Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Авторлық бағдарлама "Абайтану" курсы бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарламада Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды. Ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаралды Келісілді Бекітемін

ӘБ отырысы Директордың бейінді № 9 мектеп-гимназиясы

Хаттама №___ оқыту жөніндегі коммуналдық мемлекеттік

ӘБ жетекшісі орынбасары мекемесінің директоры

__________ ________________ _________________

Б.Қауметова Қ. Әмірова Ш. Құдайбергенов










18 мектеп-лицейі

«Тілдік талдау үлгілері» курсы бойынша

күнтізбелік – тақырыптық жоспар

(7- сыныпқа арналған)




Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Е. К . Епекова














2018-2019 оқу жылы




Түсінік хат


«Абайтану» курсы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы оқыту жүзеге асырылады.

Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

Бағдарламада Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды. Ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді.

Бағдарламаның қажеттілігі:

  • Абайды оқу, Абайды тану, оның тереңіне ден қойғызу, даналық ойларын рухани өміріне азық ету;

  • Ана тілі мен дінін, әдебиеті мен салт – дәстүрін ұмыта бастаған бүгінгі ұрпаққа Абайдың асыл сөздерін терең таныту;

  • Абай туралы қосымша тың деректер мен мол мәліметтер беру арқылы көркем шығарманың құдіретіне табындыру;

Бағдарламаның өзекшілігі:

  • Абай сан қырлы, жұмбақ әлем. Оқушыларға сол сырлы әлемді

шолуға, ақын мұрасына зерделей үңіліп, сырлы әлемнің сырын

ашуға үйрену;

  • Көркем шығармалардың ерекшеліктерін таныта отырып,

оқушыларды кітап оқуға тартып, олардың оқырмандық

мәдениетін қалыптастыру.




Курстың негізгі мақсаты:

  • Өлеңді көркем түрде мақамдап, ойлана оқуға үйрету; Өлеңнің әрбір сөзіне, тармағына, шумағына Абайша мән бере қарау:

  • Ақын өлеңдерінің көркем кестесін терең түсініп, тұшынып қабылдау; Ақынның ішкі сезімін, көңіл – күйін, ой – қиялын, арман – тілегін, мұң- шерін әрбір оқырманға жүрегімен қабылдату;

  • Оқушы ойына, қиялына сезіміне, жүрек дүрсіліне қозғау салу;

  • Шәкірт жүрегіне Абай арманын ұялату.


Курстың негізгі міндеті:

  • Абайды, Абай рухын оқырманның көңіл жайлауына орнықтыру;

  • Әркімнің өзі қызығатын, қызғанатын Абайын табуына көмектесу;

  • Ақынның сөз саптауын, жаңаша сөз тіркесін, қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтарын игерту;

  • Оқушыға халық тағдыры мен мүддесі үшін Абайша ойланып, Абайша мұңайып, қуанып, оны өзіне үлгі - өнеге, ұстаз тұтып, ақын мұрасын өмірлік рухани тірлігіне айналдыру.

Оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар:

  • Абайдың өміріне, шығармашылығына байланысты маңызды мәліметтерді білуі;

  • Оқылған лирикалық өзіндік стильдік және жанрлық ерекшеліктерін білуі;

  • Абайтанудың қоғамдық мәнін білуі;

  • Әдебиеттің тегі мен түрін, жанрларын қазақ өлеңдерінің негізгі құрылысы мен өлшемін білуі;

  • Лириканың, қарасөздің идеялық – көркемдік негізін аша білу, философиялық пайымдау жасай білу;

  • Оқылған, талданған туынды бойынша пікір алмасу, өз көзқарасын дәлелдей білу;

  • Естелік – деректер бойынша ғылыми реферат, баяндамалар әзірлей білу;

  • Көркем туындыға әдеби – эстетикалық талдау жасау, көпшілік алдында сөйлей білу.

Күтілетін нәтиже:

  • Абайдың ұлылығы мен данышпандығын бойына сіңіріп, Абайдың асыл сөздерін, қазақтың сыршыл поэзиясын терең меңгерген, сөз өнеріне жетік, сөз байлығы мол, бүгінгі заман талабына сай жан – жақты дамыған тұлға қалыптастыру;

  • Абайтанушылық деңгейге жеткізу;

  • Жазу шеберлігін шыңдау, шығармашылық ізденістерге баулу;

  • Абай оқуларына қатыстыру;

  • Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын баспасөз беттеріне жариялау.

Курс жүктемесінің көлемі:

7-8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан жүргізілмейді.

«Абайтану» курсы тақырыбы мен мазмұны бойынша 4 тарауға бөлінді:

І. Абайды алғаш зерттеушілер

ІІ. Абай - өз заманының ұлы жыршысы

ІІІ. Абай – көркем аударма шебері

ІV. Абайдың ақындық дәстүрі

































\




Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

7-сынып

Апталық сағат саны-1, жылдық сағат саны-34


р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі


Әдіс-тәсілдер

Білімділік нәтижесі


І тоқсан (8 сағат)

1

Абайдың өмірі мен өскен ортасы.

1


Альбом әзірлету

Кеңінен мәлімет алады

2

Абай ілімі-дүние танудың кілті.

1


Зерттеу


Кеңінен мәлімет алады

3

Абай мұрасының зерттелу жайы (Алғашқы Абайтанушылар)

1


Талдау


Мән-мағынасын ұғынады

4

М.Әуезов-Абайтану ғылымының негізін салушы

1


Мәнерлеп оқу

Көркемдік ерекшелігіне қарай талдайды

5

Абайдың білім,ғылым туралы өлеңдері

1


Мәнерлеп оқу

Көркемдік ерекшелігіне қарай талдайды

6

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі

1


Талдау


Негізгі ойды табады

7

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі

1


Мәнерлеп оқу

Көркемдік ерекшелігіне қарай талдайды


8

Білім сынағы (тест)

1


Тест

Алған білімдерін саралайды

ІІ тоқсан (8 сағат)

9

Абайдың сыншылдық өлеңдері

1


Зерттеу

Қосымша мәлімет жинайды

10

«Бойы бұлғаң» өлеңі

1


Мәнерлеп оқу

Көркемдік ерекшелігіне қарай талдайды


11

«Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» өлеңі

1


Дәріс

Қосымша мәлімет алады

12

«Заман ақыр жастары» өлеңі

1


Мәнерлеп оқу

Көркемдік ерекшелігіне қарай талдайды

13

«Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңі

1


Дәріс

Қосымша мәлімет алады

14

Өлең құрылысы

1


Мәнерлеп оқу

Көркемдік ерекшелігіне қарай талдайды


15

«Жүрегім менің қырық жамау»

1


Мәнерлеп оқу

Көркемдік ерекшелігіне қарай талдайды

16

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек» (ойтолғау)

1


бақылау

Алған білімдерін саралайды

ІІІ тоқсан (10 сағат)

17

Абай аудармалары

Абай және Пушкин

(«Татьяна сөзі»)

1


Дәріс

Қосымша мәлімет алады

18

Абай және Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» әні

1


Мәнерлеп оқу

Көркемдік ерекшелігіне қарай талдайды

19

Абай және Крылов «Піл мен қанден»

1


Дәріс

Қосымша мәлімет алады

20

Абайдың қарасөздері

1


Мәнерлеп оқу

Көркемдік ерекшелігіне қарай талдайды

21

Отыз бірінші сөз

1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
31.05.2019
2232
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12