Бөдене орта
мектебі
Бала- Ата-ананың
айнасы
(дөңгелек
үстел)
Дайындағандар: Құрбанбаева.К.Р
Мақсаты:
бала тәрбиесіндегі
мүмкіндіктерінің жоғары
екенін, баламен
қарым-қатынасты жақсартудың
бала тәрбиесіне көп көңіл
бөлудің
маңыздылығын
дәлелдеу.
Мазмұны:
Бағдарламасы:
-
Ұйымдастыру
бөлімі
-
Кіріспе
сөз
-
«Танысу»
жаттығуы
-
Бала тәрбиесі (бейне
үзінді)
-
Топтық жұмыс
(сұрақ-жауап)
-
Ой жинақтау (постер
қорғау)
-
Жанұя ойыны (сергіту
жаттығуы)
-
Бейне үзінді көрсету
(Отбасылық құндылық)
-
Ситуациялық
сұрақтар
-
Есте
сақтаңыз
-
Ұядан не көрсең ұшқанда соны
ілерсің (Бейне үзінді)
-
Баланы ата – ана тәрбиелейді.
Ал, ата – ананы ше?
Рефлексия Тілек
шырағы
Кіріспе:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті
ата-аналар!
Бүгінгі ұйымдастырылып отырған
«Бала-ата-ананың айнасы» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!
Ата-ананың тілегі–баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу
мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастан
бақпасаң,
Жамандықтан
қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа
боп,
Кешкенің өмір босқа тек, -
дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін
ата –ана жоқ шығар.Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.
Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой
түзейді.
Ата-ана баласы үшін үлгі тұтар
адамы,өзін көретін айнасы.
Әрбір баланың мінез құлқы
ата-анасының жағымды іс әрекетерінен үлгі алу барысында
қалыптасады. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,
оны жалғастырушы,демеуші –ата–ана.
Танысу
жаттығуы:
Ата-аналар шеңбер бойымен
тұрып, әрқайсысыңыз өз есіміңізді және балаңыздың есімін,балаңыздың
жағымды қылығын атаңыз.
Мыс: Мен гүлдей жайнаған Гүлзирамын
қызым балдай тәтті Қарақат
Бейнебаян: Бала
тәрбиесі
Топтық
жұмыс (сұрақ
жауап)
-
Бала тәрбиесіне қатысты
қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп
санайсыз?
-
Бала тәрбиесінде ата – ананың
қайсысының ықпалы басым деп
ойлайсыз?
-
Бала тәрбиесі үшін отбасы
жауапкершілігі басым ба әлде мектептің жауапкершілігі басым
ба?
-
Баланың атасымен әжесінің
тәрбиесінде, атасымен әжесінің баласы болуында қалай
қалайсыз?
-
Баланы еркін тәрбиелеген
дұрыспа, қатаң тәрбиелеген дұрыспа?
-
Баланың өскенде жақсы өнегелі
адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор дегенге өз
пікіріңіз, көз қарасыңыз қалай?
Ой
жинақтау(постер
қорғау)
Әр топқа тақырып
беріледі.
1-топ.
Баланың оң тәрбие алуы үшін
ата-ана тарапынан
жасалатын
жағдайлар.
2-топ.
Балаларды теріс әрекеттері
үшін жазалаудың түрлері.
Отбасы ойыны
(бой сергіту)
Шарты:
Ата-аналар ортаға шығып шеңберге тұрады,
бастаушы допты лақтырып сұрақ қояды,допты қағып алған адам берілген
сұрақтарға тез жауап беруі керек.
1.Балаңыздың туған
күні?
2.Топ жетекшісінің толық аты-
жөні?
3 Балаңыздың ең жақын досы
кім?
4.Балаңыз аяқкиім
өлшемі?
5.Балаңыздың сүйікті асы
қандай?
6.Балаңыз кеше қандай баға
алды?
7.Балаңыз қандай түсті жақсы
көреді?
8.Балаңыз спорттың қандай
түрін жақсы көреді?
9.Балаңыздың тілі шыққандағы
ең алғашқы сөзі ?
10.Балаңызды еркелетіп қандай
сөздер айтасыз?
11.Балаңызға ашуланғанда,ең
алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
12.Балаңыздың үйдегі ең жақын
досы кім?
Отбасылық
құндылық бейнебаян
тамашалау
Ситуациялық
сұрақтар:
1.Анасы баласын мектептен алып
кетуге келді. Олар киім ауыстырып болған соң анасы баласына: «Бар
тәрбиешіге сау болыңыз де!» деді.Балақай топтың есігінен қарап «сау
болыңыз» деді.
Сұрақ: Анасы нені дұрыс жасамады деп
ойлайсыз
2.Ата – анасы шәй үстінде
әңгімелесіп отыр,
- Баласы: әке – әке маған
компьютердан ойын қосып берші деді.
- Анасы: бар біз әңгімелесіп
отырмыз деді.
- Бала: «онда маған
Асандікіндей пистолет сатып әпер»- деп анасы мен әкесін кезек
мазалай берді.
- Анасы: Қой дедім ғой саған,
кісіге әңгіме айтқызбадың ғой - деп баласын итеріп жіберді. Бала
одан сайын бақырып жылады.
Сұрақ: Анасының әрекеті дұрыс болды
ма?
Балаңыз үлкен кісінің
әңгімесіне араласатын болса сіз
әрекетіңіз?
3. Балаңыз мектептен шағым
айтып келді. Мұғалімнің ұрысқанын енді сабаққа барғысы келмейтінін
айтты.
Сіздің
әрекетіңіз?
4. Баламен сөйлесе білу де
үлкен өнер, 4-6 жастағы бала күніне көптеген күтпеген сұрақтар
қояды.
Мысалы:Мысық неге мияу дейді,.....
Аспанда қанша жұлдыз бар?т.б
Сіз қалай жауап берер
едіңіз?
3.
Сізге мектептегі ұстаздарынан
«Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым
айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген
сөз естуге тура келеді дейік .
Не істейсіз? Балаңызды қалай
тәрбиелейсіз?
Баланы ата-ана тәрбиелейді.
Ал,ата-ананы ше?
- Кез –
келген уақытта барлық жұмысыңызды тастап балаңызға көңіл бөле
аласыз ба?
- Балаңыздың жас ерекшелігіне
қарамай онымен ақылдаса аласызба?
- Балаңызға қатысты өз
қателіктеріңізді мойындап балаңыздан кешірім сұрай аласыздар
ма?
- Балаңыз жүйкеңізге тиетін
әрекет жасаса да сабырлық сақтай аласыз
ба?
- Балаңызға сабақ болу үшін
өзіңізді жаман жағынан көрсететін жағдайларды айта аласыз
ба?
- Балаңыздан кейде өзіңізде
жасай алмайтын әрекетті талап ете аласыз
ба?
- Өзіңізді балаңыздың орнына
қоя аласыз ба?
Ұяда не көрсең-ұшқанда
соны ілерсің (бейнебаян)
Есте
сақтаңыз!
(Бала тәрбиесінде жіберуге
болмайтын қателіктер)
1 –
қателік: «Егер сен менің қалағанымдай болмасаң, мен
сені
жақсы
көрмеймін!
2 –
қателік: «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені
мен
сенің әкеңмін
(анаңмын).
3 –
қателік: Баланы шеттен тыс еркелету!
4 –
қателік: Саған көңіл бөлуге уақытым
жоқ!
5 –
қателік: Балаңыздың ісіне көңіл күйіңізге қарай баға беру,
яғни
көңіл күйіңіз нашар болса оның
қуанышына
ортақтаспау, әңгімесіне құлақ
аспау т.с.с.
6 –
қателік: «Не
істесең оны істе маған бәрібір»
Рефлексия
Бүгінгі пікір таласымызды
қортындылай келе барлығыңызды бір тілек шырағданының жанына жинағым
келеді.Әрбір баланың мінез құлқы ата
– анасының жағымды іс әрекетінен үлгі алу барысында
қалыптасады.
Ата – ана – бала үшін ең
бірінші үлгі тұтар адамы, көзі көретін айнасы. Бала мінез құлқы
ананың сүтімен әкенің мейірімімен қалыптасады. Болашағымыз
балаларымызға тәлім тәрбие беруде сүрінбейік ата –
аналар?
Ұрпақ тәрбиесінде кешігу
дегеніміз мертігумен бірдей.!
Тәрбие – нәресте, дүниеге
келмей тұрып басталуы тиіс. Халық даналығы «Бала тәрбиесі
басынан, еңбекке баулу жасынан» деп бекер айтпаған. Ендеше,
«ертеңде күн бар ғой, бәрінеде үлгереміз» деп қолымызды мезгілінен
кеш сермеп қалмайық дегім келеді.
Ата-аналар тілек, ұсыныс,
ойларын қортындылап түйіндейді.
Өз ойларын түйінді тілектерін
жазған қағаздарын «Отбасы терегіне» іледі.