкен әсер береді.
Соның нәтижесінде жеткіншек тез қуанады, тез ренжиді. Жалпы алғанда жеткіншектің дене құрылысымен физиологиялық ерекшелігі көптеген өзгерістерге ұшырайды. Бірақта бұлардың тәртіп бұзуға немесе үлкендердің сөзің тыңдамауға әсер ететін ешқандай фактор жоқ. Жеткіншектің өміріне әлеуметтік фактор және биологиялық фактор әсер етеді. Бұл екі процесс бір бірімен тығыз байлданысты. 20 ғасырдың бас кезінде Америка психологы Холи және француз психологы З. Фрейд «биогенетикалық универсиализм дегенұғымын енгізеді. Бұл термин бойынша жеткіншектің өзіне тән психикалық ерекшеліктері ата тегінен берілген қасиет дейді. Сондықтанда осы заңдылықтың кейбір жақтары жеткіңшектің мінез құлқына әсер етіді деген. Бұл пікірді дәлелдеу үшін АҚШ антрополоктары Мит және Бинедет үнді елінің бір тайпасына барып, сонда тұрып жеткіншектерді зерттеген. Зерттеу барысында тек бақылау әдісі қолданылды. Соның нәтижесінде олар мынадай қорытындыға келді. Тайпадағы өмір сүретін 11-16 жастағы балаларда дамыған біздің елдің жеткіншектерге тән ұнамсыз әдет ғұрыптардың бірде бір кездеспейді. Ал қыздардың жыныс жағынан есейгені олардың мінез құлқынан байқай алмайсын. Зерттеудің тұжырымдамасы сондай үлкен жаңалық еңгізген жоқ. Себебі қазақ елінің алатын болсақ жеткіншектер тәрбиесі жөнінде бұрынғы ата бабаларымыз оларды жастайынан еңбекке араластырып жеткіншектің мінез құлқында пайда болған өзгерістерге биологиялық факторлар ғана емес әлеуметтік фактор да әсе етеді.
3. Жеткіншектің «мен» деген қасиеті үлкендермен қарым – қатынасы және олардың арасындағы қайшылықтар нәтижесінде пайда болды. Осының себебінен жеткіншек дағдарысқа ұшырайды. Дағдарыс дегеніміз сөздің мағнасы жеткіншек қиын жағдайда тап болған кезде одан қалай шығуды білмейді. Психолог Ковалев дағдарыс кезені жеткіншектердің үлкендермен қарым – қатнасының бұзылуынан пайда болады дейді. Яғни жеткіншектің үлкендермен қа қарым – қатнасы жақсы болса онда олар дағдарысқа ұшырамайды. Бұл пікірді басқа психологтар дұрыс емес дейді. Себебі:
1. Дағдарысқа ұшырайтын үлкен емес жеткіншектің өзі.
2. Дағдарыс үлкендердің оған қатнасына риза болмаудан пайда болады. Сондықтанда дағдарыс кезені 11-16 жас аралығында болады. Қорытындысында жеткіншек өзінің үлкейгенің өзінің қойған талаптарын орындалуын сұрайды. Қыздар киім киюіне, өздерін күтеді. Ұл бала тиісті міндеттерді өз бетімен орындағысы келеді. Бұған үлкен туысқандар қарсы шығады Себебі үлкен оны бала деп есептегендіктен бір нәрсеге ұрынып қалады деп ойлайды. Егер осындай қарым – қатнас ұзаққа созылатын болса, жеткіншек ызаласып ерегусуге, үлкен не айтса да соңы орындауға тырысады. Екі арадағы қатнасты кім женеді деген сұраққа жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан жеткіншек женеді деуге болады. Себебі диалектиканың заңы бойынша жаңа нәрсе екені біледі. Жеткіншек үлкендермен адаммен қарсыласып оның сөзің тыңдамайды. Үлкендер оны тәртіпке шақыру үшін жазалауды мүмкін. Бірақ осыған жеткіншектің кейбіреулері көнбейді. иАяғында үлкендер шаршап «сенің айтқаның болсын» деген жағдайда кездеседі. Бұндай жағдайды Неміс психологы Левин «ойлық бөгет» деп атайды. Себебі жеткіншек пен үлкендер арасында түсініспеушілік кедергі болған соң үлкендердің сөзін тыңдамайды. Соның нәтижесінде жан – жалға апарып соғады. Жалпы алғанда жеткіншектің үлкендерге қоятын талабының бүкілін қате деуге болмайды. Себебі :
1. Үкендер өздерінің өмір баяның мысал келтіріп «біз жас кезімізде мынадай болып едік» деген тағыда басқа себептерін айтады. Өзі жеткіншек кезде қалай бола баласында сондай болуы тиіс деген қате пікір ойлайды, себебі үлкендердің жас кезендерімен қазіргі жеткіншектің талаптары бірдей емес.
2. Бір кісінің үйренген қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдері әр түрлі. Егер біреулер өзгені қолданған амал тәсілдерін. Бұл сол адам сияқты істесе оның өмір сүру жағдайы жеңіл болып өмірдің қиыншылығын түсінбейді. Жеткіншектің «мен» деген қасиеті өзінің кім екенің біліп өз күшіне сеніп өз мүмкіншілігін дұрыс бағалауға пайдасын тигізеді. Мұны психологияда өзін өзін бағалай алуын сапаның өзіне тән қасиеті деп атайды. Яғни жеткіншек өзінің мүмкіншіліктерін дұрыс бағалап өзгелермен қарым – қатнас жасауға үйренеді. Қандай әрекетті жақсы жаман екенің ажыратады. Жеткіншек кездегі қажеттліктің бір түрі өзін - өзі білгісі келу. Қажеттіліктің бұл түрінің пайда болу үлкендердің немесе құрбылардың жеткіншекке қоятын талабы қате мен дұрыспа соны білуге арналады. Өз қолынан бір нәрсенің келетің не келмейтінің білуге ұмтылады. Яғни өзін өзі бағалап қандай нәрсеге қабілетті екенің анықтайды. Өзін үлкендердің қатарына қосқысы келгендіктен мінезінің іс әрекетінің жаман жақтарын одан әрі дамытып басқалардың алдыңда жақсы көрінгісің келеді. Жеткіншек үлкен адам болуға асығатын себебінің бірі өзінің кемшілік жақтарын байқай алуы. Өзінің қатесіне талдау жасап оны жоюға тырысады. Себебі достары мен үлкендер арасында жақсы көрініп және өзіне ұнайтын нағыз сырлас дос табу. Жеткіншектің идиалы әр түрлі болады. Көркем әдебиеттегі кейіпкерлер өзінің жақсы білетін, жақсы көрінетін адамы болуы мүмкін. Егер идиалы кейіпкерлер болса, бірғана кеіпкерлердің емес жинақты бейне түрінде жүзеге асады. Еліктейтін бейне өзінің ұнататын адамы болса, сол сияқты сөйлеп сол сияқты жұмыс істеуге тырысады.Жеткіншектің өзін бағалай алуы әр түрлі болып келеді. өзінің мүмкіншілігін обьекті түрде бағалай алмайтынды мақтаншақ деп атайды. Бірақта бұл қасиет біртіндеп жойыла бастайды. Құрбылары мен әңгіме пікір таласу арқылы не нәрсенің жаман жақсы екенің үйретеді. Қорытындылай келе жеткіншектің өз мүмкіншіліктерін бағалай алуына тәрбие және оқуту жұмысы көп әсерін тигізеді.
4. Есею және үлкендердің ісіне талаптану.
Жеткіншек үлкендердің талабына көп жағдайда көнбейді, себебі өзі үлкен кісі болғысы келеді. Осы мақсатқа жету үшін жеткіншек үлкен ісіне талдау жасап үлкен адамдардың несі ұнайды несі ұнамайды сол жөнінде ойланады. Ондай жағдай болмағанда өзінің үлкен болу мақсатына жете алмайтының түсінеді. Қазіргі заман жеткіншектің есеуімен өткен дәуірдегі жеткіншектің есеуі арасында үлкен айырмашылық бар. Өткен заманның жеткіншектері атқа мініп үлкендерге қосылып серілік құрса, ал қазіргі заман жеткіншектері бұндай нәрсені есеуі деген ұғымға жатқызбайды. Жеткіншек жастағы ұлдар есеуі деген ұғымды бұлай түсінеді: қалалық жердегі жеткіншектер жеткіншектер ұялмай үлкендердің көзінше темекі тартып немесе карта ойнағанды есейгендіктен белгісі деп санайды. Бұл есеуідің мағнасы дұрыс түсінбеуден болады. Жеткіншектің көпшілігі есеуідің бұл түрінің жаман екенің түсініп пайдалы істермен айналысуға тырысады. Өзін болашақтағы қиындықтарды өзі жеңуге даярлап есеуі терминің екі мағнада түсінеді. Біреулері болашақта ірі қайраткер болсам екен деп армандап, былай түсінедіреді есеуі деген білімді ақылды азамат деп ойлайды.
2) Физикалық күштің мықты және шыдамды болуын айтады. Жеткіншектің кейбір тобы есеуі деген мағнасын фантастикалық кітаптардан, кинодағы кейіпкерлермен және ғылым ғылым мен техникалық ғажайыптарын білсем деп армандайды. Бұндай жеткіншектердің компютерлер, интернеттер туралы білімдері болашақта оларға көп көмегін тигізетін психологтар дәлелдеп отыр. Жеткіншектің кейбіреуі өзіне аспаптар жасау үшін құрал саймандар сатып алып өз шеберханаларын жатады. Жеткіншектің қыздардың есеуі әр түрлі болып келді. Олардың талғамына байланысты. Сәнді киініп өзгелерге ұнауды негізгі мақсат етіп санайды. Музыкалық аспаптарда ойнайды. Атақты әнші, бишілердің өнеріне еліктегенде ұнатады. Тәтті, дәмдә тамақ істеу түрлі киім киуіне, бояну, шашын тарау есейгендіктін белгісі деп санайды. Қорыта келгенде жеткіншектер үлкендердің ісіне еліктеп сол кісілердей болуға тырысады.
5. Жеткіншектің құрбыларымен қарым – қатнасы.
Жеткіншектің үлкендердің қамқорлығынан құтылғысы келуі өз құрбылары мен қарым – қатнас жасап достар табуға итермелейді. Жеткіншек 1 жасқа дейін өзінің алға қойған мақсат тілегін ата аналарына айтып келсе, енді ол өзінің ішкі сырын тек жақсы ең досына айтады. Себебі жеткіншектің мұның қойылымын туысқандарынан көрі жақын досы жақсы түсінеді. Бірақта кейбір жеткіншектер мысалы, ұл балалар әкесімен,қыздар анасы мен жақсы қарым – қатнаста болады. Достық қарым – қатнас болса, ал басқа баламен жолдастық қарым – қатнас болады. Достық қарым – қатнас бірнеше жағдайда болады. Жеткіншектің достарының ішінен өзінің ішкі сырын айтатын нағыз жақын достары болады. Бұндай достардың с1-2 баладан аспайды. Әлеуметтік психологияда микро топ деп атайды. Достық қатнас екі жақты процесс: Жеткіншек кім болса сонымен дос болады. Дос болу үшін оның құрбысын ұнату тиіс. Жеткіншеншек біреумен достасқанда уақытты бос өткізбек үшін ғана достаспайды. Одан бірдене үйреніп мәдени байлығын дамытқысы келеді. Жеткіншектер арасында беделді біреуге ақыл айтқысы келіп тұратындарда кездеседі. Мұндай жеткіншек мысалы, екі бала ренжіссе кім кіналі соны анықтайтын роль атқарады. Мұндай жеткіншекті лидер деп атайды. Жеткіншектің арасында моральдық кодекс топ деген топ кездеседі. Яғни жеткіншек досының ұнамсыз қылықтарын немесе біреудің жасаған іс әрекетінің үлкендерге айтып қою кодекске сай емес деп есептейді. Жеткіншек достықты терең бағалайды, егер бір біріне ренжісіп сөйлеспей қалатын болса көпке дейін уайымдап жүреді. Бұл сабағына да кедергі тигізеді. Психолог Рагунова жеткіншекке оның психикалық дамуына достық қарым қатнас үлкен әсерін тигізеді деген.
6. Жеткіншектің оқуы және таным процесінің дамуы.
Жеткіншек бастауыш мектеп оқушысына оқуға үйреніп қалады Бұлардың арасында сабаққа жақсы үлгеретін оқушыда кездеседі, бірақта олар сабақ оқу барысында көптеген қиыншылықтарға кездеседі.
1. уақытқа дейін бастауыш сынып бір мұғалім оқытып келсе және олар үшін мұғалім беделді болса, ал жеткіншек сыныпта аз дегенде 5-6 мұғағалім оқытады.
2. Бастауыш сыныпта оқу тәрбиесі қызықты болып өтсе, жеткіншек сыныпта сабақтың тапсырмасы қиындай түседі.
3. Жеткіншек жаста оқушы мұғалім сабақты қалай түсіндіреді деген сын көзбен қарайды.
4. Құрбылары мен достығы сабақ оқуға үлкен кедергі келтіреді. Осы қиындықтың нәтижесінде жеткіншектің сабақ үлгерімі төмендеп кетуі мүмкін. Психолог Рагуновтың зерттеуі бойынша бастауыш сыныптан орта сыныпқа көшкен (4-8) кезде жеткіншектің бір бірінен мынадай айырмашылығы болады.
1. Жеткіншектің кейбіреуі жақсы оқиды кейбіреуі нашар оқиды.
2. Ойлау қасиетінің әр түрлі болады.
3. Ерік жігер әр түрлі болады.
4. Есте сақтау қабілеті әр түрлі болады. Жеткіншек арасындағы осындай айырмашылықтың нәтижесінде: 1. қоятын талаптарға шыдай алмауы, 2. Сабақты негізгі міндет санауы. Жеткіншектің оқуға деген мотивациясы мұғалімге байланысты. Егер оқушының мұғалімге деген көзқарасы дұрыс болмаса, онда сол мұғалімнің дұрыс даярланбауы.
Жас өспірімнің психикасының дамуы.
1. жас өспірімге жалпы сипаттама
2. Жас өспірімнің азаматтылығы және «мен» деген қасиеті
3. Жас өспірімнің үлкендермен және құрбыларымен қарым қатнасы
4. Ұлдар мен қыздардың өз ара қарым қатнасы
5. Жас өспірімнің оқу үстіндегі ақыл ойы мен таным процесінің қалыптасуы.
6. Жас өспірімнің мамандық таңдауы.
1. 15-18 жас жас өспірім кезең деп есептелген мен оларды үлкендермен салыстырғанда әліде кішкеньай, ал жеткіншектен үлкен болып есептелінеді. Яғни бала мен үлкендердің екі арасында. Себебі осы жастағылар куәлік алып кәмелетке толғанымен де өзінің қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Есеу деген түсінікке дене күш ақыл ой байлығы ғана жатпайды. Бұған жас өспірім өзгелермен қарым қатнасы қиын жағдайда өз бетімен шешім қабылдау қиыншылықтардан бас тартпау жатады. Бұл қасиеттер әлеуметтер ортаның нәтижесінде пайда болып. Бұрынғы ескі дәуірде қазіргі жеткіншек жастағыларды осы жас қатарына жатқызған, яғни есеудің өзі баланың жасына ғана тәуелді емес, қоғам дәуірінің талабына да байланысты. Осыған байланысты жігіт не бойжеткен қыз жасы жөнінде елдер арасында түрлі аңыз әңгімелер жырлар кең тараған. Ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы жас өспірімнің батырлығы, жаумен күресе алуы, махаббатқа беріктігі сияқты қасиеті жатады. Қазіргі дәуірде жас өспірім үлкендердің қатарына толық жетпегенімен жеткіншек жастағы балалық әдетін қойып яғни бір нәрсеге тез өкпелеудегі тәртіп бұзудан көбінесе аулақ болады және үлкендермен туған туысқандарын дұрыс қатнаста болады. Сырттай қарағанда өздерін мәдениетті ұстайды. Үлкендермен кездескенде алдымен амандасады. Жеткіншек кезенде жолдастаарымен ойнап, берген тапсырманы ұмытып кетсе, ал жас өспірім кезде оқуға салмақты қарап, болашақта қандай мамандыққа ие болғысы келетіні туралы ойлана бастайды. Осының нәтижесінде оқуға деген ынта жігері бұрынғысынан да өзгереді. Жақсы оқымасы кейін қалаған оқу орнына түсе алмайтының сезініп сабаққа үнемі қатысуға және тапсырманы дұрыс орындауға тырысады. Ақыл ой қабілеті дами бастайды, өзінің пікірін дәлелдей алады. Өзінің жасаған іс әрекетіне талдау жасай алады. Жас өспірімнің негізгі әрекеті оқу мен еңбек. Еңбектің неше түрлері мен соның ішінде мектептің жұмысымен айналысады. Жас өспірімнің көпшілігі 11 жылдық мектепте оқыса кей біреулері техникумдарда оқиды. Бұндай оқу орындарын да оқитын жас өспірім мектептердің жас өспірімдеріне қарағанда ерте есейеді. Себебі мұнда оқитындардың негізгі мақсаты белгілі маман иесі болу. Олар осы жөнінде үнемі ойланып өз бетімен туған туысқандардың көмегісіз өмір сүру, ешкімге бағынышты болғысы келмейді. Жас өспірім жеткіншекке қарағанда жауапкершілік қасиеті көбейеді.
1. Қоғамдық мәні бар ірі тапсырмаларды орындап осының нәтижесінде өзінің кім екенің біліп өздерінің жағдайымен де санасуға үйренеді.
2. Жас өспірім мектеп тарапынан жауапты тапсырмаларды орындауға қатысып және төменгі сыныптарға көмектесіп отырады.
Жас өспірімнің денесінің дамуы жеткіншек жастағыдай бойының тез өсуін тоқтата бастайды. Бірақ кеудесі, қолы, аяғының бұлшық еттері мойының өсуі тоқтамайды. Қыздардың бойы 17 жасқа дейін, ұлдардың 18 жасқа дейін өседі. Егер жеткіншек кезде қыздардың салмағының бойы ұлдардан басым келсе, ал жоғары сыныпта ұлдар қыздардың бойын қуып жетеді. Жас өспірімнің физиологиялық дамуы әр организімде әр түрлі жүреді. Жас өспірім жаста пситхиканың дамуының негізгі ерекшелігі - ашулану, өкпелеу, баланың жыныс процесінің дамуына байланысты. Психологтар осы жыныс мәселе жөнінде әр түрлі пікірлерде. Сондықтанда жыныс факторының жас өспірімнің психикасына тигізетін ықпалы көп. Жыныс процесінің дамуы бір күнде болмайды, мұның өзі мұнадай үш кезенне тұрады.
1. Даярлық кезені (жеткіншек жастағы)
2. Жыныс процесінің даму кезеңі (қыздарда 13-15, ұлдарда 14-16)
3. Жыныс процесінің толық дәрежесіне жеткен кезі. Бұл кезендер психологтардың пікірі бойынша жалпы жорамал мен алынып отыр. Өйткені бұл процесс әркімге әртүрліше кездеседі.
2.Азамат деген термин «личность» деген мағынада қолданылады. Бұл терминді бастауыш сыныптарға қолдануға болмайды. Сондықтанда бұл ұғым жеткіншек жастағыларды ерекше тән азамат деген терминнің психология ғылымындағы өзіндік сипаты ерекше мағнада айтылады. Мысалы: психология жағынан мүгедектерді немесе өз бетілігі жоқ жағымпаз адамдарды психолог «личность» деген ұғымға жатқызбайды. Сондықтанда осы ұғымның «азамат» деген термин мен байланыста болады. Яғни өзінің көзқарасы бар, біреудің нұсқауынсыз шешімге келетін адамды жатқызуға болады. Азамат дегеніміз қоғам қатнасының жемісі, яғни өз мақсаты қиыншылықты жеңе алуы, берген уәдесінде тұруы қиын сәттерінде біреуге көмектесуі азаматтық деп есептелінеді. Азамат деген ұғым адамның жекелігі, яғни әр адамның өзіне тән ерекшелігі, өзіне тән қасиеттері, әр адамда әр түрлі болады. Себебі жеке тәрбие мен тұқым қуалаушылық белгілері арқылы беріліп отырады. Азаматтық қасиетке жас өспірім тек өзі жөнінде ойланып қоймай басқалардың да яғни ұжымның мүдесін ойлай білуде жатады. Егер тәрбие жұмысының нашарлығынан жас өспірім өзін көмектесетін жоғары қоятын болса мұндай оқушыны азамат қатарына жатқызуға болмайды.
Азаматтық белгісінің бір белгісі жас өспірім мінез құлқының және іс әрекетінің моральдық нормаға сай келуі. «моральдық» сөзінің мағнасы ұят немесе ар дегенді білдіреді. Егер бала жастайынан ары ұяты болып өзінің жеке басын көпшілік алдында өзін жақсы жағынан көрсетіп ой мен пікірінің дұрыс екенің дәлелдей алса баланың азамат дәрежесіне жеткенінің белгісі. Осы қасиетінің моральға жас өспірімнің өзбеттілігі. Бұл қасиетке ұмтылу жеткіншек жастан басталады. Қиыншылықтан бас тартпау қасиеті жақсы дамиды. Себебі осы жаста еңбек және оқу қиыншылығынан қорықпай алға ұмтылып мақтаншақтық немесе өзін көрсету деп аталады. Азаматтық қасиетін негізгісі жас өспірім берген уәдесінде тұрды. Егер жас өспірім біреуді алдап кеттіп берген уәдесінде тұрмаса бұл азаматтық қасиетке жатпайды. Себбі біреуді алдап кетсен онда екінші рет ешкім сезбейтін болады. Сондықтанда жас өспірім уәдесінде тұруы оның азаматтық қатарына қосылғаның белгісі.
3. «мен» деген мағнаны кейбір психологтар адам өзімен өзі тең екенің білу деп анықтама береді. Жас өспірім айнаның алдыңда өзінің бет әлпетін көріп мынау «мен бе ?» деген ойда қалада. Бұл адамның өзінің баға беруінің қарапайым түрі. Жас өспірім жастағы кейбір қыздар айнадан өзін ажарын көріп бұрынғысынан өзгергенің сезіп қатты ойланады. Бұл ойлану бет әлпетінің өзгергеніне емес, өзінің денесінің өзгеше болғанына риза болмай қапалануы. Мысалға қыздың бойшан келсе, бұны үлкен кемістік деп көпке дейін уаымдап жүреді, ал ұлдардың бойы тым биік болса, бұл жақсы қасиет болып саналады. Жас өспірімнің осы туралы ойлануы жас ерекшелігіне тән қасиет. Өйткені әр бір жас өспірім өзіне дос таңдап өзінен ұнағандармен жүргісі келеді. Олар өзінің және басқалардың түрінің әдемі болып дамуын адамның ішкі жан дүниесі әсем деп байлауының белгісі. Бұл жасөспірімнің жасына талабына түсінігі. Олар өзіне құрбы дос іздеп қана қоймай жұбайлық өмір жөнінде де ойланады. Осының нәтижесінде өзінің денесін және бет әлпетінің әдемі болып дамуына күш салады. Жас өспірімнің өзінің мен деген қасиетін іс әрекетімен мінез құлқымен байланысады. Кішкентай бала кезінде өз іс әрекетіне баға бере алмайды. Себебі өзі жөнінде бірдене айту ыңғайсыз деп санайды. Ол әлі жас болғандықтан өз денесін бет әлпетін және іс әрекетінің болашақта жақсартам деп ойлайды. Жасөспірім өзөзінің бағалауының мынадай екі тәсілі бар.1) олар өзі туралы алдың ала көздеген мақсатын жүзеге асырған мен оны салыстырғанда осы мақсаты туралы ойлары басқалардың қойған бағасы мен дәл келсе оны үлкен жетістіктеп ойлайды, ал егерде оны мақсаты жөнінде пікірлерді дұрыс емес деп басқа адам баға берсе жасөспірім бұны көніліне қатты алады.Соның нәтижесінде уаымға салынуы мүмкін бірақта ол өз қатесін түзеуге тырысады. 2) жас өспірім өзі жөнінде басқалардың пікірін жинап салыстыру арқылы өзінің жіберген қателіктерін түсінеді. Мұнадай жағдайда жасөспірімнің достық, жолдастық деген терминге үлкен мән беореді. Мысалы: жасөспірім жиналыста өзінің досының кемшілігін сынға алмай жасырып қалса оны жақсы қасиет деп есептейді. Ал үлкен адамдар бұл қасиетті жағымсыз деп жасөспірім ескерту жасау керек. Алдағы іс әрекетіне мінез құлқына дұрыс көзқараста кеңес беру керек. «мен» деген ұғым әр адамда біреу ақ болғаны мен ол тиісті жағдайда байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: 1) мен шынында кіммін ? 2) мен өзімді басқа адамдар қалай бағаласын деп ойлар едім ? 3) мен тілегім бойынша қандай болғым келеді ? 4) мен кеклешекте кім болғым келеді?
2. «менің» әр жағдайға байланысты түрлері жөнінде жасөспірім қатты ойланып іс әрекет үстінде өзін көпшілік алдыңда қандай баға алатының бағалап және оны басқалардың берген бағасымен салыстырып «мен» деген қасиетін одан әрі дамиды. Өйткені адамға өзі ісіне баға беру қиын басқа бір бар келесі адам біір үшін ойына қызмет ету атқарады, яғни өзінің кемшілігін басқа адамға қарап бағады. «Мен» деген қасиет әлеуметтік ортамызда қалыптасады. Жас өспірім өзіне тән негізгі ерекшелігі оның бұрын болып келген бірінші «меніне» екінші «менің» қосылуы. Екінші «мен» дегеніміз оның ойында айтысып отыратын екінші адамның бейнесі. Осы екінші «мен» жасөспірімнің өзіне баға беріп, ақыл кеңес беріп отырады. Егер біз үлкен дауға ұшырасақ жатарда ұйықтай алмай екінші «менмен» әңгімелесеміз. Қалай істесем дұрыс болады деген сұраққа жауап іздейміз. Бұны психология ғылымында үнсіз айтыс деп атайды. Осы айтыстың жас өспірім үшін пайдасы өте үлкен. Себебі бір істі бастамас бұрын соған талдау жасап, дұрыс па қате ме соны анықтайды. Үнсіз айтыс арқылы «мен» деген қасиетін күшті жағын немесе осал жағтарын біліп, екінші «мен» оған көмекке келеді. Жас өспірім осы «мен» қасиеті арқылы ақыл ойын дамытады.
3. Жасөспірім үлкендермен қарым – қатнас жеткіншек жасқа қарағанда түзіліп қалпына келе бастайды. Бұлай өзгерудің себебі, егер жеткіншектің үлкендермен келіспеушілігі мынадай жағдайлардан туады, яғни жеткіншек өзін ешкімнің аңдымауын қамқорлық жасауын билікті өзіне ғана беруін қалайды. Ал жасөспірім мұның қате екенің түсініп үлкендермен қарым қатнасын өзгерте бастайды. Сонымен қатар жасөспірім есейген сайын ақыл ойы толысады. Соның нәтижесінде үлкендер мен туған туысқандарының арасында түсініспеушілік жойылып қарым қатнасы түзіле бастайды. Жас өспірім өзбеттілік қасиеті, төмендемейді, бірақта есеюдің мазмұны өзгереді. Жас өспірім үлкендер сияқты қызмет ету үшін көп оқып еңбектену қажет екенің, яғни өз бетімен өмір сүруі қиын екенің түсіне бастайды және одан шығудың жолдарын іздейді. Ал кейбір жасөспірім 20-25 жасқа жеткенше әке шешесіне әр нәрсені алып бер деп мазалайтындар да кездеседі. Себебі:1. олар өз балалардың үлкейгенге дейін еркелетуге мүмкіндік жоқ. 2. Мұндай жан ұяда балалар еңбекке ерте жасынан араласып ата – анасына көмектесуге тырысады.
Жасөспірім құрбыларымен қарым қатнас жеткіншек жасқа қарағанда үлкен өзгеріске ұшырайды. Жас өспірім жолдас жоралары достары көп болады. Олар құрбыларымен бірге уақытты бос өткізбей көбінесе оқу мақсатын көздейді және болашақ өмір жөнінде әңгімелер жүргізеді. Жас өспірім өзіне дос таңдарда 1-ші оның қандай салада не білетіндігі 2-ші оқуға ұқыптылығы қандай соңы еске алады. Себебі жас өспірім білімнің тек сабақта қалыптаспай өзгелермен қарым – қанас жасап пікір алысу үстінде дамитының түсінеді. Осының нәтижесінде олар бірінің білмегенің басқа біреуден естіп білімін байыта алады. Үй тапсырмасына дайындалу үшін кейбір жасөспірім достарының үйіне келіп бірге дайындалады. Осылай дайындалу мектептегі сабаққа қарағанда нәтижелі. Себебі оқушы бірденені білмегені үшін сыныптарының алдыңда ұялмайды. Сондықтан ұялмай кеңес алады. 2. Бір бірін жақсы түсінеді және сабаққа даярлану кезінде әңгімелесіп те отырады. Мұның өзі сабаққа қарағанда оқушыны жалықтырмайды. Жас өспірім құрбыларымен қарым қатнас оның жағдайымен санасады. Жағдайы мен санасу дегеніміз сол адамды өзінше адамзат деп бағалап оның түсінуін айтады. Осындай қасиеті гуманистік қатнас деп атайды. Яғни бір адамның өзгелерге мейірімді келіп оның жағдайымен санаса білуін гуманистік психикалық зерттеуінде.
27