Ата-аналарға арналған
тест
“Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне
аласыздар ма?”
1. Балаңызда қиындықтар кездессе немесе ғашық
болып қалғанда бұл жағдайды Сіз қалай байқадыңыз?
а)
ол өзі маған бұл туралы айтты
б)
ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарлады
в)
мен ата-ана
болғандықтан бұны сездім
г)
бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым
2. Сіздің балаңыздың досы
Сізді:
а)
екінші анасы сияқты сезінеді
б)
Сіз кіргенде үндемей қалады
в)
құрметпен, бірақ салқын қарайды
г)
құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды
3. Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз
Сізді шақыра ма?
а)
кейде
б)
жоқ, ешқашан
в)
шақырды, бірақ мен келіспедім
г)
олардың жиналатын орны маған ұнамайды
4. Көптеген ата-аналар балалары олардың заттарын
тұтына (пайдалана) алатындығы жайлы шағымданады. Ал Сіздің
жағдайыңызда:
а)
бұлай болмайды, себебі олар үшін бұл заттар модадан шығып
қалған
б)
бұлай болмайды, себебі оған сәйкес (шақ) келмейді
в)
мен әркез өз заттарымды оның шкафынан іздеуіме тура
келеді
г)
рұқсат бермеймін, себебі әрбір адам өз затын пайдалануы
қажет
5. Сіз балаңыздың телехабарлардың біріне
қызығушылығын байқап қалдыңыз, Сіз:
а)
оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқ
б)
балаңыздан “саған бұл хабар ұнай ма?”- деп
сұрайсыз
в)
ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп
үміттенемін
г)
біраз уақыт мазмұнының егжей-тегжейін ұғуға тырысамын, ал содан
кейін онымен бірге талқылаймын
6. Сіз балаңыз дүниеге келгеннен бері бірнеше рет
былай дедіңіз: “біздің кезімізде бұлай ...
болмаған”:
а)
1 немесе 2 рет, бірақ мен бәрі өзгеретінін
мойындаймын
б)
қаншама рет айтқаным тіпті есімде жоқ
в)
аз ғана, қайталай бергеннен ештеңеге жете
алмаймын
г)
мен бұлай оған айтқан жоқпын
Тестің қорытындысы:
4-6
рет “а” жауабы болса – ешбір күдіксіз Сіз жақсы ата-анасыз. Ең
дұрысы Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы
толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына
жатасыз.
3
немесе одан аз “а” жауабы - өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас
орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары жөнінде көбірек білуге
тырысыңыз.