Материалдар / Ата салтын, ана тілін құрметте Ата-аналармен өткізілетін тәрбие сағаты

Ата салтын, ана тілін құрметте Ата-аналармен өткізілетін тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағаты ата-аналарға өткізілді. Балаға тәрбие отбасынан бастап берілетіні белгілі. Сол себепті балаға патриоттық тәрбие беру мақсатында ата-аналармен өткізілген тәрбие сағатымның бастауыш сынып мұғалімдеріне тигізетін көмегі көп болады деп есептеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Маусым 2018
704
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ата салтын, ана тілін құрметтеМақсаты: өз ана тілін құрметтеуге, таза сөйлеуге, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру; қазақ тілінің мәртебесін көтеру; сөз құдіретін түсінуге, тапқырлыққа, ұшқырлыққа тәрбиелеу; өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.Көрнекілігі: үнтаспа, клиптар, тіл туралы нақыл сөздер, т.б

Барысы: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар,ата- аналар, оқушылар! Тілдер мерекесіне орай мектебімізде өтіп жатқан «Мемлекеттік тілім- мақтанышым» атты онкүндік аясында өтетін «Ата салтын,ана тілін құрметте» танымдық кешіне қош келдіңіздер! 1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған Тіл туралы заңда «Тіл халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Ал 1-баптың 1- тармағында «Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» болып табылатындығы атап көрсетілген. Елбасы Н. Назарбаевтың 1998 жылы 20-қаңтарындағы жарлығына сәйкес 22- қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып келеді.Осы мереке құрметіне орай өткелі отырған кешімізді ата- аналарымызбен бірге атап өтпекпіз. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Адамның ақ сүтіне уызынан жарыған адам қашан да Отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметі, өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білуі керек.
  • Шаттық шеңбері. «Қазақ тілі қандай тіл? Қазақ тілі туралы не айтасыз?»
Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңберлерді таңдай отырып, топтарға бөлінеді.
  • Мақал- мәтел. (топтық жұмыс)
Әр топ тіл туралы мақал- мәтелдер айтып жарысады.
  • Салт-дәстүрді білеміз бе? (топтық жұмыс)
Қазақтың салт- дәстүрлерін атап жазады.
  • «Бірге ойланайық» (берілген мәтінді оқып, қай салт- дәстүр екенін айтады.)
Бұл сәби дүниеге келген күні,кейде бір күннен соң өткізіледі. Бұған көбіне жастар, әйелдер жиналады. Жиналған көпшілік ән салып, көңіл көтеріп, әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, кетерінде «Сәбидің бауы берік болсын» деген жақсы тілектерін айтып, үйлеріне қайтады. (Шілдехана)

Бұл той әдетте сәбиді бесікке кіндігі түскесін, 7-8 күннен соң салады. Бұл тойға жасы үлкен әйелдер, әжелер жиналады. Сәбиді бесікке кез келген әйел салмайды. Бұған ел- жұртына аяулы, ұрпақты бір бәйбіше лайық. Әлгі бәйбіше темірді отқа қыздырып, алдымен бесіктің арқалығын бірнеше жерден қариды. Мұнысы- жын- шайтаннан, пәле- жаладан аулақ болсын дегені. (Бесік тойы)Бұл салт- дәстүр бала жүре бастағанда жасалынатын ырым. Мұнда арнайы адам таңдалынады, оның бойындағы жақсы қасиеттер балаға дарысын деген ниет болады. Жас жеткіншек ғұмырлы болсын,Ата- анаға мейірімді болсын, Қуанышты, көңілді, ақылды,зерделі болсын!Халқына сенімді, абыройлы, беделді болсын! Алуан түрлі өнерлі болсын,Халқының жанкүйері, елінің қамқор тірегі болсын!Не тілесе тілегі қабыл болсын, мәртебесі биіктей берсін! (Тұсаукесер рәсімі)
  • Сұрақ- жауап
- Үш жұртты ата: (ағайын жұрт, нағашы жұрт,қайын жұрт)- Үш байлықты ата: (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)- Үш би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)- Үш дана (Абай, Шоқан, Ыбырай)- Үш арсыз (ұйқы, тамақ, күлкі)- Үш қуат (ақыл, жүрек, тіл)- Бөбек қорының президенті кім? (Сара Назарбаева)- Үйленген ұлға беретін үлес (Енші)- Исламның қасиетті кітабы (Құран)- Студентке төленетін айлық (айлық)- Сөз өнер жарысы (айтыс)- Мемлекеттік рәміздер (ту, елтаңба, әнұран)- Қасиетті тағам (нан)- Ер жігіт ел үшінтуады,........................ (ел үшін өледі)- «Төбе шашы тік тұру» қандай мағынаны білдіреді? (қорқу)- «Қой аузынан шөп алмас» қандай мағынаны білдіреді? (жуас,момын)- Желтоқсан оқиғасы қашан болды? (1986 жыл, 16 желтоқсан)- Қ.Р ның тұңғыш президенті? (Н.Ә.Назарбаев)- Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жыл)- Лондон олимпиадасында Қазақстандықтар қанша медаль алды?(7 алтын, 1 күміс, 5 қола)6. Видео- ролик «Патриотизм»- Патриот дегеніміз кім? Қалай түсінесіз?- Балаға патриоттық тәрбие берудегі ата- ананың рөлі7. Ойын «Шапшаң ойла»Әріптерге байланысты сөздер ойлап табу. - Жиналысқа кіммен келдіңіз?- Қолыңда не бар?- Балаңыздың сабағына не үшін көмектесесіз?- Кешкі аста не жейсіз?- Қалаға кіммен барасыз?- Ұйықтар алдында нені ойлайсыз?- Үй шаруасындағы қиын жұмыс?- Шашыңызды немен жинайсыз?- Қандай тағамды ұнатасыз?- Қандай киімдер ұнайды?- Досыңызға қандай сыйлық сыйлайсыз?- Аяғыңыздың астында не бар?- Достарыңызға не тілейсіз?7. Талдау- жинақтау. Үнтаспаны тыңдау. Тақырыбы: «Қазақ тілі» Мәліметті тыңдап, қысқаша мәліметті топтастыру8. Қорытынды. «Елімізде қазақ тілін қалай дамытуға болады?» пікір алмасу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ