Материалдар / Аты аңызға айналған,халқымыздың біртуар алып тұлғасы,Бауыржан Момышұлының шығармасындағы ұлттық тәрбие

Аты аңызға айналған,халқымыздың біртуар алып тұлғасы,Бауыржан Момышұлының шығармасындағы ұлттық тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбиені қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
270
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Аты аңызға айналған ,халқымыздың біртуар алып тұлғасы ,қазақ халқының мақтанышы ,қаһарманы , батыры Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы ұлттық тәрбие

Бауыржан Момышұлы ержүрек жауынгер атақты қолбасшы , әскери жазушы . Ұлтжанды , қазақтың намстан жаралған халық екенін мойындата алған тұлға, оның батырлық бейнесі тарих белдерін аралап, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің қаһарманына айналды. Б.Момышұлының өз үшін емес, халқы үшін бейбіт өмірде де күрестен , ерлік пен табандылықтан қайтпаған өр бейнесін Қасым ақын былай жырлайды

Нақ сол кезде естідім ер дүбірін

Атағы атын келді бұрын .

Үстінде туған елдің тұрды толқын

Бауыржан Момышұлы деген бір үн.

Оның қол бастаған батырлығы мен ерлігі бүкіл Одақ халқы мен күллі әлем жұртшылығына тұтас жайылуымен ерекшеленеді. Сондықтан да ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтап, оны үзбей атадан балаға яғни ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жалғастыру педагогика ғылымында тәрбиенің ең өзекті мәселелерінің бірі.

Бауыржан момышұлы соғыста жүріп әр түрлі ұлт өкілдерімен араласады. Орыс тілін де , қазақ тілін де жетік біліп, екі тілде де өз шығармаларын жазған. Ол өзін қазақ екендігіне мақтанатын. «Ұлттық мақтаныш сезімі » әрбір ұлт адамдары үшін бұзылмас заң . Кімде кім өз ұлтын сыйламаса және оны мақтан тұтпаса , ол сөзсіз барып тұрған арамза, отансыз қаңғыбас деп өз ұлтын мақтан тұтатын.

Бауыржан момышұлының қай шығармасын алсаң да тәлім тәрбиеге тұнып тұр. Әсіресе, қазақ ұлтының ұлттық тәлім тәрбиесімен астасып жататынын даналық сөздерінің қай шығармасында да болмасын көркем бейнеленуі Бауыржанның әжесі Қызтумастан әкесі Момыштан жас Бауыржанға салт- дәстүр туралы тәрбиенің берілгендігінің нәтижесі екендігі даусыз.Бұл жөнінде Бацыржан Момышұлы мемлекеттік сыйлыққа ие болған. «Ұшқан ұя » кітабында әлем тарихқа жаратылыс шежіресі , жан-жануарлар болмысы , адмзат қауымының қалыптасуы ,әлемнің пайда болуы , тіршілік өмір туралы , тұңғыш мағлұматтары ,азаматтық тұрғыздағы аңыз әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілікпен ,сезіммен есіне алған. ,ненің жаман екенін, ненің жақсы екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін яғни, отбасылық тәрбиеден алғанын үлкен мақтанышпен еске алады.

Кеңес үкметі тұсында қазақстанда қазақтың ұлттық тәрбиесі жөніндегі арнайы ғылыми еңбек жазуға мамлекет тарапынан мүмкіндік болмағаны белгілі. Халық педагогикасы ,немесе ұлттық тәрбие мәселесі арнайы ғылыми-зерттеу немесе пән оқулығы ретінде қарастырылмай ,негізінен ғылыми мақала,тезис ,қосымша мағлұматтар негізінде көрініс тапқан.

Ал , Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабында қазақ халық педагогикасының әліппесі деп айтуымызға болады. Автор өзінің балалық шақтан бастап есейген шағына дейінгі ғымырнамасындағы тәлім-тәрбиелік дүниелерді қазақи тұрмыс ерекшеліктерімен байланыстыра отырып суреттейді.

Шығармада үлкенді сыйлау ,құрмет тұту ,алдынан кесе өтпеу үлкеннің тілін алу атын бақырайтып атамай «Молда бала» , «Ұста бала» «Еркежан» тағы басқа сияқты жанамалай атау , дүниеге жаңа келген нәрестеге бата беру рәсімдері әңгімеленіп , ұлттық сыпайлыққа ,ізеттілікке баулиды.

Кәрі анасы Қызтумасты былай деп еске алатын: Бөстекке отырып алып басымды бауырына қысып, кәрі алақанымен арқамнан томп-томп қағып қойып әндете жөнелетін. Сол кезде әдемі әнге елтіп жатып балбырап ұйықтап кетер едім-дейді. Анамның аялы алақанын , ана әлдиінің құдіретін осы бір қысқа сипаттау арқылы –ақ көрсетіп кетеді.

Ұлттық тәрбиенің бастауы сәлемдесу екенін де ескерте кетеді. Мысалы: Бірде , бала күнінде Бауыржан үйінде отырған қонақтарға сәлем бермей жүгіріп кіреді.Әжесі ымдап шақырып алып: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда»-деп сыбырлайды.Ол сыртқа шығып кетіп ,қайта кіріп сәлемдеседі. . Сонда әкесі басынан сипап отырып «жарайсың,Балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа . Әдепті бала сөйтеді»-дейтін. Осылай «сәлем кішіден, жол үлкеннен» екенін білідіріп отырған.

Сонымен қатар жеті ата жөнінде білуді де әкесі қатты қадағалайтын. Соның өзі ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген., деп жазады.

Әжем малдың «тілін» ұғуды үйретуші еді- қозы маңырайды, бұзау мөңірейді, құлын кісінейді, бота көзі мөлдіреп аңсайды, қодық ақырады . . .»

Әжем бұған зұлым қасқыр, жымысқы түлкі , дәрменсіз қоян , сүйкімді құс , сұрапыл сұңқар жайлы ертегілер айтатын-деп ертегі , аңыздарға бой алдырып , әр нәрсеге тән баламалап ұғындырған . Осыны пайымдай отырып отбасылық тәрбие , әсіресе әже мен немере арасындағы қатынас ұлттық тәрбиенің бастауы алғашқы баспалдағы деп қарауымызға болады.

Шығарма барысында мүшелді кезеңдерге де ден қояды. Алғашқы мүшел- нәрестенің қырқынан шығатын күн. . Екінші мүшел-баланың жеті жасқа толған күні. Ендігі мүшел-13 жас

«Он үште отау иесі» деген мақал бар. Ол азамат мүшелінің алды осы. Ат жалын тартып мініп, өз тізгініңді ұста , біреудің жетегінде кетпе-деген сөз дейді.

Қазақша жыл қайыру , соған байланысты туған аңыз –әңгіме , ертегілерді әже аузымен айтқызып көп нәрсеге көз жеткізіп отырады.

Шығармада қыз ұзату тойын суреттей отырыпұлттық салт-дәстүр, ою-өрнек ,туыстық атаулар,ұлттық ойын түрі кеңінен суреттеледі. Қазақы қалжың да , жұмбақтай сөйлеу де, айтыс та қамтылған. Ұзатылар қыз Үбиан мен Оңалдың айтысынан қазақ халқының ерекше бір қасиеті –айтыскерлік. Біздің халқымыз айтыскерлігімен де , қапияда тез сөз табатын шешендігімен де ерекшеленеді. Мысалы

Оңал :

Жол жүріп алты ай бойы көз ілмедім,

Ісімнің оңаларын сезіп едім.

Армысың Үбианжан ,бақ иесі,

Сондағы іздегенім өзің едің.,десе

Үбиан құрбысы екеуі қосылып жауап айтады.

Толқумен отырған бұл кезімізде ,

Құрбыжан, біз не дейік сөзіңізге.

Аққуға теңедіңіз рахмет.

Өзгелер ұқсай берсін өзіңізге. . .

Салт бойынша жаңа түскен келіннің бетін ашу ,ел-жұртымен таныстыру. ,үлкендерге сәлем салдыру. ,неге қию рәсімін суреттей отырып ұлттық дәстүрге тәрбиелейді.

Сонымен қатар шығармада ұлттық ою-өрнекті , зергерлікті де тамаша суреттейді. Мысалы шығармада білезік соғудағы әңгіме еңбегін былай бейнелейді.

Әкем алдымен балшықтан ыдыс жасайды. Оған күміс теңгелерді салады. . Оның үстіне жаңқа үйіп от тұтатады. . .

Мен ешкі терісінен жасалған қол көрікті басамын. Бір кезде ыдыс бетін көгілдір жалын шарпиды. Сол кезде еріген күміс сынапта толқып шыға келеді. Әкем оны аздан суытады да , алау түстес ерітіндіні суға салып жібереді. Сонан соң балқыманы қолына алып білезік соға бастайды. Өрнегін қаламмен сызып алады да , ұстараның жүзімен кертіп қондырады. Өрнекті қондырып болған соң әкем енді білезікті құммен жұмырлап ысқылайды да , түтілген жүнмен тазалайды. Сонан соң үстіне ақ мүсәтір ұнтағын себеді де аздап отқа ұстайды. Ұнтақ тұтанған кезде білезікті оттан тартып ала қояды да, тізесіне ысқылап жібереді.Сол кезде білезік жарқырап шыға келеді.

Әкем әңгіме айтқанда әшекей өрнек жайлы , оның науқастары жайлы көбірек сөз ететін дейді.

Ұяда алған тәрбие болар, Бауыржан Момышұлы да қатты ойға кетіп,толғанған кездерінде қолына қайшы алып ою ойған екен.

Өткендерді еске алып ойға толам,

Сұрыптап ,тезге салып көп ойланам.

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып ою оям-деген екен.

Бұл арқылы халқымыздың өнерге жақындығын мақтан тұтады.

Бауыржан Момышұлы көзсіз батырлығымен қатар шешен , дана. Ол қазақ халқының ұлттық болмысының көзі болып саналатын қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына дарыта білген жан. Оның бір ғана Ұшқан ұя шығармасын оқып –ақ қазақтың қандай ұлт екендігі ,немен айналысатындығы ,рухани байлығы,ырымы,салты, яғни бір ұлтқа тән ерекшеліктерін байқап , ұлтымызға тән тәрбие алуымызға болады.

Ата –бабамыздың тәрбиеген өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны баршамызға аян .Өткенімізгк көз жүгірте қарасақ қазақ халқындағы небір ақын ,шешен, зергер ,жыршы , сәулетші , қара қылды қақ жарған билер мен қазылардың атадан балаға мирас болып қалған ұлттық тәлімін көреміз.

Бауыржан Момынұлының шығармалары – ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың жетекші құралы дей отырып Бауыржан атамыздай ұлы тұлғаның қазақ топырағынан жаралуының өзі біздер үшін зор мақтаныш, үлкен бақыт!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ