ТАҚЫРЫБЫ: «Ата-ананың бала тәрбиесіне
жаңаша көзқарасы»
АТА-АНАЛАРМЕН
ТРЕНИНГ
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып
қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,
қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз
байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа
тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса
жоғарылауына ықпал ету.
Қажетті
құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп,
ватман, маркерлер және т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест,
психологиялық жаттығулар.
ТРЕНИНГ
БАҒДАРЛАМАСЫ:
1.«Танысу» жаттығуы;
2.Топқа
бөлу.
3.Ой жинақтау. Тақырып бойынша
постер қорғау
4.Жаттығу. «Өз балаңызды жақсы
білесіз бе?»
5.Ситуациялық
сұрақтар:
6.Бейнематериал
көрсетілімі
7.Шығармашылық жұмыс
«Отбасылық құндылық ағашы»
8.«Тілек
шамы
9.Кері
байланыс
10.Қорытынды
сөз
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
Психолог сөзі: Психолог:
Қош келдіңіздер,
құрметті ата –
аналар және әріптестер.
Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз.
Тренингіміздің ерекшелігі сол,
тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп,
сіз боп пікірлесе отырып,
ойымызды түйіндеп,
өмір жолында пайдалану.
Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең
алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп,
отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса
қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның
өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал
сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды
әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет –
балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі
сабағымызға қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы
балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер
демекпіз! . Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын
өздерімізді таныстырып өтейік.
Тренинг
ережесі:
ТЫҢДАЙ БІЛУ.
СӨЗДІ БӨЛМЕУ.
БЕЛСЕНДІЛІК.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ.
ТӨЗІМДІЛІК.
СЫЙЛАСТЫҚ.
ТҮСІНІСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС.
ТОПТАН ҚАЛЫС ҚАЛМАУ.
1. «Танысу» жаттығуы.
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және
балаңыздың есімін, балаңыздың жағымды қылығын
атаңыз.
Талқылау: Қандай әсер
алдыңыздар? Не қиындық келтірді.
2.Топқа
бөлу:
Ата-аналар сол тұрған
күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып,
үстелдерге жайғасып отырады.
3.Ой
жинақтау:
Үш топқа тақырып
беріледі,тақырып бойынша постер
қорғайды.
Ата-аналар сол бойынша өз
ойларын ортаға салады.
I-топ. Баланың сапалы білім
алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын
жағдайлар.
II-топ. Балаларды теріс
әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана
арасында қандай байланыс болу керек
4.
Психолог ата - аналарға арнап сұрақ қояды.
Сұрақ: -
Сіз қаншалықты өз балаңызды толық қанды, жақсы білесіз?
Ата - аналардың жауаптары тыңдалады.
Психолог:
Олай болса, біз балаларымызды қаншалықты жақсы
білетінімізді іс жүзінде тексеріп көрейік.
ІІ. Жаттығу. «Өз балаңызды жақсы білесіз
бе?»
Мақсаты: Ата
- анамен баланың ортасындағы қарым - қатынасты
анықтау.
1. Балаңыздың туған
күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты-
жөні?
3. Балаңыздың парталас
көршісі кім?
4. Балаңыз қандай
өлшемлі аяқкиім киеді?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз кеше қандай баға алды?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
10.Балаңызды еркелетіп қандай сөздер
айтасыз?
11.Балаңызға ашуланғанда,ең
алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
12.Балаңыздың ең жақын досы кім?
5.Ситуациялық
сұрақтар:
Ата-аналар үстел үстіндегі
үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап
береді.
1.Балаңыздың өнері, қандай да
бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер
едіңіз?
2.Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы
бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге
қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай
ұшады….деген сияқты
таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп
қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз
ба?
3.Сізге мектептегі мұғалімдерден
«Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым
айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің
баланы
ұрды» деген сөз естуге тура
келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай
тәрбиелейсіз?
4.Кейбір ата-аналардың баласының
әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей
алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс
баға беруге қалай қарайсыз?
5.Балаңыз сабақтан қашып,
мектептен ерте келді, не істейсіз?
6.Балаңыз күнде бірінші
сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге
келтіресіз?
7.Балаңыз мектептегі бір
мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес
айтасыз?
8.Сіздің балаңыз сыныптағы
жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны
үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің
іс-әрекетіңіз?
9.Балаңыздың сабағы тәртібі
жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді
қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің
әрекетіңіз?
10.Биыл сіздіңі балаңыздың
сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің
балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы
келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не
істейсіз?
11.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен
әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің
қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер
емес, не істейсіз?
6. Бейнематериалдар
көрсету. Бейнематериал жөнінде өз
пікірлерін ортаға салу
8.«Тілек
шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін
ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен
балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға,
жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың,
жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ,
оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы,
ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын
бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына
шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп,
тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да
осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Психологтың қорытынды
сөзі
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата
- аналар ! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі
тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек
десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент
әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп
тәрбиелеу.
Бала
тәрбиесі – бір отбасының ғана емес,
бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби
бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек,
тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай
бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі
екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне
осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық -
қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа,
парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен
нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап,
оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін
мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала
тәрбиесінде шыдамды болып, өз
балаларыңызға жылуыңызды бере
біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып,
қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз,
келесі кездескенше қош, сау
болыңыздар!
№63 негізгі орта мектептің
педагог-психолог: Мамешова З.Ж