Материалдар / Атом құрылысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Атом құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2018
533
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Атом құрылысы. Элементар электр заряды.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: атомның және атом ядросының құрылысы, элементар электр

заряды, электрон жөнінде түсінік беру, заттың құрылысы жөніндегі білімдерін кеңейту.

  1. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыныдамыту.

  2. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу

Сабақ типі: І

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, жұмыс дәптерін толтыру

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық,слайд

Сабақтың барысы:


І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу; 2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру

Жұмыс дәптерлерін тексеру


ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.

1. Электр зарядын бір денеден екінші денеге қалай беруге болады?

2. Денелердің электр зарядын тәжірибе жүзінде қалай байқауға болады?

3. Электрленген денелер үшін үйкелістің маңызы қандай?

4. Электр зарядының сақталу заңының мәні неде?

5. Қандай заттар электр өткізгіштерге жатады?

6.Қандай заттар электрді нашар өткізетіндерге немесе диэлектриктерге жатады?

7. Электроскоп дегеніміз не?

8.Зарядтталған электроскопты пайдаланып, дененің электр өткізетінін немесе өткізбейтінін қалай анықтауға болады?

9. Қандай тәжірибемен электр зарядының екі тегі бар екендігін көрсетуге болады?

10. Табиғаттағы денелердің электрленуіне мысалдар келтіріңдер?


ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Өтілген материалды қайталау:

7 сынып зат құрылысы


V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

Атом құрылысы. 1897 жылы көптеген электр құбылыстарын түсiндiруге мүмкiндiк беретiн жаңалық ашылды. Ағылшын ғалымы Дж. Дж. Томсон элементар заряд тасымалдаушысы болып табылатын бөлшектi тапты. Бұл бөлшекті электрон деп атады. Электрон массасы m=9,1*10-31 кг-ға тең және табиғаттағы ең жеңiл сутегi атомы массасынан 3700 еседей аз болып шықты.

Электр зарядын арттыруға және азайтуға болады,Яғни олар әр түрлі мәнге ие болуы мүмкін. Ендеше электр заряды физикалық шама. Екі электрометр алып олардыың біреуін зарядтайық. Сосын оқшаулағыш тұтқасы бар жіңішке сыммен екі электрометрді жалғайық. Сонда біз зарядтың теңдей екіге бөлінгенін көре аламыз. Атом құрылысы 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд басқарған тәжiрибелер нәтижесiнде ашылған. Электрон заряды терiс: qэл  = – е = – 1,6 · 10–19 Кл.

Бұл заряд электронның ерекше сипаттамасы болып табылады. Жәй денелердi зарядтауға немесе разрядтауға болады, ал электронды зарядынан “айыру” мүмкiн емес. Сондай-ақ электрон зарядын азайтуға немесе көбейтуге болмайды. Электрон заряды барлық уақытта тек бiр мәнге ие. Химия курсынан сiздер электронның атом құрамына кiретiнiн бiлесiздер. Электрондар атом ішінде орналасқан оң зарядталған атомдық ядроны айнала қозғалады.

Резерфорд тәжiрибелерiн жоғары сыныптарда егжей-тегжейлi қарастырылады. Мұнда бiз оның тәжiрибе нәтижесiнде жасаған қорытындыларымен шектелемiз.

Р езерфорд атомының құрылысын Күн жүйесiне ұқсатты. Күн жүйесiндегi планеталар оған тартылып айналғаны сияқты, электрондар да ядроға тартылып оны айнала қозғалады. Осындай ұқсастығы үшiн Резерфорд ұсынған модельдi (11-сурет) планетарлық модель деп атаған. Ядро мен электронның ара қашықтығы олардың өлшемдерiне қарағанда өте үлкен. Егер атомды ойша үлкейткенде ядроның диаметрi он теңгелiктей болса, онда ядро мен электрон ара қашықтығы шамамен бiр километрдей болар едi. Егер барлық электрондар атомдық ядроларға тығыз жабып орналасса, онда ересек адамның денесiнiң көлемi бiр куб миллиметрдiң миллионнан бiр бөлiгiндей болатындығы есептелген! Бұдан адам денесiнiң 99%-iн (кез-келген дененiң) бостық жайлайтындығын көремiз.

Бiр тектi атомдар жиынтығы химиялық элемент деп аталады. Әр түрлi химиялық элементтердiң атомдары бiр-бiрiнен ядроларының зарядымен және сол ядроны айнала қозғалатын электрондар санымен ерекшеленедi. Мысалы, сутегi атомында жалғыз электрон бар, оттегi атомында – сегiз электрон, ал уран атомында – тоқсан екi. Атомдағы электрондар саны элементтiң Д.И. Менделеев кестесіндегі реттiк нөмiрiмен сәйкес келедi. Осы нөмiр атом ядросының зарядын да анықтайды. Белгiлеу енгiзейiк: Z – элементтiң реттiк нөмiрi е = атомдағы электрондар саны. Онда атом ядросының және атомдағы барлық электрондардың жалпы заряды үшiн былай жазуға болады: qядро = + Ze, qэл-н = – Ze. Атомдағы электрондардың жалпы зарядын, атом ядросының зарядына қоссақ нөл шығады. Бұл атомның толықтай бейтарап екендiгiн көрсетедi. Бейтарап атомдардан тұратын заттардың молекулалары да бейтарап болады. Кейбiр жағдайларда (мысалы, соқтығысқанда) атомдар бiрнеше электронын жоғалтуы мүмкiн. Атомдар электрондармен бiрге өздерiнiң терiс зарядының бiр бөлiгiн жоғалтып, бейтарап емес жүйеге айналады. Осының салдарынан пайда болған оң зарядталған атомды оң ион деп атайды. Керi жағдайлар да болуы мүмкiн: бейтарап атом өзiне артық электрон қосып алып, терiс зарядталады. Мұндай атомды терiс ион деп атайды.

  • Атом ортасында оң зарядталған ядродан жэне оның қабықшасын құрайтын, оны орасан зор жылдамдықпен қозғалатын электрондардан тұрады

  • Элементар электр заряды, е=-1,6*10-19 Кл Электронның массасы m =9,1 * 10-31 кг

  • Ядроның құрамына оң зарядталған бөлшек протон және нейтрон деп аталатын бейтарап бөлшек кіреді

  • Ядродағы нейтрондардың саны протондардың санына тең

  • Ядроның заряды оң және абсолют мәні бойынша атомдағы барлық электрондардың зарядына тең

  • Оң ион-кандай да бір өзара эрекеггесу нәтижесінде электрондарынан айрылған атом

  • Теріс ион- қандай да бір өзара әрекеттесу нәтижесінде артық электрондарды қосып алған атом

  • Атомның өлшемі өте кіші 10-10 м Атом ядросының өлшемі (10-14 м ), атомнан он мың есе кіші.


VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

  1. Неліктен кәдімгі жағдайда дененің заряды болмайды?

  2. Атомның құрамына қандай зарядталған бөлшектер кіреді?

  3. Электрон жайлы не айта аласыңдар?

  4. Егер дене электронды қосып алса, онда денеде не байқалады?

  5. Электронын беріп жіберген дене қандай заряд алады?

  6. Оның атомы қалай аталады?

  7. Жанасу кезіндегі дененің электрленуі қалай түсіндіріледі?


VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Жұмыс дәптерімен жұмыс жасау. Электронды оқулықтағы тест жұмысы

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: § 30 оқып, сұрақтарын талдау.














  1. Төмендегі а суретте гели атомы көрсетілген.

Екінші б суреттегі атомды ата.







  1. Литидің үш электроны бар екені белгілі. Соны

есепке ала отырып Литидің он және теріс ионын

сызба түрінде көрсетіңіз.








  1. Алюмини тяқшасына он зарядталған дене

жанасты. Алюминидің кейбір зарядтарында

қандай өзгеріс болады?

















  1. Лити атомының құрамында үш протон бар

екені белгілі. Осы атомдағы бөлшектер саны нешеу?

Оларды атаңыз?











  1. Зарядталмаған метал таяқшаға зарядталған дене

жақындатылды. Таяқшадағы зарядтар тегін көрсетіңіз?









  1. Екі бірдей метал шар бірдей бірақ қарама

қарсы таңбалы зарядталған. Олар соқтығысқаннан

кейін зарядтары бейтарапанды. Шарлардағы зарят

жоғалып кетті деп айта аламыз ба?





  1. Оң заряды бар метал шарикті разрядтады,

ол бейтарап күйге көшті. Шарик өзінің

біржола жоғалтты деп айта аламыз ба?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!