Материалдар / Авторлық бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды 4 сынып мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2021
1539
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі» ММ











Жоба тақырыбы:

«Жаңартылған білім беру аясында 2 - 3 сыныптарда жаратылыстану пәні бойынша мәнмәтіндік тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру және дамыту»















Бастауыш сынып мұғалімі

Абдулина Динара Сапарбековна









Павлодар 2019ж







Мазмұны



Кіріспе
I тарау.
1.1 Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғымы, маңызды белгілері.
1.2 Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
ІІ тарау. Шығармашылық іс-әрекет
2.1 Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы.
2.2 Шығармашылық іс-әрекет.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.



































Педагогикалық жоба картасы

Тегі: Абдулина

Аты: Динара

Әкесінің аты: Сапарбековна

Жобаның тақырыбы: «Жаңартылған білім беру аясында 2 - 3 сыныптарда жаратылыстану пәні бойынша мәнмәтіндік тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру және дамыту»



Жобаның негізі:

Жаратылыстану сабағында мәнмәтіндік тапсырмаларды жүйелі қолдану, оқушының оқудағы іс-әрекетін бекітуде мәнмәтіннің маңыздылығы, өз бетінше білім алу, әрекет ету.

Педагогикалық міндеттерді шешу жаңалығы:

Оқушылардың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзіреттілікке ұласу жолы.


Педагогикалық идея :

  • - Әлеуметтік сұранысқа сәйкес, қоғам дамуының бағытына,

өмір талабына сай, мәнмәтіннің тиімділігін арттыру .

  • Мектепте алған білімді түрлі өмірлік жағдайларда қолдана алу қабілеттігі, қойылған мәселелерді ғылыми әдістермен шешу, ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс жасау, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;


Практикалық маңыздылығы:

  • Оқушылардың төрт дағдының барлығын түрлі әректтерде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) жүзеге асады

  • Педагогикалық еңбек рефлексиясын жүзеге асыруға жағдай туғызу

(жеке, ұжымдық кеңес беру, дайындық).

  • Қызықты әдістемелік тәсілдерді ұсыну;



Тәжірибенің негізгі кезеңдері:

    • педагогтардың еңбектерімен танысу, іс-тәжірибелерін арқау ету.

    • осы тақырып бойынша үнемі талдап, қорытындылап отыру.

«Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып,

жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады.

Өмірінше ұмытпайды»

(Ж.Аймауытұлы, 1929).

Өзектілігі: Жаратылыстану сауаттылығы ретінде жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен дамытады. Жаратылыстану– тұлғаның негізгі жаратылыстану таным әдістерін қолдана алу қабілеті, сұрақ құрылымына байланысты білімдерін қолдану және жетілдіру, түсіндіру және қорытынды жасай алуы.

Сондықтан жаратылыстану сабағында мәнмәтіндік тапсырмалар орындау арқылы сабақтың ой – толғаныс сатысында қолдану, талдау, жинақтау дағдыларын қалыптастыру.


Зерттеу обьектісі: Бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеу: Жаратылыстану сабағында мәнмәтіндік тапсырмаларды енгізу.

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.


Болжам: «Жаратылыстану» пәні оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытады, оқушыларды ғылым әлеміне бағыттап, болжам жасауға, тәжірибе немесе зерттеу жүргізуге, табиғи құбылыстарды ашуға ынталандырады.

Міндеттері:

  • Оқытуды қолдану барысында анализ жасау арқылы қажетті әдебиеттерді оқып танысу;

  • Оқу кезеңінде мәнмәтін түрлерін анықтау;

  • Сабақ кезеңдерін дұрыс құру жолдарын қарастыру;

  • Мәнмәтінді талдауда кездесетін кедергілерді білу;

  • Мониторинг жүргізу, жұмысты бағалап, қорытындылап отыру.

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке дамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзіреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерінің бірлігінен құралады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын,  талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.



Зерттеу әдіс-тәсілдері:

1.Табу және алу:

  • мәтінді көзбен жүгірту;

  •  басты элементтерін анықтау;

  • ізденіс аймағын тарылту;

  • қажет ақпаратты айыру.

2. Түсіндіру және ықпал ету:

  • мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру;

  • мәтіннен автор тезистерін дәлелейтін дәлелдер табу;

  • автор ой түйінінен қорытынды шығару;

  • мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды жасау.

3. Зерделеу және бағалау:

  • басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған ақпаратты байланыстыру;

  • әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді салыстыру;

  • автормен ішкі диалог жүргізу: өз көзқарастары мен автор көзқарасын қорғауда дәлелдер іздеу.


Жаңашылдығы:

Қоғамның жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда.

Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады.

Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы.



Күтілетін нәтиже:

Мәнмәтіндік тапсырмалар орындау оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді


Практикалық маңыздылығы:

- Оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады;

- әрбір мұғалім тәжірибені терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдалана алады.

ІІ.Шығармашылық іс-әрекет

ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ


Кезеңдері

Жұмыс бағыты

Күтілетін нәтижесі

І. Іздену-аналитикалық кезең.

2017-2018 ж

1. Тақырыпқа сай әдістемелік әдебиеттерді оқу, мәлімет жинау.

2. Тәжірибелі ұстаздардың жұмыстарымен танысу.

1.Танысқан әдістемелік әдебиеттерді сұрыптап, сабақ барысында қолданып отыру.

2.Оқушылардың алғашқы нәтижелерін айқындау.

ІІ кезең

Зерттеу.

2018-2019 ж


1. Мәнмәтінмен жұмыс жасау тәсілдерін (PIRLS, PISA) іс-тәжірибемде қолдану. (МАН)

2.Т 2. Функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі тапсырмаларды практика жүзінде қолдану.

3. Оқушылардың жұмыстарын жинақтау.

Оқушылар мәнмәтінмен жұмыс барысында:

- жоспар құра біледі;

- болжам жасай алады;

-мәтінді аяқтай алады;

- қисынды ойлау дағдысы қалыптасады;

-шығармашылық деңгейлері артады;

ІІІ- кезең

Іс-тәжірибені тарату.

2019-2020 ж

1. Тақырып бойынша жинақталған материалдарды сұрыптап, әдістемелік құрал дайындау.

2. Тапсырмалар жинағын құрастыру.

Оқушылар ғылыми – зерттеушілік және іздену жұмыстарға, интеллектуалдық жобаларға қатысады.




Бірінші іздену-аналитикалық кезеңде (2016-2017ж) психолого-педагогикалық әдебиеттерді оқып, зерттеуші ұстаздардың тәжірибелерін үйрену, оқу, алу. Осы кезеңде тәжірибенің өзектілігі, міндеттері, әдіс-тәсілдері, маңыздылығы анықталып қойылды.

Екінші кезеңде (2017-2018ж) зерттеу жұмыстары жүргізілді.

- Мәнмәтінмен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін, мәтінмен жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға байланысты теориялық ережелерін іс-тәжірибемде қолданып, мәліметтер жинастырылды;

- сыныптан тыс жұмыстарда әзірленген тапсырмалар енгізілді;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар іріктелінді;

- ашық сабақтар өткізілді.

Үшінші кезеңде (2018-2019ж) Оқушылар мәнмәтінмен жұмыс барысында:

  •  басты элементтерін анықтау;

  • қажет ақпаратты айыра алады.

  • мәтіннен автор тезистерін дәлелейтін дәлелдер таба алады;

  • автор ой түйінінен қорытынды шығарады;

  • мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды жасайды.

  • басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған ақпаратты байланыстыра алады;

  • әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді салыстырады;

  • автормен ішкі диалог жүргізу: өз көзқарастары мен автор көзқарасын қорғауда дәлелдер келтіреді.


Ғылыми жаңашылдығы:

  • Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылды.

  • Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз екендігі анықталды. Функционалдық сауаттылық, ұлттық құндылықтар негізінде оқу-тәрбиелеуге бағыттауымыз қажеттілігі дәлелденді.

  • Бұл баланы, берілген оқу материалынан тыс тапсырмалармен өз бетімен ізденуге үйретеді екені көрсетілді.

Теориялық маңыздылығы:

«Жаратылыстану» пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат» жүйесі аясындағы ғылыми білімдердің қарапайым деңгейін қамтамасыз етеді.

Оқу пәні қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылыми білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсіндіруге бағытталған.

«Жаратылыстану» оқу пәні негізгі мектепте «Биология», «Физика», «География» және «Химия» пәндерінен білім берудің негізі және пропедевтикалық курсы болып табылады. Бастауыш мектепте білім алушылар негізгі мектептің барлық жаратылыстану-ғылыми пәндері курстарынан алғашқы түсініктер алады.

«Жаратылыстану» пәнінің бастауыш мектептегі мазмұны зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:

1) гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименталды берілулер негізінде қорытынды жасау;

2) мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;

3) БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Интернет ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі жаратылыстану ғылымындағы ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;

4) өлі және тірі табиғаттағы үрдістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған ортаға қалай ықпал ететінін ашуға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;

5) өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну;

6) жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.

Соңғы жылдардың ғылыми ізденістерінде «мәнмәтін» ұғымы кең талқыланып, оған аса мән беріліп отыр. Аталған ұғымды дұрыс түсініп, оның басқа ұғымдармен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашып көрсету әр ғылым саласының өзекті мәселелерінің бірі болып қалыптасты. Сондықтан да аталған еңбекте «мәнмәтін» ұғымына немесе мәселесіне, осы саладағы орны мен рөліне тоқталып өтуді жөн санап отырмыз.

Қазіргі таңда оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға көңіл бөлінуде. Жаратылыстану бағытында деңгейлеп

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!