Материалдар / Ата-аналарға тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналарға тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта білім беру ұйымдарының оқушыларының ата-аналарына қолдануға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Тамыз 2018
411
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

   Мақсаты:  Ата–аналарға  бала бойындағы мінез –құлық сапаларының ерекшеліктерін анықтауға көмектесу.

Міндеті:
Ата–аналардың психологиялық білімдерін жетілдіру;

Ата–анаға баланың жас ерекшеліктер кезеңіндегі мінез-құлық тұстарын айқындауға көмектесу;

Барысы:

Амандасу

Психологиялық жаттығу: «Үй »


Қажетті құралдар :  А4 парағы, қарандаш


Өтілу барысы:  

Ата–аналарға  ақ парақ пен қарандаштар беріледі.

Тапсырма:  Параққа үйдің суретін сал. Салған үйіңіздің 6 терезесі болу шарт. Үйді салып болсақ , енді сол терезелерге өз отбасыларыңыздың мүшелерін орналастырыңыз.  ( Өз  отбасыларын таныстырады)


Психолог: Сіздердің отбасыларыңызбен біз толық таныстық!
Ия, әрбір ата – ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім – тәрбие беретіні  белгілі.  Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз. 

Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк  болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрлі адамның мінез беріледі екен. Ол – бірінші ата- анасынан , себебі бала   ес білген шаққа дейін бар нәрсені өз отбасынан табады .
Ал–екінші  ұстазынан,  өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш «Әліппені» ұстатып өмір жолына алғаш жол салатын ұстазынан алады. Үшінші – достарынан . Осы үш адамның бойындағы мінез –құлықтарды  екшелей келіп, олардың ішіндегі  өзіне ұнайтын  жақтарын алады екен.

Бала мектепте алған білімін өзі таңдаған мамандық бойынша оқуға түсу кезінде сынақтан өткізеді. Оның 11 жыл бойы оқып-үйренгені, білімі, үш жарым сағат ішінде шешіледі.  Сондықтан оқуға түсу мақсатында бала тестке ұқыпты дайындалуы және бұл дайындалу уақытында ата-ананың қолдауы аса қажет. Тестке отбасының дайындығы қандай болуы керек: Қазір осы тақырып төңірегінде өмірде кездесетін оқиғаларды мысал ретінде келтіріп тоқталып өтейік.









1-топқа сұрақ:

«Ата-ана Аброрға тесттен жоғары ұпай алмасаң, бізден жақсылық күтпе, біз саған көмектеспейміз, - дейді. Аброр тесттен төмен ұпай алады. Қатты күйзеліп, жанын қоярға жер таппайды».

Сұрақ: 1. Ата-ананың бұл ісіне қалай қарар едіңіз?

2. Өзіңіз баланы тестке қалай дайындар едіңіз?

3. Тестке психологиялық ахуалды қалай жасайсыз?


2-топқа сұрақ:

«Ахрор бір үйдің жалғыз ұлы. Ол ешқандай кемшілік, таршылық көрмей өсіп келеді. Себебі, оның ата-анасы бай, ауқатты. Бірде анасы оған ҰБТ-ден ең жоғары ұпай сатып әперем деп ант етті. Бірақ кездейсоқ жағдайлармен білім сатылмайды. Ахрор сол себепті оқуға түсе алмады. Ол дайындалса, білімі, ынтасы жетуші еді. Ата-ананың бос сөзі балаға әсер етті. Баланың өміріне балта шапты.

Сұрақ:

  1. Ахрор ата-анасына сенді, бірақ білім сатылмады.

  2. Ахрордың өміріне не болды?

1-топқа сұрақ:

«Раушан ҰБТ-ден жоғары ұпай жинап, техникалық мамандықтардың бірін таңдауын айтады, бірақ ата-ана Раушанның таңдаған мамандығына қарсы болады. Раушан ұнатпаса да, ата-анасы айтқан оқу орнына түседі».

Сұрақ:

  1. Сіз қалай ойлайсыз? Баланың мамандық таңдауына кедергі келтірген дұрыс па?


2-топқа сұрақ:

«Асқар 11-сыныпта оқиды. Сабақ оқуға көп көңіл бөлу керек. Ұбт-ге дайындалу керек, бірақ ата-анасы күн бойы жұмыста болғандықтан, үй шаруасының барлық жұмысы Асқардың мойнында, Асқар қатты шаршап, сабақ оқуға деген ынтасы мен қызығушылығы мүлде жойылады. Соның нәтижесінде ҰБТ-де төмен ұпай алады?

Сұрақ: 1. Баланың болашаққа басар қадамына кедергі жасаған дұрыс па?









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!