Күні: 20.02.2015
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: «Гуливер сатысы»
тарихи танымдық сайысы
Мақсаты: Оқушылардың тарихына деген сүйіспеншілігін
арттыру, өз елін, өз жерін қорғауға, жақсы көруге тәрбиелеу,
салт-дәстүрін құрметтеу сезімін дамыту.
«Гуливер сатысы» тарихи танымдық сайысының тәртібімен
танысайық.
1-кезең «Өткел».Бұл
кезеңде екі топқа 5 сұрақтан беріледі.Әр сұраққа 10 ұпайдан
білмеген жағдайда екінші топ рұқсат сұрап жауап бере
алады.
2-кезең «Белес» 6 ұяшықтан таңдағн сұраққа жауап бере
алады.Екі топқа 3 сұрақтан.
3-кезең. «Бекет» 12
ұяшық берілген әр ұяшықтың өзінің ұпайы бар.Жауап берілген жағдайда
сол ұпайлар сол тапқан топқа беріледі.
4-кезең. «Асу».Бұл
кезеңде ұпайы аз топтан бастап сұрақ беріледі.Барлығы 6 сұрақ.Әр
сұраққа 10 ұпай.
5-кезең «Жерұйық»Бұл
ең соңғы шешуші кезең.Күрделі сұрақ берілген.Ұпайы көп топ
«Жерұйықты» ойнай алады.Ойнамаймыз деседе өз еркі.Сұраққа дұрыс
жауап берсе жиған ұпайы екі еселенеді.Ал,дұрыс болмаған
жағдайда,ұпайы азаяды.
М.Шахановтың «Төрт
ана» өлеңінен үзінді.
Тағдырыңды
тамырсыздық індетінен қалқала,Әр адамда өз анасынан басқа
да
Жебеб жүрер
арқада
Болу керек құдіретті
төрт ана:
Туған жері-түп қазығы
айбынды
Туған
тілі-сатылмайтын байлығы
Туған
дәстүр,салт-санасы тірегі,
Қадамына шуақ шашар
үнемі
Және туған
тарихы,еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті
болса да
Төрт анаға өңін
жалғай алмаған
Пенделердің басы
қайда қалмаған?!
Төрт анасын
қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы
жанбаған.
Қасиетті бұл
төрт-ана-тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің
күресі.
1-кезең
«Өткел»
Тұлпар тобына
сұрақтар:
1.Бумеранг дегеніміз
не?
2.Ғұндардың билеушісін
қалай атаймыз?
3.“Қазақ”газетінің
редакторы кім?
4.Тың неше облыста
игерілді?
5. Соғыстан кейін ақша
реформасы қай жылы жасалды?
Сұңқар тобының
сұрақтары:
1.Ұлы жібек жолының
тоқтау себебі
не болды?
2.Азамат соғысы қай
жылдары
болды?
3.С.Датұлы бастаған
көтеріліс неше жылға созылды?
4.1921 жылы құрылған
кедейлер одағы қалай аталады?
5.Қазақстан қай жылы
ұлттық
валютасын
енгізді?
2-кезең
“Белес”
1.Ол қазақстанға келісімен,ауылда Кеңес өкіметінің
әлі де орнамағанын,онда байлардыңәмірі жүріп тұрғанын айтты:
“Ауылда Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет.Байға қарсы тап күресінде
кедейлерге көмек беру керек.Егер бұл азаматтық соғыс болса,біз оған
барамыз.Ауыл Қазан революциясы лебін әлі сезінген жоқ” дегенді
айтып,Қазақстанда “Кіші Қазан” революциясын өткізу идеясын айтып
Сталинге хат жазған кім? (Голощекинге)
2.Қазан революциясын
“Алаш” партиясы мен оның басшылары да қабылдамады.Сол кездегі
Сырдария облысының Әулие ата депутаттары кеңесінің төрағасы
болған,Қазақ большевиктерінің белгілі басшысы Түркістанның ұлттар
істері жөніндегі Халық Комиссариаты “Мыңдаған адамдар осы уақытқа
дейін Кеңес өкіметінің не екенін нашар түсінеді және оның үгіті
халыққа жете қойған жоқ” деп кім жазды?
3.ХІХ ғасырда Түркістан қаласы 5 бөлікке
бөлінді.Олардың төртеуі қала қақпаларының аттарымен аталады.Ишан
қақпа,Баб-Араб қақпа,Жеті-Ата қақпа және Дарбаза қақпа.Ал бесінші
бөлігінде Яссауидің кесенесі ,түрлі діни құрылыстар мен Қоқан
гарнизоны әскерлеріне арналған казармалар болатын.Осы бесінші бөлік
қалай аталады? (Цитадел)
4.Шыңғысханның 4 ұлы болғаны белгілі,ол өз ұлдарына
жаулап алған жерлерінен ұлыстық жер берді,қай ұлына қазіргі
Қазақстан территориясынан жер тимеді? (Төле)
5“Аштық пен суыққа,сүзекпен обаға қарамастан,ол нағыз
інжу-маржан ізденушілер сияқты,казармаларды,түнемелік
орындарды,жатақханаларды аралап халықтың таңғажайып әндерін жазып
алды.М.Горький мен Ромен Роллан сазгердің ерлігі туралы сүйсіне
жазды”-деген 1932 жылы. “Правда” газетінде мақала жарық
көрді.Інжу-маржан ізденуші сазгар кім? (Затаевич)
6.Белгілі ғалым Ахмет
Уәлиди 1923 жылы үкімет басшысына хат жолдап,онда “Аса
құрметті......Сіздің науқастанып жатқаныңызға байланысты,бұл хатты
сізге оқымауы да,тіпті хабарламауы да мүмкін.Бірақ бұл хат
жазылып,кейбір жолдастарға көшірмесі таратылғандықтан және сізге
жібергендіктен де ол бүгіннен бастап тарихи құжат болып табылады”
деп жазылған.Хат кімге арналған?
3-кезең
«Бекет» «Сандар
сөйлейді»
1.
1711-1781 жылдар(Абылай хан
өмір сүрді)
2.
1155-1227 жылдар(Шыңғыс
хан)
3.
1723-1727 жылдар (Ақтабан
шұбырынды,алқакөл сұлама жылдары)
4.
1890-1892 жылдар(Ұйғырлар мен
дүнгендердің Жетісуға келуі)
5.
1927 жылы (Түріксіб салына
бастады)
6.
1958 жылы (Жалаңаш
көл)
7.
1841-1889 жылы (Ы.Алтынсарин)
8.
1937-1938 жылдар (Репрессия
жылдары)
9.
1913-1918 жылдар ( «Қазақ»
газетінің жұмыс жасаған жылдары)
10. 1991 -2011 жылдар (Тәуелсіздікке 20 жыл болды)
11. 1993-1995 жылдар (Қазақстанның Ата Заңы еніп,өзгерістер
болды)
12. 1998-2008 жылдар (Астанаға көшіп,10 жылдығын тойладық)
4-кезең.
«Асу»
1.Топонимика деген нені зерттейді? (Жер-су атауларын
зерттейтін ғылым саласы)
2.Арғы атасы қанішер деп аталған,өзі қолбасшы,
қазақтардың басын біріктіріп,Қабанбайға
жолдас,Бұхар жырау оған жырларын арнаған.Ол кім?
(Абылай хан)
3.Инженер-металлург,экономика ғылымының
докторы,
комсомол-партия ұйымдарында еңбек еткен,ҚКОК
хатшысы.Ол кім? (Н.Ә.Назарбаев)
4.“Тәртіпсіз ұл болмайды,тәртіпке бас иген құл
болмайды” кімнің сөзі?(Б.Момышұлы)
5. Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп атау жөнінде
шешім қай жылы қабылданды?
6. “Үш бәйтерек” деп
кімдерді айтамыз?
5-кезең
«Жерұйық»
-
жылы дүниеге келген жерлесіміз.Ол бала кезінен
батырлығымен,ақылдылығымен,әділдігімен ерекшеленеді.Оның
көзқарастарының қалыптасуына әкесі елеулі ықпал етті.Ол
түрік,араб,өзбек,татар,орыс тілдерін білген.Бұл кім деп
ойлайсыңдар?(Кенесары)
Сыныптан тыс жұмысқа қатысып белсенділік танытқандарың үшін
көп рахмет.Сау болыңыздар.
Әйтеке би атындағы орта
мектеп
Сыныптан тыс жұмыстың
тақырыбы:
«Гуливер
сатысы»
тарихи танымдық
сайыс
Пән мұғалімі:
Н.Қалдыбекова
Уақыты: 16.00
Сыныптар: 10
«А».