Материалдар / Авторлық бағдарлама "Биология негіздері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама "Биология негіздері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа формат бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
1645
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

Келісілді Бекітілді

Қарағанды қалалық ҚҚББ №39 гимназия директоры

Әдістемелік кабинет __________ Базыл Ж.С.

ӘК Хаттамасы № « » _________ 2012 ж.

« » __________ 2012 ж


.









Үйірме бағдарламасы

Биология негіздері


11-сыныпқа арналған












Қарағанды 2012




Құрастырушы: М.Жұмабаев атындағы № 39 гимназиясының

биология пәнінің мұғаліміі: Алтынгүл Қожақызы



Бағдарлама МӘБ (кафедра) отырысында қаралды,


Хаттама №________



МӘБ жетекшісі (кафедра): № 39 гимназияның Жаратылыстану пәндер кафедрасының жетекшісі Акторгаева А.Т


____________ «______» _______________

( қолы )






Мектептің әдістемелік кеңесінде құпталды,

Хаттама № ____________

Әдістемелік кеңестің төрағасы: директордың ғылыми ісі жөніндегі

орынбасары Кубеков Б. Т.


_______________ « _______» __________

( қолы)





















1. Түсінік хат


11-сыныптардағы биологияны оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттері оқушыларды қазіргі биология ғылымының даму тенденциялары мен жетістіктерімен таныстыру; болашақ кәсіби іс-әрекеттері үшін оқушылардың биологиялық білім мен биологиялық талдау әдістерін меңгеруді негіздеудің маңыздылығы болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін білім беру бағдарламасындағы оқу материалдарының орналасуы орталықтандырылған тәсіл бойынша құрылуы тиіс. Мұнда бір объектіні оқу жай қайталана бермейді, оның мазмұнында берілетін білім оқушылардың алғашқы қабылдауынан толық меңгеруіне дейін кеңейтіліп, тереңдетіледі.

Таңдау курснің оқу материалдарының мазмұнына болашақ ұрпақтың биологиялық сауаттылығын, биологиялық мәдениетін көтеруге ықпал ететін маңызды білім мен біліктіліктер енгізілген. Бағдарлы деңгейде оқушылардың биологиялық мәдениетін қалыптастырушы білім, біліктіліктермен қатар, олардың білімін ары қарай жалғастыруға және кәсіби мамандыққа даярлауға қажетті білім мен оқушылардың жеке тұлғалық іс-әрекетіне көп көңіл бөлінген.

Таңдау курснің бағдарламасы оқушылардың бойында біртұтас дүниетанымдық ұстанымды дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушылардың жоғары деңгейдегі жалпы мәдениетті және өз бетінше кәсіби бағытын анықтайтын білім, дағды жүйелерін меңгеруге талпыныс жасауын қолдайды.

Таңдау курснің бағдарламасының мазмұны биологиялық ғылымның негізгі категорияларын қарастыруға, мектептің бастауыш сатысында алған алғашқы биологиялық мәліметтерді теориялар шеңберінде жүйелеуге бағытталған және де оқушыларды биологиялық білімнің дамуымен, оның қазіргі ғылымдағы орны және рөлімен таныстырады.










Мақсаты :


Жеке пәндерге қызығушылықпен қабілет дамытқан оқушыларға олардың, сол пәндер мен кейбір қолданбалы салалары бойынша терең теориялық және практикалық білімдерді меңгеру үшін жағдай жасау. Тірі табиғат нысандары туралы білімді өздігінен меңгеруді және оны тірі табиғат процестерін, құбылыстарын, заңдылықтарын түсіндіру және практикада қолдану үшін біліктіліктерін қалыптастыру; өздігінен білім алу мотивациясын жоғарылату.


Міндеттері:


- тірі табиғат туралы ғылымды жоғары адамгершілік тұрғысынан қарау;

- дүниенің ғылыми бейнесіндегі адамның орнын түсінуге үлес қосу;

- адам өміріндегі табиғат құндылығын, практикалық, талғампаздық, эстетикалық маңызын ашу;

- биологиялық идеялардың шығу, даму заңдылықтары және олардың қоршаған ортаға әсерін көрсету.

- биология ғылымының негiзгi қағидаларын, ағзалардың тiршiлiк әрекеттерi, олардың жеке және тарихи дамуы, жүйесi, құрылымы және қызметi, адам әрекетiнің экологиялық жүйелерде болатын өзгерiстерге әсері туралы бiлiмдi қамтамасыз ету;

- экологиялық бiлiм және тәрбие, табиғатқа жауапкершiлiктi қарым-қатынас, органикалық дүние эволюциясы бiлiм негiзiнде табиғатты қорғау iс-әрекетiне дайындауды қамтамасыз ету;

- тiрi организмдердiң құрылысын, қызметiн, тiршiлiк әрекеттерiн эволюциялық тұрғыда қарапайымнан күрделене түсуi түсіндіру;

- тiрi организмдерге тән қасиеттердi оқыту барысында өлкетану материалдарын кеңiнен пайдалану;

- оқушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды негiзгi тiрек ретiнде пайдалана бiлу;

- оқулықты және дидактикалық материалдарды пайдалана отырып жұмыс iстеу тәсiлдерiн үйрету;


Зерттеу объектілері:


- тіршіліктің молекулалық, жасушалық, ұлпалық, организмдік, популяциялық-түрлік және биогеоценотикалық-биосфералық деңгейлері; - тірі организмдердің көптүрлілігі, олардың өзара әрекеттестік байланысы, онтогенезі, филогенезі, эволюциясы;


Пәні: Биология






Болжамы:

  • Оқушылардың білімін одан әрі кеңейту

  • Жаттығу жұмыстар арқылы білім дағдыларын өз бетінше еркін қолдануын қалыптастыру

  • Алған білім, білік дағдыларын шығармашылыққа пайдалану

  • Өз идеяларын іске асыруға, уақытын тиімді пайдалануға үйрету

  • Өзіне деген сенімділігін арттырып, ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру

  • Қосымша материал, реферат, баяндама, президентация, жоба жазуға бағыттау


Күтілетін нәтиже:

Қазіргі заман талабына сай білімді, ұлттық сана-сезім, қоғамдық саяси ой-өрісі дамыған, ойлау, сөйлеу қабілеті шыңдалған, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі жоғары, жан-жақты дамыған кәсіптік бағытқа дайын тұлға қалыптастыру.

Оқыту әдістері, формалары:

1. Оқушының қоршаған орта туралы білімдерін ұдайы жетілдіріп отыру (семинар, конференция, әңгімелеу, ойындар)

2. Оқушының шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін, оның болашақтағы зардаптары туралы алдын-ала білуге, оны болжауға тәрбиелеу (табиғатқа саяхат, бақылау, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, бағалау, болжау)

3.Жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушының практикалық іс-әрекетін қалыптастыру (туған өлкенің қызыл кітабын, табиғат бұрышын ұйымдастыру, презентация жасау, ақпарат құралдарды пайдалану)

Жобаны ұйымдастыру формалары:


Жеке

жұптық

топтық







Жобалау, зерттеу әдістері:


сұхбат

сауалнама

ойын

пікірталас

ақпарат жинау

мәселені шешу


Өлшеуіштер:


В.Т. Беспалько бойынша меңгеру деңгейлері.

Б. Блум таксономиясы бойынша шығармашылық қабілет деңгейлерін анықтау әдісі.

Сауалнама

Тестер

Өнімді рефераттар

Зерттеу жұмыстары

Шығармашылық тапсырмалар





























2.Оқу пәнінің құрылымдық мазмұны

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан


Кіріспе (2 сағат)

Биология - тіршілік туралы ғылым. Тірі организмдер: өсімдіктер, жануарлар олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Тірі организмдерге тән ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер. Тірі организмдердің құрылым деңгейлері. Зерттеу әдістері, маңызы.

Қазақстандық және шеттелдік биолог - ғалымдар.

Өсімдіктер мен жануарларды қорғау (Кызыл кітап, қорықтар мен қорықшалар және т.б.)

Органикалық дүние (3 сағат)

Органикалық дүние патшалығына жалпы сипаттама (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар). Организмнің алуан түрлілігі.

Органикалық әлемнің жүйелері Прокариоттар және эукариоттар. Жүйелеу пәні, оның міндеттері. Жүйелеу ғылымының негізін салушылар. Жүйелік топтары. Түрлердің көптүрлілігі – бірлестіктің тұрақтылықтың кепілі және табиғат құндылығы. Табиғаттағы түрлердің көптүрлілігін қорғау.


Тірі табиғаттың дүниеге жіктелуі (3сағат)

Вирустар .Прокариоттар және эукариоттар. Жүйелеу пәні, оның міндеттері. Жүйелеу ғылымының негізін салушылар. Жүйелік топтары. Түрлердің көптүрлілігі – бірлестіктің тұрақтылықтың кепілі және табиғат құндылығы. Табиғаттағы түрлердің көптүрлілігін қорғау. Саңырауқұлақтар. Бактериялардың, олардың құрылысы және тіршілік әрекеттері. Бактериялардың биологиялық ерекшеліктері. Бактериялардың көбеюі. Бактериялардың жіктелуі. Бактериялар: фотосинтетиктер, селбесушілер, паразиттер, сапрофиттер. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі және биосферадағы рөлі. Бактерияларды биотехнологияларда пайдалану. Ауру тудыратын бактериялар, олармен күресу жолдары Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар), олардың құрылысы және тіршілік әрекеттері,селбесуші, Цианабактериялардың экологиясы.

Цианабактериялардың маңызы. Биотехнологияларда саңырауқұлақтарды пайдалану. Саңырауқұлақтардың дәрілік қасиеті. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардан уланудың алдын алу. Саңырауқұлақтарды қорғау. Саңырауқұлақтар эволюциясы.


Көрсетілім: Бактериялардың жіктелуінің, бактерияның қатысуымен қоректену тізбегінің; табиғаттағы зат алмасудың сызбанұсқалары.


Өсімдіктер ( 10 сағат)

Жасуша –организм тіршілігі мен құрылысының ең кіші өлшем бірлігі. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар. Өсімдік жасушасының құрылысы. Өсімдік ұлпаларына жалпы сипаттама, олардың ерекшеліктері, түрлері және атқаратын қызметі. Өсімдік мүшелері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, тұқым, жеміс құрылысы, атқаратын қызметтері.

Төменгі , жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өсімдіктердің тіршілігі, түрлері, ерекшеліктері. Ашық тұқымды өсімдіктер, Жалаңаштұқымдылардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері. Жалаңаштұқымдылардың өкілдері (шырша, қарағай, майқарағай, балқарағай). Олардың шығу тегі, табиғаттағы және халықшаруашылығындағы маңызы. Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан қылқанды өсімдіктері және оларды қорғау.

Жабық тұқымды яғни гүлді өсімдіктер түрлері, маңызы, Даражарнақты өсімдіктер.Астықтұқымдастар, лалагүлділер өкілдері.

Қосжарнақты өсімдіктер Крестгүлділер, раушангүлділер, бұршақтұқымдастар, күрделігүлділер, бұршақ, құлқайыр гүлділер, асқабақтар, алқалар, асирагүлділер тұқымдастары.

Мәдени өсімдіктердің көптүрлілігі, маңызы, дәрілік өсімдіктер, пайдалану, халық шаруашылығындағы маңызы, бөлме өсімдіктері, қызыл кітапқа енген өсімдіктер


Қорытынды (1 сағат).

Көрсетілім. Кестелер: өсімдік организмі мен жасушаларының құрылысы, өсімдіктердің көбею тәсілдері және таралуы. Сызбанұсқалар: біржасушалы, көпжасушалы өсімдіктердің құрылысы, өсімдік ұлпалары, өсімдіктердің тіршілік әрекеттері. Өсімдіктердің кеппешөптері, табиғи өсімдік түрлері. Муляждар, модельдер.


Жануарлар (14 сағат)

Жануарлар дүниесінің жіктелуі, Омыртқасыз жануарлардың тіршілігі, Омыртқасыз ағзалардың көптүрлілігі. Омыртқалылардың жіктелуі. Омыртқалылардың маңызы. Табиғаттағы, халықшаруашылығындағы ролі Омыртқалылардың түрлері. Табиғаттағы, халықшаруашылығындағы ролі, Омыртқалылардың медицинадағы ролі, мал шаруашылық негізі, қазақстанда қызыл кітапқа енген жануарлар, іріктемелер олардың маңызы, қазақстандық іріктемелер, оның түрлері

Көрсетілім: қарапайымдардың, ішекқуыстылардың, құрттардың, моллюскалардың, балықтардың, қосмекенділердің, бауырымен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің суреттері. Шаяндардың, өрмекшітәрізділердің, жәндіктердің ылғалды препараттары. Жәндіктердің коллекциялары. Муляждар, моделдер, ылғалды препараттар, микропрепараттар, слайдтар, оқу фильмдер т.б.


Қорытынды (1 сағат).











3. Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар


Білу керек:


Тірі организмдер: өсімдіктер, жануарлар олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Тірі организмдердің құрылым деңгейлері. Зерттеу әдістері, маңызы.

Қазақстандық және шеттелдік биолог - ғалымдар.

Өсімдіктер мен жануарларды қорғау (Кызыл кітап, қорықтар мен қорықшалар және т.б.)


  • Тірі ағазалардың жалпы белгілерін;

  • Жалпы биология міндеттері мен мақсаттарын;

  • Биологияның ғылым ретіндегі дамуының кезеңдерін;

  • Биология ғылымының негізін қалаушылар;

  • Тіршіліктің қалыптасу деңгейлерін;

  • Жасуша теориясының негізгі қағидаларын;

  • Прокариот және эукариот клеткаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын;

  • Жасушаның тіршілік қасиеттерін;

  • Жасушадағы органикалық және бейорганикалық заттар маңызын;

  • Жасушаның бөлінуінің негізгі түрлерін;

  • Жеке даму заңдылықтарын;

  • Тірі организмдерге тән ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер;

  • Тіршіліктің құрылымдық деңгейлерін;

  • Органикалық дүние патшалығына жалпы сипаттама

  • Органикалық дүние жүйесін;

  • Тірі организмдерді жүйелеу принциптерін, тірі табиғаттың көптүрлі болу және күрделену себептерін,

  • Жасушасыз, прокариот және эукариот жасушаларының жалпы құрылысын;

  • Тірі организмдердің негізгі жүйелік топтарының (вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің, жануарлардың) жалпы сипаттамасын;

  • Вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің, жануарлардың өкілдерін;

  • Тірі организмдердің қоректерну ортасына бейімделуіне байланысты тіршілік ерекшеліктерін;

  • Өсімдіктер мен жануарлардың жасуша құрылысының айырмашылықтарын;

  • Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялардың жалпы құрылысының ерекшеліктерін;

  • Өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақтар мен бактериялардың жалпы құрылымын;

  • Табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігін;

  • Экологиялық факторларды, организмдердің қоректену ортамен өзара байланысын;

  • Тірі организмдердің өзара қатынасын, қоректену тізбегін;

  • Өсімдік және жануарлар жасушасының құрылыс ерекшеліктерін; бір және көпжасушалы организмдердің;

  • Табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігінің себептерін;

  • Тірі организмдердің қоректерну ортасына бейімделуіне байланысты тіршілік ерекшеліктерін;

  • Тірі организмдердің негізгі бірлестіктерін, организмдердің тіршілік ортасымен өзара байланысын;

  • Тірі организмдердің табиғаттағы және адам өмірінідегі рөлін;

  • Жергілікті жердегі өсімдіктер мен жануарлардың Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін;

  • Жергілікті жердегі өсімдіктердің, жануарлардың түрлерін, мәдени өсімдіктердің, үй жануарларының қолтұқымдарын;

Анықтама бере білу керек:

  • биология пәні және оның міндеттері, негізгі зерттеу әдістері;

  • биологияны оқыту объектісі;

  • биология дамуына үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдарды, олардың еңбектерін;

  • тірі жүйенің жалпы белгілерін;

  • биологияны оқыту объектілерін.


Дәлелдей алу керек:

  • біртұтас ағзадағы мүшелер жүйесінің өзара байланысын

  • биологиялық алуантүрліліктің рөлін;

  • биосферада теп-теңдікті сақтау мақсатында табиғи байлықтарды сақтау;

  • адамның экожүйеге әсері;

  • қоршаған ортаның мутагенді факторларының маңызын.


Сақтану ережелерін білеу керек:

- табиғатта және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтай алуы;

  • жеке бас гигиенасы, жұқпалы және паразитті аурулардан



Меңгеру керек:

  • бөлме және мәдени өсімдіктерді өсіру технологияларын, жануарларға күтім жасай алу дағдыларын


Орындай алу керек:

  • лабораториялық экспериментті жеке практикалық жұмыстарды жеке дара немесе топ ішінде


Оқып-үйрену керек:

  • жеке клеткалар мен ұлпаның микроскопиялық құрылысын

  • тірі табиғат объектілермен, муляждармен, микропрепараттармен жұмыс жасайды


  • Қорытынды жасай алу керек

  • организмдердің клеткалы құрылысына;

  • органикалық дүниенің біртұтастығына.


Қолдана алу керек:

  • бірлестіктерді түіндіру үшін экологиялық білімін;

  • биологиялық зерттеулердің қарапайым әдістері мен құралдарын;

  • биологиялық объектілері, құралдар мен жабдықтарды;

  • биологиялық объектілермен, жабдықтармен, құралдармен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздікті;

  • қосымша оқулықтарды, анықтамалар мен анықтама кітаптарды.



Тақырыбы

Сағат

саны

Формасы,

әдісі

Білім өнімділігі


Кіріспе

2

Әңгіме

Дайындық

1

Биология ғылымы табиғаттағы рөлі

1

Тірек сызба

Білу

2

Биология ғылымының негізін қалаушылар

1

Тірек сызба

Тани білу


Органикалық дүниенің жіктелуі

3



3

Органикалық дүние патшалығына жалпы сипаттама

1

Пікір талас

Слайд

4

Организмнің алуан түрлілігі

1

Дәріс

Слайд

5

. Органикалық әлемнің жүйелері

1

Топтық жұмыс

Слайд


Тірі табиғаттың дүниеге жіктелуі

3



6

Прокариоттар және эукариоттар

1

Дәріс

Слайд

7

Вирустар

1

Дәріс

Бақылау

8

Саңырауқұлақтар.

1

Топтық жұмыс

Слайд


Өсімдіктер

10



9

Төменгі сатыдағы өсімдіктер

1

Дәріс

Жинақтар

10

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер

1

Тірек сызба

Слайд

11

Ашық тұқымды өсімдіктер

1

Ой бөлісу

Қосымша

12

Жабық тұқымды өсымдіктер

1

Дәріс, әңгіме

Білу

13

Гүлді өсімдіктер түрлері, маңызы

1

Пікірлесу

Кептіру тігу

14

Мәдени өсімдіктердің көтүрлілігі, маңызы

1

Дәріс

Білу

15

Дәрілік өсімдіктер, пайдалану

1

Дәріс

Дайындау

16

Халық шаруашылығындағы маңызы

1

Пікір талас

Ркферат

17

Бөлме өсімдіктері, оны өсіру

1

Практика. жұм.

Жинақтар

18

Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

1

Дәріс

Соайд жасау

19

Қорытынды

1

Пікірлесу

Слайд жасау


Жануарлар

14



20

Жануарлар дүниесінің жіктелуі

1

Дәріс

Слайд жасау

21

Омыртқасыз жануарлардың тіршілігі

1

Флипчарт

Бақылау

22

Омыртқасыз ағзалардың көптүрлілігі

1

Дәріс

Қосымша

23

Омыртқасыздардың табиғаттағы маңызы

1

Топтық жұмыс

Қосымша

24

Омыртқалылардың түрлері

1

Дәріс

Слайд жасау

25

Омыртқалылардың жіктелуі

1

Тірек сызба

Тірек сызба жаса

26

Омыртқалылардың маңызы

1

Ой бөлісу

Прак. қолд.

27

Табиғаттағы, халықшаруашылығындағы ролі

1

Әңгімелеу

Прак. қолд.

28

Қызыл кітапқа енген омыртқалы жануарлар

1

Тірек сызба

Реферат

29

Қазақстанда қызыл кітапқа енген жануарлар

1

Филипчарт

Слайд жасау

30

Омыртқалылардың медицинадағы ролі

1

Пікір-талас

Жинақ жасау

31

Мал шаруашылық негізі

1

Сұхбат

Әңгімелеу

32

Іріктемелер олардың маңызы

1

Тірек сызба

Ркферат

33

Қазақстандық іріктемелер, оның түрлері

1

Бақылау

Ркф., слайд

34

Қорытынды

1

Кіші конф.

Слайд

Тақырыптық жоспары 11-сынып







4. Оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері


Бағдарлама Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкес жасалынған. Биология пәніне қызығушылығымен қабілетін дамытатын оқушыларға олардың, сол пәндер мен кейбір қолданбалы салалары бойынша терең теориялық және практикалық білімдерді меңгеру үшін жағдай жасау.

Жалпы биологияны оқыту педагогикалық психологияда анықталғандай, 11-сынып оқушыларының теориялық ойлауының, даму мүмкіндігінің жоғары болуы, жаңа білім мазмұнының негізінде дамыта отырып оқыту әдісін алуға болатынын көрсетеді. Бұл әдістің негізгі ұстанымдарының бірі-білімнің теориялық деңгейін көтеру екені белгілі.

Дамыта отырып оқыту әдісі мектептегі биологияның жаңа әдістемесінде тірі табиғаттың біртұтастығы, онымен әрекеттестік қарым-қатынас, оқушы тұлғасы дамуының қисыны мен оқу пәнінің бірлікте қарастырылуы, биологиялық білімнің жалпы мәдениеттегі орнын анықтайтын, биологиялық білім мазмұны, құрылымы, құрамы, оның оқу әдістері осы идеяларға негізделеді. Сонымен қатар, биологиядан білім беру оқушылардың экологиялық және табиғат қорғау мәселелері туралы білімдерін кеңейтіп, тереңдетуге, қоршаған ортаны қорғауға бағытталаған. «Жалпы биология» курсы оқу процесін бақылау, эксперимент, шығармашылық тапсырмалар, экскурсияларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бағдарламада оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: білуі керек, іскерлігі болу керек тұрғысында берілген. Ал оқушылардың іс-әрекеті қолдану, жұмыс істеу, құрастыру, анықтау, танып-білу арқылы іске асырылады. Білім стандартында көрсетiлген басты мақсат пен мiндеттердi жүзеге асырып шешедi, бөлiмдерi бiлiм мазмұнын қамтиды және сатылап, жүйемен зерделенедi.

Білім берудің басты ерекшелігі - әртүрлі іс-әрекеттердің түрлеріне байланысты оқушы іскерлігінің қалыптасуына ықпалын тигізетін білімдер мен біліктерді өздігінен игеруге қабілеті бар оқу үрдісінің субъекті ретіндегі оқушының рөлін жоғарылату болып табылады.


Сондай-ақ биологиялық білім беру бағдарламасының оңтайлығы тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажетті жалпыбиологиялық заңдылықтар мен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі орта деңгейінде-ақ олардың жалпыбілімдік дайындығының толық болуын қамтамасыз етуінде, яғни негізгі орта деңгейде биология таңдау курс түрінде оқытылып, оның мазмұны дидактикалық дәстүрлі ұстанымдар мен бірге, тіршілікті тұтас жүйемен қарастыратын дамыта отырып оқыту идеясының тұжырымдамалық іргелі ұстанымдарына орай қазіргі заманғы биологиялық ғылыми білім жүйесі негіздерін тұтастай қамтиды. Мектепте биологиядан білім берудің түйінді бағыттарының бірі білім берудің әлеуметтік-мәдениетке бағдарлануы, яғни, мұғалімдер ең алдымен оқушының құндылық-бағдарлы әрекетін қалыптастыруды, шығармашылық қабілетін дамытуды көздеуі қажет.

Таңдау курснің зерттеу объектілері ретінде тіршіліктің молекулалық, жасушалық, ұлпалық, организмдік, популяциялық-түрлік және биогеоценотикалық-биосфералық деңгейлері қарстырылады. Сондай-ақ биологияны оқытудағы ерекше орынды биоәлеуметтік және өз еңбек іс-әрекеттерімен қоршаған ортаны өзгерте алатын тұлға ретінде қарастыру жатады.

Сонымен қатар ұсынылып отырған бағдарлама тіршілікті жоғары құндылық ретінде түсінетін, дүниенің ғылыми бейнесіндегі тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын; теорияларды, заңдарды, зандылықтарды, ұғымдар жүйесін, биологияның ғылыми және логикалық таным әдістерін жеткілікті меңгерген; салауатты өмір сүруге, өндірісті экологиялауға, сан-алуан экожүйелер мен түрлерді қорғауға, сақтауға өз білімін тиімді қолданатындай біліктілігі бар биологиялық және экологиялық сауатты тұлға дайындауға бағытталған.

Таңдау курсы бойынша білім беру бағдарламасы мұғалімнің оқушылардың өз бетінше танымдық іс-әрекетін көрсететін оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыруына бағыт-бағдар береді.

Танымдық іс-әрекеті

Қоршаған дүниені танып білу үшін бақылау, өлшеу, эксперимент, модельдеуді пайдалануды; зерделеу нысандары арасындағы мәнді қызметтік байланыстар мен қатынастарды бөліп көрсетуді; себеп-салдарлық байланыстардың сипатын айқындауды; оқу және практикалық есептерді шешуді, өз бетінше әр түрлі шығармашылық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алуды; мақсат қою, нәтиже, оны бағалау тәрізді проблемаларды шешу компетенттілігі аясында өзінің танымдық іс-әрекетін өз бетінше, қызығушылықпен ұйымдастыра алуды болжау;

Ақпараттық іс-әрекеті

Бастапқы және екінші ақпаратты ала білу және оны өңдей алу, сондай-ақ оны пайдалана білу; қойылған мақсатқа сәйкес ақпарат мазмұнын жеткізе алу; ақпаратты бір таңбалық жүйеден екіншісіне көшіре білу; пайымдауын кеңінен негіздей алу, анықтамалар беріп, дәлелдемелер келтіре білу; ақпараттарды өңдеу, жіберу, жүйелеу үшін, танымдық және практикалық іс-әрекеттің нәтижелерін көрсету үшін мультимедиялық қорларды, копьютерлік технологияны пайдалана алу біліктілігімен қаруландыру; жазу, көпшілік алдында сөйлей білу (өз ойын айту, монолог, пікір талас және т.б.), топпен жұмыс істей алу интерактивтік тақтаны меңгеру; сұқбаттасу және пікірталас жүргізудің этикалық нормалары және ережелерін білу.


Таңдау курсын оқыту технологиялары:

- білім берудегі маңыздылығы;

- қолданбалылығы;

- ұлттық-аймақтық ерекшеліктерге сәйкестігі;

- жүйелілігі, тиімділігі;

- пәннің ерекшелігін ескеру;

- оқушының жеке тұлғалық даму дәрежесіне сәйкестігі;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі сияқты критерийлер негізінде іріктеледі.

Осы критерийлерге сүйене келе, таңдау курсын оқытуда: дамыта оқыту, модульдік оқыту, саралап деңгейлеп оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, кіріктіре оқыту, интерактивтік оқыту және т.б. технологияларды қолдануға болады.




Оқушыларға оқу материалы тапсырмалары 3 түрлі деңгейде беріледі.

І деңгейдегі тапсырмалар – түсінуге жеңіл.

ІІ деңгейдегі тапсырмалар – алған білімді қолдана білуге және анализ жасай алуға негізделген.

ІІІ деңгейдегі тапсырмалар – ерекше қабілетті оқушыларға арналған, яғни ізденуді, шығармашылықпен жұмыс жасауды қажет етеді.


Оқушыларға сабақты 3 типті тест тапсырмаларын орындатуға болады.

1. Жабық тест үлгісі.

Тест сұрағының соңында дайын жауаптар ұсынылады. Соның біреуі ғана дұрыс жауап. Тест жүргізушінің ұсынған талабына сәйкес оқушы дұрыс жауапты көрсетеді.

Мысалы: Екі үйлі өсімдікті атаңыз:

а) қайың; ә) күнбағыс; б) қияр; в) қарасора.

Дұрыс жауап В.


  1. Ашық тест үлгісі.

Оқушы берілген тапсырмадағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазып, тест толтыруы шарт.

Мысалы, жойылған немесе зақымдалған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келуі... деп аталады. (регенерация)

3.Сәйкестендіру тест үлгісі. Мұнда тапсырма 2 бағанда беріледі.

1.Өсімдіктердің вегетативті мүшелері: а) гүл;

ә) жеміс;

2.Өсімдіктердің генеративті мүшелері: б) сабақ;

в) жапырақ; г) тамыр;

Дұрыс жауап: 1.б, в, г.

2.а,ә.


Шығармашылығын ұйымдастыру тапсырмаларының жүйесі зарттеу жұмыстарының ұйымдастыруының негізгі арқауы. Шығармашылықты ұйымдастырудым тапсырмалары – мәселелерден құралған оқушылардың талабынан туындайтын тапсырма. Оны шешу теориясына талдау, бір немесе бірнеше ғылыми зерттеу тәсілдерін қолдану, осылардың көмегімен оқушы бұрын белгісіз ғылымды ашуға ынталанады.


1


Шығармашылық іс- әрекетті ынталандыруы.

2


Мәселелерді тұжырымдау.

3


Нақты материалды жинақтау, жүйелеу және талдау.

4


Болжамды ұсыну.

5


Болжамды тексеру.

6


Болжамды дәлелдеу немесе жоққа шығару





Б.Блум бойынша когнитивті жүйелеу шарт.


Шарты

Анықтау

Оқушы не істейді?

Білу

Спецификалық ақпараттарды есте сақтау

Әсер алады, қабылдайды, біледі

Түсіну

Берілген тапсырманың басқасынан тәуелді емес екенін түсіну

Тсіндіреді, алмастырады, көрсетеді, баяндайды

Қолдану

Жаңа пайда болған жағдайда теорияны, принциптерді, тұжырымдамалар мен әдіс-тәсілдерді қолдану

Жаңа мәселелерді шешеді, білімін қолдана отырып жариялайды, құрастырады.

Анализ

Құрастыру элементтерін әрбір ақпараттарды жекелеп жіктеу


Ойланады, айқындайды, жекелеп жіктейді, талқылайды, салыстырады

Синтез

Жеке бөліктен бүтінді құрастырады

Құрастырады, біріктіреді, ойлап табады, ойдан жасап құрастырады

Салыстырмалы баға

Мақсаттары, стандарттары мен өлшеуіштері берілгеннен соң материалдардың бағасын және әдіс-тәсілдерін анықтау

Бағалайды, талқылайды















Глоссарий


Мемлекеттік білім беру стандарты – білім беру саласындағы біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізуге септігін тигізетін, мақсаттар мен міндеттердің жиынтығын, базалық білім мазмұнын, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқыту процесін ұйымдастырудың және білім беру салалары мен жекелеген оқу пәндері бойынша білім сапасын бағалаудың негізгі қағидаларын, білім, білік, дағдылар мен қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім нәтижелерін, білім сапасын мемлекеттік бақылау ережелері мен рәсімдерін анықтайтын нормативтік құжат.


Құзыреттілік – оқушылардың іс- әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.


Өлшеуіштер – оқушылардың деңгейлік оқу дайындығын алдын-ала берілген сандық және сапалық сипаттамаларының көрсеткіштері бойынша айқындау құралдары мен тәсілдері.


Тұлғаның әлеуметтенуі – адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне ену және осы қатынастарды өздігінен қайта жаңғыртуды қарастратын әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру процесі (нәтиже).


Диагностика – оқу процесінің жағдайларын обьективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі, танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі.


Модуль - бұл оқу мазмұны мен оны меңгерудің технологиясы біріктіріліп берілген

мақсатты функционалдық түйін.


Оқыту бағыты – белгілі білім беру салаларының пәндер топтарын кеңейте оқытуды қамтамасыз ететін бейіндік оқытуды ұйымдастыру нысаны.


Оқу бағдарламасы-әрбір оқу пәні бойынша меңгерлуі тиіс білім, білік, дағдылар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен көлемі, сондай-ақ бөлімдер мен тақырыптардың оқу жылы бойынша бөлінген мазмұнын анықтайтын құжат.













Қолданылған әдебиеттер.


1. Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта

білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

ҚР МЖБС 2.3.4.01-2010

2.Ел басының жолдауы 2006 жыл 1 наурыз “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге

барынша қаблетті 50 елдің қатарына оқу стратегиясы”.

3.Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың бағдарламасы.

4.М.Р.Жүнісова,Х.Ж.Әубәкірова,Ә.О.Туғанбаев,Г.Қ.Айтжанова, Г.А.Рахманова «Жартылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» Карағанды-2008.

5. М.М.Жанпейісова «Модулдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002 ж.

6..Бас редактор- Қалкенова Б. «Биология және салаулаттылық негізі» Ғылыми – педагогикалық журнал .2007 ж. № 2,3,5.

7.Әбілқасымова, Р.Омарова. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. А., 2003ж.

8. Жұмағұлова Қ.Ә. , Сәтімбеков Р., Ізбасарова Р., Ш. Нарымбет Ж.А. Биология оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!