Атлах шайқасы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атлах шайқасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Атлах шайқасы туралы қысқаша түсінік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1 А VІ-ІХ ғасырлардағы Қазақстан.

Мектеп: Ғ.Мұратбаев жом.

Мұғалімнің аты-жөні: Тангирқулова Г.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Күні: Сынып :6

Сабақ 4

Сабақтың тақырыбы

Атлақ шайқасы.

Сілтеме

6.3.2.3 – Түргеш қағанатының тарихи маңызын талдау;

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Барлық оқушылар: Түргеш қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамымен жан-жақты мағлұматтарды біледі, түсінеді. Оқушылардың басым бөлігі: Түргеш қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығы туралы сипаттайды, ерекшеліктерін біледі.

Кейбір оқушылар: Түргеш қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамымен жан-жақты мағлұматтарды біледі, сипаттайды, ерекшеліктерін біледі, салыстырады, дәлелдейді, талдайды.

Бағалау критерийі

Түркі қағанатының әскери өнер жетістіктерін cипаттайды білу және түсіну)

ҮІІІ ғасырда Қазақ жерін мекендеген Түргеш қағанатының тарихымен, қағанаттағы экономикалық және мәдени дамудың бағытымен танысады;

Түргеш қағаны сұлудың жүргізген саясатымен таныса отырып, ішкі және сыртқы саяси бағыттарына талдау жасап, өз ойларын жүйелі жеткізе біледі;

Түргештерден қалған мәдени мұралар тарихынан мәлімет алады


Тілдік мақсаттар

Талқылау бойынша:

«Көршіңе айтып бер» әдісі. Оқушылардың өз ойларын ауызша айтқызу үшін қолданылатын әдіс. Оқушыларға сұрақ қойылады, оқушылар көршісімен өз ойларын бөліседі. (тыңдалым, оқылым, айтылым.)

«Күлтегін» жазуында түргештер туралы мәтінді оқып, жұппен, топпен постерге түсіреді. (жазылым)

Құндылықтарға баулу


-Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.

-Қарым-қатынас жасау қабілеті

- туған жер тарихын мақтан тұту

- патриотизм

- өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

Пәнаралық байланыс

География, дүниежүзі тарихы.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

6.3.1.2. Білге қағанмен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі?

«Ақпарат жинау» әдісі арқылы оқушыларға үй тапсырмасын пысықталады. Оқушылар карточкадағы түйінді сөздерге сараптама жасайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы 7-мин

- Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, үй тапсырмасын сұрау

«Ақпарат жинау» әдісі: Оқушылардан нені білгендері туралы ақпарат жинау. Ол ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі. Тапсырма оқушылар қандай ақпарат алғаны туралы айтып береді.

Оқушыларда смайликттік әдістер арқылы үш топқа бөлеміз.

1-топ. Зерттеушілер

2-топ. Саяхатшылар

3-топ. Тарихшылар

«Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі бойынша топтарға тапсырмалар беріледі.

Зерттеушілер- Атлах шайқасының басталуы

Саяхатшылар-Атлах шайқасы маңыздылығының себептерін талқылайды.

Тарихшылар-тарихи маңызын анықтайды

Презентация, стиккер сөздер жазылған қима қағаздар

Сабақтың ортасы

23- мин

Зерттеу мен талдау

Зейінді шоғырландыру: суреттер

А) Түргеш қағанатының жер аумағы, халқы. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы Суяб қаласы болды.

Халқының құрамы түрік тілдес тайпалардан тұрды. Түргештер туралы алғашқы деректер «Күлтегін» ескерткішінде және қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары ҮІ ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Бұл кезде түргештер Батыс Түрік қағанытының сол қанатына енген, адам саны жағынан басым тайпа болған. Түргеш қағанатының өз алдына жеке билік құрған кезеңі туралы «Күлтегін» жазбаларында біршама жақсы жзылған.

В) Қағанаттың ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Түргеш қағанаты Батыс Түрік қағандығының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырды. Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат 20 әкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси-әкімшілік басқару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды. Сұлу қаған /715-738/ билікке келгеннен кейін түргештер қайта күшейді. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас /Тараз/ қаласына көшірді.

С) Жетісудағы соғдылар.

Соғдылардың жетісуға қоныстануы туралы әр түрлі пікірілер бар. Олардың бірінде соғдылар негізінен саудамен айналысатын халық болғандықтан, осы сауда арқылы келіп қоныстанған дейді. Ал екінші бір пікірде соғды диқандары мен саудагерлері Бұқараның әмірі Абруйдың алым-салықты көп алып, қысым көрсетуіне шыдамай, қоныс аударуға мәжбүр болған.



Бейнематериалдағы мәтінді қалпына келтіру үшін топта бірігіп жұмыс жасайды.

Атлах шайқасы туралы мәтін ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген сұрақтар негізінде оқушылар ізденіс жұмысын жүргізеді, тапсырманың мақсатын, тақырып мазмұнын ашу.

Тақырыпқа қатысты мазмұнды меңгергеннен кейін маңыздылық жайлы түсінік қалыптастыра отырып бүкіл сыныппен келесі сұрақтар төңірегінде талқылау жүргізеді.

ДЖИГСО әдісін пайдалана отырып, топтар өздерінің түртіп алған ақпараттарымен бөлісіп, талқылайды.

Ассоциация әдісі. Ассоциация (латынша: assotiatio - біріктіру) – оқушылардың қандай да бір нақтылы нәтижелерге жету мақсатында әртүрлі қауымдастықтарга, одаққа және топқа бірігуі әрі олардың тығыз қарым-қатынасы.

Shape2

Атлах шайқасы ның қандай маңыздылығы болды?






Құнды ұсыныстар мен идеялар жинақталады

«Сократтық әдіс»-нің мәні – әңгімелесушінің «барлық нәрсе жайлы білемін» деген орныққан пікіріне қарамастан, шындығына келгенде, көп нәрсені білмейтіндігіне көзін жеткізу.

Картамен жұмыс.

Атлах шайқасы болған жерді көрсету.


Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.

А) Қағанат халқының құрамына қандай тайпалар кірді?

В) «Күлтегін» жазуында түргештер туралы не дейді?

С) Түргеш қағандығының ішкі саясаты туралы айтып беріңдер?

Д) Қағандық сыртқы саясатында қандай бағыттарды ұстанды?

Е) Қағандықтың құлау себептері?

З) Түргеш қағанаты қашан құрылды?

Ж) Сұлу қаған орданы қай қалаға көшірді?

Қорытындылау. Сонымен біз бүгін Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттердің бірі Түргеш қағанатымен таныстық. 704 жылы құрылған Түргеш қағанаты отан тарихында өз орны ерекше. Біз бүгін осы қағанаттың құрылуы, дамуы, сауда мен шаруашылығы, саяси және сыртқы жүйесі, әлсіреу мен ыдырауды бастан кешкенін көрдік.


Оқулық, постер, суреттер, маркер

Слайд

http://www.youtube. Com/watch?v=IMGkz8fyOcM



Атлах шайқасы туралы бейнематериал:


Жанайдар О. Көркемсурет Қазақстан тарихы. 1 том.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2006.


А-3 форматындағы қағаз, маркер

Сабақтың соңы 10-мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: «Сұхбат алу» әдісі: Сұхбаттасу кезінде зерттеуші белгілі бір дәйектілікпен қойылатын, алдын ала дайындалған сұрақтарды пайдаланалады. Сұхбат кезінде жауаптар ашық түрде жазылады.

1.Түркештер мен қарлұқтар бірлестіктерінің кейінгі мемлекеттердің құрылуына әсері болды ма?

2.Тапсырма маңыздылық мәтінді оқып кестесін толтыру

Оқушылар карточканы оқып талқылап дәлелдейді

Есте қалатыны


Нәтижелілігі


Айрықша мәнділігі


Жаңғырығы


Айқындайтын/

басқа да қырларды түсінуге жол ашатындығы


Интерпретация

Оқушылар берілген карточкаларды мұқият оқып, талқылап, А-3 форматтағы қағазға түсіреді.

Әр топтың бір немесе екі мүшесіне өздерінің таңдауларын қорытындылауға мүмкіндік беріп, ал басқа топтардың оқушылары мұқият тыңдайды.

Атлах шайқасын «халықтар шайқасы» деп атауға болама? Сұрағы арқылы ой түйіндете отырып, сабақты қорытындылау

Критерийлері:

1.Тақырыптың ашылуы, нақтылығы

2. Қызықты фактілердің келтірілуі

3. Белгілі бір деректерге сүйенуі

Стикер

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Барлық оқушылар:«Көршіңе айтып бер» әдісі арқылы түргеш қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамымен жан-жақты мағлұматтарды біледі, түсінеді. Оқушылардың басым бөлігі: «Бинго» әдісі арқылы түргеш қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығы туралы сипаттайды, ерекшеліктерін біледі. Кейбір оқушылар: «Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі арқылы түргеш қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамымен жан-жақты мағлұматтарды біледі,сипаттайды, ерекшеліктерін біледі, салыстырады, дәлелдейді, талдайды.

Кері байланыс А-Ж әдісі. Сөйлемдердің «Ақиқат»не «Жалған» екенін ажыратады.

«Көршіңе айтып бер» әдісі (топпен жұмыс) Барлық оқушылар карточкадағы сұрақтарға жауап береді.




Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Оқушылардан «сұхбат алу» әдісі.

1.Түркештер мен қарлұқтар бірлестіктерінің кейінгі мемлекеттердің құрылуына әсері болды ма?

2.Тапсырма маңыздылық кестесін толтыру

Оқушылар карточканы оқып талқылап дәлелдейді


АКТ техника қауіпсіздігі

*Сабақта тәртіпті, мұқият, абай болу.


*Мұғалімнің нұсқаулықтарын орындау


*Санитарлық нормаларға сәйкес қауіпсіздік

ережелерін ұстану.


*АКТ-ны қолдану ережелерін ұстану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақта әдіс тәсілдерді пайдалана отырып оқушылар өз мақсатына қол жеткізілді. Сабақ барысында уақыт тиімді падаланылды, сабақ өз мақсатына жетті.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
1049
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі