400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Атмосфералық жауын-шашын

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға атмосфералық жауын - шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Пәні: География

Сынып: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы

Атмосфералық жауын-шашын.


Сілтеме

6 сынып оқулығы, Мұғалімге арналған нұсқаулық ( 2014 ж)

Асхат Әлімов оқулығы.

Жалпы мақсаттары

оқушыларға атмосфералық жауын - шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік беру.

Негізгі мақсаттары

Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Өзіндік жұмыстарды тез орындауға үйрету.

Өзін-өзі,бір-бірін бағалай алуға үйрету.

Оқу нәтижелері


Оқушылардың топпен жұмыс жасауда жауапкершілігі қалыптасады.

Өзін-өзі, топты бағалай алады.

Тапсырмаларды орындауда белсенділіктері қалыптасады.

Оқушылардың сөйлеу дағдысы дамиды.

Атмосфералық жауын - шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы біледі.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын сұрау:

“Сағат” және “сандар” мына сағатқа қарап 1-ден 12-ге дейін екі санды қалауыңыз бойынша таңдаңыз.

1.Бір-бірлеріңізге күлімдеп қараңыздар

2. Бұлт қандай түрлерге бөлінеді?

3. Күн мен Ай қандай жағдайда қораланады?

4. Тұман қалай пайда болады?

5. Тұманмен бұлттың қандай ұқсастықтары бар?Айырмашылығы неде?

6. Бір-бірлеріңізге жақсы тілек тілеңіздер

7. Нөсер жаңбыр мен қар қандай бұлттан жауады?

8. Бұлт қалай пайда болады? Ол неге жерге құлап кетпейді?

9. Ақ жауын қандай бұлттан жауады?

10. Тұман қандай жерлерде жиі пайда болады?

11. Бұлттылық деп нені айтады?

12.Бақыт - бұл

Ойланайық!

Салтанат аспанды торлаған бұлттарға қарап, әр нәрсенің бейнесіне ұқсатып отырды. Құрбысы оған телефон соғып, көл маңына серуендеп келуге шақырды. Салтанат барар – бармасын білмей ойланып қалды. Қандай кеңес берер едіңдер? Ауа райы өзгеруі мүмкін бе?

Топқа бөлу: “Тақ және жұп” сандар арқылы топқа бөлемін.

I-топ: Қар

II -топ: Жаңбыр

III. Жаңа сабақ:

Тақырып бойынша қысқаша сипаттап өту.

Мәтінмен жұмыс.

III. Жаңа сабақты бекіту:

Топтық жұмыс:

I – топ: Рафт стратегиясы

Роль – тележүргізуші

Аудитория – көрермендер

Форма – хабар “Қазгидромет”

Тақырыбы – “Жауын-шашынның түрлері”


  • II – топ: «ПОПС» әдісі – Өз позицияңды ұстау : «Жер бетіне түскен жауын-шашынды өлшеу қажет пе?» 

  • П – позиция (көзқарасы) – менің ойымша…

  • О – өз көзқарасыңды негіздеу - (себебі)…

  • П – дәлел (факты) - мысалы…

  • С –Шешім (қорытынды) – сол себепті.


Көк – Маған ұнады

Қызыл - Толықтырған жақсы болар еді

Сары – Бағалаудан қиналам


IV. Қортынды: Географиялық диктант


Бұлттан жауатындар - ...........

Жер бетіне таяу қабатынан түсетіндері - .......


Сәйкестендір

  1. Жауын-шашын өлшеуіш- жер бетіне түскен жауын-шашын мөлшерін өлшейді - миллиметрмен

  2. Термометр- ауаның температурасын өлшейді- миллиметрмен

  3. Қар өлшеуіш сырық- қардың қалыңдығын өлшейді- сантиметрмен

  4. Барометр- атмосфералық қысымды өлшейді- миллибармен

Жұмбақтар шешу

.Түбі тесік шелектен

Суы тамшылап тұрғандай,

Басталып еді ол еппен

Ақтарылды түк қалмай.

  • Құлағы мен көзі жоқ,

Тіпті жоқ қол мен аяғы.

Бірақ, ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп ою салады

  • Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

Көк – ең тапқыр

Қызыл – ең белсенді

Сары – ең әдемі

V.Үйден біліп келуге: Атмосфералық жауын-шашын.

Кері байланыс. Аралдарға саяхат жасау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
822
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі