Материалдар / Ата-аналармен коучинг -сессия
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналармен коучинг -сессия

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға комек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
975
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рисунок 1 ШҚО Семей қаласы

«Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын копбейінді гимназия»

Математика пәні мұғалімі Калиева Манигаш Смагулбековна


«Тәрбие мен білім берудегі бағалаудың ролі»

тақырыбындағы ата-аналармен коучинг-сессия

ЖОСПАРЫ


Коучинг тақырыбы

Тәрбие мен білім берудегі бағалаудың ролі


Коучинг мақсаты

Ата-ана тәрбие мен білім берудегі бағалаудың ықпалының зор екендігін түсінеді


Күтілетін нәтиже

Ата-ана-мектеп-оқушы арасындағы қарым-қатынас нығаяды


Түйінді идеялар

Формативті бағалау, суммативті бағалау


Материалдар және ресурстар

компьютер, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер


Коучингті

өткізу кезеңдері

Коуч және қатысушылардың іс-әрекеттері

Сәлемдесу


Коуч ата-аналармен амандасады, ұйымдастырады.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынылғалы отырған коучинг-сессияға қош келдіңіздер! Бүгін біз мектебімізге өздерініздің ой-пікірлерінізді бөлісуге шақырып отырмыз.Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.

Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана. Тренингімізді бастамас бұрын шаттық шеңбері құрылады. Ата-аналар ортаға шығып дөңгелене тұрады.

Психологиялық ахуал


«Танысу»


Серіктестік орта құру. Коуч қатысушыларды шеңбер бойына тұрғызып,мотивация кезеңін орындату. Басқа қатысушылар оны жалғастырады. Мысалы: Мен Гүлжанмын, гүлдей жайнап жүремін...

Шағын топқа бөлу

«Баға», «Тәрбие», «Білім» сөздерін жұмыртқаның ішіне салып қояды, ата-аналар сол сөзіне байланысты бөлінеді

Қызығушылықты ояту


«Опять двойка» бейнематериалдан үзінді көрсетіледі. Коучинг тақырыбы ашылады.

Жеке жұмыс

«Алтын балық»суретін салу арқылы ата-аналар өз армандарын бейнелейді. Кейбір суреттер комментарий арқылы бағаланса, қалған суреттерге комментарий қажет емес. /Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау/

Рефлексия


Ата-аналарға сұрақтар: Сізге неліктен бұндай баға қойылғаны түсінікті ме? Неге? Сіз жаныңызда отырған әріптесіңізге баға қою кезінде неге көңіл аудардыңыз? Жұмысты бағалау қиын болдыма?

Енді осы балықтарынызға топпен критерий қүрып қайта бағаланыздар,ата-аналар бағаларын озгертті.

Топтық жұмыс

1 топ: «Бақытты жанұя»

2 топ: «Жапырақ тамырдан нәр алады»

3 топ: «Балаға қоршаған ортаның ықпалы»

Постер жасап, қорғайды.Топтар бір-бірінің дайындаған жұмыстарын бағалайды.

Топ жұмысын бағалау

Критерийлер бойынша топтарды бағалау


Критерийлер

Дескрипторлар

Ұпай

1

Тақырыптың ашылуы:

ашылды

2

толық ашылмады

1

ашылмады

0

2

эстетикалық жағы:



өте тартымды

2

тартымды

1

тартымды емес

0

3

Топтың үйымшылдығы

өте үйымшыл

2

үйымшыл

1

үйымшыл емес

0


Орта ұпай




Сергіту сәті:

Қызықты сұрақтар (доп беру арқылы ата-аналар жауап береді)

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4. Балаңыздың сүйікті асы не?

5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

8. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9. Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?

10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?

11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

12.Сабаққа дайындалуға балаңыз күніне неше сағат жұмсайды?

13.Балаңыздың таңдаулы пәні не?

14.Балаңыз қандай мамандыққа бейім?

15.Сіздің балаңыз агрессивті ме?

16.Балаңызбен қарым-қатынасыңыз екі жаққа бірдей қанағаттандырарлық па?

17.Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?

18.Балаңыз Сізбен сырласады ма?

19.«Балам үшін барлығына дайынмын» деп ойлайсыз ба?

Жағдаяттардан

шығу

1-топқа:

«Мен сөйлескім келген кезде сен ешқашан маған көңіл бөлмейсің. Сен бірде тігіп жатасың, бірде теледидар қарап отырасың, бірде кір жуып жатасың, яғни ешқашан маған көңіл бөлмейсің. Сен әрдайым бос емессің. Мен саған кесел сияқты болып көрінем. Мен сенімен сөйлескен уақытта ешнәрсе жасамай тыңдағаныңды қалаймын.»

2-топқа:

«Сіздер ешқашан үй тапсырмасын орындауға көмектескен емессіңдер, менің қалай оқып жүргеніме көңіл бөлмейсіңдер, сондықтан менің бағаларым нашар.»

3-топқа: Видеосюжет «Баладан телевизор артық»

(Ата-аналар өз пікірлерін ортаға салады.)

Рефлексия

«Екі жүлдыз бір тлек» әдісі бойынша ата-аналар өтілген коучинг туралы пікір, ұсыныстарын ауызша және жазбаша білдіреді. Стикерлерін себетке іледі.


Қорытындылау



Қорыта айтқанда, отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенімін қалыптастыру қажет. Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң – онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң – онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң онда бала тәрбиеле».Тәрбие ешқашан үзіліс, демалыс күндерді білмейді.Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын,

Ауамыз таза болсын,

Суымыз мөлдір болсын,

Ұл-қызымыз аман болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!